Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа

Краткое описание

Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялар жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3

I. Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.................................................5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері...............................................8
1.3. Аудиттің мәні, маңызы және жіктелу................................................... 11

II. Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
2.1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау......................................14
2.2. Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат көздері................................................................................................................17
2.3. Негізгі құралдардың аудиті........................................................................21


Қорытынды..........................................................................................................27


Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................28

Прикрепленные файлы: 1 файл

Ербол курсовой.doc

— 220.00 Кб (Скачать документ)

 

3- кесте

Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

 

р/с

Процедуралар

Ақпарат көздері

Орындау мерзімі

1

2

3

4

1.

Негізгі құралдардың баланста көрсетілуінің дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап

0,5

2.

Негізгі құралдардың нақты барын және сақталуын тексеру

Негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы

0,5

3.

Негізгі құралдардың дұрыс топтастырылғанын тексеру

Негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы

1

күн

4.

Негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап, негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасының тізімі

1

күн

5.

Негізгі құралдардың түсімінің есебінің көрсетілуінің және дайындалуының дұрыстығын тексеру

Бас кітап, негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы, негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, есептен шығару актісі, аванстық есептер, накладнойлар, шот фактуралар, шарттар.

0,5

6.

Негізгі құралдардың тозуының есептелінуінің және есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру

Есептік саясат, Баланс, Бас кітап 2410, 2420 шоттары бойынша журнал-ордердің және ведомость машинограмманың мәліметтері, негізгі құралдардың тозу сомасы есебінің өңдеу кестесі, негізгі құралдардың есебін түгендеу карточкасы.

0,5

3- кестенің жалғасы

1

2

3

4

7.

Негізгі құралдарды жөндеу операцияларының есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру

Жөнделген негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, негізгі құралдар қозғалысы есебінің карточкасы

0,5

8.

Жалға алынған және жалға берілген негізгі құралдардың есепте көрсетілуінің дұрыстығын тексеру

Бас кітап, Банк көшірмесі, негізгі құралдардың түгендеу тізімі, жалдағы негізгі құралдардың есеп карточкасы, негізгі құралдарды қабылдау-тапсыру актісі, негізгі құралдарды жалдау шарты және т.б.

0,5

9.

Негізгі құралдардың шығуының есепте көрсетілуінің және толтырылуының дұрыстығын тексеру

Баланс, Бас кітап, шарт, негізгі құралдарды жою актісі, негізгі құралдарды есептен шығару актісі

0,5

10.

Негізгі құралдардың есебі бойынша Салық Кодексінің сақталуын тексеру

Баланс, Бас кітап, салықтар бойынша декларациялар, Жылдық статистикалық есептің 11 формасы

0,5

11.

Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуын тексеру және техникалық жағдайын талдау

Баланс, Бас кітап, 12 журнал-ордер, негізгі құралдардың тозу сомасы есебінің өңдеу кестесі, бастапқы құжаттар

1

күн


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.3 Негізгі құралдардың аудиті

 

Негізгі құралдардың сақталуының, пайдалануының және есебінің аудитінің барысында аудитор:

- Негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуын бақылау мен  қамтамасыз етілгенін;

- Заттардың негізгі құралдарға дұрыс жатқызылғанын және олардың пайдалану мақсатына, сипатына, заттық нысанына, меншіктік қатынасына, болмыстық құрамдарына қарай дұрыс топтастырылғандығын;

- Негізгі құралдардың есепте дұрыс бағаланғанын;

- Негізгі құралдардың тозуының және жөндеуінің дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;

- Негізгі құралдардың қозғалысы бойынша операциялардың дұрыс құжатталғанын және есепте дұрыс көрсетілгенін;

- Негізгі құралдардың дұрыс және тиімді пайдаланылғанын;

- Негізгі құралдардың нақты бары мен қозғалысы туралы мәліметтердің есепте және есеп беруде дұрыс көрсетілгенін;

- Мүлік салығы бойынша  бюджетпен дұрыс есеп айырысқанын  анықтауы қажет.

