Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа
Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Қаржыландыру мен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:
негізгі құралдарың есебін бақылау;
жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау т.б.
Сандардың жиынтыгы бойынша құнын есептен шыгару әдісі (коммулятивтік әдіс)
Бұл әдістің коммулятивтік, яғни сандардың
қосынды жиынтық сомасы деп айтылуының
(аталуының) себебі осы әдіс бойынша
негізгі құралдарға амортизациялық
аударым сомасын есептейтін формуланың
алымы негізгі құралдардың
Қалдық құнының кему (қалдықты азайту) әдісі
Бұл әдіс бойынша ннгізгі құралдарға
амортизациялық аударым есептеу
алдымен құнды бір қалыпты (тура
жолды) есептен шығару әдісімен жүргізіледі.
Ол үшін негізгі құралдың бастапқы
құны оның жұмыс істейтін мерзімінің,
яғни пайдаланатын уақыт жылы санына
бөлініп, әр есепті жылға тиісті амортизацияның
пайызы анықталады. Бұл жерде бастапқы
құнын 100 % деп аламыз. Одан кейін
табылған пайыз мөлшері (100% бөлінген
пайдаланатын жылы) екі еселеніп, негізгі
құралдардың бастапқы құнына емес,
әр есепті жыл басындағы әлі
Осыған дейінгі әдістерде мысалға алынған станоктың амортизациялық аударымын осы әдіс бойынша есептейтін болсақ, төмендегідей көрсеткіштер табылады. Станоктың пайдалану мерзімі бес (5) жыл, сондықтан бірқалыпты (тура жолды) есептен шығару әдісі бойынша жалдың амортизациялық аударым мөлшері 20% болады. Ал қалдық құнының кему әдісі бойынша ол көрсеткіш екі еселеніп алынады, яғни 40% болады. Бұл белгіленген амортизациялық аударым мөлшерінің пайызы (проценті) негізгі құралдардың зор есепті жылдың соңында қалған қалдық құнына көбейтіледі. Амортизациялық аударым сомасы тек негізгі құралдардың пайдалану мерзімінің ең соңғы жылында қалдық құнының сомасы қалатындай мөлшерде шектеліп (біздің мысалда 29600 теңге), өндіріс шығындарына қосылады. Ал басқа жылдарда өндіріс шығындарына қосылатын амортизациялық аударым сомаларына ешқандай шек қойылмайды.
Шаруашылық операция мазмұны |
Дебет |
Кредит |
Сомасы |
1.Негізгі өндіріс цехтарын пайдалану |
8100 |
2420 |
30000 |
2.Басқару әкімшілігі объектіні |
7200 |
2420 |
20000 |
3.Өнімді сату бөліміндегі |
7110 |
2420 |
25000 |
Негізгі құралдарды жөндеудің есебі
Ұйымдардағы негізгі құралдардың пайдалану барысында табиғи және сапалық жағынан тозатындығы алдыңғы бөлімдерде сөз етілді. Бүтін бөлігі, яғни табиғи пішінінің барлық тетіктері бір мезгілде, бір уақытта іске жарамсыз болып қалмағанымен, негізгі құралдардың бір бөлшегінің жарамсыз болып, соның себебінен негізгі құрал істен шығуы (пайдалануға жарамсыз болып түруы) мүмкін. Тіпті іске жарамды болғанның өзінде кейбір бөлшектерін тозуының әсерінен өнім өндіру қабілетінің азаюы да ғажап емес. Сонымен қатар сапалық жағынан тоза бастаған кейбір негізгі құралдарды да толығымен ауыстыруға кәсіпорынның қаржылық жағынан мүмкіндігі болмай, пайдаланып жүруі мүмкін. Кәсіпорындар өздерінің негізгі құралдарың пайдалану мерзімі уақытынан бұрын жоғарыда айтылғандай тозып, істен шығып қалмау үшін белгілі бір уақыт аралығында жөңдеп отырады. Негізгі құралдарға жүргізілетін жөндеу жұмыстары өзінің ұйымдастырылуына қарай жай (немесе оны ағымдағы деп те атайды) және күрделі деп аталатын екі түрге бөлінеді.
Жай жөндеу дегеніміз - негізгі құралдардың тозып, істен шыққан бөлшегін жұмыс үдерісі барысында ауыстыру немесе оны қалпына келтіру болып табылады. Бұл жөндеуге майлау, сырлау тағы да басқа жөңдеу жұмыстары жатады.
