Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 23:55, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер алға қойылады:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату;
- бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.</

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ........................5
1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі......................5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны....................................................8
1.3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары..............................11
II. ҚОҒАМДАҒЫ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.14
2.1 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры................................................................................14
2.2 Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар............................................................................................20
2.3 ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ..........................................................................32
</h3>

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.doc

— 247.50 Кб (Скачать документ)

Қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есепте:

  • 1) Ұлттық қордың түсімдері және пайдаланылуы туралы есеп;
  • 2) Ұлттық банктің Ұлттық қорды сенімгерлікпен басқару жөніндегі қызметі туралы есеп;
  • 3) Ұлттық қорды басқару жөніндегі өзге мәліметтер болуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2008 жылғы есеп бойынша 2009 жылғы 1 қаңтарға Ұлттық қордың таза активтері 3,3 триллион теңгені (аудиттелген қаржылық есептемеге сәйкес есептеу тәсілімен) - 27,9 миллиард АҚШ долларын немесе елдің барлық алтын-валюта резервтерінің 60,5%-ын құрады. Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 63:37% болды. 2002 жылдың аяғына бұл сома 1,9 миллиард доллар құрап, Қордың жинақтау және тұрақтандыру портфелдерінің ара салмағы 90:10% болған еді.

2008 жылы Ұлттық қорға 1,7 триллион теңге түсті, соның ішінде мұнай секторы кәсіпорындарынан түскен тура салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда)- 1,7 триллион теңге, оның 717,8 миллиард теңгесі (6 миллиард АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау / қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Ұлттық қордың тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады, мұнай секторының кәсіпорындары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа түсімдер (жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдерді қоспағанда)- 16,6 миллиард теңге, ауыл шаруашылығы арналымындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер - 1,6 миллиард теңге, Ұлттық қорды басқарудан түсетін инвестициялық табыстар - 66,2 миллиард теңге. Ұлттық қорды басқаруға және жыл сайын сырткы аудитті жүргізуге байланысты Ұлттық қордың шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 2,7 миллиард теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2007-2009 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 2008 жылы Ұлттық қордан республикалық бюджетке даму бюджетінің шығыстарын жабуға кепілдендірілген трансферт түрінде жоспарланған 461,4 миллион теңгенің 461,4 миллион теңгесі аударылды. Ол жоспардың 99,9%- ын құрайды. Бұдан басқа, 2008 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан республикалық бюджетке жоспарланған 5,1 миллиард теңгенің 3,5 миллиард теңгесі аударылды, бұл 69,1%-ды құрайды. Ұлттық қорға 2009 жылы жоспардағы 1 394,9 миллиард теңгенің орнына 1 378,1 миллиард теңге қаржы түсті. Ал Ұлттық қордан республикалық бюджетке дағдарыска қарсы іс-кимыл шараларын қаржыландыру үшін жыл ішінде 1 107,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Атап айтқанда, 843,1 миллиард теңге кепілдендірілген трансферт және 261,5 миллиард теңге мақсаты трансферт. Қорыта айтқанда, 2009 жылы Ұлттық қордың өсімі 270,6 миллиард теңгеге жетіп, 2010 жылдың 1 қаңтарындағы есеп бойынша жалпы мөлшері 4 542,8 миллиард теңгеге жетті.[25; 244б.]

Ұлттық қордың активтері 2020 жылға қарай 90 миллиард долларға дейін өсуі тиіс, мұның өзі ІЖӨ-нің 30 пайыздан кем емес мөлшерін құрайды. Қазір Ұлттық қорды қалыптастырудың және пайдаланудың жаңа тұжырымдамасы жасалуда.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін 2008 жылга арналған нысаналы трансферт туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 2008 жылғы қараша мен желтоқсанда Қазақстан Республикасы ұлттық экономикасының бәсекеге қабілеттілігін және орнықты дамуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыру үшін «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының жарғылық капиталын ұлғайтуға Ұлттық қордан республикалық бюджетке нысаналы трансферт түрінде 607,5 миллион теңге аударылды.

Ұлттық қордың сенімгерлік басқарудың қорытындылары бойынша 2008 жылы алынған ұлттық валютада көрсетілген инвестициялық табыс 66,2 миллион теңгені құрады. [23; 198б.]

Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2008 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді. Қордың активтері айрықша шетелдік валюталарда номиналдандырылған шетелдік қаржылық құралдарға инвестицияланады. 
Тұрақтандыру портфелі жоғары кредиттік рейтингі бар елдердің ақша рыногының сенімді активтеріне инвестицияланады. Жинақтау портфелі әртараптандыру және ұзақ мерзімді перспективада баршама жоғарырак табыстылық алу мақсаттарында дүние жүзінің дамыған елдерінде айналыста жүрген борышқорлық, сондай-ақ үлестік қаржылық қүралдарға инвестицияланады. 
2006 жылдың 1 шілдесінен Орта мерзімді перспективаға арналған Ұлттық қор қаражаттарын қалыптастырудың жаңа әдісіне көшу жүзеге асырылды. 
Ұлттық қор да бюджеттік және макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге шақырады: ал мұнайлық табыстардың үлкен бөлігін Ұлттық қорда жинақтау анағұрлым салмақталғанфискалдық саясатты жүргізуге мүмкіндік жасады. Индустриялық-инновациялық даму стратегиясында қаланған экономиканы әртараптандыру жөніндегі мәселелерді шешуге көмектесуі, сондай-ақ болашақ ұрпақтарға Қазақстанның мұнайлық ресурстарының игіліктерін пайдалануға мүмкіндік беруі тиіс.

Ұлттық қор проблемасы ТМД елдерінің тап осы қорлар сияқты олардың қаражаттарын пайдалану тиімділігі болып табылады. Қор активтері шетел банктерінің (ABN AMRO Bank, State Street Bank, Deutche Bank, BNP Paribas, Citibank, HSBC) бағалы қағаздарына орналастырылған. Қордың жұмыс істеген бүкіл кезеңі ішінде қор активтерінің табыстылығы 6,1%-ды құрады, бүл 2003 жылдың осы көрсеткішінен 8%-ға төмен. 
Ел ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемелер заңи тұлғалар үшін орташа есеппен 2008 жылы 14,8%-ды құраса, ал жеке тұлғалар үшін 18,6%-ды құрады. Сондықтан экономиканың нақты секторының ірі жобаларын инвестициялау бойынша қордың функцияларын көбейту орынды болады. Бұл экономикалық қызметтің шектес түрлерінде мультипликациялық нәтиже тудырады, елде қабылданған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын іске асыруға жәрдемдеседі. Тап осы бағыт әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайларында 2009-2010 жылдарға арналған экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі жоспарларда қабылданған. 
Ұлттық қор қаражаттарының жылдам өсуіне қарамастан оның қалыптасуының тұрақтылығы шындап күмән тудырмай қоймайды. Қор табысының толымдылығы көбінесе қолайлы сыртқы экономикалық конъюнктурамен және ұзақ уақыт бағаның мұнайға жоғары болуымен байланысты болып отыр. 
Бюджеттік кодекске сәйкес Ұлттық қорды толтырудың көздері республикалық бюджеттен түсетін трансферттер (шикізат салаларынан бюджетке түсетін жоспарланған түсімдердің 10%), сондай-ақ шикізат секторынан түсетін нақты түсімдердің олардың жоспарланғанынан асып түсу көлемі болып табылады. Сөйтіп Қорды қалыптастыру көздері жеткілікті сияқты болғанымен бірақ бұл оның тұрақты толымдылығына кепілдік бермейді. Инвестициялық табыстардың бірде болуы, бірде болмай қалуы мүмкін, сондықтан қордың инвестициялық табыстары оған түсетін түсімдердің тұрақты көзі ретінде қарастырылмайды. 
Мемлекеттік бюджеттен берілетін трансферттер сияқты көзіне келетін болсақ мүнай мен металдарға бағаның ұзақ уақыт төмендеуі кезінде олар едәуір қысқарады. Бұл жағдайда, керісінше, Ұлттық қордың қаражатынан бюджеттің ысыраптарын өтеуге тура келеді. Мемлекеттік меншікті жекешелендіруден түсетін кірістер мен бонустар біржолғы болып табылады, оларды да қорды қалыптастырудың тұрақты көзі деп атауға болмайды.

Сараптаушылардың кезқарастары бойынша тап табиғи рента ғана қор кірістерінің негізгі көзі болуға тиіс және ол кен өндіруші сектор кәсіпорындарының салық ауыртпалығын арттырмайды: табиғи рентаны алу кен-геологиялық жағдайлары әр түрлі кәсіпорындар қызметінің жағдайларын теңестіреді.[26;397б.]

Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 3 мамырдағы  № 313 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптастырылуы мен пайдаланылуы туралы 2011 жылғы есеп бекітілді.

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қаражаты 2011 жылғы 31 желтоқсанға 7 988 355 179 мың теңгені (7 383 624 933 мың теңге – аудиттелген қаржылық есептілікке сәйкес есептеу тәсілімен) құрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына 2011 жылы 
3 488 043 602 мың теңге түсті, оның ішінде 1 603 161 781 мың теңге 10 931 792 мың АҚШ долларына барабар) кезекті айырбастау/қайта айырбастау операциясын дәл сол күні жүргізу жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының тиісті шотына теңгемен есепке алынған шетелдік валютадағы түсімдер болып табылады. Одан мұнай секторы ұйымдарынан түскен тікелей салықтардың түсімдері есебінен (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын салықтарды қоспағанда) – 3 360 214 852 мың теңге, мұнай секторы ұйымдары жүзеге асыратын операциялардан түсетін басқа да түсімдер (жергілікті бюджеттерге есепке алынатын түсімдерді қоспағанда) – 14 240 079 мың теңге, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін сатудан түсетін түсімдер – 786 144 мың теңге, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқарудан түсетін инвестициялық кірістердің түсімдері – 112 802 527 мың теңге.

Ұлттық қорды басқаруға байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының шотынан есепті кезеңде жалпы сомасы 4 132 712 мың теңгеге шығыстар жүргізілді.

«Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2011 – 2013 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 30 қарашадағы Заңына сәйкес 2011 жылы Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан республикалық бюджетке ағымдағы бюджеттік бағдарламалар мен бюджеттік даму бағдарламаларының шығыстарын қаржыландыруға кепілдік берілген трансферт түрінде жоспарланған 1 200 000 000 мың теңгенің 1 200 000 000 мың теңгесі аударылды, бұл жылдық жоспардың 100 %-ын құрайды.

Ұлттық қордың басқаруға байланысты қызметтің транспаренттілігін қамтамасыз ету мақсатында аудиттің халықаралық стандарттарына сәйкес 2011 жылға аудиторлық тексеру жүргізілді.  

Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының активтерін сенімгерлік басқару жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бухгалтерлік теңгерімі (мың теңге)

Баптың атауы

2011 жылы

2010 жылы

1

2

3

Активтер

   

Ақша және оның баламалары

618 528 791

176 444 135

Туынды қаржы құралдарын қоспағанда, пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша ескерілетін қаржы құралдары

   

  Қор меншігіндегі

6 338 095 630

4 518 506 786

РЕПО мәмілелері бойынша кепіл ауыртпалығы бар

0

62 260 905

Өтеу мерзіміне дейін ұсталатын инвестициялар

428 926 918

402 785 683

Туынды қаржы құралдары

4 663 906

4 230 221

Дебиторлық берешек

2 245 817

5 333 333

Активтер жиыны

7 392 461 062

5 169 561 063

Міндеттемелер мен таза активтер

   

Туынды қаржы құралдары

4 550 594

3 032 339

РЕПО мәмілелері бойынша кредиторлық берешек

0

60 950 849

Кредиторлық берешек және есептелген шығыстар

4 285 535

7 050 030

Міндеттемелер жиыны

8 836 129

71 033 218

Қазақстан Республикасы Үкіметінің шотын құрайтын таза активтер

7 383 624 933

5 098 527 845


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Курстық жұмысты қорытындылай келе төмендегідей ой-тұжырымдамалар жасауға болды,

Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім,алты сұрақты, сондай–ақ қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерді  қамтып отыр.

        Бірінші бөлімде, Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны олардың қызметі жан-жақты қарастырылған. Бюджеттен тыс қорлар мемлекет қаржысының  негізгі буыны болып табылады.  Бюджеттен тыс қорлар және мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуіне тоқталынған, соынмен қатар Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларына мәлемет беріп кеттім.

        Екінші бөлім, негізгі бөлім ретінде  әлеуметтік бюджеттен тыс

қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры,

экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар ҚР Ұлттық қорына тоқталдым.

     Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының даму жағдайына экономикалық - қаржылық талдау жасалған. Қазақстан Республикасының тәуелсіз алған жылдардан бері бюджеттен тыс қорлардың жүргізіліп келе жатқан даму бағыттары қарастырыла отырып, олардың қызметтеріне талдау жасалынып отыр.

Енді курстық жұмыстың мазмұнын ашуда қарастырылып отырған сұрақтар негізінде қысқаша қорытындыламалар жасасақ.:

Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылары материалдық қамтамасыз етілмеу тәуекелінен қорғалынған. Қор қатысушының есебіндегі аударымдарды, егер асыраушысынан айырылған жағдайда отбасы мүшелеріне төлемдерді беруге кепіл береді. Егер адамдарға қолайсыз жағдайлар кездессе, оның өміріне әлеуметтік сақтандыру көмек береді. Қор баршаға үміт пен сенімділік  ұялатады.

Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру.

Қазақстанда бюджеттен тыс қорлардың жүйесі реформалауға жиі ұшырайды: біраз уақыт олар өзін-өзі билейді, мемлекеттік бюджеттің құрамында «Мақсатты қаржыландыру қоры» бөлімінде бөлек бөліп көрсетілді, 1999 жылдан бастап түгелдей мемлекеттік бюджетке шоғырландырылды.

Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесінің сапалық нәтижесі болып мыналар табылады: салымшыларға қызмет көрсетуді жақсарту, салымшыларды Жинақтаушы Зейнетақы Жүйесі жөнінде хабардар етіп отыру, аймақтық бағдарламаларды дамыту, жарнама қызметкер және осылардың нәтижесінде зейнетақылық қызмет көрсету рыногында Жинақтаушы Зейнетақы Қорының арасында бәсекелестік сайыстың өршуі.

Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату және экономикалық өсуде қиын әрі күрделі жол белгіленген. Осы жолды Қазақстан да дамытуы керек. Сонда ғана мемлекетіміз тек әлемдік нарықта бәсекелесу ғана, сонымен қатар экономикалық және саяси тәуелсіздігімізді мықтап күшейте аламыз.

Арнайы экономикалық аймақтарда инновациялық технологияны дамыту бойынша қызметті іске асыратын ұйымдарда салық мөлшерін төмендету бойынша заңдарға өзгерістер енгізілді. Экономикалық және әлеуметтік даму бағдарламасында халықтың өмір сүру деңгейін жоғарылату және экономикалық өсу жол белгіленген.

Курстық жұмыстың жазылуы барысында Қазақстан Республикасының Қаржы нарығының және  арнайы статистикалық мәліметтері пайдаланылды. Сондай-ақ курстық жұмыстың жазылуы барысында белгілі авторлардың оқулықтары, газет-журналдар беттерінен алынған мақалалар, деректер пайдаланылып отыр.</h4>

 

                      ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика. 2005ж.

2. http://www.minfin.kz

3. Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық. – Алматы, 2005.

4.Сахариев С.С. Финансы: учебник Алматы: Юридическая летература, 2004г.

5.Өтебаев Б.С. мемлекеттік бюджет оқулық. Алматы Экономика 2006 ж

6. История финансовой мысли и политики налогов – М: ИНФРАМ, 1996г.

Сумарков В.Н. Государственные финансы в системе макроэкономического регулирования – М.:Финансы и статистика, 2006г

7. Адамбекова А.А. РЦБК/ Алматы/ 2003-220 б;

8. Жуков Е.Ф. РЦБ:Учебник/ 2005-339 б;

9. АҚ «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы» (әрі  қарай — АҚ «АӨҚО») мен әріптес компаниялар мәліметтері 2009-267б.

10. http://kk.wikipedia.org/ сайты

11. http://www.damu.kz сайты

12. Финансы. Денежное обращение. Кредит / Под ред. Дробозиной Л.А. – М.: Финансы, ЮНИТИ, 1997.

13. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. – М.: Банки и биржи, 1995г.

14. Штайн Ю. Немецкая банковская система. – Банк-Ферлаг Кельн, 1993.

15. Solo.kz сайты

16. Google.kz сайты

17. «Қаржының жалпы курсы» - авт.: Мельников; 2010ж.

18. Пикалова М., «Финансы  финансистов»

19. Қазақ энциклопедиясы,3 том

20. Қаржы-экономика сөздігі. - Алматы: ҚР Білім және ғылым  министрлігінің Экономика институты, "Зияткер" ЖШС, 2009ж.

Жолдасбаев  Г.Ө., Кәсіпорын  экономикасы. Оқу  құралы . Алматы 2002;

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар