Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:10, контрольная работа

Краткое описание

Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құрдық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның айқын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өзі мойындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕА курстык жумыс.docx

— 73.13 Кб (Скачать документ)

бағдарламаны  іске қосу (жұмыстарды жасаған ҚҚС төлеуші);

 

           Дт                                                               Кт  
3310,4110                                                         1030,1010                        25156 теңге 
2730                                                                   3310,4110                        21875 теңге 
1420                                                                   3310,4110                        3281 теңге  

 

Материалдық    емес активтердің  пайдалы қызмет көрсету мерзімі  бір жылдан кем болмауға тиіс;  болмаған жағдайда ондай активтер материалдық  емес активтердің қатарына қосылмайды.

Жасалынған материалдық емес активтердің  өзіндік құнына төмендегі шығындар кіреді:

материалар  мен қызмет түрлерінің шығындары;

активті жасау кезінде еңбек еткен  еңбеккерлердің еңбек ақысы мен  басқа да шығындар;

активті жасау кезінде тікелей жұмсалған  кез келген шығында (алымдар, патенттер  мен лицензиялардың амортизациясы);

қосымша шығындар (негізгі құралдардың амортизациясын, қамсыздандыру жарналарын жәнне  жалдау құндарын тарату).

 

2.2 Материалдық емес активтердің келіп түсу және шығу жолдары

Материалдық емес активтерді есептеу  үшін шоттардың бас жоспарының      «Материалдық емес активте»  атты 2700 бөлімшесінің шоттары пайдаланылады. Бұл бөлімше мына шоттарды қамтиды: 
          2700 «Материалдық емес активтер» кіші бөлімі материалдық емес активтерді есепке алуға арналған.

Осы кіші бөлім мынадай шоттардың  топтарын қамтиды:

2710 – «Гудвилл», онда гудвиллдің болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар көрсетіледі;

2720 – «Гудвиллдің құнсыздануы», онда құнсызданудан болуы мүмкін залалдар тұрғысынан жүйелі жүргізілетін тестілеу қорытындылары бойынша гудвиллдің құнсыздануын көрсету жөніндегі операциялар ескеріледі;

2730 – «Өзге материалдық емес активтер», онда сипаты және ұйымның қызметінде қолданылу жағынан ұқсас активтер тобы есепке алынады, мысалы:

тауарлық белгілер;

титулдық және баспа құқықтары;

компьютерлік бағдарламалық қамсыздандыру;

лицензиялар;

өнеркәсіптік меншікке арналған авторлық құқықтар, патенттер және басқа құқықтар, көрсетілетін қызметтерге және пайдалануға  арналған құқықтар;

рецептілер, формулалар, модельдер, сызбалар және тәжірибелік үлгілер; және әзірлеу  процесіндегі материалдық емес активтер.

2740 – «Өзге материалдық емес активтердің амортизациясы», онда материалдық емес активтердің амортизациясы сомасы шоғырландырылады, бұл ретте пайдалы қолданудың анықталмаған мерзімі бар материалдық емес активтерге амортизация есептелмейді, ал жыл сайын құнсыздануға тест жүргізіледі;

2750 – «Өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар», онда өзге материалдық емес активтердің құнсыздануынан болатын шығындар сомасы шоғырландырылады.

Кәсіпорындар  материалдық емес активтерді мынадай  жолдармен алады:

  • жарғылық капиталға салымдар жолымен;
  • кәсіпорынның қызмет процесінде сатып алу;
  • басқа  кәсіпорындармен қосылу жолымен;
  • заңды және жеке тұлғалар пайдалануға тегін бергенде (сыйлағанда);
  • айырбас;
  • құру. 
        Материалдық емес активтерді кәсіпорын қатысушылардың ақшалай төлеулерінің, өнімдердің, қызмет  көрсетулерден алынған табыстардың банк қарыздарынан, тегін пайдалануға берілген төлеушілердің және басқа заңда рұқсат етілген көздерден түскен табыстардың есебінен алады. Материалдық емес  активтердің құны оларды алуға жұмсалған нақтылы шығындардан және пайдалануға дайын жағдайға келтіруге жұмсалған шығындардан құралады.

        Материалдық емес активтер объектісінің түрлері бойынша алғашқы құны төменгі бағалауда қалыптасады:

  • құрылтайшылардың кәсіпорынның жарғылық капиталына өз үлестерінің есебінен төлегенде – екі жақтың келісімі бойынша;
  • басқа кәсіпорындар және жеке тұлғалардан сатып алынғанда – бұл объектілерді алуға және дайын жағдайға келтіруге нақтылы жұмсалған шығындарға қарай;
  • басқа кәсіпорындар мен жеке тұлғалардан тегін пайдалануға алынғанда  - сараптық жолмен.

Материалдық емес активтер шығуы кезінде  олардың баланстық құнына сәйкес 2710,2730 шоттардың кредитінен   7410 «Активтердің  шығуы бойынша шығындар»  шотының дебетіне есептен шығарылады. Материалдық емес активтерді сатудан  табыс 6210 «Активтердің шығарылуынан табыстар»  шотының кредиті бойынша 1010,1020,1040, 
1050,1210,1280,2110,2180 шоттарының дебетімен корреспонденциясында көрсетіледі. 
        Жыл соңында 7110,7210 шығын шоттары және 6210  табыс шоты 5410 «Есепті жылдың пайдасы (шығын)» шотымен жабылады, яғни табыстар жиынтық табыстың көбеюіне, ал шығындар оның азаюына қарай есептен шығарылады.

Материалдық емес активтер бойынша келесі шоттар корреспонденциясын келтіруге болады:

 

 
Операциялар  мазмұны

Дт

Кт

1.

Жарғылық қорға құрылтайшылар  есебінен келіп түскен  МЕА

2710 
2730

5010

2.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан сатылып алынған МЕА (кассадан, есеп айырысу шотынан, валюталық шоттан төлегенде)

2730

1010 
1030

1040

3.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін алынған МЕА

2730

6280

4.

Атқарушы органдардан субсидия ретінде кіріске алынған МЕА 

2730

6230

5.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан алынған әзірге ақшасы төленбеген МЕА

2730

3320-3340, 
3540, 
4120-4140, 
4430

6.

МЕА сатқаннан түскен табыс

1010, 
1040, 
1050

6210


 

 

 

 

7.

Ұйымның өз есебінен құрылған МЕА бастапқы бағасын көорсету (шаруашылық немесе мердігерлік тәсілдермен)

2730

7470

8.

МЕА жетілдіруге кеткен шығындарды көрсету

2730

7470

9.

МЕА сатып алу:

   

9.1.

-жауапты  тұлғалардың есебінен

2730

1251

9.2.

-ұйымдардан

2730

3310

9.3.

-жеке  тұлғалардан

2730

3540

10.

Заңды және жеке тұлғаларға ақысыз берілген МЕА

2730

6160

11.

Аяқталмаған өндіріс кезінде МЕА жасаумен айналысатын жұмыскерлердің есептелген еңбекақысы

7470

3350

12.

МЕА жасаумен айналысатын жұмыскерлердің еңбекақысына есептелген әлеуметтік салық

7470

3150

13.

МЕА құнына жатқызылған жалпы шығындар

7470

7210

14.

МЕА  шығыстан шығару кезінде есептен  шығарылған:

-баланстық құнының сомасына 

-есептелген амортизацияның сомасына 

 

7410 
2740

 

2730 
2730

15.

МЕА қайта бағалау

   

15.1.

Қайта бағалау нәтижесінде көбейген МЕА  баланстық құны

2730

5420

15.2.

Қайта бағалаудың  нәтижесінде кеміген  МЕА баланстық құны:

-резервтік соманың шеңберінде  МЕА қайта бағалаудың теріс  таңбалы айырма сомасына 

-теріс таңбалы айырма сомасының  қалдығына 

 

 

5420

 

 
7420

 

 

2730

 

 
2630,2720, 
2750




 

 

 

Материалдық емес активтердің келіп түсуі  және шығуы «Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру  актісі»  бойынша  рәсімделеді. Актіде материалдық емес активтер түрлерінің нақты атауы  және оны кәсіпорындарға беру күні, объектінің сипаттамасы, амортизация  мөлшері, оның бастапқы құны және басқа  да берілгендер көрсетіледі. Актіні кәсіпорын жетекшілері бекітіп  және қосымша құжаттармен бухгалтерияға  береді. Материалдық емес активтерді басқа кәсіпорындарға сатқан кезде  немесе ақысыз берген кезде акт екі  данада ресімделеді. Бір данасы тапсырушы кәсіпорында қалады, ал екінші данасы алушы кәсіпорынға жіберіледі.

        Материалдық  емес актив объектілерін қабылдауды  рәсімдегенде акт материалды  емес актив объектісінің әрбір  объектісіне  бір данадан жасалады. Материалды емес активтердің  бірнеше  біртектес объектілерін  қабылдауды рәсімдейтін жалпы  акт жасауға болады. Акт рәсімделгеннен  кейін  материалдық  емес  актив объектісін немесе  оны  қолдануды жүйелеп баяндайтын  құжаттама немесе  осы объектіге   қатысты ұйымның сондай және  тағы басқа мүліктік құқықтарын  растайтын құжаттар тіркеліп, ұйымның   бухгалтериясына  беріледі, оған  бас бухгалтер қол қояды және  ұйым  басшысы  немесе  соған  уәкілетті тұлға  бекітеді. Басқа   ұйымға материалдық  емес активтерді  бергенде (сатқанда) акт екі дана  болып жасалады, тапсыратын ұйым  және материалдық емес активтер  есебі карточкасында тиісті жазба  жасалады.

        Ұйым  пайдалануына  түскен материалдық емес активтердің  барлық түрлерінің  есебі үшін  қолданылады. Материалдық емес  актив обьектілеріне жатқызу  тәртібі мен олардың құралы  заңдармен және нормативті актілермен  реттеледі.         Бухгалтерияда әрбір объектіге  карточка жүргізіледі. Форма кіріске  алынуға арналған құжат, материалдық  емес активтерді қабылдау-тапсыру  және басқа құжаттама негізінде  бір дана болып толтырылады.               6  графада бастапқы құжат пен  пайдалы қызмет ету мерзіміне  негізделіп есептелген мөлшер (норма)  бойынша ай сайын есептелетін  амортизация сомасы көрсетіледі.  «Материалдық емес актив объектілерінің  қысқаша сипаттамасы» бөлігінде  тек қана актив объектінің  көрсеткіштері жазылады,ұйымда бар  осы объектіге арналған техникалық  құжаттама мәліметтерін көшіруге  болмайды.

        Материалдық емес активтерді қабылдау-тапсыру актісі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 2004 жылғы 19 наурыздағы №128 бұйрығымен бекітілген.

Материалдық емес активтердің талдамалы  есебі  «Материалдық емес активтер есебінің инвентарлық карточкасы»  негізінде жүргізіледі. Инвентарлық  карточка әрбір материалдық емес активтер  түріне ашылады. 
        Материалдық емес активтер заңды және жеке тұлғалардан алынғанда 2730,2710 шоттар дебеттелінеді және 1010,1020,1040,1070, 
3310, 4110,3390,4430 шоттар кредиттелінеді.  
         Құрылтайшылардың жарғылық капиталға үлестері есебінен енгізген материалдық емес активтері 5010 «Төленбеген капитал» шотының кредитінен 2730,2710 шотының дебеті бойынша кіріске алынады.  
         Жеке және заңды тұлғалардан, атқарушы өкімет органдарынан материалдық емес активтер тегін түскенде, олардың бастапқа құны  6280 «Басқа да табыстар» және  6230 «Мемлекеттік субсидиялардан табыс» шоттар кредитінен 2710,2730 шоттар дебетіне жатқызылады.

Материалдық емес активтер кәсіпорыннан әр түрлі себептермен шығарылады:

заңды және жеке тұлғалардан сату (өткізу) нәтижесінде;

моральдық тозудың нәтижесінде;

заңды және жеке тұлғаларға ақысыз тегін  беру нәтижесінде;

  басқа кәсіпорындардың жарияланған  капиталына салым ретінде салу  нәтижесінде. 

2.3. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС  АКТИВТЕРДІҢ АМОРТИЗАЦИЯСЫ

 

Материалдық емес активтер құнына сәйкес қағидасы бойынша активтің әрекет ететін мерзім бойына жүйелі түрде есептен шығарылып  отырылуы тиіс. Біз жоғарыда атап өткеніміздей, материалдык емес активтердің есебінде экономикалық қызмет ету мерзімін белгілеу жеткілікті түрде күрделі болып саналады және материалдык емес активтердің амортизациялық кезеңін анықтау барысында келесі факторларды ескерген жен:

- занды, реттеуші, келісімді жағдайларын  ескеріп, олардың максималды қызмет  ету мерзімімен шектелуі мүмкін;

- жаңарту немесе ұзарту жағдайлары  келсе, онда оның топшыланған  қызмет ету мерзімі өзгеруі  мүмкін;

- тозу, сұраныс және басқа да  экономикалық факторлар оның  қызмет ету мерзімін қыскартуы  мүмкін;

- келешектегі бәсекелестіктердің  және басқа да субъектілердің  әрекеті (іс-қимьшы) материалдык  емес активтердің бүгінгі белсенділік  кабілеттілігін шектеуі мүмкін;

- материалдык емес активтердің  кейбір түрлерінің қызмет ету  мерзімі сол активтердің кұрамдас  бөлшектері болуы мүмкін.

Материалдык емес активтердің пайдалы қызмет ету мерзімін субъектінің өзі дербес белгілей алады, егер де зандармен басқаша жағдайы қарастырылмаса (патент, авторлық күкық) немесе келісім-шартпен (лицензиондық келісім). Материалдык емес активтердің мерзімін дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда, оның пайдалы пайдалану мерзімін 10 жыл деңгейінде белгілейді, бірақ ол шаруашылық жүргізуші субъектінің қызмет ету мерзімінен аспауы керек. Материалдық емес активтерді есептеу үшін әртүрлі әдістер пайдаланылады: бірқалыпты (түзу сызықты), қалдық қүнын азайтатын және кумулятивтік. Әдісті тандау активтен күтілетін экономикалық олжаның тұтыну моделіне байланысты іюлып келеді. Материалдык емес активтердің арналымы бойынша пайдалануға дайыпді.іқ кезеңінен бастап амортизациясын есептейді. Амортизациялық сомасы әдетте, шығыс ретінде танылады, егер де ол басқа да активтердің құнына қосылмаса. Амортизацияны есептеу әдісін тандау бір есептік кезеңнен екіншісіне жүйелі түрде ауысып отырады, егер де активтерден алынатын олжаның тұтыну моделі айтарлықтай өзгермесе. Материалдық емес активтердің жою құны өте сирек кездеседі, олардан алынатын олжа тек қызмет ету мерзімінің соңында анықталады. Сондықтан материалдық емес активтердің жою құны, әдетте нольге тең болады. Материалдық емес активтердің амортизациясын (тозуын) есепке алуға 11 "Материалдық емес активтердің амортизациясы" деп аталатын бөлімшесінің шоттары арналған: 111 "Материалдық емес активтердің амортизациясы – лицензиялық келісімдер", 112 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - бағдарламалық жабдықтау", 113 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - патенттер", 114 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - ұйымдастыру шығындары", 115 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - "Гудвилл", 116 "Материалдық емес активтердің амортизациясы - тағы басқалары".

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі