Материалдық емес активтер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 06 Июня 2013 в 20:10, контрольная работа

Краткое описание

Біз қазіргі жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құрдық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның айқын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өзі мойындап отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

МЕА курстык жумыс.docx

— 73.13 Кб (Скачать документ)

                                                    КІРІСПЕ

 

Біз қазіргі  жағдайда жұмыс істеп тұрған нарықтық экономиканы құрдық. Экономикамыз бен әлеуметтік өміріміз жақсара бастады.Оның айқын көрінісі Қазақстан ТМД елдерінің ішінде бірінші болып тұрақты әлеуметтік – экономикалық қамтамасыз етті,ал мұны жетекші халықаралық сарапшылардың өзі мойындап отыр. Экономикамыздың тұрақты стратегияны жүргізуінің нәтижесінде бүгінде Қазақстан дамыған елдердің қолданып жүрген халықаралық бухгалтерлік есеп стандартына,заңдарын және икемді салық жүйесін толық пайдалануға талпыныс жолында.Бухгалтерлік есепте материалдық емес активтердің анықтамасы негізгі құралдардың анықтамасына сәйкес келеді, яғни жай қызметтер үрдісінде сатуға арналмаған және ұзақ мерзімге пайдалану мақсатымен сатып алынады. Егер оларды пайдаланудан болашақта табыс алынады деген ықтималдылық болса және егер оларды сенімді бағалауға болатын болса ғана олар танылады. Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Материалдық емес активтер» болып табылады. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің 1999 жылғы қыркүйек айының 10 күнгі №490  бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шотының І бөлімінің   1-ші бөлімшесі «Материалдық емес активтер» деп аталады. Осы тақырыпқа сай курстық жұмыста «Материалдық емес активтер»  бөліміне жататын келесідей мәселелер қарастырылады: бірінші бөлімінде «Материалдық емес активтер және оларды тану, бағалау», екінші бөлімінде «Материалдық емес активтердің кіріске алу және шығу жолдары, амортизациясы».

«Материалдық  емес активтер» бабы бойынша шаруашылық қызметте ұзақ уақыт бойы пайдаланылатын және кіріс келтірілетін материалдық емес объектілерге кәсіпорынның жұмсаған шығындары көрсетіледі. Материалдық емес активтердің тозуы өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құнына олардың бастапқы құны мен ұтымды пайдалану мерзіміне қарай кәсіпорын есептеген нормалар бойынша, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып жатқызылады. Ұтымды пайдалану мерзімін анықтау мүмкін болмайтын материалдық емес активтер бойынша тозу нормасы он жыл мерзімге есептеліп, бірақ кәсіпорын қызметінің мерзімінен аспайтындай болып белгіленеді.

      Қазіргі таңда БЕС №28, ал қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттарына сәйкес (№38 ҚЕХС) материалдық емес активтер басқа тараптарға жалға өткізу немесе әкімшілік мақсаттар үшін өндірісте немесе тауарлар мен қызмет көрсетуде физикалық мәні жоқ сәйкестендірілетін ақшалай емес активтер болып табылады.Материалдық емес активтерді есепке алу кезінде өте маңызды сұраққа материалдық емес активтерді пайдалану мерзімін анықтау жатады.Қызмет ету мерзімін анықтағанда келесі факторлар ескерілу қажет:

- қызмет ету мерзімін ең жоғарғы  шектейтін заңды , реттеуші және  келісілген ережелер;

- болжамды қызмет мерзімін өзгертуі  мүмкін жаңарту немесе ұзарту  үшін шарттар;

 - қызмет ету мерзімін азайтатын тозу, сұраныс және басқа да экономикалық факторлар;

    - жұмыстардың орындалуының күтілген мерзімге сәйкес келетін қызмет     мерзімі;

- материалдық емес активтің бәсекеге бар, бәсекеге қабілеттігін шектейтін бәсекелестердің және басқа да субъектілердің күтілген әрекеттері;

- материалдық емес активтердің  жиынтығына кіретін басқа активтердің қызмет ету мерзімі.

        Материалдық емес активтердің құны активтердің қызмет ету мерзімінде  жүйелі түрде жазылу керек. Материалдық емес активтердің амортизациясы оның пайдалы қызмет ету мерзімі жүйелік негізде жүзеге асырылады. Амортизацияны пайдалану әдісі активтердің экономикалық тиімділігін банктерде пайдалану моделін сипаттау керек. Егер мұндай үлгі нақты анықталған болмаса, амортизацияны теңбе тең аудару әдісін пайдалану керек.Материалдық емес активтердің тиімді қызмет ету мерзімін қарастыру керек. Халықаралық стандартқа сәйкес материалдық емес активті пайдалануда оның ағымдық,баланстық құны кәсіпорын үшін экономикалық тиімділігін жоғарылатуы мүмкін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І. БӨЛІМ  МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕР  ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ  ТҮСІНІК

1.1  МАТЕРИАЛДЫҚ  ЕМЕС  АКТИВТЕР  ЖӘНЕ  ОЛАРДЫҢ  СИПАТТАМАСЫ

 

        Материалдық емес активтер — бұл өндірісте ұзақ мерзім бойына пайдалану  үшін немесе тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді), сатуға, әкімшілік мақсатқа  және басқа субъектіге жалға беруге арналған табиғи нысаны (мәні) жоқ акшалай  емес активтер. Бұл активтерді анықтауға болады, олар субъектінің күшімен  бақыланады және оларды пайдаланудан субъект болашақта экономикалық олжа  табады деп күтіледі. Материалдық емес активтерді анықтауға болады: егер де оларды жалға берсе,  сатса, айырбастаса; болашақта алынатын экономикалық олжаға олардьң тікелей қатысы болса. Материалдық емес активтерді субъект бақылай алатын болса, онда  оның экономикалық олжа табу мүмкіндігі ашылады.  Келешекте экономикалық олжа, осы материалдық емес активпен тікелей байланысты, егер олар мынадай жағдайда алынса:

болашақ экономикалық олжаны өсіруде материалдық емес    активтердің рөлі анықталса;

субъектінің осы активті  пайдалану  қабілеттілігі мен  ниеті болса;

бүгінгі күнге пара-пар қаржылық, техникалық және басқа да ресурстар  бар болып, субъектіге болашақта  күтілетін экономикалық олжаны алуға  қолайлы жағдай туғызса.

 Материалдық емес (ұстап көруге болмайтын) активтер — нақты табиғи нысаны  жоқ сезілмейтін құндылыққа ие болғанымен материалдық активтердің де, материалдық емес активтердің де құрамында кездесуі мүмкін.  Мысалға, кәсіпорын технологиялық құрал-жабдықты басқару үшін, оны  компьютерлік бағдарламамен камтамасыз ету керек, өйткені онсыз  құрал-жабдықтар  қызмет ете алмайды. Сондықтан, бағдарлама құрал-жабдықтың бөлінбейтін бөлігі  болып саналады. Осыдан, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етуді ненің  құрамында екенін байымдап ақыл-парасатпен аныктау керек, өйткені ол негізгі құралдың да, материалдық емес активтің де құрамында есептелуі мүмкін.  Кейбір материалдық емес активтер физикалык заттың (алып жүрушілердің)  кұрамында болады, атап айтсақ: компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз ететін — дискетте, фильм-лентасында, занды құжаттау (лицензия, патент) — кағазда болады, бірақ дискет те, лента да, қағаз да кез кезегінде қосалқы элементтер болып  табылады жэне олар активтің мәнін анықтау үшін негіз бола алмайды.  Бұған қарамастан, материалдықта, материалдық емес активтердіңде есебінде  көптеген ұқсастықтар бар, бірақ соңғының есебінде теңестіру немесе ұқсастыру,  пайдалы қызмет ету мерзімін бағалау (анықтау) сияқты аспектілері өте  күрделі болып саналады. Кейбір материалдық емес активтер фирманың басқа да активтеріне жеке теңестірілуі мүмкін, мысалға, патент, сауда маркісі сияқтылары, ал баскалары  болса жеке теңестірілмеуі мүмкін, керісінше, осындай материалдық емес  активтердің құны басқа да фирманың активтерімен тығыз байланыста шығарылуы мүмкін: мұндай материалдық емес активтің қатарына гудвилл жатады, ол клиенттердің сеніміне немесе қызметкерлердің машықтық деңгейіне негізделеді.  Мысалы:

        Жоғары радиациялық (сәуле шашатын) зонада орналасқан фармацевтикалық "Феникс" кәсіпорны дәрі-дәрмек, препаратын өндіретін фармацевтикалық "Бота" фирмасымен лицензиондық келісім жасасты делік. Ол  радиациондық сәуленің әсерінен болатын ауруларды емдеу үшін қажет.  Компанияның келешектегі экономикалық пайдасы (олжасы) жоғарыда  аталған лицензиондық келісіммен де тікелей байланысты болады, егер де:

- сол жерде тұратын халықтың  шығарылатын препаратқа деген  сұранысы  жоғары болса және онда жүргізілген әлеуметтік мәселелерге, сондай-ақ  өндірілетін препараттың келешекте үлкен экономикалық пайда әкелетіндігіне  толық сенім болса;

- препарат өндіру үшін компания  басшылығы келісімді пайдалануға  ниет  білдіріп, ол оның бизнес-жоспарында көрініс тапса;

 - кредиторлардың, жасалған келісім-шартқа сәйкес, қаржылық және басқада қажет ресурстарды беруге ынтасы бар болса.

Субъекті кей жағдайларда тиесілі заңды құжаттардың құқын рәсімдемей-ақ осы экономикалық олжамен басқа кәсіпорындардың шұғылдануына тиым сала алады. Егер де шығарылатын өнімнің технологиясы патенттелген болса, онда ол басқа субъектінің айналысуына тиым салады. Материалдық емес активтерге: лицензиондық келісімдер, компьютерлік бағдарламамен қамтамасыз етулер, патенттер, авторлық құқықтар, тауар  белгілері, қызмет ету белгілері, фирма атаулары, тәжірибелі-конструкторлық  жұмыстар және т.б. жатады.

Материалдық емес активтер деп - белгілі бір нақтылы табиғи пішіні жоқ, ақша немесе зат түріндегі активтер қатарына жатпайтын, бірақ қандай да бір бағаға, құнға бағаланатын болғандықтан кәсіпорынға өнім өндіруде, тауарларды сатуда, қызмет көрсетуде, негізгі құралдарды жалға беруде немесе әкімшілік қызмет барысында үнемі, яғни ұзақ уақыт бойы (бір жылдан артық уақыт) қосымша табыс (пайда) әкеліп тұратын активтерді айтамыз. Кәсіпорындарда материалдық емес активтердің қатарына Лицензиялық келісімдерді, Программалық жабдықтарды, Патенттерді, ұйымдастыру шығындарын, Гудвилді, Франчайзингті, Сауда маркаларын, Авторлық құқықтарды жатқызуға болады. Кәсіпорында материалдық емес активтер басқа заңды немесе жеке тұлғалардан сатылып алыну, басқалардың субсидия ретінде немесе сыйға беруі барысында, сондай-ақ кәсіпорынның өз ішінде ойлап табуы негізінде пайда болады.Объектілерді материалдық емес активтердің қатарына кіргізу (жатқызу) тәртібі және олардың құрамы белгіленген заңдарға сәйкес тиісті нормативтік актілерде қарастырылған.

Материалдық емес активтер кәсіпорынның балансында бастапқы құны бойынша кіріске алынады. Бұл материалдық емес активтердің бастапқы құны былайша анықталады:

Құрылтайшылар мен үлес қосушылардың кәсіпорынға  жарғьлық қорына қосқан үлесі есебінен келіп кіріске алынған материалдық  емес активтердің бағасы екі жақты нақты келісім бойынша бағаланады.

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардан тегін (қайтарымсыз), сый ретінде алынған  материалдық емес активтер сол уақыттағы нарықтық баға бойынша бағаланады.

Басқа заңды тұлғалардан, сондай-ақ жеке адамдардан сатылып алынған материалдық емес активтер, ол обьектілерді сатып алуға және оларды пайдалану үшін жұмсалған шығындар сомаларының қосындысы бойынша бағаланады. Бұл материалдық емес активтердің баланстық бағасын анықтаудың жалпы әдісі болып табылады. Бірақ кейбір материалдық емес активтердің бастапқы құнын анықтаудың ерекшеліктері бар. Бұған мысал ретінде соңғы уақыттарда акционерлік қоғамдар мен жекешелендірілген шаруашылық субъектілерінде және басқа да ұйымдарда қолданылып жүрген «Ноу-Хау» деген үғымды келтіруге болады. «Ноу-Хау» деп шаруашылық қызметі, яғни пайдаланылуы барысында субъектіге табыс (пайда) беретін (әкелетін) жаңа технологиялық шешімдер мен жаңалықтарды, құпия мәліметтерді, айрықша құқықтарды, яғни жеке тұлғаның өзі тапқан ғылыми жэне басқадай жаңалығын айтуға болады. «Ноу-Хау» жалпы «патент» сияқты болып көрінгенмен одан өзгеше болып келеді. Кәсіпорындар патентті сатып алады, сондықтан да ол үшін сатып алуға қаржы жұмсалынғандықтан оның бастапқы құны болады. Көп уақыттарда «Ноу-Хау» кәсіпорынның үлес қосушылары мен құрьлтайшьлары өздерінің ұйымдағы жарғылық қорға қосқан үлесі есебінде береді. «Ноу-Хау»-дың бағасы, яғни бастапқы құны оны кәсіпорынға кіріске алатын, яғни балансқа алатын уақыттағы екі жақты нақты келісім бойынша белгіленеді. Материалдық емес активтердің жоғарыда аталып өткен түрлерінің бірі «Лицензиялық келісімдер». Ол белгілі бір заңды тұлғаның бір тауарды өндіру немесе сату құқын екінші  заңды тұлғаға беруі болып табылады. Ал бұл құқыққа ие болған кәсіпорын оның иесіне, яғни лицензиялық келісімдерді берушіге ол материалдық емес актив үшін тиісті белгіленіп келісілген мөлшерлерде қаржы төлейді немесе келісім бойынша басқа да міндеттерін орындайды.

 

 

1.2. МАТЕРИАЛДЫҚ ЕМЕС АКТИВТЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП СТАНДАРТТАРЫНДАҒЫ ОРНЫ

 

ХҚЕС ке сәйкес, кейбір материалдық емес активтер физикалық  түрде кездесуі мүмкін, мысалы, компакт-дискі  түрінде, құқықтық құжаттар түрінде, құқықтық құжаттар түрінде (патент, лицензия) немесе таспа түрінде. Бірақ, мысалы, станокты басқаратын программалық басқару, онсыз  станок жұмыс жасамайды, станоктың  құрамдас бөлігі болып табылады, әрі  негізгі құрал есебінде есепке алынады. ХҚЕС 38 сонымен қатар жарнамалық шыығындар мен құралдары іске қосуға, зерттеу және іздестіру жұмыстарына  кететін шығындар үшін де қолданылады.

Мысалы, ұйым бірнеше бағыттағы ғылыми-зерттеу  және тәжірибелік-конструкциялық жобалармен айналысады  делік. Бірінші жоба бойынша олардың техникалық тұрғыдан қамтамасыз етілетініне күмән бар, екінші жоба бойынша қаржыландырудың тоқтатылуы мүмкін, үшінші жоба бойынша экономикалық тиімділіктің болар болмасы белгісіз. Төртінші жоба қаржыландырудан қиындық көрмейді, экономикалық тұрғыдан пайда пайда әкелеріне шүбә келтірілмейді, техникалық мүмкіндіктер толық анықталған.

1- кесте      

Мазмұны

1

2

3

4

Жалпы шығындар

Оның  ішінде 4жоба

Барлық  шығындар

 

%

%

Сома 

Материалдар

1000

2000

3000

4000

100

20

20*

10100

Еңбеккерлер  
еңбек ақысы

100

200

300

400

     

1000

Әкімшілік еңбекақысы

       

250

25

62,5*

250

Басқа да қосымша шығындар

               

Тікелей

100

200

300

400

     

1000

Жанама 

50

60

70

80

     

260


 

Материалдық емес активті мойындауға байланысты, төртінші  жоба бойынша шығындарды капитализациялау жүргізіледі: 4000+400+400+80+20+62,5*=4962,5

Қайта жасалған материалдық  активтің  өзіндік  құнына:

Материалдар мен қызметтер шығыны;

Активті жасауға тікелей қатысты еңбеккерлердің еңбек ақысы жәнне басқа да шығындар;

Жаңадан жасалған активке тікелей жұмсалған  кез келген шығындар қосылады (төлемдер, активті жасау кезінде пайдаланылған патентттер мен лицензияларлың амортизациясы);

Информация о работе Материалдық емес активтер есебі