Несие және несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік
жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру.doc

— 546.50 Кб (Скачать документ)

Ипотекалық нарықтық қатысушыларының өзара әсері келесі схема бойынша жүзеге асырылады:

Банк — несиелері қарыз алушыға тұрғын үй кепілдігімен қамтамасыз етілген ипотекалық несие береді.

Компания банк-несиегерінен ипотекалық несие бойынша талаптар құқығын сатып алады және белгіленген талаптар құқығымен қамтамасыз етілген ипотекалық бағалы қағаздарды жібереді.

Институционал инвесторлар екіншілік нарықта ипотекалық нарықты қаржыландыруды жүзеге асыру және ипотекалық тұрғын үй несиелеу үшін ақша түсімін қамтамасыз ету арқылы ипотекалық бағалы қағаздарды сатып алады.

Қаржы нарығында осылай қызықтырылған инвесторлар ақшасы қайтадан ипотекалық тұрғын үй несиелеу көлемін кеңейтуге бағытталады.

Несиелеу түрлері толықтырылды, енді қалаушылар ипотекалық несиені компания програмасы бойынша тек қана сатып алу үшін емес, ал үйлерді ремонттау үшін де ала алады.

Қазақстандық Ипотекалық Компания программасы бойынша ипотекалық несиені алу шарттары:

Несиені алу үшін сіз Қазақстандық Ипотекалық Компанияға хабарласуыңыз мүмкін және тұрақты табыс мөлшері және анкеталарды толтыру туралы информациямен танысу арқылы алғашқы біліктіліктен өтуіңіз мүмкін. Дереу несиені алу мүмкіндіктер, оның максималды сомасы мен мөлшері туралы алғашқы ерекшкліктер ұсынылады.

Несие беру процедурасын жүзеге асыратын компанияның серіктестіктері есептелетін банктердің немесе банктік емес ұйымдардың біріндегі компанияның дұрыс қорытындысы жағдайында қайтарылады. Банкке арыз беру үшін көрсетілген тізімге сай құжаттарды ұсыну талап етіледі.

Тұрғын үй сатып алуға несиелер тұрғын үй құнынан 70 пайызға дейінгі мөлшерде ұсынылады, ал қалған 30 пайызын қарыз алушы өзі төлейді.

Компания сақтандыру компаниясындағы қалған 15 пайыз сақтандыру шарты мен тұрғын үй құнының 15 пайызы төлеу арқылы несие алу мүмкіндігін береді.

Тұрғын үйді жөндеу үшін несиелер жөнделген тұрғын үй құнынан 15 пайызға дейінгі мөлшерде ұсынылады.

Сатып алуға және түрғын үйді жөндеу үшін несиелер 3 жылдан 10 жылға дейінгі марзімге ұсынылады, ұзақ мерзімге несиені өтеуді бірқалыпты қайта бөлуге мүмкіндік береді. Несиені өтеу әдісі былай қүрылған: әр айлық төлемінің мөлшері несиені қаншалықты ұзақ марзімге алынса соншалықты аз болады. Бұл құн бойынша түрғын үйге қол жететіндей қылады және тұрғын үй сатып алу мүмкіндіктерін көбейтеді.

Несиелік сыйақы ставкасы (процентік ставка) құбылмалы болып табылады және жылдық көрсеткіштегі инфляция индексінің өзгеруіне тәуелді әр 6 ай сайын қарастырылады.

Халық аралық тәжірибені оқыту негізінде сыйақы ставкасының жоғарғы шегін пайдаланумен, сыйақы ставкасын бақыланбаған ұлғаюынан сақтану механизмдері өндірілген. Сыйақы ставкасының жоғарғы шегі жағы шаппалы жағдайдан тәуелсіз түрде белгіленуі мүмкін болатын, ставкалардың максималды мәні.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен белгіленген методикаға сәйкес, календарлық жыл арасында сыйақы ставкасы 4,5%-ға өсуі мүмкін.

Қазақстандық Ипотекалық Компаниялар программасы шегінде берілетін несиелердің приципиалды ерекшелігі, ал шетел валютасына байланыссыз теңге түрінде ұсынылады.

Қазіргі кезде жұмыс жасайтын халықтың аз ғана бөлігі шетел валютасы курсымен индекстелетін табысқа ие, олай болса халықтың көпшілігі табысты теңге түрінде алады. Осы байланысты компания жобасындағы барлық несиелер теңге түрінде ұсынылады.

Бастапқы қажетті салымға (жарна) тұрғын үйі барларға толық қамтамассыз ету сапасында ұсыну мүмкіндігі бар. Бұл жағдайда несие соммасы қайта сатып алынған тұрғын үй құнының 10 пайызын құрайды. Осыған байланысты тұрғын үйі барлардың құны осы құнның және қайта сатып алынған тұрғын үйдің 30 пайызын құрауы керек.

Құбылмалы сыйақы ставкасы несие мерзімі уақытында оны қайта құрастыру мүмкіндігін білдіреді. Қайта қараудың барлық шарттары мен мерзімдері банктік қарыз келісім шарттарда ескертіледі.

Демек, несие бойынша ставка индекстің өсуінен немесе түсуіне байланысты. Негізгісі, мынаны ескеру қажет: АҚШ доллары қатынасы бойынша инфляция индексі және теңге курсы — бір және тек сол емес, Қазақстан шартында АКШ доллары мен теңге курсынын, салыстырғандағы курстың түсу процессі тұрақты сипатты көрсетеді. Сонда да шетел валютасы несие бойынша қарыз алушы банкке курс өзгеруінен келіп шыққан айырымды төлейді.

Несие алу шарттарының бірі сатып алынған не зиян келген қауіптен кейінгі ремонтталынған тұрғын үйді сақтандыру, сондай-ақ еңбек қабілеттіліктің өмірі мен өнімін сақтандыру. Бұл әлемдік қаржы кризисінен өзін ақтайтын, жалпы қабылданған әлемдік тәжірибе.

Сақтандандыру жағдайлары басталған жағдайдағы сақтандыру ұйымдары ұсынады, несие саласын өтеу үшін қажетті банкке және банктік емес ұйымға аударады. Сіз төлем мерзімін 30 күнге дейін, жылына екі реттен ұзарту құқына иесіз. Егер бұл уақыт жеткіліксіз болған жағдайда 90 күн ішінде мерзімінен бұрынғы берешекті өтеу мүмкіндігі ұсынылады.

Ипотекалық несиенің артықшылықтарының бірі болып, несиені алу мен бір уақытта сатып алынған үйді жекеменшікке алу құқығын сатып алу табысы сатып алынған үйді, несие сомасын тандағаннан кейін келесі келісім шарттарды қорытасыз:

-  барлық алу несие және  несие өтеу шарттары көрсетілген, Сізбен банк немесе банктік  емес ұйым арасындағы несиелік  келісім- шарт;

- сіз бен сатушы арасындағы  тұрғын үйді сату-сатып алу келісім- шарты

- сатып алынған үйдің кепілдік  келісім шарты (ипотекалық келісім-шарты);

- тұрғын үйді сақтандыру келісім  шарты;

    - сіздің өміріңіз бен еңбек қабілетін жоғалтуды сақтандыру келісім- шарты. Несиені рәсімдеу процесінде несие ұсынатын банктегі немесе банктік емес ұйымдағы арнайы есепшотқа алғашқы жарна енгізілді. Несиені ұсынғаннан кейін тұрғын үйдің толық құны сатушыға аударылады. Келесі басқыш сатып алынған тұрғын үйді және оны банкке кепілге беру жекеменшігін рәсімдеу болып табылады. Сату-сатып алу келісім-шарты рәсімделген мезеттен бастап, тұрғын үйдің меншік иесі боласыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Қазіргі коммерциялық банктер қаржы делдалы ретінде ақша капиталын салааралық және аймакаралық кайта бөлуді қамтамасыз етіп, маңызды халық шаруашылық қызмет атқарады. Капиталды салалар мен жүйелерге бөлу және қайта бөлудің банктік механизмі өндірістің объективтік қажеттілігіне байланысты шаруашылықты дамытуға және экономиканың құрылымын өзгертуге мүмкіндік туғызады.

Жалпы несие жүйесінде несие саясатының рөлі өте зор, яғни несиелік ұйымдарда тұлғаларды несиелеу жүйесі несие саясаты арқылы жүзеге асады.

Несиелік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын экономика секторын дұрыс тандай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар мен қарыз алушының несиелік қабілетін қарап «өз клиентің» таңдаудағы біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ несиелік саясат банктің бүгінгі иелігіндегі немесе ертең енгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен анықталады. Мысалы, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер (өндірісті кеңейтуге, жаңғыртуға, техникалық жағынан қайта жарақтандыруға, ғылыми-техникалык жаңалықтарды енгізуге) берген қолайлы.

Бүгінгі күндегі «Тұран Әлем банкі» АҚ айналымындағы шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 8 пайызын құрайды. Қарыздық портфельде шағын және орта бизнестердің ағымдағы жылдардың 7-шілдеде Т13,6 млрд. немесе 12%-ке жетті. Үлесі өткен жылдын, сол кездерінде шағын және орта бизнестің үлесі Т.2,8 млрд. көтерілді.

 Соңғы жылдары басқа банктер  сияқты «Тұран Әлем Банктің»  тез өсу әсерінен ол экономикалық  тоқырауларға өте тәуекелді болып  келеді.Бірақ несие қайтарымдылық  деңгейін дұрыс анықтау және қайтарылмайтын несиелердің төмен деңгейі бұл тәуекелді едәуір төмендетеді.Ашылған жылдан бастап «Тұран Әлем Банк» рентабельділік бойынша Қазақстан банктердің ішінде жетекші орында. Сонымен қатар банк табыстардың құрамында негізгі қызметтен түсетін табыстар үлесі едәуір артты, бұл төтенше табыстардың және салық жеңілдіктердің жойылуымен түсіндіріледі.Комиссиялық табысты құрайтын несие көлемінің өсуі және тауар мен қызметтің көбеюі  банктің қаржылық келешегін жақсартады.

Банк жоба шегінде көбірек сапалы жеңілдікті ставка — валютада 12% жылдың жобаны қаржыландырды. Сол кезде орта бизнестерде жабдықтарды сатып алу үшін, айналым қаражаттарын толтыру үшін несие алу мүмкіндігі туды. Нарықта сенбестік күрделі жобалармен жұмыс істеу ретінде «Тұран Әлем банкі» АҚ бейнесі қалыптасты.

          Банк  саласының қызметкерлері пайыздық  көрсеткіштің төмендеуі мен қарызды  өтеу мерзімінің ұзартылуы ипотекалық  несие алушылар санын арттыратын  бірден-бір жол еместігін алға  тартады. Ставкалардың ең төмен  көрсеткішіне жету үшін банктерге ипотекалық облигацияларды құнды қағаздар рыногына орналастыруға кеңінен мүмкіндік беру, Қазақстандағы ипотекалық несие жүйесінде жұмыс істегісі келетін шетелдік инвесторларды тарту керектігін, сонымен бірге, өзінің пайыздық маржасын төмендетуге мүмкіндік жасау қажеттіліктерін көлденең қояды. Мұнымен қоса, пайыздың төмендігі ипотека беделінің арта түсуінде еш рөл ойнамайды деген пікірге де барады.

Жалпы банктің несиелік саясатын несиелік қатынастарының субьектілеріне байланысты заңды тұлғаларға қатысты және тұрғындармен қарым-қатынасындағы банктің, несиелік саясаты деп қарауға болады. Біздің елімізде несиелік саясат әлеуметтік потенциалға ие бола отырып, тұрақты даму үстінде жаңа экономикалық қатынастарды, оның ішінде банк пен жеке клиенттер арасындагы қатынастарды қатынастарды қамтуда. Бір банктің несиелік саясаты басқа банктерге қарағанда, сатып алуды кейінге қалдыруды

несиелендіру, несиелік карталар, ипотекалық ссудалары және басқалары арқылы жеке несие алушылар үшін тартымды болуы мүмкін. Кейбір банктер клиенттермен бағаланатын белгілі бір ссуда түрлеріне мамандануы мүмкін. Тұрақты клиенттерге, тіпті экономикалық қиындықтар кезінде де ссудалар беретін банктер әлдеқайда ұтады.

Қорыта айтқанда, несиелік саясаттының несие жүйесіндегі мақсаты тартылған қаражаттарды тиімді орналастыруға жағдай жасау, банк пайдасының тұрақты өсімін қамтамасыз ету.

Дипломдық жұмысты қортындылайтын болсақ Қазақстан Республикасындағы жеке тұлғаларға несие беру туралы түсінікті келтіре отырып, олардағы кейбір мәселелерді шешуге ой ұсынамыз. Жалпы несие жүйесіндегі жаңадан дамып беле жатқан несие түрлеріне даму болашағы туралы азғана ой толғадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

І.Указ Президента РК № 872 от 10.05.2002 «Вопросы организации единой системы государственного регулирования финансового рынка РК» // Казахстанская правда. 17 мая 2002г./С.1/

2. Стратегический план развития  РК до 2010 года: Утверждено Указом  Президента РК от 4.12.2001 №735 // Казахстанская  правда. — 2001 — 29 декабря /с.6/

3. Положение Национального Банка от 29.08.97 № 318 «О выдаче банкам второго уровня согласия на кастодиальную, брокерскую, диллерскую» // Законодательство РК. 2002г. / № 1 /п.5/

4. Постановление Националыюго Банка  от 26.12.98 № 290 «Правила выдачи банкам  второго уровня согласия на осуществление брокерской, диллерской и кастодиальной деятельности» // Деловая неделя. 4 января 1999 г. /с. 4/

5. Положение «Об Агенстве РК  по регулированию и надзору  финансового рынка и финансовых  организаций» / Утверждено Указам  Президента РК от 31.12.2003 № 1270 // Казахстанская правда. 4 января 2004 г. /с.1/

6. Указ Президента РК от 11.08.1999 г. «Об утверждении Положения  и структуры Национального Банка  РК» // Панорама. 2 сентября 1999 г. /пп. 2,4/

7. «Активтер мен шартты міндеттемелерді  жіктеу және оларды күмәнді және үмітсіздер қатарына жатқыза отырып, провизия (резерв) құру ережесі». ҚР Ұлттық банк Басқармасының № 465 қаулысы. 16.11.2002.

8. Ақша, несие, банктер. Ғ.С. Сейітқасымовтың  редакциялығымен. / Алматы: Экономика, 2001.

9. Деньги, кредит, банки / Под ред. Лаврушина О.И. / Москва: Финансы и статистика, 1999.

10. Общая теория денег и кредита / Под ред. Жукова Е.Ф. / Москва: Банки  и биржи, 1995. И.Гагарин С.В. и др. Межбанковский кредит: дилинговое операции на рынке «Коротких денег». / Москва: Принтлайн, 1995.

12. «На лидирующих позициях»// Казахстанская  правда. 28 марта 2002 г. /с.З/

13. Шагимбаев Г.Н «Рынок ценных  бумаг в Казахстане: Инфраструктура  и перспективы развития»// Эволюция  казахской государственности: Сборник. — Алматы, 1997. /с.244/

14. Биржевой фондовый рынок// Рынок  ценных бумаг Казахстана. — 2003. №12/сс.6,8,9/

15. Булатов Р.Р. «Деятельность коммерческих  банков на фондовом рынке»// Деньги. Кредит. Банки. — 2005. №12 /сс.42,45/

16. Донцов С. «Банковская система  Казахстана — крупнейший институциональный инвестор национального фондового рынка»// Банки Казахстан. — 2003. № 12/сс.24,29/

17. Пресс релиз № 1 о состоянии финансового рынка и финансовых организаций// Национальный Банк Казахстана — 2004. — 1 февраля./с.І/

18. Адекенов Т.М. Банки и фондовый рынок. — М: Ось-89, 1997. /сс.14,123,187/

19. Закон Республики Казахстан  от 31 августа 1995 г. N 2444 «О банках и  банковской деятельности в Республике  Казахстан»: (с изменениями и дополнениями  по состоянию на 1.01. 03.) — Алматы, 2003. /с.Ю/

Информация о работе Несие және несие жүйесі