Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 23:55, курсовая работа
Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер алға қойылады:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату;
- бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.</
КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ........................5
1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі......................5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны....................................................8
1.3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары..............................11
II. ҚОҒАМДАҒЫ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.14
2.1 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры................................................................................14
2.2 Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар............................................................................................20
2.3 ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ..........................................................................32
</h3>
Мемлекет, әлеуметтік аударымдардың мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында нысаналы пайдаланылуы мен сақталуына кепілдік береді.
Әлеуметтік аударымдардың сақталушылығы:</h4>
1) оның қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін тиісті нормалар мен лимиттерді белгілеу жолымен қор қызметін реттеу;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы инвестициялық қызметті жүзеге асыру;
3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкідегі қор активтерімен инвестициялық басқару бойынша барлық операциялардың есебін жүргізу;
4) Меншікті қаражаттармен қор активтерінің жеке (бөлек) есебін жүргізу;
5) Қор қызметін қамтамасыз ету үшін шығыстарға шектеулер енгізу;
6) Жыл сайын аудит жүргізу міндеттілігін жүзеге асыру;
7) Заңдармен белгіленген тәртіпте, қордың тұрақты қаржылық және статистикалық есептілігін жүргізу;
8) Қор активтерін инвестициялау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаржы құралдарының тізбесін айқындауы арқылы қамтамасыз етіледі.
Қор өз активтерін кепілге беруге және кәсіпкерлікпен және заңмен көзделмеген өзге қызметпен айналысуға құқылы емес.
2.2 Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар
Инвестициялық, Инновациялық, Ұлттық Қор мемлекеттік даму институттары сияқты бюджеттен тыс экономикалық қорлар құру Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға дейінгі арналған индустриалдық-инновациялық даму Стратегиясының мақсаттары мен міндеттеріне жетуге бағытталған. Стратегияның мақсаты – шикізатқа бағытталушылықтан кейін шегінуге ықпал ететін экономика салаларын диверсификациялау, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға өту жағдайын жасау жолымен елдің тұрлаулы дамуына қол жеткізу. Өңдеуші өнеркәсіпте бәсекеге қабілетті және экспортқа-бағдарланған тауарлар өндіру, жұмыстар атқару, қызметтер көрсету мемлекеттік индустриалды-инновациялық саясаттың басты бағыты болып саналады.</
Әлемдік экономиканың жаһандануы жағдайында Қазақстан экономикасы бірқатар проблемалармен бетпе-бет келді. Сондай проблемаға мыналар жатады: шикізатқа бағытталушылық, дүниежүзілік экономикамен шамалы ықпалдасу, ел ішіндегі салааралық және өңіраралық экономикалық ықпалдасудың әлсіздігі, ішкі нарықтағы тауарлар мен қызметтер көрсетуге тұтыну сұранысының жоғары еместігі (кіші экономика), өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдардың дамымағандығы, кәсіпорындардың жалпы техникалық және технологиялық артта қалушылығы, ғылымның өндіріспен пәрменді байланыстарының жоқтығы, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарға жұмсалатын шығыстардың төмендігі, менеджменттің экономикаға бейімделу міндеттерінің жаһандану мен сервистік-технологиялық экономикаға өту процестеріне сәйкес келмеуі.
Проблемаларды шешу және Стратегия шеңберіндегі алдыға қойған мақсаттар мен міндеттерге жету үшін Қазақстан Даму Банкінің, Қазақстанның инвестициялық қорының, Инновациялық қордың, экспорттық несиелерді сақтандыру жөніндегі корпорацияның белсенділігін арттыру болжанады. [19; 322б.]
Аталған институттар, қосымша құны жоғары, жұмыс істеп тұрған өндірістерді дамыту және жаңаларын құру мен перспективалық салаларды кешенді талдау, олардың неғұрлым маңызды элементтерін анықтау негізінде ғылыми және ғылыми-техникалық зерттеулер мен әзірлемелерді қолдау мақсатында инвестициялау саясатын жүргізетін болады. Стратегия, елдегі ғылым мен инновациялық қызметті ынталандыруға бағытталған белсенді мемлекеттік ғылыми және инновациялық саясат жүргізуді болжайды. Алдыға қойған мақсаттарға жету үшін қаржы нарығын одан әрі дамыту және фискалдық, білім беру, монополияға қарсы, инфрақұрылымдық саясатты жетілдіру болжанады. Стандарттау саясаты шеңберінде экономика мен басқарудың барлық салаларында дүниежүзілік стандарттарға көшу көзделеді. Стратегияны жүзеге асыру, оның тұрақты өсуіне әкелетін, адам, өндіріс және табиғи капиталды тиімді пайдалануға, Қазақстанның қоғам құрылысы мен әлеуемттік дамуының жаңа деңгейне шығуға негізделген, экономика құрылымында сапалық өзгерістер жүргізуге оң ықпал етуі тиіс.
Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар қоғам дамуы кезеңдерінің мақсаттары мен міндеттері негізінде құрылды. Бұрын жұмыс істеген қорлардың тәжірибесі растайтындай, мысалы, әр уақытта: Инвестициялық қор, экономиканы тұрақтандыру қоры, экономиканы қайта құру қоры, кғәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту қоры жұмыс жасады. Экономикалық қорлар қаражаттарды шоғырландыру және белгілі даму бағыттарын немесе шешуші салаларды қаржыландыру үшін құрылады. Сол арқылы бүкіл экономиканың теңгерілімді пропорционал дамуын қамтамасыз ету міндеттері алдыға қойылады. Мәселен, Инвестициялық қор қаражаттары негізгі капиталды көбейтудің қол жеткен ауқымдарын ұстап тұру, әлеуметтік аяларды одан әрі дамыту үшін пайдаланылды. Капитал жұмсауды қаржыландыру, өнеркәсіп кәсіпорындарын рентабельді өнімдер шығаруға бейімдеу, оларды реконструкциялауға мүмкіндіктер жасау үшін, республика үкіметі бекіткен жоспарлар мен лимиттер бойынша жүргізілді. Экономиканы қайта құру қоры міндетті аударымдар есебінен, оларды өндіріс шығындарына (шығынды шаруашылықтарды қоспағанда) енгізе отырып, өнімдердің (жұмыстардың, қызметтер көрсетудің) өзіндік құнынан 5% мөлшерде қалыптасады.
Кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту бюджеттен тыс Қоры нарықтық қатынастарды дамыту және баламалы экономикалық құрылымдарды қалыптастыру, әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға қолдау көрсету, бюджеттік қаржыландырудың кәсіпкерлікті, бәсекелестікті дамыту жөніндегі іс-шараларды несиелеудің прогрестік формаларымен тиімді үйлесімін қамтамасыз ету және монополистік қызметті шектеу мақсатында ұйымдастырылған болатын. Қор қаражатын қалыптастыру көздері болып келесілер саналады: кәсіпорындардың, бірлестіктердің және ұйымдардың иелігінде қалған пайданың 1% мөлшеріндегі аударымдар; бюджеттің кіріс бөлігінің жалпы сомасынан 1% мөлшеріндегі республикалық бюджеттен қаржыландыру; консультациялық, әдістемелік және баспа қызметінен, сондай-ақ бағалы қағаздардан алған кірістер; ерікті жарналар мен қайырмалдықтар.Жол Қоры, жалпы мақсаттағы автомобиль жолдарын салумен, реконструкциялаумен және ұстаумен байланысты ақша қаражаттарын шоғырландырды, яғни қаржы жүйесіндегі шаруашылық қызметінің өзіндік ерекшелігімен байланысты тар шеңберде маманданған буын болып саналады.
Мыналар Жол Қорының құрылу көздері болып саналады: автомобиль жолдарын пайдаланушылардың аударымдары; Қазақстан Республикасының аумағынан транзиттік жүріп өткені, кіргені және шыққаны үшін ақы; бөлшек саудада сатылатын бензинді және дизель отынын өткізгені (сатқаны) үшін алым; ақылы автомобиль жолдары бойынша жүріп өткені үшін ақы.
Жол Қорының қаражаттары Республикалық Жол Қоры мен облыстық жол қорлары арасында белгіленген пропорцияларда бөлінді. Республикалық бюджеттен, автожолдар желілерін дамыту деңгейлерін теңестіру үшін облыстық қорларға дотациялар бөлінді. Жергілікті басқару органдары республикалық автожолдардың дамуына қосымша қаражаттар бөлді.
2.3 Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын,
қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ
материалдық емес активтерді қоспағанда,
өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры
бо- лып табылады. Ұлттық қор мемлекеттің
қорланымдарын қалыптастыру, сонымен
бірге әлемдік бағалардың жағдаятына
республикалық және жергілікті бюджеттердің тәуелд
Жинақтау функциясы материалдық
емес активтерді қоспағанда, қаржылық активтер мен өзге мүліктің жинақталуын
және тәуекелдің қалыпты деңгейінде ұзақ
мерзімді перспективада Ұлттық қор активтерінің
кірістілігін қамтамасыз етеді. Тұрақтандыру
функциясы Ұлттық қордың активтері өтімділігінін
жеткілікті деңгейін ұстап тұруға арналған.
Қордың тұрақтандыру функциясын жүзеге
асыру үшін пайдаланылатын бір бөлігі
кепілденілген трансфертті қамт
Ұлттық қорды қалыптастыру және пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі, сондай-ақ оны пайдаланудың көлемдері мен бағыттары бойынша шешімдерді Президент қабылдайды.
Ұлттық қордың түсімі мен жұмсалуы
ұлттық және шетелдік валюталармен жүргізіл
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды Ұлттық банк пен Үкімет арасында жасасылатын сенімгерлік басқару туралы келісімшарттың негізінде Ұлттық банк жүзеге асырады.
Ұлттық қорға жіберілетін бюджеттік түсімдер Ұлттық қорды қалыптастыру көздері болып табылады. Бұл түсімдер:
Ұлттық қордың қаражаттары:
Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры:
Материалдық емес активтерді
қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесін Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорын басқару
жөніндегі кеңестің ұсынысы бойынша Үкімет
Ұлттық банкпен бірлесіп айқындайды.
Ұлттық қорды жеке және заңи тұлғаларды
кредиттеуге және міндеттемелердің орындалуын
қамтамасыз ету ретінде пайдалануға болмайды.
Активтерді Ұлттық қорға есептеу және
Ұлттық қорды пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
Ұлттық қорға түсетін немесе бұл қордан
алынатын активтер Ұлттық банк белгілеген
тәртіппен айырбастауға немесе қайта
айырбастауға жатады.
Ұлттық қордан республикалық бюджетке
түсетін кайтарусыз түсімдер осы Қордан
кепілденілген трансферт болып табылады.
Ұлттық қордан үш жылдық кезеңге арналған
кепілденілген трансферт мөлшері республикалық
бюджет әзірленетін жыл алдындағы қаржы
жылының аяғындағы жағдай бойынша Ұлттық
қор активтерінің үштен бір бөлігінен
аспауға тиіс, ол Үкімет белгілеген тәртіппен
айқындалады және Қазақстан Республикасының
заңымен бекітіледі.
Есепті қаржы жылы ішінде Ұлттық қордан республикалық бюджетке аударылмаған кепілденілген трансферт сомасын Республикалық бюджеттік комиссияның ұсынысы бойынша және Үкімет бекіткен тәртіпке сәйкес Үкіметтің бюджетті түзету арқылы тиісті бюджеттік бағдарламалар бойынша төленбеген тіркелген міндеттемелер сомасынан аспайтын көлемде өткен қаржы жылының республикалық бюджетінде бекітілген бюджеттік даму бағдарламаларын қаржыландыру үшін ағымдағы қаржы жылында пайдалануға құқығы бар.
Есепті қаржы жылы үшін республикалық бюджетте Ұлттық қордан аударылмаған кепілденілген трансферт сомаларын тарту өткен қаржы жылының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің және қаржы жылының басындағы бюджеттік қаражаттар қалдықтары айырмасының сомасында жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес Ұлттық қорды тиімді пайдалану және оны, материалдық емес активтерді қоспағанда,шетелдік қаржылық құралдарға орналастыру жөнінде ұсыныстар әзірлейтін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультациялық-кеңесші орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің функциялары: 1) Ұлттық қорды калыптастыру мен пайдалану тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 2) Ұлттық қорды пайдалану көлемдері мен бағыттары жөніндегі ұсыныстарды карау және әзірлеу; 3) Ұлттық қорды орналастыру үшін, материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржылық құралдардың тізбесі жөнінде ұсыныстарды әзірлеу болып табылады.
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңесті
құру туралы шешімді, оның құрамы мен ол
туралы қағиданы Қазақстан Республикасының
Президенті бекітеді.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы
туралы жылдық есепті Үкімет Ұлттық қор
аудитінің нәтижелерін қоса отырып, жыл
сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 1 сәуіріне
дейін Ұлттық банкпен бірлесіп жасайды
және оны Ұлттық банкпен бірлесе отырып
жыл сайын ағымдағы жылдың 1 мамырынан
кешіктірмей Президенттін бекітуіне ұсынады.
Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы
туралы жылдық есепті Президент бекіткеннен
кейін Үкімет оны ақпарат ретінде Қазақстан
Республикасының Парламентіне ұсынады.
Ұлттық қорды басқаруға байланысты қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жыл сайын аудит жүргізіледі. Аудиторлық ұйымды таңдау конкурстық негізде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Ұлттық қордың қалыптастырылуы және пайдаланылуы туралы жылдық есеп және аудит жүргізудің нәтижелері туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.