Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялар жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Кіріспе..................................................................................................................3
I. Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.................................................5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері...............................................8
1.3. Аудиттің мәні, маңызы және жіктелу................................................... 11
II. Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
2.1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау......................................14
2.2. Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат көздері................................................................................................................17
2.3. Негізгі құралдардың аудиті........................................................................21
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................28
Мазмұны
Кіріспе.......................
I. Аудиттің пайда
болуы мен даму кезеңдері
1.1. Аудиттің пайда болуы
мен қалыптасуы....................
1.2. Аудит ұғымы және
оның даму кезеңдері.....................
1.3. Аудиттің мәні, маңызы
және жіктелу.......................
II. Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
2.1. Негізгі құралдар,
оларды жіктеу мен бағалау.......................
2.2. Негізгі құралдарды
аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат
көздері.......................
2.3. Негізгі құралдардың
аудиті........................
Қорытынды.....................
Пайдаланған әдебиеттер....................
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялар жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Жеке және ұжымдық меншік иелері акционерлер, жарнашылар,сонымен қатар кредиторлар өз қызметтерінің саласында барлық көптеген қаржылық және шаруашылық операциялардың заңға сәйкес орындалғанына және бухгалтерлік жазбалармен тоқсандық және жылдық есептерде дұрыс көрсетілгеніне өз бетімен көз жеткізу мүмкіндігінен айрылған. Ұйым қызметі мен оның заңды орындалуын тәуелсіз аудиторлық тексеру мемлекетке де экономика қаржыландыру, несие беру, инвестициялау, және салық салу саласында қажетті шараларды қабылдау үшін қажет, жекелеген кәсіпорындар, ұлттық экономика салалары мен аймақтар бойынша жүргізілетін аудиторлық тексерулер өздерін қызықтыратын қаржылық есептеме нақтылығын дәлелдеу үшін республиканың мемлекеттік органдары, министрліктер мен ведомствалар, соттар, прокуратураға және басқаларға қажет.
Аудит өзінің кәсіби қызметінде адалдық, обьективтілік, кәсіби құзыреттілік, құпияны сақтай білетінділік, тәуелсіздік, жинақылық, мұқияттылық, ғылымиялық, нақтылық, жариялық, демократияшлдық принциптерді басшылықа алу керек.
Аудитор өзінің кәсіби міндетін орындау барысында қағамдық сенімді қолдау әрі нығайту ретінде адалдық, обьективтілік және тәуелсіздік принциптерінің талаптарын сақтауы, өзіне сеніп тапсырған жұмысты мінсіз әрі адал орындалуы талқылауда білдіретін пікірінің обьективтілігі мен тәуелсіздігін сақтауы керек.
Аудит теориясы және оны басқару ғылымының бар ережесімен әрекет етудің нұсқасын құптайды немесе одан бас тартады. Ол белгілі бір бастапқы мәліметтермен құрылған теориялық базаның ғылыми шынайылығын немесе жалғандығын көрсетіп береді.
Аудит теориясың негізгі элементтері компоненттер, принциптер, концепциялар, постулаттар, стандарттар және нормалардан тұрады.
Аудитке кәсіпорын қызметін жан жақты тексеру енеді. Сондықтан ол аудиторға басшылыққа арналған және оның қызметінің тиімділігін жоғарылату жөніндегі конструктивті ұсыныстар дайындауға мүмкіндік береді.
Аудиторлық қызметті жүргізудің өндірістік жағдай мен ақпарат жүргізудің қажетті шарты оның аясы туралы айқын түсінік болып табылады. Ол белгілі бір уақыт аралығында, компанияның жылдық есеп беруіне аудит жүргізгенде немесе ішкі аудитте, сондайақ экономикалық обьект болып табылмайтын ақпараттық жүйедегі аудитте нақты шаруашылық жүргізші субьектілердің параметрлерімен анықталды.
Аудит стандарттары мен нормаларының ерекшеліктері. Стандарттарды аудиттің теориясы мен іс тәжірибесінде негізгі ережелер немесе аудиторлық процедураларының принциптері деп ұғуға болады. Әр елдің ұлттық стандарттары аудиттің жүргізілу жағдайына қарамастан міндетті түрде орындалуы керек. Олар халықаралық нормативтердің талаптарына жауап беретін тиісті деңгейдегі аудиторлық қызметке қолдау көрстеді, аудиторларды өз білімдері мен біліктерін ұдайы жетілдіруге мәжбүрлейді, жекелеген аудиторлық ұйымдардың сапасын салыстыруды қамтамасыз етеді, аудиторлардың жұмысын жеңілдетеді әрі оңтайландырыды.
Сонан соң аудитор негізгі құралдардың бағалануының және қайта бағалануының дұрыстығын тексеруі қажет.
Негізгі құралдардың есебін дұрыс ұйымдастырудың басты шарты оларды бағалаудың қабылданған біртұтас принципі болып табылады. Қаржылық есеп берудің 16 Халықаралық стандартына сәйкес негізгі құралдар бастапқы құн, ағымдағы құн, қалдық (жойылу) құн, келісілген құн бойынша бағаланады.
Негізгі құралдардың бағалануының дұрыстығын тексеру келіп түскен негізгі құралдар бойынша бастапқы құжаттардың негізінде жүзеге асырылады.
Кәсіпорындарға негізгі құралдар қаржылық салымдар, басқа кәсіпорындар мен тұлғалардан сатып алу, тегін беру, жарғылық қорға салымдар салу, негізгі құралдардың артық шыққандарын балансқа есепке алу және т.б. нәтижесінде кірістеледі.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек.
Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1 Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы
Ел Президентінің Қазақстан халқына «Қазақстан -2030» барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы» Жолдауында ХХ ғасырдың 90-ыншы жылдары республика экономикасында орындалған дағдарыстың себептері ашылып, оны жеңудің жолдары айтылған. Радикалдық саяси және экономикалық реформаларды жүзеге асыру, КСРО-ның құлауы және қазақстандық экономиканың әлемдік шаруашылық қатынас жүйесіне енуі дағдарыстың болуына, өндіріс көлемі мен өнімдердің, жұмыс, қызметтің бәсекеге қабілеттілігін күрт төмендетуге объективті жағдайлар тудырады. Бұл дәстүрлі нарықтың ығысуына, төлемге қабілетсіздік тудыруға, шектен тыс инфляцияға және көптеген шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің тоқтауына әкеп соқтырады. Қалыптасқан жағдайды ескеру арқылы ұзақ мерзімді жеті артықшылықтың бірі ретінде жоғары шетелдік инвестиция мен ішкі жинақ ақша деңгейіндегі ақша нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу анықталады. Экономикалық өсу қаржы тұрақтылығына, өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз етуге, аса маңызды салаларға инвесторларды тартуға, шешуші бизнес салаларының іскерлігін арттыруға, белсенді өндіріс саясатын енгізуге және акценттерді шаруашылық жүргізудің макро-дан микродеңгейіне жылжытуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасында радикалдық реформалардың стратегиялық курсы нарықтың рөлі мен барлық тауар-ақша қатынас жүйесін күшейтуге бағытталған. Нарықтық экономиканың тиімділігін, оның ғылыми-техникалық жетістіктерді жылдам енгізетінін, адамның қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыруға мақсаттылығын әлемдік тәжірибе көрсетіп берді. Нарықтық қатынасқа тауар өндірушілердің экономикалық тәуелсіздігі, субъектілердің шаруашылық қызметіне әкімшіліктің араласуын болдырмаушылық, өндіріс саласындағы еркін экономикалық байланыстар және қоғамдық өнім айналымы және оны тұтыну тән. Қазақстандық экономиканы сәтті функциялау үшін оны ұйымдастырудың озық құралдары мен нақты тетіктерін, оның ішінде мақсатты-бағдарламалық әдісті көптеген факторлар бойынша талдауды, жүйелі бақылауды және оңтайлы шешімдерді қабылдауды қолдану аса қажет. Барлық ресурс түрлерінің аса өткір сезілген тапшылық жағдайында ұлттық экономиканың қозғаушы күші кәсіпкерлікке айрықша назар аудару керек. Мемлекеттік меншіктерді жекешелендіруді тездету, өндіріс тиімділігін арттыру, бәсекелестік ортаны дамыту, қаржылық бақылауды жақсарту және осы заманғы нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру сияқты факторлардың маңызы зор. Бір жағынан, шегі жоқ тұтынушылық, екінші жағынан ресурстардың шектеулі болуы шаруашылық жүргізудің қажеттілігін тудырады. Шаруашылық ресурстардың жетіспеушілігін терең сезінбес үшін адамдар барлық іс-әрекетін жоспарға құратын болса, адамдар экономиканың көмегімен тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағттандыру үшін өнім, қызмет түрлерін өндірудің барлық мекемелері мен әдістерін қамтиды. Шешім қабылдаушы, шарушылық жоспарын дербес жасайтын әрі осыларға сәйкес әрекет ететін барлық экономика бірліктері шаруашылық жүргізуші субъектілер деп аталады.