Аудитор аналитикалық есептің мәліметтерінің негізінде негізгі құралдардың құрамы және құрылымымен танысуы қажет (негізгі құралдардың мүліктік есеп карточкалары, ведомость-машиногарммалары). Ол үшін аудитор бірінші кезекте негізгі құралдардың сипаты және ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына, заттық құрамына, иеленуіне қарай дұрыс топтастырылғанын және негізгі құралдар белгілеріне қарай кіріске алынып, техникалық құжаттары мен мүліктік карточкаларының негізінде топтастырылғанын анықтайды:

- Негізгі құралдар өндіріске  қатысуына қарай  өндірістік және  өндірістік емес болып екі  топқа бөлінеді. Өндірістік негізгі құралдарға өндіріске арналған, яғни өнім өндіру орындарында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады. Өндірістік емес негізгі құралдарға шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатады;

-  негізгі құралдар  сипаты мен ұйымның қызметінде пайдалану мақсатына қарай былай бөлінеді: жер; үйлер мен ғимараттар; машиналар мен жабдықтар; кемелер; ұшақтар; автокөліктік құралдар; жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік және кеңсе жабдығының жекелеген түрлері;

- пайдалану сипатына қарай  негізгі құралдар жұмыс істеп  тұрған, жұмыс істемей тұрған  және қорда тұрған болып бөлінеді;

- заттық құрамына қарай  негізгі құралдар мүліктік және  мүліктік емес болып бөлінеді. Мүліктік негізгі құралдарға  заттай көрінісі бар, санауға және өлшеуге болатын негізгі құралдар жатады. Ал мүліктік емес негізгі құралдарға пайдаланылатын жерге, орманға, суға күрделі қаржы салымдары жатады;

- меншігінде болуына қарай  негізгі құралдар субъектіге  тиісті және оның балансында  есепке алынған негізгі құралдар, яғни меншікті  және ұйыммен уақытша жалға алынған негізгі құралдар болып бөлінеді.

Негізгі құралдардың нақты бары мен сақталуы бақылаумен қамтамасыз етілгенін тексеру үшін аудитор:

- ұйым басшысының бұйрығымен  материалды жауапты тұлғаның бекітілгенін;

- материалды жауапты тұлғамен  толық жеке материалдық жауаптылық  туралы жазбаша келісім шарттың  жасалынғанын;

- материалды-жауапты тұлғаға  материалдық құндылықтарды сақтау  үшін жағдайлар жасалынғанын;

- ғимаратты өрттен-қорғау  сигнализацияларының орнатылғанын;

- ұйым басшысының бұйрығымен  материалдық құндылықтардың сақталуына  үнемі бақылау жүргізіп отыру  үшін тұрақты комиссияның құрылғанын;

- негізгі құралдарға түгендеу  жүргізілетінін және оның нәтижелері  құжатталынғанын анықтау қажет.

Сонан соң аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеруі қажет.

Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Қаржылық есеп берудің 16 Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құн, ағымдағы құн, қалдық (жойылу) құн, келісілген құн бойынша бағаланады.

Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру келіп түскен негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.

Кәсіпорындарға негізгі құралдар қаржылық салымдар, басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан сатып алу, тегін беру, жарғылық қорға салымдар салу, негізгі құралдардың артық шыққандарын балансқа есепке алу және т.б. нәтижесінде кірістеледі.

Аудитор негізгі құралдардың кіріске алыну тәртібінің сақталуын тексеру барысында мыналарды:

- келіп түскен негізгі  құралдарды кәсіпорын жетекшісімен  бекітілген комиссия қабылдайды;

- қабылданған негізгі  құралдарды рәсімдеген кезде  әр объектіге акт жасалынғанын, мұнда объектінің түрі, пайдалануға берілген жылы немесе зауыттан шығарылған жылы, объектінің қысқаша сипаттамасы, бастапқы құны, инвентарлық нөмірі, объектіні қолдану (пайдалану) орны және басқа да мәліметтердің толық көрсетілгенін;

- негізгі құралдардың бірнеше объектісін қабылдау-тапсыру актісін жасауға тек шаруашылық мүлкінің, құрал-сайманның, жабдықтардың және т.б. есебін жүргізген кезде, объектілер бір типті, олардың құндары бірдей болып, бір күнтізбелік ай ішінде қабылданған болса ғана рұқсат етіледі;

- актіге объектінің техникалық құжаттары (паспорт, сызбалар және т.б.) тіркелінгенін;

- негізгі құралдардың қабылдау-тапсыру актісі толтырылып рәсімделгеннен кейін оның кәсіпорын бухгалтериясына берілгенін;

- қабылдау-тапсыру актісіне  бас бухгалтердің қолы қойылып, ұйымның жетекшісімен бекітілгенін;

- қабылданған негізгі  құралдарға инвентарлық карточкалар  ашылып, әр негізгі құралға инвентарлық  нөмірлер берілгенін;

- кіріске алынған негізгі құралдардың тұрған және пайдалану орындары бойынша материалды жауапты тұлғаларға бекітілгенін, олармен  шарт жасалғандығын анықтап алуға тиіс.

Аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеру барысында үлес қосушылардан жарғылық капиталды толтыру мақсатымен кіріске алынған негізгі құралдардың бастапқы құны, тозуы және жарғылық капиталға салым ретінде есепке алынатын келісілген құнының көрсетілген тізіміне аса назар аударуы қажет.

Негізгі құралдардың қозғалысы туралы ақпаратты талдап қорыту үшін 2400 – «Негізгі құралдар» бөлімінің 2410 – «Негізгі құралдар», 2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шоттарының мәліметтері қолданылады.

Аудитор негізгі құралдардың бағалануының есебін тексеру барысында шоттар корреспонденциясының дұрыстығына назар аударуы қажет. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының өсуі 2410 – «Негізгі құралдар» шотының дебетінде және 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредитінде жазылуы тиіс. Қайта бағалау нәтижесіндегі негізгі құралдардың бағасының кемуі бұрынға жүргізілген қайта бағалау сомасының көлемінде бастапқы құнды түзеткенде 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шотының кредитінде, ал жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 шотының дебетінде 5320 – «Қайта бағалауға арналған резерв» шотының кредитінде көрсетілуі тиіс. Ал бұрынғы жүргізілген қайта бағалау сомасынан жоғары бастапқы құнды түзеткенде 7420 – «Активтердің құнсыздануынан болған шығыстар» шотының дебетінде және 2410 – «Негізгі құралдар» шотының кредитінде, жинақталған амортизация сомасына түзету жүргізілгенде 2420 – «Негізгі құралдардың амортизациясы және құнсыздануы» шотының дебетінде және 7420 шотының кредитінде көрсетілуі тиіс.

Аудитор негізгі құралдарды қайта бағалау нәтижесін тексерген кезде егер негізгі құралдардың құны өсетін болса, онда бұрын 7420 шотының дебетінде есепке алынған сома табыс ретінде қайта қалпына келтіріліп 2410 шотының дебетінде және 5320 шотының кредитінде көрсетіледі, ал егер бағалауға дейінгі сома бұрын осы объект бойынша 7420 шотының дебетінде көрсетілген сомадан артық болса, онда бұл сома 2410 шотының дебеті мен 5320 шотының кредиті бойынша көрсетілетіндігін ескеру қажет бухгалтерлік жазуы беріледі.

Аудитор негізгі құралдардың аудитінің барысында ерекше назарды бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығына және негізгі құралдар бойынша есеп берудің дұрыс толтырылғандығына аударылуы қажет.

Аудитор негізгі құралдардың қозғалысын қадағалау кезінде негізгі құралдардаң кірістелуі, ішкі орын ауыстыруы және есептен шығарылуына байланысты шаруашылық операциялардың корреспонденциясының дұрыстығына назар аударуы тиіс.

Негізгі құралдардың түсуі бойынша бухгалтерлік есеп шоттарының жүйесі және олардың арасындағы өзара байланыстары 1-суретте келтірілген.

 

1 – сурет

 

Негізгі құралдардың түсуі бойынша бухгалтерлік есеп шоттар жүйесі және өзара байланысы тексеру бағыты

 

 

           ТЕКСЕРУ                                          ДӘЛЕЛДЕУ


 Дебет 2410 


 

 

 

 

 

 

Негізгі құралдар ұзақ уақыт (бір жылдан жоғары) бойы өндіріс процесіне қатысып, өзінің қасиетін, қалпын сақтай отырып біртіндеп тозады.

Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес бухгалтерлік есептің стандартына сәйкес тозу – бұл негізгі құралдардың күш-қуаты мен моральдық сипаттамаларын жоғалту процесі.

Амортизация – жұмыс істеу мерзімі бойынша активтің амортизацияланатын құнын жүйелі түрде бөлу түріндегі тозудың құнмен көрсетілуі. Амортизациялық аударымдар шығындар ретінде танылып, табыстан тікелей немесе жанама шегеріледі. Олар активтің пайдалы қызмет мерзіміне сүйене отырып анықталуы тиіс.

Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес пайдалы қызмет ету мерзімі – бұл негізгі құралдарды пайдаланудан экономикалық пайда табу көзделіп отырған кезең.

Осы стандартқа сәйкес негізгі құралдардың сондай-ақ нормативтік қызмет мерзімі де анықталынуы тиіс. Нормативтік қызмет мерзімі – бұл ұйым белгіленген нормаларға сәйкес негізгі құралдардың тозуын есептейтін кезең.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік барлық жинақталған амортизацияны және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған шығындарды қоспағандағы қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Қаржылық есеп берудің №16 халықаралық стандартына сәйкес амортизация есептеуде әр түрлі әдістер қолданылады:

  1. Құнын бірқалыпты есептен шығару;
  2. Құнын атқарылған жұмыстардың көлеміне пропорционалды түрде есептен шығару (өндірістік әдіс);
  3. Жедел есептен шығару:

Информация о работе Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі