Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Мая 2014 в 23:55, курсовая работа

Краткое описание

Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер алға қойылады:
- бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату;
- бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
- Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.</

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................3
I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ........................5
1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі......................5
1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны....................................................8
1.3 Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары..............................11
II. ҚОҒАМДАҒЫ БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.14
2.1 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры................................................................................14
2.2 Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар............................................................................................20
2.3 ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі............................................................................22
ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ..........................................................................32
</h3>

Прикрепленные файлы: 1 файл

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар.doc

— 247.50 Кб (Скачать документ)

<

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР  ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ........................5

1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі......................5

1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны....................................................8

1.3  Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорлары..............................11

 

II. ҚОҒАМДАҒЫ БЮДЖЕТТЕН  ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ.14

2.1 Әлеуметтік бюджеттен тыс қорлар: жинақтаушы зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры................................................................................14

2.2 Экономикалық мақсаттағы бюджеттен тыс қорлар: инвестициялық, инновациялық қорлар............................................................................................20

2.3 ҚР Ұлттық қоры, оның рөлі............................................................................22

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................30

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДБИЕТТЕР ..........................................................................32

</h3>

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

 

 

КІРІСПЕ

 

 Курстық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тәуелсіздік алған алғашқы күннен бастап Қазақстан өзінің дербес даму жолын таңдап, жылдан-жылға әлемдік қоғамдастықта барған сайын зор құрмет пен беделге қол жеткізе отырып, алға қарай нық сеніммен ілгерілеп келеді.

    Бүгінде экономика мен өз мемлекеттілігіміздің берік іргетасын қамтамасыз етіп, Қазақстан қағидаттық жаңа кезеңге сенімді қадам басты. Мұның өзі Қазақстанның одан әрі дамуын тұрлаулы, осы заманғы және болашағы зор экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік негізге қоюға мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны; мемлекеттің қатаң белгілі бір мақсаттарға пайдаланатын және заң жүзінде қалыптасуының бекітілген көздері бар ақша ресурстарының жиынтығы. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар бірқатар қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін мемлекет тарапынан қаржы ресурстарын қайта бөлу және пайдалану жөніндегі қатынастар болып табылады.

Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық бюджеттен тыс қорлардың жай-күйіне қаржылық-экономикалық талдау, дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды.

Бюджеттен тыс қорларға жинақтаушы зейнетақы қорлары, міндетті әлеуметтік  сақтандыру қорлары, инновациялық қорлар тағы басқа қорлар жатқызылады.

Бүгінгі күні Республикадағы зейнетақының қызмет көрсету рыногын 14 Жинақтаушы Зейнетақы Қоры құрайды, олардың республиканың түрлі аудандарында 72 филиалы және 73 өкілдіктері бар.

Міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесі мекемелер мен ұйымдарда жұмыс істейтін кез-келген тұлғалардың жұмысын жоғалтуы, асыраушысынан айырылған, еңбекке қабілеттілігінен айырылған сияқты әлеуметтілік жағдайы бойынша міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қатысушыларын әлеуметтік қамтамасыз етудің қосымша түрі болып табылады.

Ұлттық инновациялық қордың негізгі мақсаты – ғылыми идеяларды, технологияларды дамыту, коммерциялық өнімдерді шығару және оларды іске асыру.

Сондықтан да, бюджеттен тыс қорлар бүгінгі күннің, экономикадағы, қаржы саласындағы маңызды, ағымдағы, актуальді тақырыптарының бірі.

Қурстық жұмыстың негізгі мақсаты бюджеттен тыс қорлардың мәнін, ұғымын, мазмұнын ашып көрсету.

Осы мақсатқа сүйене отырып, келесі міндеттер алға қойылады:

  • бюджеттен тыс қорлардың мазмұнын, мәнін аша отырып, оның түрлерін ажырату;
  • бюджеттен тыс қорлардың қызметтерінің ерекшелігін ашып көрсету;
  • Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының қызмет жүргізу ерекшеліктерін, олардың экономикалық-қаржылық жағдайына талдау;
  • Қазақстан Республикасының бюджеттен тыс қорларының жүргізілу мәселелері және оларды жетілдіру жолдарын көрсету.</

Зерттеу нысаны ретінде Қазастан Республикасының бюджттен тыс қорларды алынды.

Зерттеу пәні Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлары және оның маңызы.

           Ақпараттық база ретінде «Мемлекеттік органдардың бюджеттен тыс қорлары және шоттары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 18 желтоқсандағы № 1298 қаулысы сипатталады.

       Теориялық негіздері болып 1. Құлпыбаев С., Ынтыкбаева С.Ж., Мельников В.Д. Қаржы: Оқулық / - Алматы. Экономика, Илиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы оқулық. – Алматы, 2005, Өтебаев Б.С. мемлекеттік бюджет оқулық. Алматы Экономика 2006 ж. алынды.

       Курстық жұмыстың құрылымы. Жалпы курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, екі бөлім,алты сұрақты, сондай–ақ қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттерді  қамтып отыр.

      Курстық жұмыстың көлемі 32  бетті қамтиды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      I. БЮДЖЕТТЕН ТЫС ҚОРЛАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТІ

    1.1 Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар, олардың рөлі, жіктелуі

 

         Бюджеттен тыс қорлар – мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды буыны. Олар, мемлекет қатаң белгіленген мақсаттарға пайдаланатын және

заңнамалық тұрғыдан бекіген қаржыландыру көздеріне ие, ақша ресурстарының жиынтығын білдіреді. Экономикалық категория ретінде бюджеттен тыс қорлар, мемлекеттің нысаналы қажеттіліктерін қаржыландыруға бағытталатын қаржы ресурстарын орталықтандыру үшін ұлттық табысты қайта бөлу жөніндегі қатынастар болып саналады.

 </h4>  Бюджеттен тыс қорлар 1991 жылдан бастап әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерін ұсынған талаптар бойынша пайда болды: мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін қатаң функционалдық мақсаттарға бөлектеу, мемлекеттік бюджетті өзіне тән емес шығыстардан арылту, бюджет тапшылығын азайту қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей емес капитал жұмсауға арналған шығыстарды, кәсіпорындарға берілетін дотацияларды шаруашылық органдарының иығына арту қажеттілігімен туындады; экономиканы тұрақтандыру қоры осы мақсаттарға сәйкес келді (ары қарай – экономиканы қайта жаңарту қоры). Өзге жағдайларда әлеуметтік мұқтаждарға арналған жекелеген шығыстарды және нарыққа өту жағдайында олардың өмір деңгейінің төмен түсуі жағдайында халықты неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен оларды жабу көздерін бөліп көрсету және аражігін ажырату қажет болды. Зейнетақы қоры, әлеуметтік сақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры, халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу Мемлекеттік қоры осы міндеттерді шешуге шақырылған болуы тиіс болатын. Кейбір қорлар – жол қоры, әскери өндірісті конверсиялауға жәрдемдесу Қоры, әртүрлі мақсаттағы инновациялық қорлар аса тар шеңберді қамтиды.

 Кейбір қорлар уақытша жұмыс жасады, мысалы, экономиканы тұрақтандыру қоры, халықты әлеуметтік қолдаудың Біртұтас одақтық – республикалық қоры: бұл экономиканың дағдарысы жағдайында осындай қорлардың қаражаттарын қалыптастыру қиындықтарымен осыған жұмылдырылатын қаражаттардың белгілі бір негіздендірілгендігімен, бөлу кезінде ресурстарды қайтарусыз пайдаланудағы қорларды құратын субъектілердің мүдделіеместігімен түсіндіріледі.[1; 255б.]

 Шаруашылық субъектілерінде қорлар құру кезінде ақша қаражаттарының бір бөлігін қайтарусыз тәртіпте салу қосымша міндеттілігі жүктеледі. Егер қаражаттың осындай бөлігі қосымша өнім құны (пайдалар, кірістер) есебінен салынса, онда кәсіпорынның экономикалық мүддесін тікелей қозғайды – ұдайыөндірудегі және тұтынудағы (мысалы, 1995 жылға дейін жұмыс жасаған кәсіпкерлікті қолдау және бәсекелестікті дамыту Қоры) олардың мүмкіндіктерін шектейді. Аударымдарды қордағы өнімдердің өзіндік құнына жатқызу жағдайында, құнның осы бөлігі баға арқылы тұтынушыға қайта салынады және аталған жүкті тұтастай қоғам көтереді. Сол арқылы, қорларды қалыптастыру және пайдалану кезінде, шаруашылық субъектілерінің бір бөлігі үшін белгілі бір уақыт интервалында эквивалентсіз болып саналатын қайта бөлу процестері жүреді. Сол мезгілде, бүкіл қоғам ауқымында бюджеттен тыс қорлардың көмегімен әлеуметтік-экономикалық теңгермелік пен тұрақтылық ұсталып тұрылады, өйткені халықтың жекелеген топтарын әлеуметтік қолдау бойынша жергілікті және жалпымемлекеттік міндеттерді шешу, бүкіл экономиканың немесе өңірдің мүдделері үшін белгілі бір нысаналы бағдарламаларды орындау, әлеуметтік-экономикалық дамуды теңестіру мүмкін болады. Соған қарамастан бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуінде топтық және қоғамдық қарамақайшы мүдделер көрініс беретін болады. Тұтастай алғанда, бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі, бүкіл қоғамның мүдделері үшін жүзеге асырылады және оны біріктіруге бағытталған, қаржы қатынастарының осы формаларының әлеуметтік-экономикалық маңызы осындай болып табылады.

<h4>Арнайы бюджеттен тыс қорлардың мемлекеттік бюджетпен параллель жұмыс істеуі қаржы қатынастарын дифференциялауға, олардың бір бөлігін таршеңберде мамандандырылған аяларға бағдарлауға, қаржы қызметінің әртүрлі бағыттарында осы қатынастарды өзіндік диверсификациялауға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Бюджеттен тыс қордың жіктеуі

Нысаналы белгісі бойынша

Басқару деңгейі бойынша

Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар

Мемлекеттік емес бюджеттен тыс қорлар

-   әлеуметтік

-   экономикалық

-   ғылыми-зерттеу

-   экологиялық (табиғат қорғау)

-   көші-қон

-   құқық тәртібіне  жәрдемдесу

-   мәдени мақсаттағы 

-   мемлекетаралық

-   мемлекеттік 

-   өңірлік

-әлеуметтік

-насыналы 

-жинақтаушы зейнетақы  қоры 

-арнайы қорлар

-  мемлекеттік емес  жинақтаушы зейнетақы қорлары

-  гуманитарлық

-  халықаралық


 

Бюджеттен тыс қорлар келесі белгілері бойынша жіктеледі:</h4>

  • нысаналы белгісі бойынша – әлеуметтік, экономикалық, ғылыми-зерттеу, табиғатқорғау (экологиялық), көші-қон, құқықтық тәртіпке жәрдемдесу, мәдени мақсаттарға және өзге;
  • басқару деңгейі бойынша – мемлекетаралық, мемлекеттік, өңірлік (жергілікті).

Мемлекеттік бюджеттен тыс және мемлекеттік емес қорлардың аражігін ажырата білу қажет; мемлекеттік емес қорлар, кейбір мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға ұқсас екендігіне қарамастан, нысаналы бағыттары бойынша аса алуан түрлі, мысалы, мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорлары, әртүрлі гумангитарлық, оның ішінде халықаралық қорлар.

Сондай-ақ бюджеттен тыс қорлар мен 1996 жылға дейін мемлекеттік бюджет құрамында қалған нысаналы қаржыландыру қорлары: жерқойнауын қорғау және минералдық-шикізат базаларын қалпына келтіру қорлары, табиғат қорғау қоры болып ажыратылады. Иә, мұнда қарастырылып отырған өзге де қорлар 1992-1996 жылдар ішінде мерзімді түрде мемлекеттік бюджетке енгізіліп және одан шығарылып отырды. Бұл оның құрылымының оңтайлы нұсқасын іздеу, қаржы жүйесінің қалыптасу процесін көрсетеді.

Бүкіл бюджеттен тыс және өзге қорлар мен шаруашылық субъектілері қорлары үшін қолайлы, «арнайы қорлар» терминін қолдануға болады (жарғылық, резервтік, амортизациялық, валюталық, жөндеу, жинақтау, тұтыну және өзге қорлары).

       Ұйымдық жағынан қорлар, арнайы аппараттың немесе министрліктің басқаруында болады, бұл қаржы ресурстарының жекелеген бөліктерін басқарудың, олардың рационалды және нысаналы пайдалануына бақылаудың икемді болуына оң ықпал етеді.[2; 400б.]

Бюджеттен тыс қорлардың болуы олардың басқаруына шоғырландырылған нысаналы қаражаттарды жедел басқаруға мүмкіндік береді: әлемдік тәжірибедегі қорлардың дербес (автономиялы) – өкілді билік органдарының араласуынсыз басқару, мемлекеттік басқару органдарының қорлардың нысаналы мәселелерін тез арада шешуге, жағдайлардың өзгеруіне уақтылы жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Қаржы ресурстарының маңызды көлемі бюджеттен тыс қорлар арқылы қайта бөлінеді: Қазақстан Республикасындағы қайта бөлу ауқымы 2005 жылдың басында елдің ішкі жалпы өнімінің (Ұлттық қор мен мемлекеттік даму институттарын ескере отырып) 16%-ына жетті.

Салық төлеушілердің қаржылық жағдайларының нашарлығынан болжанатын көлемдерде олардың қаражаттарын қалыптастырудың қиындығы өтпелі кезеңдегі бюджеттен тыс қорлардың ортақ проблемасы болып саналады, яғни бұл: олардың басым көпшілігінің шығындылығы, өзара берешектер, төлем қабілетсіздік нәтижесінде қорлардың бюджеттері теңгерілмеген және кезек күттірмес әлеуметтік-экономикалық қажеттіліктерді нысаналы қаржыландыру бойынша көптеген іс-шаралар – қамтамасыз етілмей қалды.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік бюджеттен тыс қорлардың жұмыс істеуі 1996 жылдан қаржы саясатының, мемлекеттің қаржы ресурстарын орталықтандыру жағына қарай өзгеруімен байланысты мақсатқа сай келмейтін болып танылды: қорлардың қаражаттары республикалық бюджетке біріктірілді. Бірақ та, әлемдік тәжірибе, қоғам тарапынан қаражаттардың жұмсалуына қажетті деңгейдегі бақылауды қамтамсыз ету кезінде оларды жедел (оралымды) басқару үшін мемлекеттік қаржы ресурстарының орталыққа тәуелділігін жоюдың және оны дербес (автономиялы) қалыптастырудың және пайдаланудың тиімділігін растайды.

 

        1.2 Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны

    Жалпымемлекеттік көлемде республикалық және жергілікті бюджеттер қаржы ресурстарын ұйымдастырудың ең белгілі нысаны болып табылады. Бюджеттен тыс қорлардың пайда болуы әлеуметтік-экономикалық дамудың қажеттіліктерінен туындады: қатаң функциялық мақсаттарға жұмсалатын мемлекеттің қаржы ресурстарының бір бөлігін оқшауландыру, мемлекеттік бюджетті оған тән емес шығыстардан жеңілдету, бір жағынан бюджет тапшылығын төмендету қажет болды. Белгілі бір дәрежеде бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен тікелей байланысты емес шығыстардың ауыртпалығын шаруашылық органдарына аударуды қажет етті; бұл мақсатқа Экономиканы тұрақтандыру қоры сай болды. Басқа жағдайларда, нарыққа өту кезінде халықтың тұрмыс деңгейінің төмендеуі жағдайында оны неғұрлым сенімді және тиімді қорғау мақсатымен әлеуметтік мұқтаждарға жұмсалатын кейбір шығыстарды бөлу және оларды жабудың көздерін межелеу қажет болды. Бұл міндеттерді Зейнетақы қорының, Әлеуметтік сақтандыру қорының, Халықты әлеуметтік қорғаудың бірыңғай одақтық-республикалық қорының, Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің мемлекеттік қорының шешуін қажет етті. Бірқатар қорлардың – Жол қорының, Әскери өндірісті конверсиялау қорының, түлі арналымның инновациялық қорларының және басқаларының өте-мөте тар мақсатты арналымы болды.

Информация о работе Мемлекеттік бюджеттен тыс қорлар