Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Апреля 2014 в 20:46, курсовая работа
Нарықтық экономикалық қатынастарда несие барлық өндірістік
жұмыстардың, ғылыми-техникалық процестердің негізгі қозғалысын, заңды тұлғалардың кәсібін ұлғайтуға, жеке тұлғалардың өмірін жақсартуға, шағын және орта бизнесті, фермерлік шаруашылықтарды кеңейтуге негізгі үлесті қосады.
Несиенің формалары оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердін алатын орны өте зор. Олар қарыз капиталы нарығының әр түрлі саласында жан-жақты іс-әрекет етеді. Коммерциялык банктер несие ресурстарының негізгі бөлігін шоғырландырып, өз клиенттеріне несие беру, депозит кабылдау, есептесу, бағалы қағаздарды, шетел валютасын сатып алу-сату мен оларды сақтау және басқа да көптеген қаржылык қызмет көрсетеді.
Жаңа банктік өнімдерге: пластикалық карточкаларды, жатқызуға болады. Банктік карта- жалпылама термин, және де ол төлемдік карталардың барлық түрлерін білдіреді. Төлемдік картаның басты ерекшелігі – техникалық жетілдіру деңгейіне қарамастан ол оған ақша айналысы аясында нақты ақшасыз есеп айырысуды ұйымдастырудың прогрессивті құралдарының бірі ретінде қызмет етуге мүмкіндік беретін ақпараттың белгілі-бір тізімі мен көлемін сақтауда болады. Электронды ақшалы есеп айырысу жүйесінің қалыптасуы кезеңінде құрылған ISО (International Standarts Organisation) ұйымы төлемдік карталардың сыртқы түрінің белгілі-бір стандарттарын, магниттік сызықтардың форматын, шоттарды номерлеу тәртіптерін және т.б. жасап шығарды. Қазіргі заман талабына сай батыс экономистерінің ойлары бойынша пластикалық карточкалары электронды банктік жүйелердің басты элементі ретінде шығады. Төлемдік карточка арнайы магниттік сызығы бар пластикалық тіктөртбұрыш ретінде көрініс табады. Оның ақпаратты сақтау құрылғысында тауарлар (жұмыстар, көрсетілген қызметтер) үшін есеп айырысуға немесе карталық шоттағы сомадан нақты ақшаны алу үшін қажетті ақпарат сақталады.
Тағайындалуы бойынша карталар екі топқа бөлінеді:
Кредитті карта, эмитент мойнына оның контрагенттерінің шотына клиенттің құралдарын аудару міндеттемесін ғана емес, сонымен қатар онымен бекітілген несиелендіру лилиттінің шегінде оның иемденушісінің тауарларға, жұмастарға және көрсетілген қызметтерге бірден төлем жасау тәуекелділігін де алатын кездегі, осындай есептесу құралы ретінде көрініс табады. Осылайша, Кредитті карточка оның иемденушісіне қандайда бір сатып алуды орындаған кезде банктен несиені (несиелік жалды) алу жолы арқылы оағн төлем жасау мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді. Несиелендіру лимиті банк-эмитентпен картаның әрбір иегеріне оның қарыздық шотында анықталады. Бұл шот клиенттің банктегі қарапайым (ағымдағы, жинақтық және т.б.) шотынан мүлдем тәуелсіз. Батыс экономистерінің көз-қарастары бойынша кередитті карточкалардың белгілі-бір жетіспеушіліктері, яғни кемістіктері бар, олар: жалпы тауар айналымының 2,5-3 проценті мөлшерінде банкке ай сайынға төлемдер, банктің компьютерлі жүйесімен қолдану үшін бастапқы салымының төленуі, картаның төлемқабілеттілігін тексеру мен ол бойынша несиелендіру лимитінің болуын тексеру үшін қосымша уақытының қажеттігі, сатушының сатып алушының нақты ақшада есеп айырысуындағы қызығушылығы. Соған қарамастан, Кредитті карталардың барлық артықшылықтары көрнекті болып отыр, және де клиенттер төлем карталарының дәл осы түрін алуда мүдделі болып отыр /19/.
Дебетті карталар карточкалы иемденушінің ағымдағы шотынан құралдарды ондағы сома шегінде оны несиелендіруші шотына тікелей аудару жолымен тауарларға, жұмыстарға және көрсетілетін қызметтерге бірден төлем жасау үшін арналған. Бұл жағдайда, құралдар жетіспеген жағдайда банкпен оны айырысу жүзеге асырылмайды, өйткені, шотты ашу кезінде енгізілетін лимит, төмендетіле алмайды, ол клиентті несиелендіру бойынша міндеттемелерді банк өзіне алған жоқ.
Осылайша, дебетті карточкалар бойынша есеп айырысулар оның иемденушісінің шотынан ақша құралдарын тікелей аудару жолымен, ол банктен несие алу есебінен емес жүзеге асырылады. Техникалық мүмкіндіктер көзқарасынан пластикалық карточкаларды магнитті және микропроцессорді немесе чиптік лерге сараптауға болады.
Магнитті банктік карточка-бұл иемденушінің банктік шотының көрінісі: оның магнитті индикаторы иемденушінің аты-жөні мен оның банктегі шотының номері туралы ақпаратты ғана мазмұндайды.Сондықтанда бұл картаны қолдану есебі куінде әр кезде тауарларға (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) төлем жүргізу үшін шоттарға қажетті ақша сомасының бар екендігі тұралы ақпаратты алу үшін орталық компьютермен хабарласып отыру қажет.
Бұдан басқа, магнитті картаны қолдану кезінде персонификация процесін өту қажет- картаны оны ұсынушы иелік ететіндігі туралы фактіні дәлелдеу. Жүйелі кассалық терминалмен байланыс төлемге жатқызылатын белгілі бір ақша сомасын аударуға бұйрық беру үшін қажет.
Магнитті карточкалардың мағыналы түрдегі жетіспеушіліктері болып табылатындар:
Магнитті карталармен жұмыс істеуде екі режимдердің қолданылуы мүмкін:
- он-лайн режимі. Құрылғы, карталарды
авторизациялау орталығына
- офф-лайн режимі сатып алынған тауарлар туралы ақпарат сауда терминалдарында сақталу үшін қалатындығымен ерекшелінеді, ол чектерді басып шығару үшін қолмен айналдырылатын арнайы құрылғылар қолданылады.
Чиптік карточка шоттағы ақшаларды манипуляция жасау үшін аса көп мүмкіндіктерді ұсынады. Өйткені, бұндай карточка ақпаратты сақтау жүйесінде оның иемденушісінің банктік шоты туралы барлық ақпарат сақталатын чипке иелік етеді: шоттағы ақша саны туралы, соманың максималды мөлшері туралы, күн ішінде орындалған операциялар туралы ақпаратты. Басқа сөзбен айтқанда, чиптік карточка- бұл біруақытылы амиен (кошелек) есеп айырысу құралы және банктік шот. Чиптік карточкасы идентификация және персонификация процедурасын қажет етпейді, яғни off-line режимінде жұмыс істеуге қабілетті, бұл карта иегерінің шоты ашылған банк немесе компаниядаәрбір қажет болған жағдайда айналысты талап етпейді. Осылайша чиптік карта- магниттіге қарағанда тәртібі жағынан аса жетілген төлемдік құрал болады. Өзінің техникалық сипаттамалары, сонымен қатар оны білмейінше шотқа жол ашу мүмкін болмайтын иегерде жеке кодтың болуы арқасында, чиптік карта тек оның жалған жасалған түрлерінен қорғалған ғана емес, сондай-ақ шотпен әрекет жамүмкіндіктерінің аса кең жинағын болжамдайды. Чиптік карталарды қолдану кезінде пайда болатын ыңғайсыздықтарға (неудобства), біріншіден, чиптік карталарғақызмет көрсетудің біртұтас унификатцияланған жүйесінің болмауын жатқызуға болады, бұған байланысты әр түрлі банктердің чиптік карталарын “оқу”үшін индивидиялды терминал болуы қажет, екіншіден – микропроцессорлерді өндірудіңжоғарғы өзіндік құнын жатқызуға болады. Сонымен бірге банктік карталар жеке (“еңбек ақылық”) және корпоротивті болып бөлінеді. Корпоротивті карточка заңды тұлғалар мен ашылады және де заңды тұлғаланың шоттан басқару үшін арналған. Бір фирманың ішінде ашылатын карточкалардың соңына қоятын шектеулер жоқ.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйіңде сақталады.
Отандық және шетелдік әдебиеттерде несиенің келесідей формаларын кездестіруге болады:
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу болып табылады.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден айырмашылғы төмендегідей:
Банктік несие - бұл банктік мекемелерден қарыз сұраушыларға ақшалай түрде берілетін несиені білдіреді.
Банктік несие - бұл экономикадағы кеңінен тараған несиелік қатынастардың формасы болып табылады. Банктік несие бойынша несиелік қатынастың құралына несиелік шарт немесе несиелік келісім жатады. Банктік несиеде несие беруші: банк және арнайы қаржы мекемелері болса, ал қарыз алушылар ретінде: кәсіпкерлікпен немесе бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез -келген занды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушінің басты мақсаты - бұл пайыз түрінде табыс алу.
Тұтыну несиесі - бұл жеке тұлғаларға тұтыну тауарларын сатып алу үшін және тұрмыстық қызметтерді өтеуге берілетін несиені білдіреді.
Тұтыну несиеснің, басты тағайындалуы халыққа тауарлар сатуды ынталандыруға бағытталады. Тұтыну несиесі бөлшек саудамен тығыз байланысты: бір жағынан тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемі өседі, сонымен қатар, тауарды несиеге алу сұранысы туындайды; екінші жағынан, халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттілігін ұлғайтады. Мұндай тәуелділік, әсіресе бүгінгі тауарлар нарығын толтыру жағдайында пайда болуда.
Тұтыну несиесінің дамуы әр түрлі елдерде әр қалай дәрежеде қалыптасуда. Италия мен Жапонияда халықтың қарызының жалпы сомасы, сол елдің ішкі жиынтық өнімінің 10%-ын, Германия мен Францияда - 30%-ын, ал, Ұлыбритания мен АҚШ-та 60%-ын құрайды екен4. Бұл елдердің тәжірибелерінде тұтыну несиесін ен қымбат тауарларды: автомобиль, электр тұрмыстық құралдарды, жиьаздарды және т.с.с. сатып алу барысында жиі пайдаланады. Бұл елдердің тұтыну несиесінің жартысынан көп бөлігі автомобильдерді сату үлесіне тиеді. Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиенің бір бөлігі ретінде, оның басты бағыты тек жеке тұлғалармен тікелей байланысты болып келеді. Сондықтан да несиенің бұл формасының экономикасы дамыған елдерде кеңінен пайдалануының екі түрлі себебі бар: біріншісі, субъективті, яғни бұл несие халыққа ең жоғарғы деңгейде материалдық игілікктерге қол жеткізуге қолайлы жағдай жасаса; екіншісі, объективті, яғни Кез келген қоғамның дамуының басты бір экономикалық мәселесі - бұл дайын өнімді өткізу десек, ендеше тұтыну несиесін қолдап аталған мәселені шешуге мүмкіндік береді. Тұтыну көптеген елдердің экономикасында маңызды рөл атқарады, сондықтан да, оны мемлекеттік ұйымдар тарапынан белсенді түрде реттеп отыру қажет. Мұндай реттеуді екі түрге бөледі: берілу және пайдалану деңгейінде реттеу. Берілу деңгейінде мемлекет тұтынушыларды ынталандыруға тиіс.
Сондай-ақ тұтыну несиесі жеке тұлғаларға тұрғын үй сатып алуға және құрылысына ұзақ мерзімді банктік сауда формасында да берілуі мүмкін. Бүгінгі танда тұтыну несиесінің біздің елімізде жеке қолданылмай келудің себебі, отандық өнеркәсіп пен ауылшаруашылық өндірісінің қиындықтар кешуі нәтижесінде нарықтағы халық сұранысы мен төлем қабілеттігінін өсуі және олардың тауарлы-материалдық бағалылықтармен өтеудің кері кетуі арасындағы теңсіздікке байланысты.
Мемлекеттік несие - мемлекет және жергілікті билік ұйымдарының өздері қарыз алушы немесе қарыз беруші болып табылатын заңды тұлғалар мен азаматтарға байланысты қалыптасатын несиелік қатынастар жиынтығын білдіреді.
Мемлекеттік несиенің негізгі формаларына: мемлекеттік облигациялық зайымдар, қысқа және орта мерзімді қазынашылық міндеттемелер және басқа
да мемлекеттің бағалы қағаздары жатады. Бүгінгі таңда, мемлекет тарапынан қысқа және орта мерзімді қазыналық міндеттемелер бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылуда. Қазыналық міндеттемелердің шығарылу мерзімі: алты ай, он екі ай және үш жыл мерзімді құрайды. Бұл жағдайларда мемлекеттің рөлі қарыз алушы ретінде болады себебі, қарыз беруші - заңды және жеке тұлғалар. Сондай-ақ мемлекет бюджет есебінен ірі жобаларды қаржыландыруға несие береген жағдайда ол, қарыз беруші ретінде несиелік қатынасқа түседі және мұндай да қарыз алушыларга банктер және қаржыландырылатын заңды тұлғалар жатады.
Халықаралық несие - валюта және тауар ресурстарын қайтару, сондай-ақ, пайыз төлеу шартында берумен байланысты болатын халықаралық экономикалық қатынастар аумағындағы қарыз капиталының қозғалысын білдіреді.
Мұнда қарыз берушілер мен алушылар ретінде: банктер, жеке тұлғалар, кәсіпорындар мекемелер, халықаралық ұйымдар және аймақтық ұйымдар бола алады. Қазақстанның алдыңғы қатарлы халықаралық ұйымдарға мүше болуы, экономикалық реформаларды түбегейлі жүргізу үшін қажетті қосымша қаржы көздеріне қол жеткізді. Халықаралық несие көбіне банктік несие негізінде жүзеге асырылуда. Әрине, бүл жерде жасалатын мәмілелер негізінен коммерциялық сипатқа ие. Сондықтан да, халықаралық банктік несие бойынша төлейетін пайыз мөлшері 3-4 есе жоғары болып келеді. Халықаралық несие қарыз беруші елдің валютасында немесе еркін алмастырылатын валюталарда беріледі.
Ипотекалық несие - бұл қозғалмайтын мүліктерді (тұрғын үйді, өндіріс ғимараттарын, жерді және т.с.с.) кепілге ала отырып, ұзақ мерзімге берілетін несиені білдіреді.
Ипотекалық несие көбіне ипотекалық банктер арқылы беріледі. Біздің отандық банктеріміздің, тәжірибесінде ипотекалық несие беру барысы енді ғана дами бастады. Алғашқы ипотекалық несиелер ААҚ Центркредит банкімен өз қызметін біріктірген «Тұрғын-үй құрылыс банкінен» берілген болатын. Несиенің бұл формасының дами алмай отыру мәселелері де аз емес,
атап айтсақ, қозғалмайтын мүліктер нарығының (өте қымбат тұрғын-үй нарығынан басқа) болмауы, сонымен қатар, жердің өтімсіздігінен банктердің оларды кепілге алудан бас тартып отыруы, сондай-ақ арнайы ипотекалық банктер мен жаллы ипотекалық жүйенің қызмет етуінің кешігуі т.с.с5.
Кәсіпорындарды және басқа да ұйымдарды өндірістік және әлеуметтік қажеттіліктерге байланысты банктік несиені беру, несиелеу қағидаларын қатаң сақтау негізінде жүзеге асырылады. Өйткені, мұнда несиенің мәні және мазмұны, сондай-ақ несиелік қатынастар төнірегіндегі объективті экономикалық зандардың талаптары көзделеді.