Несие және несие жүйесі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:46, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік
жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Екінші-деңгейлі-банктерде-жеке-тұлғаларға-несие-беруді-ұйымдастыру.doc

— 546.50 Кб (Скачать документ)

Бірінші кезең: XIX ғасыр соңы мен 1909 жылға дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 жылы басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.

Несиелік кооперативтердің ішінде несиелік серіктестіктер кеңінен дамыды және олардың құрамы таза қазақтардан құралды. Несиелік кооперация негізінен шаруа шаруашылығынан, ауыл адамдарына тікелей қызмет көрсетті. Несиелік кооперативтердің капиталы айналым қаражаттарынан (негізгі, қосымша, арнайы капиталдар, пайда және пайыздар) құралды.

Жинақ кассаларына жинақталган едәуір ақша қаражаттарды мемлекеттік облигацияларға және теміржолшылардың зайымдарына, сол сияқты жер банктерінің закладты қағаздарына патшалық өкіметпен бақылаусыз жағдайларда ауыстыра отырып:

Бірінші кезең: XIX ғ. соңы мен 1909 ж. дейін материалдық базаның жеткіліксіздігінен несиелік кооперациялар баяу дамыды.

Екінші кезең: 1909 ж. басталған өнеркәсіптік өрлеумен байланысты несиелік кооперациялар қатары жылдам қарқынмен ұлғая түсті.

1917 жылы Қазан революциясынан  кейін, банк ісінде мемлекеттік  монополиялық ұйымдастыру қағидалары  жүзеге асты. Бастапқыда мемлекеттік банк құрылып, жеке, коммерциялық және басқада банктерді ұлтшылдандыру нәтижесінде мемлекетке тиесілі салалық және аумақтық банктер етіп қайта құрылды. Банктік жүйенің тағы бір басты буындары ретінде мемлекеттік еңбек жинақ кассалары қызмет етті. Мемлекеттік банктермен бірқатар кеңес үйіметінің бастапқы жылдарында мемлекеттік емес несиелік мекемелер: кооперативтік және жеке меншікке негізделген, оның ішінде шетел капиталының қатысуымен құрылған мемлекеттік-капиталистік банктер қатары жұмыс істеді.

1922 жылы несиелік және сауда-жинақ  серіктестіктері және олардың  одақтары ұйымдасып, ауылды қалпына  келтіру мақсатында кызмет көрсетті. 1924 жылы ауыл шаруашылық кооперацияларына  несиелік операцияларды жүзеге  асыру барысында салымдар қабылдау, ссуда беру және есептеу барысында делдалдық қызмет атқаруына рүқсат беріледі.

1922 жылдан бастап, жеке сауда  өнеркәсіпті несиелеуге арналған  өзара несие беру қоғамдары, сол  сияқты мемлекеттік капиталистік  акционерлік оңтүстік-шығас банкі  және шетелдік капиталдың қатынасуымен Ресейдің коммерциялық банкі құрылды.

Экономикалық социалистік секторларының кеңінен етек алуы барысында кооперативтік және жеке несиелік үйымдар өз мәнін жоғалтып, кызметін тоқтатуға мәжбүр болды. Сөйтіп, ауылшаруашылыгың толығымен ұйымдастыру бағдарламасы несиелік кооперацияларды қажетсіз деп санағандықтан да, олар 1931 жылы жойылды. Сауда аймағынан және өнеркәсіптен жеке сектордың қудалануы нәтижесінде өзара несие беру қоғамдары қызметтерін тоқтатты. Басқа несие ұйымдарының функциялары 1922-1925 жылдары құрылған мемлекеттік салалық банктерге: Өнеркәсіп банкісіне, Цекомбанкке, Всекомбанкке және Орталық ауыл шаруашылық банктеріне ауысты10.

1930-1932 жылы КСРО-ғы жүргізілген  несиелік реформа нәтижесінде  жаңа қаншаға негізделген салалық банктер қатары ұйымдастырылды. Сонымен, күрделі капитал жұмсалымдарын қаржыландыру мақсатында төрт мамандандырылған банктер құрылды. Өнеркәсіп және электр шаруашылығындағы күрделі құрылысты қаржыландыру банкі, 1959 жылы «құрылыс банкі» болып құрылды.