Ал негізгі құралдарға жүргізілетін күрделі жөндеу дегеніміз – алдын ала жоспарланып, сапалық және табиғи тозған негізгі құралдардың бөлшекгерін толығымен ауыстырып, оларды түгелдей жаңартуды айтады. Бұндай жөндеуге жұмсалынған шығындар тек объектінің жағдайын, қызмет атқару мерзімін, өндірістік қуатын, тағы да басқа көрсеткіштерін арттырғанда ғана оның яғни негізгі құраддың бастапқы құнын өсіреді. Яғни күрделі жөндеу үшін шығарылған шығындар сомасы негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылып, активтің болашақта табыс әкелуі көзделеді.
Ал ағымдағы жөндеуге жұмсалған шығындар мен негізгі құралдардың бастапқы құнына қосылмайтын күрделі жөндеу үшін шыққан шығындар сомасы ұйымның ағымдағы шығыны болып есептеледі.
Егер негізгі құралдарды ұйым өз күшімен жөндейтін болса, бұл шаруашылық тәсілімен жүргізілген жөндеу болып табылады.
Ал кәсіпорындар өзінің негізгі құралдарын жөндеуге арнайы жабдықталған, яғни осындай мақсатқа арналған ұйымдарды қарастыратын болса, бұл жөндеудің мердігерлік әдісі болып есептеледі. Басқа ұйымдрға өзінің негізгі құралдарын жөндету барысында кәсіпорындар мердігерлік ұйыммен келісімшарт жасасады. Ол шартта жөндеу үшін керекті материалдар мен қай ұйымның қамтамасыз ететіндігі, жөндеу жүргізу мерзімі, жөндеу жұмысының құны, есеп айырысу тәртібі, тағы да басқа жағдайлар (талаптар) көрсетіледі.
Жөндеу жүргізілген негізгі құралдарды кәсіпорындағы тағайыңдалған комиссия мүшелерінің шешімімен қабылдап алады. Ондай негізгі құралдарды қабылдау барысында үлгілі түрі НҚ-2-ші "Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау тапсыру актісі" толтырылады. Кәсіпорындарда негізгі құралдардың төлқұжаттарына және олардың түгендеу карточкаларына негізгі құралдарға жүргізілген жөндеуге байланысты тиісті деректер (өзгер-тулер мен толықтырулар) жазылуы тиіс.
Бұл толтырылатын актілермен басқа да құжаттар ұйымның бухгалтериясында сақталады. Егер негізгі құралдарды жөңдеу мердігерлік әдіспен жүргізілетін болса, онда жоғарыда аталған негізгі құралдарды жөндеуден кейін қабылдап алу үшін толтырылатын үлгілі түрі НҚ-2 "Жөңделген, қайта құрылған және жаңартылған обьектілерді қабылдау тапсыру актісі" екі дана етіліп толтырылады да, екінші данасы негізгі құралдарға жөндеу жүргізген кәсіпорынға беріледі. Ұйымдарда негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни кәсіпорынның өз күшімен жүргізілетін болса, онда ол үшін жұмсалған, шыққан шығындар:
Егер жөндеу жұмысын мердігерлер жүргізген жағдайда жәндеу құнының сомасына жоғарыда көрсетілген шығындар шоттарының тиістілері дебиттелініп, "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шоты (кредиттелінеді).
Негізгі құралдарды жөндеу үшін жұмсалатын, шығарылатын шығындарды өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына бірқалыпты кірістіруді, яғни қосып отыруды қамтамасыз ету үшін кәсіпорындар жөндеу қорын (резервтер) құруларына болады. Әсіресе жөңдеу қорын (резервті) құру маусыммен жұмыс істейтін ұйымдар үшін тиімді болып табылады. Бұл айтылған жөндеу қоры оның бекітілген мөлшердегі сомасын ай сайын өндіріс шығындарына қосу арқылы жасалады. Бұл жағдайда қордың сомасы ай сайын:
деп аталатын шоттың кредитіне жазылады. Ал негізгі құралдарға жөндеу жүргізілген уақытында бұл резервтегі қордың жұмсалуына төмендегідей бухгалтерлік жазу жазылады. Егер негізгі құралдарды жөндеу шаруашылық әдіспен, яғни субъектінің бір күшімен жүргізілсе, "Қосалқы өндірістер" шоты кредиттелініп, "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" шоты дебиттелінеді. Ал егер негізгі құралдарды жөндеу мердігерлік әдіспен жүргізілсе, "Өнім беруші және мердігерлермен есеп айырысу" шоты кредиттілініп, "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" шоты дебиттелінеді. Жыл соңында (аяғында) "Басқадай кредиторлық борыштар мен есептелген төлемдер" — деп аталатын шотта ешқандай қалдық қалмауы керек.
2.2. Негізгі құралдарды
қолдану кезінде бағалу
Негізгі құралдардың есебі
әрбір бөлек объект бойынша бүтін
сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды
пайдалануға берген кезде оның бастапқы
құнымен қалпына келтіру құны
тең болады, себебі оны пайдалануға
берген уақытымен оны қайта бағалау
уақытының арасында айырмашылық
жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі
құралды өндіруге, салуға жұмсалынатын
материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын
техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы
жалпы негізгі құралды өндіру
салу жағдайы белгілі бір
Негізгі құралдардың бастапқы
бағасын белгілі бір күндегі
қолданылып жүрген бағаға сәйкес келтіру
мақсатында объектілерді қайта бағалау
жүргізіледі. Қайта бағалау нәтижиесінде
негізгі бағаның өсуі 2410 бас шоттың
тиістісінің дебетіне 5020 "Негізгі
құралдарды қайта бағалаудан алынатын
төленбеген қосымша капитал" шотының
кредитіне жазылады.
Қайта бағалау жүргізілген күні шаруашылық
ұйымдарда негізгі құралдарға есептелінген
тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының
өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау
сомасы негізгі құралдардың пайдалану
мерзіміне қарай ұйымда қолданылатын
амортизациялық аударым сомасын есептеу
әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген
табысқа апарылып отырылады. Қайта бағалаудың
барлық сомасы бөлінбеген табысқа актив
есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
Менің ғылыми жұмысымды жазуым үшін ақпаратты
мәліметтері пайдаланылып отырған "Альянс"
серіктестігінде осы жоғарыда айтылған
жіктеулер мен бағалаулар жүргізіледі.
Айта кететін жағдай бүгінгі күнде бұл
ұйым өзіндегі негізгі құралдардың қалдық
құнын әр түрлі жолмен есептеп табуы жағдайы.
Жалпы белгілі – бір нормативтік көрсеткіштің
болмағандығынан бұл ұйымда осындай олқылық
орын алып отыр деуге болады.
Есте сақтау керек негізгі құралдар сату, кепілдік несие алу үшін қайта бағаланады. Бұл жағдайда негізгі құрал объектілерінің тиісті мерзімдегі нарықтық құны бойынша бағасы анықталады. Оны бағалау ұйымдары жүргізеді, бірақ ол бухгалтерлік баланста көрсетілмейді.
Негізгі құралдар объектілерінің нарықтық құнын растау үшін келесі әдістер қолданылады:
- негізгі құрал объектісінің ағымдағы құны туралы өкілетті органдардың сараптамалық қорытындысы;
- дайындаушы ұйымнан негізгі
құралдардың дәл сондай
- сауда орындарының тауар бағасы туралы анықтамасы;
- арнайы басылымдарда жарияланған баға мәліметтері.
Бухгалтерлік есеп пен есеп беру тәртібі бойынша барлық ұйымдар есеп мәліметтерінің дұрыстығын қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ негізгі құралдардың бар-жоғын анықтау және күтіп сақталуын бақылау мақсатында бір реет өзінің мүліктеріне түгендеу жұмысын жүргізіп тұрулары қажет. Ұйымда негізгі құралдарды түгендеу жылдық қорытынды есеп беретін уақыт алдында қараша айының бірінен кейін жүргізілуі керек. Үйлерді, ғимараттарды тағы басқа жылжымайтын мүліктерді екі жылда бір реет түгендеуге болады.
Негізгі құралдарды жоғарыда көрсетіліп жазылған мерзімдерден бұрын, яғни жиі түгендеу мынадай жағдайларда жүргізіледі:
- Негізгі құралдарға жауапты адам қызметін ауыстырғанда;
- Негізгі құралдар ұрланған, жоғалған жағдайда;
- Өрт немесе басқа да кенеттен болған табиғи апат жағдайында;
- Ұйым бір бағынышты органнан екіншісіне ауысқанда.
Ұйымда негізхгі құралдарға түгендеу жүргізетін комиссия мыналарды толық тексеруі керек:
- Инвентарлық карточкалардың, кітапшалардың, тізімнің бар немесе жоқтығын;
- Негізгі құралдардың
төлқұжаттарының немесе
- Жалға алынған немесе
берілген, уақытша пайдалануға және
сақтауға берілген немесе
Егер ондай тиісті құжаттар болмаған жағдайда негізгі құралдарға жауапты адамдардан ол құжаттарды табуын талап ету қажет.
Ұйымның негізгі құралдарын тексеру барысында алдымен мыналарды ескеруі қажет:
- топтамалық есептің
- негізгі құралдардың қолда бары мен қозғалысының бухгалтерлік балансқа дұрыс жазылынуы;
Информация о работе Мемлекеттік мекемеделердегі негізгі құралдар туралы жалпы түсінік