Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншікменшік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................2

І. АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТҮРІ.
1.1. Аудит және оның құрамы............................................................................4
1.2. Аудиттің есебін жасау сатысы………………………………………….6
1.3.Аудиттің кәсіпорындағы басқару функциясы………………………….8

ІІ. МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТЫ.
2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиты…………………………………9
2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиты........................................................11
2.3.Кредиторлық берешек аудиты...............................................................14

ІІІ. «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ.
3.1 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы экономикалық талдау...........16
3.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі.........21
3.3.Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар…………………………..22

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МИНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТИ 2.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

 

Тиімділік – әлеуметтік-экономикалық процестер мен құбылыстардың  жиынтығын сипаттайтын, нәтижеге қол  жеткізу мен ресурстарды пайдаланумен байланысты категория. Экономикалық тиімділіктің өсуі, өнім бірлігіне шаққандағы шығынның қысқаруымен немесе бұрынғы шығын  көлемін сақтай отырып, тиімділіктің артуымен тікелей байланысты. Еңбекақының  тиімділігіне сәйкес оның ынталандырғыш  рөлін де айқындауға болады.

Корпорация  кәсіпорындарында 2004-2010 жж. аралығында жалақының 1 теңгесіне келетін тауарлы  өнім көлемінде айтарлықтай өзгеріс  бола қойған жоқ. Мұның кем дегенде  екі себебі бар: бірінші, еңбек ақы  мөлшерінің өндірістің өнім көлеміне сәйкес өсіп отыруы, екінші жалақы төлеуге  бөлінген қаржының орынды жұмсалуы. Сонымен  қатар, 2010 ж. жалақы төлеудің мөлшері 2009 ж. салыстырғанда 26,6%-ға көтерілді. Бұл  тауарлық өнімдер өндірудің жалақы қорына қарағанда жоғары өсу қарқындылығының  әсері (3-кесте).

 

Кесте 2

 «Қазақмыс  корпорациясы»  шығындар мен тауар өнімдерінің  жалпы сомасындағы жалақының  үлес салмағы.

 

Көрсеткіштер

Жылдар

 

2004

 

2005

 

2006

 

2007

 

2008

 

2009

 

 2010

Тауар өнімі,

мың теңге

70932717

70140555

73052511

74573932

168879478

230084292

437830139

Жалақы қоры,

мың теңге

8522051,5

9176852,4

9412695,1

9651465,2

19775114,5

23495989

29744199,1

Өндірістік өзіндік құны,  мың  теңге

44708784,2

49259064

36532212

37031530

38257349

51557817

208890514

Шығындардың жалпы сомасындағы жалақы үлесі, % 

19,06

18,63

25,77

26,06

51,7

45,6

14,25

Тауар өнімі мөлшеріндегі жалақы үлесі, %

12,01

13,1

12,88

12,94

11,7

10,2

6,79


 

2004-2010 жж., яғни 2010 ж. дейінгі кезеңде «Қазақмыс»  корпорациясы кәсіпорындарында  жалақының өндірістік шығындардың  жалпы көлеміндегі үлесі үнемі  өсіп отырды (2004 ж. – 19,1%, 2009 ж. 25,4%).

Ал, оның тауарлы  өнім мөлшеріндегі үлес салмағы керісінше, біршама төмендеді. Мұндай жағдай мына төмендегілермен түсіндіріледі:

- салыстырылып  отырған  кезеңде өндірістік  өзіндік құнның мөлшері 15,3%-ға  өссе, жалақы қоры 2,7 есе, ал тауарлы  өнім көлемі 3,2 есе арттырылды;

- жалақы  төлемдерінің салыстырмалы көтеріңкі  өсімі осы мақсатта жұмсалған  қаржының тиімділік деңгейінің  төмен екенін көрсетеді.

«Қазақмыс корпорациясы»  құрамына енетін кәсіпорындарындағы жалақының  үнемі өсіп отыруы өзін-өзі қаншалықты ақтап отыр, басқаша айтқанда, оның ынталандырғыш рөлі қандай? Мұны жұмысшылардың  орташа жалақы мөлшерін, олардың еңбек  өнімділігімен салыстыру әдісімен, яғни басып озу коэффициентін  анықтау жолымен анықтауға болады (4-кесте).

4-кесте деректерінен  көрініп тұрғандай, корпорация  жұмысшыларының еңбек өнімділігі  мен олардың орташа айлық жалақысының  арасындағы байланыс тым әлсіз.  Бұл «Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-і қызмет көлемінің өсуінде  жалақының ынталандырушы рөлінің   төмен екендігін көрсетеді. 

Демек, еліміздің  табысы мол, іріленген өнеркәсіптік құрылымдарының алдында, олардың әлеуметтік жауапкершіліктерін арттыру бүгінгі  таңда дұрыс қойылған мәселе.

Жеткізіп  берушілер – тауарлық-материалдық құндылықтарды (шикізатты, отын материалдарын, құрылыс материалдарын) жеткізіп беретін немесе қызмет көрсетуші (электр қуатын беру, газ. су және т.б.) заңды немесе жеке тұлғалар.

Мердігерлер - кәсіпорынның тапсырмасы бойынша жұмысты атқаратын мамандырылған заңды немесе жеке тұлғалар (негізінен, құрылыс-монтаждық).

Жеткізіп  берушілермен есептесудің тәртібі  және нысаны шаруашылық шарттарында  көрсетіледі.

Отандық жеткізіп берушілермен және мердігерлермен есептесу жеткізіп берушінің құжаттарының негізінде  іске асырылады: накладной, шот-фактуралар, атқарылған жұмыс, қызметті қабылдау-тапсыру  актілерінің, салық накладнойларының, тауарлық-көліктік накладнойлар және т.б.жүзеге асырылады.

 

 

Жеткізушілер  мен мердігерлердің  шоттарын өтеу

 

Материалдық құндылықтар, жабдықтар, құрылыс материалдар және көрсеткен  қызметтері үшін жеткізушілер мен мердігерлердің  шоттарын өтеу

 

3210 Жеткізушілерге және мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

 

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

1091 Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1041 Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ

1042 Ақылы қызметтер ҚБШ

 

Атқарылған күрделі құрылыс  жұмыстары үшін   мердігерлердің шоттарын өтеу

 

3210 Жеткізушілерге және  мердігерлерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек

 

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1041 Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ

1042 Ақылы қызметтер

ҚБШ

 

Материалдық құндылықтар, жабдықтар, құрылыс материалдар және көрсеткен  қызметтері үшін жеткізушілерге алдын - ала ақша аудару

 

 

1410 Берілген қысқа мерзімді аванстар

 

1081 Жеке қаржыландыру жоспары бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

1091 Жеке қаржыландыру жоспарына бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулары

1041 Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ

1042 Ақылы қызметтер ҚБШ

 

Күрделі құрылыс жұмыстары  үшін   мердігерлерге алдын - ала ақша аудару

 

1410 Берілген қысқа мерзімді аванстар

 

1082 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1092 Күрделі салымдар бойынша міндеттемелер қабылдауға арналған жоспарлы тағайындаулар

1041 Демеушілік және қайырымдылық көмек ҚБШ

1042 Ақылы қызметтер ҚБШ




 

 

 

3.2  Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі

 

Кәсіпорын өз ондірісінің тиімді және ырғақты  жүмысын қамтамасыз ету үшін өзінің материалдық-техникалык базасын жасайды, яғни өндіріске қажет корларын құрайды. Кәсіпорынды жабдыктау экономикалық және әлеуметтік даму жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өзінің ұдайы  өндірісін қамтамасыз ету үшін өнім шығарушы кәсіпорыңдармен немесе делдалдык  ұйымдармен келісім-шартқа отырады.

Демек, көсіпорын  жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу үшін 3310 "Жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу" шотын пайдаланады, онда есеп айырысулар сомасының деңгейіне және нысандарына (алдын-ала төлемақы, инкасса, аккредитивтер, чектер) карамастан, жабдыктаушылардан  алынған материалдық, босалқы корлар, атқарылған жұмыстар мен қызметтер  үшін есеп айырысу жүргізіледі. 3310-шоттың кредиті бойынша жабдықтаушылардың  акцептелген шот-фактурасы және дебеті бойынша — есеп айырысу, валюталық  және басқа шоттардың кредитінен олардың төлемақысы жазылады.

Өнім жеткізушілермен  есеп айырысулар есебі арнайы нысандағы  журналда, машинограммада немесе тізімдемеде  әрбір шот-фактурасы немесе төлем-талап  тапсырмалары бойынша жүргізіледі, ал бұл өз кезегінде әрбір құжат  бойынша есеп айырысуларды бакылап  отыруға мүмкіндік береді.

Келіп түскен шот-фактураларды алдымен "Келіп түскен жүктер есебі журналына" тіркейді. Қоймаларға құндылыктардың түсуіне карай журналда кіріс құжаттары бойынша есепке алынады да, қоймаларға босалқы қорлардың немесе түспеген жүктерді іздестірунен байланысты сұрау салудың нәтижесінде алынған деректер негізінде келіп түскен күнін жазып қояды. Журналдың деректерін 3510 шотының деректерімен мезгіл-мезгіл тексеріп отырады. Журнал бойынша сондай-ақ жол үстіндегі материалдық құндылықтардың сомасы бақыланады. Журналға жабдыктау бөлімінің тауарлы-көліктік ілеспесі (накладнойы), кіріс ордерлері, материалдарды қабылдау туралы актілері негізінде кәсіпорын қоймасына материалдық құндылықтардың түсуіне карай жазып отырады."Ескерту" бағасына шоттың төленуі, акцептен бас тартуы немесе ішінара акцептелген сомасы және басқалары жөніндегі мағлұматтар жазылады. Журналға тек акцептелген шот-фактурасы ғана жазылады.Есеп журналы бойынша тіркеу номірін көрсете отырып, түскен жүктердің акцептелген шоттары бухгалтерияға беріледі. Осында олардың деректерін жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі есебі журналға жазылады, ал ол үш кезең бойынша жүреді.

Бірінші кезеңде  журналға акцептелген шот-фақтура  жөне баска да есеп айырысу қүжаттары  келіп түскен кездегі жазулары жазылады. Бүл ретте тіркеу нөмірі мен төлем-тапсырмаларыңық (шот-фактура) нөмірі, жабдықтаушының атауы, шот-фактурадағы акцепттің сомасы жазылады. Содан соң жабдықтаушының шот-фактурасын жергілікті жабдықтаушыдан немесе станциядан (айлақтан) өзге қалалардан түскен құндылықтарды алу үшін экспедиторға шот-фактураны береді.

Екінші кезенде  журналға қоймадан бухгалтерияға келіп  түскен кіріс құжаттары (кіріс ордерлері, тауарлы-көліктік құжаттары (накладнойлары), материалдар қабылдау туралы актілері) негізіңде жазылады. Журналда осы  құжаттардың нөмірлері келіп  түскен құндылықтардың есептік нсмесе кслісім-шартта көрсетілген бағасы бойынша алынған құны жөне тауарлы-материалдық  құндылықтар немесе өндіріс шығындары; есебі бойынша жекелегсн щоттар шегінде төлем талап-тапсырмаларына (шот-фактураға) сәйкес алынған нақты  құны бойынша керсетіледі. Кіріс құжаттары мұқият тексерілуі және төлем тапсырмаларындағы (шот-фактурадағы) материалдық құндылықтар санына сәйкес келуі тиіс егер жүктерді қабылдау кезінде жабдықтаушының немесе көлік ұйымының кінәсінен құндылықтардың жетіспейтіні немесе бұзылуы анықталса, актінің негізінде талап сомасын 3310-шоттың кредитінен 1290-шоттың дебитіне есептен шығарады. Егер материалдық құндылықтардың жетіспеуін есеп айырысуға дейін анықталатын болса, онда оның сомасына тиісті есеп айырысу төлем құжаттарында акцептті азайтады.

 

 

 

 

 

 

3.3. Кәсіпорын қызметін жетілдіруде  ұсыныстар. 

 

Қоғамдық  өндірістің тиімділігін  жоғарылататын, оның жоғары тиімділігін қамтамасыз ететін маңызды факторлар – ғылыми – техникалық прогресс болып табылады.

Жаңа  техниканы зерттеу мен енгізу шараларын өолдау да жеткіліксіз  болды.  Қазіргі нарықтық қатынастарды  қалыптастыру жағдайындағ саналы, революциялық өзгерістер қажет: ол ғылым мен техниканың жетістіктерінің негізінде халық  шаруашылығының барлық салаларында  түпкілікті түрде қайта  жасақтандыру деген мағынаны білдіреді.Ғылыми- техникалық прогрессивті технологияны: мембраналық, плазмалық, лазерлік, шамадан тыс  жоғары қысымдар мен импульстік күштер технологияларын кеңінен игеру.

Өндірісті автоматтандыру – роботты техниканы, роторлы және роторсыз конверйерлі  тізбектің, икемді автоматтандырылған өндірістің тез дамуы – олар еңбек  өнімділігінің жоғары болуын қамтамасыз ететін факторлар.

Металл  өнімдерінің, пластмассаның және тағы басқа жетілген конструкцияның материалдарының  жаңа түрлерін жасау және қолдану.

Өндірісті күшейту мен тиімділігін арттырудың маңызды факторларының бірі –  үнемдеу тәртібі болып  саналады. Ресурстарды сақтау күннен-күнге  өсіп келе жатқан жанармайға, энергияға, шикізат пен материалдарға сұранысты  қанағаттандыратын шешудегі өнеркісіптің рөлі өте маңызды.

Негізгі қорларды  жақсы пайдалану нәтижесі, ең бірінші өндіріс көлемінің  ұлғайюымен көрінеді.  Сондықтан  негізгі қорлардың тиімділігінің  жалпылама көрсеткіші өндірілген өнімнің  жалпы жиынтығын, сол көлемді  шығаруға  өатысқан негізгі қорлармен  салыстыру принципі арқылы анықтауға  болады.  Бұл көрсеткіш қор  қайтарымы деп аталады, атап айтқанда 1 теңге негізгі құралдардың көлемі шығарған дайын өнім көлемі дегенді  білдіреді.

Қор қайтарымы  – негізгі қорларды қолданудың маңызды  көрсеткіші. Қор қайтарымын жоғарылату - нарықты кезеңге өтудегі халық шаруашылығындағы маңызды мәселе.  Айта кету керек,  ғылыми-техникалық прогресс жағдайындағы қор қайтарымының едәуір өсуі қондырғыларды игеруді керек ететін тез ауыстырумен, капиталдық салымның ұлғаюымен, еңбек жағдайын жақсартумен, табиғатты қорғау шығындарының ұлғаюымен қиындатылып кетеді.

Өнімнің қор сымдылығы -  қор  қайтарымына  кері шама. Ол шығарылатын өнімнің 1 теңгесіне келетін негізгі қорлардың  үлестік бағасын көрсетеді. Егер қор қайтарымы өсуге бағытталса,  қор сыйымдылығы төмендеуге бағытталған.

Қор қайтарымының өсу факторларын мына 1-суреттен көруге болады.

 

 

 

 

 

 

 

 


 


 

1 сурет  - Қор қайтарымының өсу факторлары

 

Негізгі қорларды  тиімді пайдаланудың  халық  шаруашылығына маңыздығының қаншалықты екенін  бағалау  өте қиын. Бұл  мәселені  шешу  қоғамға  қажетті  өндірісті  ұлғайтуға,  өндірістің жиынтық  қуаттылығынан  қайтымдылықтың жоғарылауына және халықтың тұтынушылығын  толық қанағаттандыруға, мемлекеттегі қондырғылардың  балансын жақсартуға,  өнімнің өзіндік құнын төмендетуге  өндірістің  тиімділігін кәсіпорынның жинақ қорын арттыруға мүмкіндік  береді.

Негізгі құралдарға тозу сомасы есептелгенде бухгалтерлік есепшоттары бойыша жүргізілетін шаруашылық операциялар:

3 Негізі  құралдарға есептелген тозу сомасына:

- (8415) негізгі  өндірісте; 

- (8315) қосалқы  өндірісте; 

-  (7210) жалпы шаруашылыққа арналған;

- (7110)  сатуға қызмет көрсететін салада;

- (2930) күрделі  құрылысқа пайдалануда; 

Негізгі құраладарға тозу сома есептелді:

1. Негізгі  өндірістегі жабдықтарға  Д-т 8110, К-т 2420,93 740

2. Көмекші  өндірістегі жабдықтарға Д-т 8310, К-т 2420, 81 200

3. Әкімшілік  ғимаратына Д-т 7210, К-т 2420, 44 500

Көмекші өндірістің жабдықтары есептен шығарылды,

баланстық құнына Д-т 7410, К-т 2410, 32 200

Жабдықтардың  тозу сомасы есептен  шығарылды:Д-т 2420, К-т 2410, 11 000.

 

 

 

 

Қорытынды.

 

Қазіргі өмірдің талабына сай дамып тұрған өркениетті елдердің қайсысы болмасын кезінде  шағын және орта кәсіпкерлікті  дамыта отырып, айтарлықтай экономикалық өсу дәрежесіне жеткендігі баршаға  мәлім.

Информация о работе Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар