Өндірістік кооператив кәсіпкерліктің формасы ретінде

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 15 Апреля 2013 в 08:10, реферат

Краткое описание

Кәсіпорындардың кооперативтік түрі Қазақстан республикасын біршама таныс, өйткені, біздің тарихымыздың кеңестік кезеңінде тұтынушылар кооперативі өмір сүрді.
Кәсіпкерлікті үйымдастырудың формасы ретінде кооперативтердің мәні мынада: олар өзінің мүшелері аударатын заттай болсын, қаржылай болсын пайлық жарнаның есебінен құрылады. одан кейін мүлік кооперативтер шығаратын өнімнің және оны сатудан түсетін пайданың, қызмет көрсету немесе қызметтің басқа да түрлерінен түсетін пайданың есебінен толығып отырады. Жоғары ұйым болып жалпы жиналыс саналады. Өкілеттілік және атқарушылық міндеттерді жалпы жиналыс сайлатын басқарма мен оның төрағасы іске асырады.

Содержание

Кіріспе………………………………………………………………………....…1-3

І-бөлім - Кәсіпкерліктің мәні, мазмұны

Өндірістік кооперативтік түсінігі және теориялық
негіздері……………………………………………………………………......…4-8

1.2. Қазақстандағы өндірістік кооперативтің құрылымы және
оның сипаттамасы (Мақта шаруашылығы)……………………………....…..9-11

Кәсіпкерлік тәуекелдің мәні және түрлері............................................12-14

ІІ-бөлім - Өндірістік кооперативтің дамуы

2.1 Қазақстандағы өндірістік кооперативтің дамуы…………………..........15-25
2.2 Өндiрiстiк кооперативтi басқару..............................................................26-36

Қорытынды…………………………………………………………………....37-38

Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

Өндірістік кооператив кәсіпкерліктің формасы ретінде.doc

— 192.00 Кб (Скачать документ)

Жаңа қоғамның негізін тұрақты, тиімді құру үшін кәсіпкерлер  табын даярлау керек. Кәсіпкерлік қабілеті қаражаты бар тапты құру үшін, бірінші, білім керек, екінші, өкімет экономикалық саясатын түбегейлі қайта қарауы қажет. Елдің болашақ тағдырын білікті кәсіпкерлер шешеді және олар өз елінің гүлденуіне аянбай жұмыс істейтін, өзінің де пайдасын табатын, іскер азаматтар болуы керек.

 

 

 

 

 

 

1.2. Кәсіпкерліктің  түрлері

Кәсіпкерлік бірнеше  түрлері бар. Атқаратын қызметіне  қарай былай бөлінеді: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және консультациялық.

Меншік түрлеріне  бойынша жеке меншік, мемлекеттік, муниципалды, сонымен бірге қоғамдық құрылымдар меншігі.

Меншіктер саны бойынша кәсіпкерлік іс жеке адамның  немесе коллективтің құрамы болуы керек.

Кәсіпкерлік формасы  бойынша екіге бөлінеді: ұжымдық-құқықтық және ұжымдық-экономикалық.

Ұжымдық-құқықтық кәсіпкерліктер. Серіктестер – адамдардың бірлестігі, онда екі және одан да көп серіктестер болады. Олар өз капиталдарын қосады және әрбір мүше өзінің капиталымен жеке жауап береді. Олар шексіз жауапкершілікті серіктестер, командитті (сенімге негізделген) серіктестер шектелген жауапкершіліктер.

Ұжымдар (қоағмдар) өздерінің қаражаттарымен бірігеді. Шектелген жауапкершілікті қоғам  мүшелері ұжымның міндеттемелеріне жауап бермейді. Олардың жауапкершілігі өздерінің қосқан пайларының мөлшерінде болады. Ал қосымша жауапкершілігі бар ұжымдар өздерінің барлық дүние-мүлкімен жауапты.

Акционерлік қоғамдар: ашық және жабық түрде болады.

Кәсіпкерліктің  ұжымдық-экономикалық формалары.

Концерн – көпсалалы акционерлік қоғам, әр түрлі компаниялардың бақылау пакеттерін сатып алады.

Ассоциация – экономикалық дербес кәсіпорындардың ерікті бірлестігі. Маманданған кәсіпорынның негізгі мақсаты ғылыми-техникалық, өндірістік, экономикалық және әлеуметтік міндеттерді бірігіп шешу.

Консурциум – бұл ірі қаржы операцияларын істеу үшін біріккен кәсіпкерлердің бірлестігі.

Сидикат – бір саланың кәсіпкерлерін тауар сатуға біріктіру.

Картель – тауар, қызмет көрсету бағасы, нарық аудандарын бөлу, өндіріс мөлшері жөнінде келісім.

Қаржы - өнеркәсіп тобы – банк, сақтандыру және сауда капиталының бірлестігі.

Қазір Қазақстанда  мынадай ұжымдық-құқықтық формалары  кәсіпкерліктер құрылуда.

  1. Шаруашылық серіктестік – толық серіктестік. Олардың мүшелері өзара кәсіпорын құру жөнінде келісімге қол қояды. Құруға керекті серіктес мүшелердің қаражаттарын біріктіру. Серіктестіктің пайдасы, зияны пайға қарай бөлінеді. Әрбір мүше өзінің табысына пайданы қосып сонан салық төлейді.
  2. Коммандиттік серіктестік. Барлық серіктестік мүшелері серіктестік атанған іс жүргізушілер ішінен біреу немесе бірнеше мүшелері зиянның тәуекелін өздерінің қосқан үлестері мөлшерінде жауапкершілікке алады.
  3. Шектелген жауапкершілікті қоғамдар. Оның мүшелері қоғамның міндеттемелеріне жауап бермейді, ал зиян тәуекеліне өздерінің үлестерімен жауап береді.
  4. Қосымша жауапкершілігі бар қоғам міндеттемелеріне өздерінің заттарымен жауап береді.
  5. Ашық және жабық акционерлік қоғам.
  6. Өндірістік кооперативтер – ерікті түрде біріккен қоғамдар.
  7. Унитарлы кәсіпорын – коммерциялық мекеме, меншіктік құқығы жоқ. Унитарлық кәсіпорынның мүліктері бөлінбейді. Унитарлық кәсіпорын тек мемлекеттік немесе муниципалдық болады. Унитарлы кәсіпорын федералдық қазына кәсіпорны болып есептеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3. Кәсіпкерлік  тәуекелдің мәні және түрлері

Нарық жағдайында тәуекел кәсіпкерліктің шешуші элементі. Тәуекелдің ерекшеліктері кәсіпкерлік істе белгісіздік, күтпегендік, сенбеушілік болжамдылық жетістікке жетуге кедергі болуы мүмкін. «Кәсіпкерлік іс туралы» заңда жазылғандай кәсіпкерлік іс өз тәуекелділігіне, кәсіпорынның ұйымдастыру құқықтық формасы шегіндегі мүліктік жауапкершілігіне негізделген.

Нарық жағдайында тәуекелділікті бәсеңдету үшін бірнеше  әдістер бар: кәсіпкерлік жоба жасауға  істі жетік білетін кеңесшілерді, мамандарды тарту; жобалау алдындағы  мүмкін болатын қиындықтарды жете білу; өндірілетін өнімге сұранысты болжау; тәуекелділікті жобаға қатынасушылардың өзара бөлісуі; сақтандыру; болжамсыз шығындарды жабуға керекті қаражатты кезекке ұстау.

Тәуекелдің  жұмыс тапсырушы мен жұмысты  орындаушы арасындағы бөлінуінің жалпы  концептуалды моделін.

Тәуекелділіктің бірнеше түрі бар: өндірістік, коммерциялық, қаржылық, инвестициялық, нарықтық.

Өндірістік  тәуекел. Бұл өнімді өндірумен және оны өткізумен байланысты. Бұл тәуекелге өнімнің өнімнің белгіленген көлемінің өзгеруі және өткізу қарқыны, материалдық және еңбек шығындарының артық жұмсалуы. Нарықтағы баға деңгейінің кемуі, брак, рекламация т.б. себептер тікелей ықпал жасайды.

Коммерциялық  тәуекел – бұл кәсіпкердің  сатып алған өнімді нарықта өткізуінде пайда болады. Коммерциялық келісім  жағдайында бағаның төмендеуін, тауар өткізуде кездесетін қосымша шығындарды ескеру керек.

Қаржылық тәуекел  – қаржылық кәсіпкерлік ісінде кездеседі. Мысалы, қаржылық келісім тәуекелділік шарттасушылардың бір жағының төлем  қабілеттілігінің кемдігінен пайда  болуы, т.б.

Инвестициялық тәуекел – бұл кәсіпорынның өзінің және сатып алған құнды қағаздарының құнсыздануы арқылы болуы мүмкін.

Нарықтық тәуекел  – бұл ұлттық ақша бірлігінің нарықтағы  процент ставкасының немесе шет  ел келісім серіктестіктерінің валюта курсының өзгеруімен байланысты.

Ойлаған жобаны іске асыру мақсатында потенциалды  серіктестіктерді неғұрлым көп тарту  үшін тәуекел талдау жасайды.

Тәуекелді талдаудың  схемасы:

  1. Нақты тәуекел түрлерінің ішкі және сыртқы факторларының ықпалдарын айқындау.
  2. Айқындалған факторларды талдау.
  3. Нақты тәуекел түрін қаржы жағынан екі тәсілмен бағалау:

а) қаржылық тұрақтылығын, дәулетін анықтау;

б) жұмсалатын қаражаттың экономикалық тиімділігін анықтау.

  1. Тәуекелдің жорамал деңгейін анықтау.
  2. Бөлек операцияларының тәуекелдерінің жорамал деңгейін талдау.
  3. Тәуекелді бәсендету үшін шаралар жасақтау.

Екінші басты  мәселе тәуекелден келетін зияндар  түрлерін анықтау.

  1. Материалдық зиян – бұл жобада қаралмаған өндірістік шығындар, немесе тікелей материалдық объектілерді, өнімдерді, материалдарды, шикізаттарды жоғалту.
  2. Еңбек зияны – жұмыс уақытын жою, кехдейсоқ немесе болжамсыз себептермен болған жағдайда.
  3. Қаржылық зиян – бұл тікелей ақшалай зиянмен байланысты: төлемдер, айыптар, уақыты озған несиелерді төлеу, қосымша салықтар т.б.
  4. Уақытты жою – бұл егер кәсіпкерлік іс жобалы уақыттан кейін қалатын болса пайда болады.
  5. Арнайы зиян түрлері – бұл зияндар адам денсаулығына және адам өміріне, қоршаған ортаға, кәсіпкердің беделіне кесел келтіретін жағдайлар.
  6. Саяси факторларға байланысты: іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуі, еңбек және орындау тәртібінің деңгейінің бәсеңдеуі, төлем мен өзара есептесудің бұзылуы, салық ставкасының тұрақсыздығы т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ-бөлім - Өндірістік кооперативтің дамуы

2.1 Қазақстандағы өндірістік кооперативтің дамуы

 

Өндiрiстiк коператив ұғымы

Азаматтардың  бiрлескен кәсiпкерлiк қызмет үшiн  мүшелiк негiзде, олардың жеке еңбегiмен  қатысуына және мүшелерiнiң мүлiктiк  жарналарын (пайларын) бiрiктiруiне негiзделген  ерiктi бiрлестiгi өндiрiстiк кооператив болып танылады.

Өндiрiстiк кооператив коммерциялық ұйым болып табылады.

Өндiрiстiк кооператив заңды тұлға болып табылады.

 

Өндiрiстiк  кооперативтердi құрудың және оның қызметiнiң негiзгi принциптерi

Өндiрiстiк кооперативтер  мынадай принциптер негiзiнде жұмыс iстейдi:

мүшелiкке кiру мен шығудың еркiндiгi;

мүлiктiк (пайлық) жарна енгiзу мiндеттiлiгi;

басқарудың  демократиялылығы;

өзара көмек  және оның мүшелерi үшiн экономикалық тиiмдiлiктi қамтамасыз ету;

өндiрiстiк кооперативтiң  қызметi туралы ақпаратқа қол жететiндiгi.

 

Өндiрiстiк  кооперативтердiң қызметi

Өндiрiстiк кооператив жеке кәсiпкерлiк үшiн заң актiлерiмен  тыйым салынбаған кәсiпкерлiк қызметтiң  кез-келген түрiн жүзеге асыруға  хақылы.

Мемлекеттiк  лицензиялау қолданылатын қызметтi өндiрiстiк кооператив лицензиясы бар болған жағдайда жүзеге асырады.

Өндiрiстiк кооперативтiң  мақсаты мен мәнiн жарғы анықтайды.

Арнайы заңмен реттелетiн қызметтi жүзеге асыру  үстiнде өндiрiстiк кооперативтер, сол сияқты осы Заңды да басшылыққа алады.

Кәсiпкерлiк  қызметтiң жекелеген түрлерiн арнайы реттейтiн заң актiлерiнiң нормалары осы Заңның нормаларына қайшы келген жағдайда заң актiлерiнiң нормалары қолданылады.

 

Өндiрiстiк  кооперативтi құру

Өндiрiстiк кооперативтi құру тәртiбi

Өндiрiстiк кооператив құрылтайшы-жеке тұлғалардың жалпы жиналысының шешiмiмен құрылады.

      Егер өндiрiстiк кооперативтiң  құрылтайшысы (мүшесi) шетел азаматы  болған жағдайда мұндай кооперативтiң  ұйымдастырылуы мен қызметiне "Шетел  инвестициялары туралы" Қазақстан  Республикасының Заңында көзделген ерекшелiктер ескерiле отырып, осы Заңның күшi қолданылады.

Өндiрiстiк кооперативтiң  құрылтайшылары екеуден кем болмауға тиiс.

Өндiрiстiк кооператив құрылғаннан кейiн құрылтайшылар  кооператив мүшелерi болады және өндiрiстiк  кооперативтiң басқа мүшелерiмен бiрдей құқықтар мен мiндеттердi иеленедi.

      

Өндiрiстiк  кооперативтiң құрылтай құжаттары

Өндiрiстiк кооператив өз қызметiн құрылтай шарты мен  жарғының негiзiнде жүзеге асырады. 

      Өндiрiстiк кооперативтiң ұйымдық-құқықтық  нысанында құрылатын шағын, орта және iрi кәсiпкерлiк субъектiлерi өз қызметiн Қазақстан Республикасының Үкiметi мазмұнын белгiлейтiн үлгi жарғының негiзiнде жүзеге асыра алады.

 

   Өндiрiстiк кооперативтiң құрылтай шарты

Өндiрiстiк кооперативтiң  құрылтай шартында мыналар болуға тиiс:

1) өндiрiстiк  кооперативтi құру туралы шешiм,  оның фирмалық атауы және орналасқан  жерi;

2) кооператив  мүшелерiнiң тегi, аты, әкесiнiң  аты, туған күнi мен туған  жерi, сондай-ақ тұрғылықты жерi  көрсетiлген дербес құрамы;

3) кооперативтi  құру жөнiндегi iс-әрекет тәртiбi;

4) құрылтайшылардың  кооператив меншiгiне беретiн мүлiктiк  жарналарының құрамы мен мөлшерi туралы мәлiметтер;

5) iс-әрекетi кооперативтi  құру және тiркеу үшiн қажеттi кооперативтiң лауазымды тұлғаларын  тағайындау (сайлау) туралы шешiм;

6) кооперативтi  құру және оның жұмысын ұйымдастыру  мәселелерiн шешуге байланысты  аталған тұлғалардың өкiлеттiктерiн  белгiлеу; 

7) кооперативтiң  жарғысын бекiту;

8) таза табыс  пен шығынды бөлу тәртiбi;

9) құрылтайшылардың  кооперативтен шығу тәртiбi.

Құрылтай шартына  құрылтайшылардың бәрi қол қояды.

Өндiрiстiк кооперативтiң  құрылтай шарты коммерциялық құпия  болып табылатын құжаттар құрамына кiредi әрi мемлекеттiк және өзге де ресми  органдарға, сондай-ақ үшiншi тұлғаларға тек қана кооперативтiң атқарушы органының шешiмi бойынша не заң актiлерiнде белгiленген жағдайда ұсынылуға тиiс.

      

Өндiрiстiк  кооперативтiң жарғысы

Өндiрiстiк кооперативтiң  жарғысында:

1) кооперативтiң  фирмалық атауы;

2) кооператив  орналасқан жер;

3) өндiрiстiк  кооператив мүшелерiнiң қабылдану, шығу және оларды шығару тәртiбi, олардың құқықтары мен мiндеттерi;

4) кооперативтiң  басқару және бақылау органдарының  құрамы мен құзыретi туралы  ережелердi қалыптастыру және  олардың шешiмдер қабылдау соның  iшiнде бiрауыздан немесе басым көпшiлiк дауыспен шешiм қабылданатын мәселелер бойынша шешiмдер қабылдау тәртiбi;

5) өндiрiстiк  кооперативтiң әрбiр мүшесi пайының  мөлшерi, өндiрiстiк кооператив мүшелерiнiң  мүлiктiк жарнасының құрамы мен  оны енгiзу тәртiбi және олардың  жарна енгiзу жөнiндегi мiндеттемелердi бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

6) кооператив  мүшелерiнiң кооператив қызметiне  жеке еңбегiмен қатысу сипаты  мен тәртiбi және олардың жеке  еңбегiмен қатысу жөнiндегi мiндеттемелерiн  бұзғаны үшiн жауапкершiлiгi;

7) кооператив  пен оның мүшелерi, кооперативтiң атқарушы органы мен қызметкерлердiң еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынастар;

8) кооперативтiң  таза табысы мен шығындарын  бөлу тәртiбi;

9) кооперативтi  қайта ұйымдастыру мен тарату  тәртiбi туралы мәлiметтер болуға  тиiс. 

Кооперативтiң фирмалық атауында оның аты, сондай-ақ "өндiрiстiк кооператив" деген сөздер болуға тиiс.

Жарғы құрылтайшылардың жалпы жиналысында бекiтiледi.

Жарғы бiрауыздан бекiтiлуге тиiс.

Жарғыға кооператив басқармасының төрағасы (кооператив төрағасы) қол қояды.

Информация о работе Өндірістік кооператив кәсіпкерліктің формасы ретінде