Автор работы: Пользователь скрыл имя, 09 Декабря 2014 в 07:30, курсовая работа
Нарықтық қатынастар жағдайында көптеген кәсіпорындар, банктер, сақтандыру комапаниялары, көлік және комерциялық ұйымдар мүлікті пайдалану, жұмыстар мен қызмет көрсетуді орындау, комерциялық операцияларды ақша қаражаттары ман инвестициялар жүргізу бойынша сан алуан келісім шарттық қатынастарға түседі. Қажетті ақпаратты алудағы мәмілеге қатысушылар арасындағы осы қатынастардың нақтылығын тексеру нәтижесінде тек тәуелсіз аудитор ғана дәлелдей алады.
Кіріспе..................................................................................................................3
I. Аудиттің пайда болуы мен даму кезеңдері
1.1. Аудиттің пайда болуы мен қалыптасуы.................................................5
1.2. Аудит ұғымы және оның даму кезеңдері...............................................8
1.3. Аудиттің мәні, маңызы және жіктелу................................................... 11
II. Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі
2.1. Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау......................................14
2.2. Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат көздері................................................................................................................17
2.3. Негізгі құралдардың аудиті........................................................................21
Қорытынды..........................................................................................................27
Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................28
Сонымен ішкі аудит шеңберінде активтердің сақталуын жан жақты бақылау ғана емес, менеджмент саясаты мен сапасын бақылауда жүзеге асырылады.
Аудит обьектілері бойынша банктік аудит, сақтандыру компанияларының, биржалардың, инвестициялық институттардың, зейнетақы қорлардың, жалпы аудит, мемлекеттік аудит болып бөлінеді.
Тағайындалуы бойынша аудит тиісті түрлерге болінеді.
Қаржылық есеп беру аудиті – барлық елеулі аспектілер бойынша дұрыстығы туралы аудиторлық қорытынды беру мақсатында субьектілерінің қаржылық қорытынды есебін тексеру.оны сыртқы аудиторлық фирмалар жүргізеді және пайдаланушылардың кең көлеміне арналған.
Сәйкестік аудиті - бұл ұйымның шаруашылық жүйесінде заң актілері мен нұсқаушы материалдарының нормаларын, сонымен қатар әкімшілік персоналына арналған процедуралар немесе ережелердің сақталуын тексеру.
Салық аудиті - бұл салықтарды төлеудің, есептедің дұрыстығы мен толықтығын аудиторлық тексеру, салық саясатын ұсыну.
Арнаулы аудит - субьект қызметінің жекелеген жақтарын, мемлекет алдындағы белгілі бірн норма мен міндеттемелердің сақталуын тексеру.
Экологиялық аудит - қоршаған ортаның нақты жағдайының басында берілген ішкі және сыртқы экологиялық стандарттар мен нормалардан ауытқуын бағалау.
Оперециялық аудит - басқару үшін тиімділігін, сенімділігімен пайдалылығын бағалау мақсатында ұйымның шаруашылығын, механизімінің жекелеген бөлшектерінің қызмет етуін тексеру.
II. Негізгі құралдардың аудиті
2.1 Негізгі құралдар, оларды жіктеу мен бағалау
Негізгі құралдар - материалдық активтер олар:
а) компания немесе тауарлы-материалдық қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
ә) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі қаражаттың объектілері үшін пайдалы қолдану мерзімі белгіленеді, бұл:
а) компания активтік пайдалану болжанып, күтілетін (есептік) кезең;
ә) компания активті пайдаланып, жасауды көздейтін бұйымның саны. Басқаша айтсақ, негізгі құралдарды пайдаланудың экономикалық пайдасын алу болжанатын кезең.
Негізгі құралдардың объектісі актив ретінде мынандай жағдайларда пайда алады деп сендіруге болатын болса:
а) компания активке байланысты болашақ экономикалық пайда алады деп сендіруге болатын болса;
ә) активтің өзіндік құны сенімді бағаланса.
Жер - субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы;
Үйлер - еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және материалдық қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
Ғимараттар - еңбекке керек-жарақтардың емес (зат скважиналар, көпірлер және т.б.) өзгеруіне байланысты емес міндетті іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
Машиналар мен жабдықтар - әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады. Негізгі құралдардың бұл тобы 5 топшадан тұрады:
Табыстау қондырғылары - электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, турба құбыры) қондырғылары.
Көлік құралдары - адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
Басқа да негізгі құралдар:
Аспап – қол енбегінің механикаландырылған және механикаландырылмаған немесе металл, ағаш және т.б. өндеуге арналған, машинаға бекітілген керек-жарақтар (кескіш, соққыгер, езуші, тығыздап нығайтылған – электр қол бұрғылар, бояу сыр пульттары, вибраторлар, қысқыштар):
Бітпеген құрылыс.
Қолда бар негізгі құралдар алынған сәтінен бастап үнемі қолданылмайды, өйткені олар:
• тоқтатылып қойылады (жұмыс жасамайды) - уақытша қолданылмайды;
• қоймада тұрады (қорда) - жөнделген, жоқтатылған, апат жағдайында қолданыстағы негізгі құралдарды ауыстыру үшін қор құрайды;
• жалға берілген немесе алынған - басқа ұйым тапсырған немесе басқа ұйымнан алынған жал мерзімі шартпен белгіленген негізгі құралдар.
Материалдық активтерді негізгі құралдар деп танитын тұста бағалауға бірыңғай қарау қажетті шарт болып табылады. 2410 «Негізгі кұралдар» ХҚЕС-на сәйкес негізгі құралдар мыналар бойынша бағаланады:
• бастапқы күн немесе өзіндік құнмен - активті немесе ғимаратты алуға сол сәтінде берілген, басқа өтелген әділ бағаның немесе төленген ақшалай каражаттың немесе оның баламасының сомасы;
• ағымдағы құнмен белгілі бір күнде қолданыста жүрген нарықтық баға бойынша негізгі қаражаттық құны;
• өткізу құнымен (әділ бағаның) – мәмілеге дайын және жақсы хабардар тәуелсіз тараптар арасында жасалған операциялар кезінде активті ауыстыруға болатын сома;
• жойылу құны - шыққан шығынды тастап пайдаланылған мерзім соңында субъект актив алатын деп үміттенетін таза сома немесе сынған қалдықтардың қосалқы бөлшектерінің көзделетін бағасы;
• амортизациялық құнмен - жойылу құнын алып тастағандағы өзіндік құнның орнына есеп беруде көрсетілген басқа сома мен активтің өзіндік құны;
• баланстың құнмен - жинақталған тозу және баға түсуден жинақталған залал сомасын алып тастағанда бухгалтер баланста актив мойындалатын сома. Баға түсуден болатын залал - активтің баланстық құны онын орнын толтыратын құннан артқан сома.
2.2 Негізгі құралдарды аудиторлық тексерудің мақсаты және ақпарат көздері
Тексерудің мақсаты ұйымда негізгі құралдардың жіктелуін, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің дұрыс топтастырылғанын, бағаланғанын және есептен шығару мен тозуын есептеу тәртібінің сақталғанын, негізгі құралдарды жөндеуге кеткен шығындардың негізделгенін анықтау және бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беруде негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің нақты қолда бары, олардың қозғалысы туралы мәліметтердің ақиқаттығын тексеру.
Негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің негізгі міндеттері:
Аудиторлық тексерудің объектілері болып мыналар табылады:
Аудитор кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп және ішкі бақылау жүйесімен жалпы танысудың нәтижесі бойынша негізгі құралдардың аудитінің бағдарламасын жасайды (2- кесте).
2- кесте
Негізгі құралдарды ішкі бақылаудың тестік сұрақтары
№ р/с |
Тестілеу сұрақтары |
Жауаптар |
Ескерту | ||
жауап жок |
иә |
жок | |||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
1. |
Негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ететін материалды жауапты тұлғалардың дербес құрамы және олардың лауазымдық қызметтік міндеттері анықталған ба? |
+ |
|||
2. |
Негізгі құралдардың сақталуын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасалған ба? |
+ |
|||
3. |
Негізгі құралдарға түгендеу жүргізіле ме? |
+ |
|||
4. |
Негізгі құралдардың нақты бары және сақталуы бухгалтерлік есептің мәліметтеріне сәйкес пе? |
+ |
|||
5. |
Барлық келіп түскен негізгі құралдар түгел есепке алына ма? |
+ |
|||
6. |
Негізгі құралдар дұрыс топтастырылған ба және олардың қозғалысының есебінің дұрыстығына ішкі бақылау жүргізіле ме? |
+ |
|||
7. |
Негізгі құралдардың тозуын есептеу әдісі ұйымның есептік саясатында көрсетілген әдіске сәйкес пе? |
+ |
|||
8. |
Негізгі құралдардың шығуы бойынша құжаттардың толтырылуының және есепте көрсетілуінің дұрыстығы тексеріле ме? |
+ |
|||
9. |
Негізгі құралдарды жөндеу шығындарының сметасы дұрыс толтырыла ма, бастапқы құжаттар айқын ба және дұрыс толтырылған ба? |
+ |
|||
10. |
Негізгі құралдардың аналитикалық есебінің жазулары синтетикалық есептің және бас кітаптың мәліметтеріне сәйкес пе?? |
+ |
|||
11. |
Тіркелген активтердің есебі Салық Кодексіне сәйкес жүргізіле ме? |
+ |
|||
12. |
Негізгі құралдардың тиімді пайдаланылуы және техникалық жағдайы талдана ма? |
+ |
Информация о работе Негізгі құралдардың аудитінің жүргізу тәртібі