Мемлекеттік мекемеделердегі негізгі құралдар туралы жалпы түсінік

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2013 в 20:20, курсовая работа

Краткое описание

Негізгі құралдардың кіріс етілуі мен шығыс етілуінің түгендеу есебін қарастыру. Негізгі құралдарды бастапқы құнына келтіру мақсатымен шаруашылық жүргізуші субъект басшылығы кейбір кезде іс жүзіндегі бағаларға сәйкес. Қолданыста жүрген заңдарға орай объектілерде қайта бағалау өткізілді, оның нәтижесінде негізгі құралдар есепте және есеп беруде ағымдағы құн бойынша көрсетіледі. Қаржыландыру мен ағымдағы жалға беру есебін қарастыру арқылы мынадай мәселелерді анықтау:
негізгі құралдарың есебін бақылау;
жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдар есебін қарастыру;
қаржыландыру мен ағымдағы жал есебін анықтау т.б.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мем.мекеме.негізгі құра.бағалау.docx

— 78.02 Кб (Скачать документ)

Объектіні таратуға тек ұйым басшысының актісі бекітілгеннен кейін ғана кіріседі.  

Жарамсыз болған және заттай,сапалық  жағынан тозу, апат, стихиялық апат, пайдаланудың нормативті шарттардың бұзылуы,сондай- ақ құрылысқа, кеңеюге, қайта құруға және тағы басқа себептер салдарынан жойылуға тиісті негізгі құрал-жабдықтарды  кәсіпорын балансынан есептен шығарылады.  

Негізгі құралдардың жарамсыздығын,оның қалпына келтіретін жөндеудің мүмкін еменстігін немесе экономикалық тиімсіздігін субъект басшысы, бас бухгалтер, қызмет мамандары құрамына кіретін, тұрақты жұмыс істейтін комиссия айқындайды.

Кәсіпорында тұрақты жұмыс  істейтін комиссия жойылатын объектіні  тікелей қарап, байқау өткізеді,оларды есептен шығару себептерін және бұған кінәлі жауапкершілікке тартылатын адамдарды анықтайды,кейбір тараптардың  детальдардың, материалдардың қолдануы мүмкіндігін айқындап, оларға бағалау жүргізіледі. Негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару жөніндегі тұрақты жұмыс істейтін комиссияның қызмет нәтижесі болып негізгі құрал-жабдықтарды есептен шығару актісі (ф. №НҚ-4) табылады, оның негізінде бухгалтерияда тиісті бухгалтерлік жазбалар жасалады. Актіде объектінің бастапқы бағасы, бухгалтерлік есеп бойынша есептелген тозу сомасы,объектіні бөлшектегенде  алынған материалдық құндылықтардың құнын ,тарату бойынша шығындар мөлшерін, өткізудің ықтималдығы мен таратудың жалпы қорытынды бағасын көрсетеді. 

Стихиялық  апат пен апат салдарынан таратылатын негізгі құрал-жабдықтар бойынша актіге құзырлы органның стихиялық апат туралы анықтамасы, не болмаса себептері мен айыптылары көрсетілген авария туралы актінің көшірмесі тіркелуі тиіс. Материалдық құндылықтарды сатудан түскен сома, сондай- ақ бөлшектеуден немесе түскен материалдар пайдаланылуы ықтимал бағамен кіріске алынады. Сатудан түскен қаржы шаруашылық жүргізілетін субъектінің қарауында қалады.     

Негізгі құрал объектілерін өтеусіз беру туралы шешім шаруашылық жүргізуші объектіге қатысушылардың жалпы жиналысында қабылданады.

Салынып біткен,яғни аяқталған  құрылыстар үшін ол объектілерді қабылдап алуға тағайындалған комиссия алдымен  оларды іске қосу-қабылдау актісін  толтырады. Қабылдау актісі бухгалтерлік алғашқы құжат болып саналады. Бұл актіде мынадай мәліметтер көрсетілуі тиіс:объектінің аты;

Негізгі құралдардың жіктелуі. Бухгалтерлік есепте негізгі құралдар деп өндіріс үдерісінде ұзақ уақыт  бойы, яғни бір жылдан артық уақыт  пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып , құнын шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген  қызметке есептелген амортизациялық аударым  мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып  отыратын еңбек құралдарын, яғни материалдық  активтерді айтады.

Негізгі құралдарға олардың  құнына байланыссыз, бір жылдан астам  қызмет ету мерзімі бар ғимараттар, құрылыстар, кеңселік заттар, есептегіш  техникалар, компьютерлер, көлік құралдары  жатады. Негізгі құралдар өндірістік және өндірістік емес бағытта болуы  мүмкін. Өндірістік емес бағытка —  жарғылық қызметпен байланысы жоқ  негізгі құралдар жатады. Өндірістік бағыты бойынша — жарғылық қызметті жүзеге асырумен және нәтижесінде пайда  алумен байланысты құралдарды жатқызуға  болады. Сонымен қатар өндірістік бағыттағы негізгі құралдарға банктің  дәрежесін жоғарылатуға арналған заттар (картиналар, вазалар, сервиздер) жатады, себебі клиенттерді тартуда банк беделінің маңыздылығы сондай, банк қосымша пайда алуына ықпалын  тигізеді. Алғашқы нақты түрін  сақтай отырып, олар өздерінің кұнын  жұмыстарды орындауға немесе есептелген амортизация (тозу) сомасында көрсетілген  қызметтерге аударады. Келесі топтарға бөлінеді:

а) ғимарат және құрылыс;

ә) компьютерлер;

б) көлік құралдары;

в) құралдар және басқа да шаруашылық құрал-саймандар;

г) басқа да негізгі құралдар.

Негізгі құралдардың есебі  жинақталған амортизацияларды есептегеннен кейін әділ баға болып табылатын, не бастапқы кұн, не қайта бағалану сомасы принциптері негізінде жүзеге асырылады. Енді осыдан, негізгі құралдарды бағалаудың төрт түрін көрсетуге  болады:

• бастапқы;

• ағымдағы;

• баланстық;

• өтімділік.

Негізгі құралдардың бастапқы құнына сатып алу, жеткізу бағалары және активтерді пайдалануға дайындау үшін қажетті басқа да шығындар кіреді. Сонымен қатар Халықаралық стандарттың  қаржылық есебі (16 ХСҚЕ) бойынша бастапқы құнға өтелмеген салықтар, импорттық  төлемдер де кіреді. Егер клиентке экономикалық тиімділік алынады деп күтілсе, жаңалықтарды алуға байланысты шығындар негізгі құралдардың ағымдық  бағалық құнына қосылады. Егер активтердің  пайдалану мерзімі ұзартылса  ғана банк эконо-микалық пайда ала  алады. Ағымдылық- анықталған күнге, нарықтағы  сәйкес багға бойынша негізгі  құралдардың құны. Баланстық —  активтердің есеп және есеп беруінде сипатталатын жинақталған амортизация  сомасын есептен шығарғаннан  кейінгі негізгі құралдардың  бастапқы немесе ағымдық құны. Өтімділік — бұл негізгі құралдарды жою кезінде істен шығару бойынша күтілетін шығындарды есептегеннен кейінгі пайдалану мерзімі аяқталған уақытта туындайтын қосалқы бөлшектердің, металл сынықтарының, қоқыстардың болжанатын құны. Нарықтық құнның өзгеруімен байланысты олардың құнының көбею коэффициентінің есебімен негізгі құралдарды қайта бағалау индекстеу жүргізіледі. Индекстеу кезінде толық қайта қалыптасу құны келесі әдістердің бірімен анықталады: қайта есептеудің ұсынылатын коэффициенттері немесе кезекті жылдың 1 қаңтарына жазылатын негізгі құралдардың сәйкес түрлері мен көрсетілген құралдардың нарықтық құны туралы құжаттар мен сараптаушы қорытындыларына жататын бағаға сәйкестендірілетін баланстық құнды қайта есептеу. Банк өзінің негізгі құралындағы кез келген бөлікті бір әдіспен, ал басқасын екінші әдіспен қайта бағалауға құқығы бар. Негізгі құралдардың қайта бағалануы ағымды құн бойынша жүргізіледі. Егер өндірісті алдын ала белгіленген нормативтен асырып орындаған жағдайда ғана,16 БЕХС сәйкес негізгі құралдар объектісімен байланысты шығындар актив ретінде танылуы мүмкін. Келешек экономикалық пайданы көбейтуге әкелетін жақсартудың үлгілері: Негізгі құралдарды алу-Банктің есеп саясаты бас банктің келесідей ескертулерімен банк бөлімшелері негізгі құралдарды ақысыз өздігінен қабылдай ала ма жоқ әлде тек банктің рұқсатымен бе деген сұрақтарды қарастырады. Сондықтан қосымша құнға төленген салықтар негізгі құралдарды алумен қосымша құнға салықтарды (ҚҚС) төлеу шотында бейнелейді. Банктің есеп саясаты ҚҚС олардың құнына кіретін негізгі құралдардың қатарын қарастырады. Банктің жауапты қызметкері төлеу алдында жасалған келісімшарттар журналының тізімінде белгілеп қояды. Банк (бөлімшелер) фронт-офисі қарыздың нақты сомасын төлеу нұсқауларымен қатар, негізгі құралдарды кірістеудің нұсқауларын береді, сонымен бірге келесі жағдайларды көрсетеді: - негізгі құралдардың жалпы сомасын; - амортизациялық аударым әдісін; - пайдалану мерзімі мен аударылған амортизация мөлшерін; - өтімділік құнын; - негізгі құралдарды өндірістік және өндірістік емес салада пайдалануын. Баланс көрсеткіштерінің бас кітаптың негізгі құралдар баптары бойынша мәлеметтерімен сәйкестігін тексеру.

Негізгі құрал өндіріс процесіне  қатысумен, жылдар мерзімінің әсерімен, табиғат күшінің әсер етумен пайдалану  процесінде біртіндеп тозады. Тозудың  екі түрі болады: табиғи және сапалық (моральдық) (заман талабына сай келмеуі). 

Негізгі қорлардың табиғи тозуы  олардың өндіріс процесіне қатысу нәтижесінен және негізгі құралдардың  пайдалануға тікелей қатыспай-ақ, түрлі сыртқы факторлардың әсерінен: ылғалдан, атмосфералық құбылыстар нәтижесінен, металдардың тот басуынан, ескіруінен (тозудың табиғи нысаны) пайда болады. 

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуы техникалық процеске, өндіріс  әдістерін жетілдіруге және жаңартуға  байланысты болып келеді. Техника  мен технологияны жетілдіру жұмыс  істеп тұрған негізгі құралдардың  ұқсас өнімдерінің арзандауына  ықпал етеді. Осыған орай, пайдаланылудағы  негізгі құралдар өздерінің құнының  бөлігін жоғалтып, құнсызданғандай  болады. Машиналардың, жабдықтардың, үйлер  мен ғимараттардың барынша жаңа, неғұрлым жетілдірілген және үнемді түрлерін, малдардың жаңа немесе жақсартылған өнімді тұқымдарын, көпжылдық өсімдіктердің  түрлері мен сорттарын өндіріске  енгізуге байланысты пайдаланылып жүрген негізгі құралдарды бұдан әрі  қолдану экономикалық жағынан тиімсіз болып қалады. 

Негізгі құралдардың сапалық (моральдық) тозуын мынадай факторлар арқылы анықтайды: өндірісте немесе жабдықтарды  жаңартудағы жаңалықтар (ескі машиналарды  жаңа, неғұрлым өнімді машиналармен ауыстыру); технологиялық процесті жетілдіру  – жаңа технология қолданған кезде  пайдаланудағы машиналар мен  жабдықтар жарамайды; шығарылатын  өнімнің номенклатурасын өзгерткенде  және жаңартқанда (ескі машиналар мен  құрал-жабдықтар жарамсыз болып  танылады); жұмысшы күшінің еңбекке  қамтылуындағы, жұмысшылар біліктігіндегі, өндірісті орналастыру географиясындағы өзгерімдер өндірістің және пайдаланылатын машиналар мен жабдықтар санының  азайтылуын талап ету мүмкін; өндірістің өңдеуші салаларындағы өнімнің  жекелеген түрлерін шығаруға қажетті  шикізат құрамындағы өзгерістер өнеркәсіптің өндіретін салаларында  өндіріс көлемінің қысқаруына әкеліп соғуы мүмкін. 

Моральдық тозудың әсері нәтижесінде  табиға тозу мерзімі келгенге дейін  негізгі құрал-жабдықтар объектілері  жаңасына, әрі неғұрлым пайдалы (үнемді) түріне ауыстырылады. Моральдық тозуды болдырмау мақсатында негізгі құрал-жабдықтар объектілерін қайта құрып, жаңарту жұмыстарын жүргізеді. Мұражай және көркем туынды құндылықтары, кітапхана кітаптары, фильм қорлары, сәулет және өнер көрсеткіштері болып табылатын үйлер мен ғимараттар және басқа барлық негізгі құралдар моральдық тозуға ұшырайды. 

Амортизация (латынның «өтеу» деген  сөзінен) – тозудың құндық көрінісін білдіреді. 

Баланстық құн – кез келген жинақталған  амортизация және құнсызданудан  жинақталған залал шегерілгеннен  кейін актив танылатын сома.

Өзіндік құн – бұл активті  сатып алу үшін немесе тұрғызу  кезінде берілген төленген ақша қаражаттарының немесе ақша қаражаты баламаларының  сомасы немесе өзге қарсылама берудің  әділ құны.

Амортизация – активтің амортизацияланатын құнын оның пайдалы қызмет мерзімінің ішінде жүйелі түрде бөлу. Нақты  ұйымға арналған айрықша құн –  ұйымның болжамына сәйкес қандай да бір активті пайдалануға және оның пайдалы қызмет мерзімінің соңында  шығып қалуына байланысты, не қандай да бір міндеттемені өтеуге байланысты пайда болатын ақшалай қаражаттар тасқынының дисконтталған құны.

Әділ құн – жақсы хабардар, осындай мәміле жасағысы келетін  және бір-біріне тәуелсіз тараптардың  арасында мәміле жасаған кезде активті  айырбастауға болатын сома. Құнсызданудан  болған залал - активтің баланстық құнының  оның өтелетін сомасынан асып түсетін  сома. жылжымайтын мүлік, үйлер мен  жабдықтар мынадай материалдық  активтерді білдіреді: тауарлар мен  қызмет көрсетулерді өндіруде немесе жеткізуде пайдалануға, үшінші тұлғаларға жалға өткізуге, немесе әкімшілік  мақсаттарға арналған; және бір кезеңнен астам уақыттың ішінде пайдалану  көзделетін. Өтелетін сома – екі  мәннің ішіндегі үлкені: активті таза сату бағасы және оны пайдалану құндылығы. Активтің жойылу құны – егер осы  актив, болжауға болатындай, пайдалы  қызмет соңында болатын мерзімге және жағдайға жететін болса, шығып қалуға болжанып отырған шығындарды шегеріп, активті өткізуден ағымдағы кезеңде ұйым алатындай есептік сома. Пайдалы қызмет мерзімі – бұл ұйымның активті пайдалануы күтілетін уақыт кезеңі; не активті пайдаланудан ұйым алады деп болжанып отырған өндіріс бірлігінің немесе сол сияқты бірліктердің мөлшері. 

Амортизацияланған құн бастапқы құны мен жою құнының арасындағы айырма. Амортизациялық аударым әрбір есептік  кезеңнің шығысы ретінде танылады. 

Жаңадан пайдалануға берілген негізгі  құралдар бойынша амортизация есептеу  келіп түскен айдан кейінгі айдың  бірінші күнінен басталады, ал шығып  кеткен негізгі құралдар бойынша - шыққан айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап тоқтатылады. 

Толығымен амортизацияланған негізгі  құралдар бойынша амортизацияны  есептеу қорлардың құны өнімнің (жұмыстың, қызметтің) құнына толықтай ауысқан айдан кейін туатын айдың бірінші күні тоқтатылады. 

Тоқтап тұрған негізгі құралдар бойынша техникалық тұрғыдан қайта  жарақтандыру барысында, консервацияға  ауыстырылған кезінде амортизация есептелінбейді. 

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді  жалға беру шартының немесе шарт талаптарына  сай жалға беруші немесе жалға алушы жасайды. 

Одан басқа, мына төмендегі негізгі  құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана  қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш  архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары. 

Жалға алынған негізгі құралдар бойынша амортизация есептеуді  жалға беру шартының немесе шарт талаптарына  сай жалға беруші немесе жалға  алушы жасайды. 

Одан басқа, мына төмендегі негізгі  құралдар бойынша амортизация есептелінбейді: жер, өнім беретін малдар, кітапхана  қоры, мұражай құндылықтары, ескерткіш  архиектурасы мен өнері, ортақ пайдаланатын автомобиль жолдары. 

Құнсызданудан болған залал – активтің баланстық құнының оның өтелетін сомасынан асып түсетін сома, жылжымайтын мүлік, үйлер мен жабдықтар мынадай материалдық активтерді білдіреді.

Негізгі құралдардың амортизациясы  есептеудің әртүрлі әдістері бар. Шаруашылық жүргізуші субъектінің бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес дербес тұрғыда, өздерінің есеп саясатында амортизацияны  есептеудің тәсілі бойынша жасалынады, олар: 

- құнын бірқалыпты (түзу сызықты) жолмен есептеп шығару; 

- құнын орындалған жұмыстың көлеміне пропорционалды ( немесе пара-пар) етіп есептен шығару (өндірістік әдіс); 

- жеделдетіп есептен шығару; 

- қалдығын азайту жолыменесептен шығару; 

- құнын сандардың жиынтығы бойынша (кумулятивтік әдіс) есептен шығару; 

Негізгі құралдардың түрлері бойынша  амортизацияны есептеудің әрқилы әдістері пайдаланылады. Бұл кезде негізгі  құралдың бір түрі бойынша бір  ғана тәсілі пайдаланылады. 

Таңдап алған амортизацияны  есептеу әдісі субъектінің есептік  саясатымен анықталу тиіс және ол бір  есептік жылдан екінші бір есептік  жылға өтуі мүмкін. Егер де амортизацияны  есептеу әдісі өзгермейтін болса, онда оның себебін ашу керек. 

Ал бюджеттік мекемелер бойынша  тозудың есептеу әдісін таңдау құқығы өкілетті органдардың еншісінде  болады. 

Әрбір шаруашылықта бекітілген құралдар үздіксіз қозғалыста болады. Өздерінің  құндарын өндірілген өнімге ауыстыруына  байланысты, шаруашылық құралдары негізгі  және айналым құралары болып бөлінеді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің дамуына, оның тиімділігін арттыруда негізгі құралдардың маңызы зор. Өйткені олар арқылы еңбек бұйымдарын өңдеп, материалдық бұйымдар алуға болады. Сонымен қатар олар өндіріс процесінде ұзақ мерзім пайдаланылып, өзінің қалыпты үлгісін сақтай отыра, құнын өндірген өнімнің құнына біртіндеп тозу мөлшері бойынша апарып отырады. Сонымен стандартқа сәйкес негізгі құралдар дегеніміз бұл материалдық өндірістік және өндірістік емес сферада ұзақ уақыт бойы қызмет көрсететін материалдық активтер.

Информация о работе Мемлекеттік мекемеделердегі негізгі құралдар туралы жалпы түсінік