ҚР «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берушілер туралы» заңда «жеке кәсіпкер» және «ұйым» терминдерінің мәні мен айырмашылығы ашып көрсетіледі. Ал, бұл терминдердің мағынасы республика резиденттері болып табылатын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық заңи тұлғаларды, сондай-ақ ел аумағында (территориясында) тіркелген бейрезидент өкілдіктер мен филиалдарды білдіреді.
Ұлттық экономиканы реформалау бойынша түбегейлі процестер шаруашылық қызметті басқаруда жаңа ұйымдық және бақылаушы –талдамалы құрылымның пайда болуының объективті қажеттілігімен шарттастырылған. Халық шаруашылығын басқару жүйесін қайта құрудың алғашқы жылдарында-ақ жоспарлы экономиканың дәстүрлі бақылау органдары өсу үстіндегі, яғни арта түскен қажеттіліктерді қанағаттандыру мен барлық мүдделі тұтынушыларды объективті ақпаратпен қамтамасыз ету бойынша пайда болған проблемаларды кешенді шешуде өзінің қабілетсіздігін көрсетті.
Әміршіл-әкімшілік жүйеде төменгі басқару буынының жоғарыға қатаң бағынуы тек жоспарланған тапсырмалардың орындалуын, шаруашылық операциялардың заңдылығын сақтау, яғни оның заңға сәйкес болуын және мемлекет қарауындағы жалпы ресурстардың сақталуын тексеру бойынша тиісті ревизиялық қызметтерді талап етті. Ал, нарықтық экономика жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің серіктестермен, инвесторлармен, кредит берушілермен, меншік иелерімен, акционерлермен және басқа да пайдаланушылармен деңгейлес байланыстары бойынша шындыққа жанасымды ақпараттарға қажеттілік бірден артады. Бұл арада тек белгіленген параметрлердің сәйкесетіндігін тексеру ғана емес, сонымен қатар шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызметтерін жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсынысын әзірлеуді, оларға кеңес беруді және басқадай да жоғары кәсіби деңгейде тиісті аудиторлық қызмет көрсетуді талап етеді.
Кәсіби аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы – бұл бүгінгі таңда да жалғасын тапқан айтарлықтай ұзақ процесс. Аудиттің қоғамдық рөлін түсінуі үшін оны ұйымдастырудың әдістемесін, теориялық негізін және мәнін ашу керек.
Нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметін басқарудың маңызды құралдарының бірі қаржылық бақылау болды. ТМД елдеріндегі нарықтық қатынастың дамуы өндіріс саласындағы бизнестің жаңа қаржылық бақылау жүйесін қалыптастыратын алғышарттарды тудырды.
Қаржылық-шаруашылық бақылау жүйесін түбегейлі қайта өзгерту, енгізу және тәуелсіз аудиттің посткеңестік өңірде «қарқынды» дамыту негізінде мына принциптер жатқызылады:
1. Меншік түрлері және қаржы көздері бойынша бақылау объектілерін дәл оқшаулар;
2. Бақылау субъектілерін мемлекеттік, қоғамдық, аудиторлық (тәуелсіз), ведмоствалық (фирмалық) және іштей (ішкі шаруашылықтық) ден болу;
3. Бақылау мәселелерін
шектеу, оның ішінде бюджеттің
кірісі мен шығысын дұрыс
4. Мемлекеттік, жергілікті,
қоғамдық, ішкі шаруашылық, тәуелсіз
аудиторлық ұйымдар мен
Аудит тарихы көрсеткендей, оның дамуы әкімшілік пен инвесторлар арасындағы мүдделердің бөлінуінен болды.
Америкалық бухгалтерлер ассоциациясының зерттеуіне сәйкес аудитке қажеттілік мына негізгі шарттарды тудырады:
Информация о работе Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі