3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ
ЖОБАЛАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Экономикалық аймаққа шетел капиталын тартуды ынталандыру-
дың әлеуметтік-экономикалық
жағдайы мен алғы шарттары
Экономикалық аймақтарға шетел
инвестициясын тартуды ынталандырудың
басты шарты болып Қазақстан
Республикасының егеменді мемлекет
ретінде тәуелсіздігінде жатыр.
Бұл мемлекеттің нарықтық қатынастарға
өтуге бағыттал-ған әлеуметтік, экономикалық,
инвестициялық және сыртқы экономикалық
сая-сатты дербес өңдеуге мүмкіндік берді.
Ұлттық нарықтық қатынастарды құрған
кезде алдыңғы әкімшіл-әміршіл экономиканы
реформалаудың тәжірибесін есепке ала
отырып, экономикалық мемлекетті басқаруда
мемлекеттің рөлін кү-шейту үшін қажетті
шарттарды жүзеге асырды. Жинақталған
тәжірибе өтпелі экономика жағдайында
Қазақстанның халық шаруашылығын және
оның аймақ-тарын дамытудың индикативті
жоспарын өңдеп іске асыру негізінде аймақтар-ды
басқаруды ұйымдастыру мүмкіндігін береді.
Бұл қоғамда әлеуметтік-саяси және экономикалық
тұрақтылыққа жетуге мүмкіндік туғызды.
Экономикалық аймаққа шетел инвестициясын
тартуды ынталандырудың маңызды жағдайла-рына
келесілер кіреді:
- Республикамыздың ұзақ мерзімді “Қазақстан-2030” даму стратегиясы;
- Экономиканың жан-жақты тәртіптері мен оның аймақтық секторлары және де оның дамуындағы маңызды бағыттарының негіздері;
- Экономиканың либерализациялануы мен экономикалық реформалаудың тереңдеуі;
- Қазақстан Республикасының экономикалық өсу факторының негізінде инвестиция рөлінің әсіресе шетел инвестициясының өсуі.
Шетел инвестициясын
кең көлемде тарту жөніндегі
қарастырылған жағдай-лар қоғам
инфрақұрылымының дамып жатқан
салаларымен (көлік, байланыс, сауда
және т.б.) қалыптасқан жеткілікті күшті
өнеркәсіптік, құрылыстық және аграрлық
потенциалымен қуаттандырылмаған. Маманданған
инженер-техника-лық және қызметкерлер
кадрларының қазіргі экономиканың қиын
өндірістік және ғылыми-техникалық мәселелерді
шеше білу қабілеттігі және тәжірибесі-нің
арқасында шетел инвестициясын тартудың
төзімді негізі құрылды. Респуб-ликаның
экономикалық өсуінің маңызды факторына
негіз болған республика-ның соңғы жылдардағы
инвестициялық процестің активтендірілу
барысында айқындалған басымды тенденцияны
атап өтпеуге болмайды.
Ұзақ мерзімді “Қазақстан-2030”
даму стратегиясында экономикалық
реформалаудың өткізілу ауыртпалығы
мен іске асуы экономикалық
аймақтарға жүктеліп, олардың рөлі
мен орны анықталған. Аймақтардағы
инвестициялық қызметті активтендірілу
мәселесі қазірге шешіле қойған жоқ, соның
салдарынан аймақтық, инвестициялық саясаттың
өңделіп жүзеге асуы жөнінде жинақталған
тәжірибені қорыту қажет.
Аймақтардың экономикалық
ерекшелігі болып инвестициялық
ресурстардың жетіспеушілігі саналады.
Сонымен бірге аймақтардағы инвестиция
нарығы әзірге әлсіз дамыған және де инвестициялық
ресурстарға деген қажеттіліктерді қамтамасыз
етпейді. Бірақ соған қарамай инвестиция
нарығы инвестициялық қызмет белсенділігінің
маңызды шарты болып табылады. Бұл жақында
ғана өт-кен әміршіл-әкімшіл экономика
жағдайында экономиканы инвестициялау
одақтық республика орталығы арқылы және
де, аймақ ерекшеліктерінің есебінсіз
жүзеге асуымен байланысты болды. Бұл
орталық республикаларп бойынша ка-питал
салымдарын орналастыру және аймақтардың
экономикалық дербестігі жайлы сұрақтарды
шешті, соның салдарынан аймақтардың даму
бағыттарының перспективалық және стратегиялық
есебінсіз капитал салымдарын апатты
орналастыруға әкеп соқты.
Нарықтық қатынастарға
өткен кезде аймақты инвестициялаудың
көздері, әдістері және де өзгешеліктері
де өзгерді. Сонымен қатар сұраныс
пен ұсыныс заңдарының есебінен
бөлініп отыратын қатынастарға
инвестициялық нарық әсерінің
күшеюімен байланысты күтілген
үміттер ақталмады.
Бірнеше авторлар
инвестиция ұғымын көзделген
әлеуметтік-экономикалық нәтиже
алу мақсатымен қаржылы және
материалды-техникалық ресурстар
салымы деп түсінеді. Нарықтық
қатынастарға өту салдарынан
“инвестиция” түсінігінің көзқарастар
мен ыңғайын өзгертті. Егер әкімшілік
экономика жағдайын-да капитал салуды
негізгі қорлар ұдайы өндірісіне өткен
бір жолғы шығындар деп қарастырылған
болса, нарықтық экономикада инвестициялар
әлеуметтік салдар немесе табыс табу мақсатымен
кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрле-рінің
объектілеріне салудың меншіктік, интеллектуалдық
бағалықтардың барлық түрі болып табылады.
“Инвестиция” түсінігі Қазақстан Республикасының
“Шетел инвестициялары туралы” заңына
нақты, көлемді қарастырылған; инвестициялар
– табыс табу мақсаты мен инвесторлардың
өндірістік қызметтің объектілеріне салынатын
мүліктің бағалықтар мен интеллектуалдық
меншік құқықтардың барлық түрі болып
табылады.
Өз кезегінде инвестициялық
қызмет мағынасын табыс табу
немесе әлеуметтік салдар алу
мақсатында кәсіпкерлік және тағы басқа
қызмет объектілеріне салынған мүліктік
құндылықтар салу процесі деп түсінуге
болады. Жалпы инвестицияны тарту негізінен
өндіріске қандай да бір өнім немесе бір
ел ішінде кәсіпорынның акцияларын иеленуге
салынған капитал салымы болып табылады.
Егер өнім өндірісі жүзеге асырылып, шетелдік
демеуші өз капиталын өнді-рістің кеңеюі
мен технологиясына салса немесе жергілікті
кәсіпкерлердің қатысуымен кәсіпорын
ашса, онда ол бірлескен кәсіпорын немесе
шетелдік инвесторлары бар кәсіпорын
болып табылады. Бұл жағдайда шетелдіктер
өндіріске өздігінен тура әрекет етеді
және сол себептен тура немесе нақты деп
аталады. Егер сол елдегі қызмет етіп жатқан
кәсіпорын акцияларына ие болса, олар
портфельді инвестиция болады.
Оңтүстік Қазақстан
облысының жедел дамуын қамтамасыз ету
Республиканың болашаққа деген стратегиялық
мүддесі есебінен, тек ішкі жинақтар жеткіліксіз.
Сондықтан экономикалық аймақтардағы
құрылымдық жобалардың мақ-сатқа жетудегі
маңызды шарты шетел инвестициясын масштабты
түрде тарту қажет.
Оңтүстік Қазақстан
облысының өнеркәсібінде терең
құрылымдық қайта құруды өткізудің
салдарынан инвестицияны қаржыландырудың
барлық көздерін жан-жақты қолданудың
негізінде инвестициялық іс-әрекеттердің
белсенділігін қалыптастырады(өз
меншігіндегісімен бірге тартылғандарда).
Аймақтарға те-рең экономикалық
реформаларды қолдануда аймақтық инвестициялық
саясатты әзірлеу мен іске асыру үшін
қажетті жағдайларды құруды қажет етеді.
Ал бұл өз кезегінде өзге өндірістерді,
территорияларды немесе салаларды инвестиция-лаудың
“нүктелік” ыңғайына емес, комплексті,
мақсатты-бағдарламалық ыңғай-дың негізінде
өңделген шетел инвестициясын тартудың
жаңа стратегиясын білдіреді. Ол өзімізде
және басқа да территорияларда орналасқан
әр түрлі өндіріс-тердің өзара байланысты
жиынтығын, мақсатты және комплекстік
инвестиция-лық жобалар мен бағдарламалардың
өңделуімен жүзеге асуын қарастырады.
Оларға территориялы-өндірістік комплекстер,
арнайы экономикалық, экспорт-тық және
басқа да зонолар жатады, олардың дамуы
аймақтың инвестициялық бағдарламалардың
міндеттері мен маңызды стратегиялық
мақсатқа жетудің ба-ғытталған ұзақ мерзімді
инвестициялық бағдарлама базасының негізінде
жүзеге асырылады.
Белгіленген міндеттердің
ойдағыдай шешілуі үшін келесі
шараларды жүзеге асыру қажет:
- аймақтар мен территорияларда экономиканы құрылымдық қайта құруда шет ел капиталының белсенді қатысуымен қамтамасыз ету;
- әлемдік экоомикалық жүйеге кең көлемде өту мақсатымен шетел ин-вестициясын тарту үшін аймақтарда қолайлы құру;
- аймақтарға әлемдік дәрежедегі технологияны
орналастыратын және құрылымдық мәселелерді
шешуде көмегін тигізетін инвесторлар
қаты-насынан “ашық есік” саясатын жүйелі
түрде өткізу;
- аймақтардың әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге бағыттал-ған инвестицияға жәрдемдесу.
Тікелей шетел инвестициясын
тиімді, соңғы пайдалану нәтижесінің
жарқын үлгісінде «Галлахер», «Филипп
Моррис» темекі фабрикаларының
салынуы; ша-рап сусынын құю
тізбегі; АҚ «Өскемен титан-магний
комбинаты» титандық шлактарды
өндіру бойынша іске қосу кешені
енгізілген; «Испат-Кармет» АҚ – да металлургиялық
заводты қайта құру іске асырылып жатыр
және сыра дайын-дау заводының құрылысы
жатады. Шетел инвестициясының есебінен
Семей қа-ласында Ертіс өзені көпірінің
салынуы, Ақтаудың таңіз сауда портының
қайта құрылуы мен кеңеюі жүзеге асырылды.
Инвестициялық басылымдықтың өзге –рісі
аймақтардың дамуында қайта бөлулерге
әкеп соқты. Отандық және шетел-дік инвесторлардың
республиканың батыс аймағында орналасқан
кәсіпорын-дардың өндіріс саласында
көрсеткен қызығушылықтарының арқасында
Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында
инвестиция саласының тұрақтануы бай-қалады.
Осылайша Қазақстан
Республикасында шетел капиталын
тартуды ынталан-дырудың ары қарай
дамуына қолайлы жағдайлар мен
алғы шарттар жасалуда. Мемлекет
аймақтарына шетел инвестициясын тартудың
нәтижелегін көтеру үшін экономикалық
аймақтардың талаптарын қамтамасыз ететін
шетел инвес-тициясын тартуды ынталандыру
керек. Әсіресе, актуалды болып ең алдымен
жеке кәсіпкерлікте оның ынталандыру
рөлін күшейтуге бағытталған салық жүйесін
меңгеру болып табылады. Жоғарғы ставкалардың
есебінен табыс салы-ғының жұмыс істеп
тұрған механизмі кәсіпкерлік қызметте
үлкен нәтижелерге жетуге ынталандырылмайды.
Республикамыздың экономикасына өз қаражат
–тарын салып жатқан кіші және үлкен шетел
инвесторларының қызығушылығын көтеру
үшін оларға мемлекеттік кепілдік принципін
жариялау, біздің ойымыз-ша, пайдалы болар
еді. Қазақстанда инвестицияны ынталандырудың
маңызды мәселесіне “ұласу” процесін
қамтамасыз ету, банктерді басқару ұйымдары,
өн-дірістік, аграрлық және басқа да қаражат
жағынан қиындық шегіп жатқан өнді-рістік
және банктік капитал интеграциясы жатады.
- Инвестицияларды тиімді жұмсау
жолдары
Инвестиция барлық қоғамда да экономиканы
нығайтудың негізі болып табылады.
Сондықтан, оны тиімді пайдалану жолдарын
анықтау және қосымша көздерін ашу – еліміздің
қазіргі даму сатысындағы басты міндет.
Оны шешу үшін республикамызда ғылыми
тұрғыдан негізделген инвестициялық саясат
жүзеге асырылуы керек. Ол халық шаруашылығының
әртүрлі салаларында пай-да табу мақсатымен
ұзақ мерзімді капитал қорын жасауға бағытталған
жөн. Ин-вестициялық саясат негізделген
болуы үшін қаржыны тиімді пайдалануды,
қо –ғамдық өндірісте тепе-теңдікті қамтамасыз
етудің жолдарын қатесіз анықтау керек.
Егер инвестициялық саясат дұрыс шешілсе,
шыққан әрбір теңгеге келе-тін ұлттық
табыстың мөлшері өседі, өнім молаяды.
Инвестициялық саясат
экономиканың даму дәрежесіне
байланысты өзгеріп тұрады. Ол
санымен қатар өндірістің техникалық
дәрежесіне де байланысты. Қазіргі
кезде инвестицияны жаңа өндіріс орындарын
тұрғызудан гөрі оларды техникалық жағынан
қайта жарақтандыруға, реконструкциялауға
бағыттаған тиімді. Болашақта өндірістік
салаға жұмсалатын инвестицияның ара
салмағын өсіре беру орынды. Нарықтық
экономикаға көшу кезеңінде инвестициялық
сая-сат машина жасау өнеркәсібін дамытуға,
халықтың тұтыну бұйымдарын көбі-рек өндіруге,
сұранысты отандық тауарлар есебінен
қанағаттандыруға бағытта-луы тиіс.
Отандық инвестицияның
жетіспейтіндігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан ол шет елдерден түсіп жатыр.
Шетелдіктер өз инвестициясын босқа жібермейді.
Жыл сайын 1,3 млрд. доллар шетел инвестициясын
пайдаланамыз. Оларды өсіммен қайтару
бізге оңай емес. Бұл салада жетіспеген
жағдай, жіберілген қа-телік көп. Бұдан
былай отандық инвестицияға көңіл бөлу
керек. Қор рыногын жандандырған жөн. Инвестиция
иемденуші еңбектен, өндіруші еңбекке
ауысқа-ны тиімді. Осылай болса, жұмыссыздар
азаяр еді.
Егіншілік жағдайы
да мәз емес. Астық өндіру 26 млн.
Тоннадан 9 млн. тон-наға дейін азайды.
Көп шығынмен өсірілген бидайдың өзі дүниежүзілік
рынок-та сұраныс таппай отыр. Республиканың
3-4 млн тонна астықты экспортқа шы-ғаруға
мүмкіндігі бар. Бірақ астыққа дүниежүзілік
баға төмен болғандықтан, оны шетке шығарудан
түсетін пайда шамалы. Бұл да біздің экспорттық
шама-мызды төмендетеді.
Бүгінде мал шаруашылығы
өндірісінің 75 проценті және егін
шаруашылығы өнімдерінің 30-дан
85 процентке дейінгі жеке меншік
қосалқы шаруашылық-тарға тиісті.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру
мен өңдеу көлемінің құлды-рауы
және олардың рынокта бәсекеге түсе алмауы
азық-түлік импортын қажет етті. Ауыл шаруашылығына
инвестиция бөлу мардымсыз. Қазіргі кезде
бұған банк құрылымдары да, шетелдік инвесторлар
да барып отырған жоқ.
Ауыл шаруашылығына
инвестиция бөлудің өз ерекшеліктері
болуы тиіс. Ин-весторлар салықтардың
барлық түрінен босатылғаны жөн.
Сол сияқты шетел
инвестициясын ғылым мен білімді,
ғылым жетістіктерін көбіерек
керек ететін шаруашылық салаларын
дамытуға, жаңа технологияны енгізуге
жұмсаған тиімді. Тәжірибеден байқалып
жүргендей, инвестицияны ұзақ өндірістік
циклды дамытуға немесе шетел тауарлары
көп тасымалдуынан бәсекелестік кең өріс
алған салаларға жұмсау керек. Сондықтан
да өндіруші-лерді шетелдік тауар өндірушілерден
қорғауы керек. Бұл жөнінде арнайы бағ-дарлама
болғаны жөн. Қазіргі валюта курсына байланысты
шикізатты шетелге көптеп сату оны отандық
тауар өндірушілерге сатудан әлдеқайда
пайдалы. Сол себепті еліміздің шикізаты
шетке кетіп жатыр, ал отандық кәсіпорындар
шикі-затсыз қалуда. Бұған жол бермес үшін
валюта курсын өзімізде қай өндіріс саласын
дамыту тиімді, соған байланысты өзгеріп
отыруы керек.
Инвестицияның біраз
бөлігі жаңа технологияны сатып
алуға және өндіріске енгізуге
жұмсалуы тиіс. Бұл жерде екі
түрлі қиындықты айта кету керек:
бірін-шіден, шетел технологиясын жаппай
сатып алу өз елімізде техникалық прог-ресстің
төмендеуіне әкеліп соқтырады, жаман да
болса, шетел технологиясын алу керек
деген пікір қалыптасады. Шетел тауарымен,
технологиясымен бәсе-келеуге жарамды
отандық тауар мен технологияға көңіл
бөлетін уақыт жетті. Ал, екіншіден, отандық
машина жасауды тірілтеміз деп өзіміздің
өнімсіз техно-логияны көбірек пайдалана
берсек, шетелдіктерден артта қалып қоямыз.
Осыны ескере келіп, өз елімізде өндіруге
тіпті мүмкіндігі жоқ немесе тиімсіз техноло-гияны
сырттан алдырған орынды. Бұл тұрғыдан
алғанда еліміздің технология-лық қауіпсіздігін
ескерген жөн.