Көптеген несиелік серіктестермен республикалық ауыл шаруашылық банктері негізінде құрылған «Ауыл шаруашылық банкі» 1959 жылы қысқарып, оның қызметі Мемлекеттік және Құрылыс банктері арасында бөлініп беріледі. Кооперациядағы күрделі құрылысты қаржыландырудың банкі (Всекобанк) 1936 ж. жойылып, оның активі мен пассиві 1959 жылы қысқарған Сауда банкісіне жүктеледі. Коммуналдық және тұрғын-үй құрылысын қаржыландыру банкі (Цекомбанк) 1959 жылы қысқарып, оның қызметі де Құрылыс банкі мен Мемлекеттік банк арасында бөлінді.

Бір банкте ақша айналысының шоғырлану қағидасы бойынша, әр кәсіпорын, ұйым немесе мекеме тек қана бір банкте өзінің есеп-айырысу немесе ағымдық шотын ашуга тиісті болды. Демек, олар, осы банкте өз қаражаттарын сақтай отырып, банктерден несие және нақты ақшалар алды, сол сияқты барлық қолма-қолсыз ақша арқылы есеп айырысуды жүзеге асырады.

1988 жылдан осы күнге дейінгі  Қазақстандағы банктік жүйенің, қалыптасуы мен даму ерекшеліктері. КСРО-да соңғы рет банктік реформа 1987-1988 жж. болып өтті. Банктік реформа нәтижесінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі және Құрылыс банктерінің мекемелері негізінде: Өнеркәсіп құрылыс банкі, Агроөнеркәсіп банкі және Тұрғын үй-әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде Жинақ банкі, Сыртқы сауда банкі негізінде Сыртқы экономикалық банкі құрылды. Сол уақыттан бастап Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты. Сөйтіп, ол, еліміздің, Орталық банкісіне айналды.

КСРО-ның Өнеркәсіп құрылыс банкісіне, несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін артыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу, ссудалық және басқа да шоттарын жүргізді. Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарында Агроөнеркәсіп банкі, әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарына Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталган - Жинақ банкі қызмет көрсетті. Сыртқы экономикалық банкі экспорттық және импорттық, операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырды.

Мамандандырылған банктер құрылымы әкімшілік-аумақтық қағидаға сәйкес құрылды. Республикалық банктер одақтың республикаларда және банктің басқармалары облысында ұйымдастырды. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты. Әр мамандандырылған банктік бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызметкөрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшарларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары, мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейінде ғана, ал төменгі деңгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын. Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болды. Бұл банк клиентерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құрауға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақ аралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығынан одан әрі жандана түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша, банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.

Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктер де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір салаларда (өнеркәсіп, құрылыс, ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырып және несиелеп отырды, яғни, мұнда бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбады. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни сапасыз саудалар қатары арта түсті.

Жалпы банктерді мамандандыру идеясы, банк жүйесінін, жұмысын тығарыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, Мемлекеттік банктің ролі біршама төмендеп, ол мамандандырылған банктердің жұмысына ешқандай әсер ете алмады.

Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі деңгейдегі банктік жүйенің жүзеге асыруға ғана қол жеткізді.

1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:

-  вексель айналысының болмауы;

-  кәсіпорындардың қарыздарын  кешіруі, әсіресе ауыл шаруашылығына  қатысты;

-  шаруашылықтың барлық аяларын  артық несиелеу операцияларының байқалуы;

-  банк мамандырылуынын, жойылуы;

- кәсіпорындарындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;

- пайыз мөлшерлемесінің төменгі  деңгейде болуы;

- экономиканық әр саласының  қызметіне қойылатын (несие базасында) банк бақылауының әлсіздігі;

- бақылауға жатпайтын несиелік  және банктік ақшалардың басып шығарылуы.

1987 жылғы банктік жүйені қайта  ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік  сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің  монополиясын бірнеше банктер  монополиялары ауыстырды.

1987 жылғы банк жүйесін қайта  ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:

- банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;

- олардың монополизмі толық  сақталып монополистердің саны  өсті;

- реформа жаңа экономикалық  механизмдер жоқтығына қарамай-ақ  жүргізілді;

- кәсіпорындардың банктерге бекітілгендігінен, олардың несие көзін тандаудың ешбір мәні болмады;

- клиенттер арасында несиелік  ресурстарды бөлу тігінен жалғаса  берді;

- ақша нарығы және несиелік  ресурстар, саудаға түсетін орындар  құрылмады;

- банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;

-ағымдық және саудалық шоттарды  бөлу барысында «банктік соғыс»  шыға бастады;

- қайта   ұйымдастыруда   несиені   қайтарудың   басты   көздері   ретінде сақтандыру мекемелерінің  қызметтері жайлы қозғалыс болмады.

Оң жақтары ретінде, қолма қолсыз ақша аркылы есеп-айырысуды тәртіпке келтіруімен қатар, банк қызметінің мамандандыруын қысқартты десе болады.

Сонымен 70 жыл бойы КСРО-ның банктік жүйесінде, оның ішінде Қазақстанда қатаң түрде орталықтандыру мен шоғырландыру, әкімшілік әдістері кеңірек орын алады. Сол уақыттардан қалыптасып келген ақша-несие қатынастары жаңадан туындай бастаған нарықтық қатынастарға сәйкес келмеді.

Социалистік эксперимент жүргізуі барысында ғасырлар бойы қалыптасып келген қаржы-несие институттары мен қаржы нарығының құралдары жойылып кеткен болатын. Сөйтіп, утопиялық, идеологиялық тұжырым негізінде, монобанктік жүйе қалыптасып, мұнда мемлекеттік банк барлық несиелік жүйені өзіне бағындырып және бесекелестік элементтерін өзі реттеп отырады.

1989 жылдан бастап, елімізде алғашқы  коммерциялық банктер, кооперативтік және жеке банктер қатары жұмыс істеді. Сол жылы алғаш құрылған коммерциялық банктер - Интеринвестбанк, Крамдсбанк және т.б. болатын.

1990 жылы Қазақстан Республикасы  өз егемендігін жариялағаннан  бастап нарықтық қатынастардың  талаптарына сай келетін, өзінің меншікті банк жүйесін құруға бетбұрыс жасады.

1990 жылы желтоқсан айында қабылданған  «ҚазКРО-ы банктер және банктік  қызмет туралы» алғашқы қабылданған  заңы Қазақстанда банктік реформаны  жүрудің бастапқы кезендерін  қамтыды.

Нарық экономикасында өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда ҚР банк жүйесіне макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде маңызды рөл атқарады.

Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банк жүйенің қызмет етуге жасалған талдау, олардың көрсетіп отырғандай кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық

және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктерімен сипатталады. Қазір жұмыс жасап отырған ҚР-ғы банктік жүйенің қалыптасу үрдісін үш кезеңге бөледі.

Бірінші кезең. 1988 - 1991 жылдары (КСРО-ның тұсында) - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктердің қызметінің бір бөлігі республикалардағы сол банктердін, тиісті бөлімшелеріне беруі арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекелеген функцияларын беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.

Екінші кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті (сандық) түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.

Үшінші кезең. 1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа Ұлттық валютаның еңгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алуымен, бюджет және банктермен қарым-қатынас орнатудың классикалық қағидаларын енгізумен, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.

1995 жылғы банктік реформалауға  дейінгі жұмыс жасаған банктік  жүйенің басты кемшіліктеріне  мыналарды жатқызуға болады: а) Ұлттық банк - елдің орталық қызметіне байланысты:

- мемлекеттін, қаржы саясатын жүргізу  барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министрлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;

- коммерциялық банктердің өтімділігін  толық қолдау механизмінің жеткіліксіздігі;

- екінші деңгейдегі банктер  қызметін қадағалау жөне реттеу  жүйесінің баяу құрылуы;

- валюталық реттеу және бақылау  жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;

- макроэкономикалық процестерді  жедел түрде талдау, оларды     болжау және  шешім   қабылдауда  пайдалану деңгейінің төмендігі;

Информация о работе Несие және несие жүйесі