Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншікменшік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................2

І. АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТҮРІ.
1.1. Аудит және оның құрамы............................................................................4
1.2. Аудиттің есебін жасау сатысы………………………………………….6
1.3.Аудиттің кәсіпорындағы басқару функциясы………………………….8

ІІ. МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТЫ.
2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиты…………………………………9
2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиты........................................................11
2.3.Кредиторлық берешек аудиты...............................................................14

ІІІ. «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ.
3.1 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы экономикалық талдау...........16
3.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі.........21
3.3.Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар…………………………..22

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МИНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТИ 2.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

Бақылау барысында  қолданылатын ақпарат көздері болып 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты бойынша аналитикалық және синтетикалық мәліметтер өнімділіктің есебі және еңбекке ақы төлеуді есептеу жөніндегі бастапқы  құжаттар, уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары, еңбек демалысына төлемдерді есептеу, нормативті құжаттар, бұл операцияны реттейін ҚР «Еңбек туралы» заңы, Қызметкерлердің еңбегі мәселелерді жөніндегі әдістемелік ұсыныстар, олардың орташа еңбекақысын есептеу тәртібі жөніндегі нұсқаулық және т.б. басшылыққа алынады.

 Бұл үшін  Бас кітаптағы қарастырып отырған  айлардың бірінші күндегі 3350 тізімдемесінің  ведомостінің жиынтық сомасымен  кәсіпорын балансындағысымен салыстыру  қажет. Айырмашылық табылғанда  олардың себептерін анықтау керек.  Сондай – ақ мәліметтерді депозитке  салынған еңбекақы есеп кітабы  көрсеткіштерімен салыстыру керек.  Содан бастапқы құжаттардың анық  сенімділігін, толтыру дұрыстығын, олардың еңбекақы және еңбекті  өтеудің басқа түрлерін есептеу  мен төлеу бойынша нормативті  құжат талаптарына сәйкестігі  тексеріледі.Еңбекті уақыт бойынша  төлеуде тарифтік мөлшерлеме  немесе мәміле шарттарын қолданудың  дұрыстығы, кесімді төлеуде –  жұмыстың сандық және сапалық  көрсеткіштерін орындау, нормалар  мен баға қоюды қолданудың  дұрыстығы тексеріледі.

Еңбек пен  оны төлеу есебі жөніндегі  бастапқы құжатарды тексергенде  орындалған жұмыс есебі үшін жауапты  лауазымды адамдардың қойылған қолдары  бар – жоқтығын, барлық деректемелердің  толтырылу дұрыстығын, құжаттарда тазартып өшірілген түзетулердің бар –  жоғын т.б. анықтайды.

Жұмыс уақыты мен нарядтар есебі табелін, сондай еңбекті төлеуді есептеу жөніндегі  бастапқы құжаттарды тексергенде, оларға ойдан шығарылған тұлғаларды кіргізу  жағдайлары бар жоқтығын анықтау  керек. Бұл үшін оларды берген уақыттағы  нарядтарды талдап шығу, нарядтар мен  жұмыс уақытының есебі табельдеріндегі  жұмысшылардың аты – жөндерін жеке құрам есебінің және төленген сомалар туралы мәліметтерімен салыстыру  қажет. Бұрын төленген бастапқы құжаттар бойынша қайтадан

есептеу жағдайлары бар – жоқтығын, бір адамның аты – жөндері  бірнеше есептеу – төлемдік тізімдемелерінде қайталануын тексеруде маңызды. Кәсіпорынның тізімдік құрамында жоқ, аз уақыт жұмыс істеген адамдарға  жазылған нарядтарға, сондай – ақ төмен  сапамен орындалған жұмысты қайта  жасап, ақауды жою бойынша нарядтарға ерекше назар аударған жөн.

Бастапқы  құжаттар мен есептік тізімдемелерді тексергенде арифметикалық санаудың дұрыстығына ерекше көніл бөлу керек.

Аудиторлық  тексерудің жүзеге асатын одан әрі  кезеңдері мыналар:

  • төлемді есептеудің дұрыстығын іріктеп тексеру
  • жұмыстың қалыпты жағдайларынан ауытқумен байланысты қосымша ақыны ресімдеу тәртібі
  • құжатық ресімдеу мен іркіліс төлемі
  • өнімнің ақауын құжатпен ресімдеу мен оны төлеу
  • түнгі мезгілдегі жұмысқа қосымша ақы
  • жұмыстан тыс уақыттағы еңбекті өтеу
  • мерекелік күндердегі жұмысқа төлеу
  • іс жүзіндегі заңнамада қарастырылған жұмыспен өтелмеген уақытқа төлем есептеу
  • уақытша еңбекке жарамсыздық бойынша жәрдемақы есептеу
  • жалақыдан ұстаудың дұрыстығын тексеру.

Қарызға алынған  тауарлар үшін ұсталымдар азаматтарға  ұзақ пайдалану үшін кредитке тауарлар сату ережелерінде қарастырылған тапсырма – міндеттеме негізінде жасалады.

Тексеру қорытындысында мыналарды анықтау қажет:

  • шығыстарды еңбекке ақы төлеу қорына жатқызудың дұрыстығы
  • жеке төлемдерді өнімнің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығы
  • бухгалтерлік өткізбе желілері еңбекті өтеу қоры бойынша жасаудың дұрыстығы
  • синтетикалық және аналитикалық есепті, жиынтық мәліметтерді және еңбекке ақы төлеу қоры бойынша бухгалтерлік есеп беру формаларын толтыруды жүргізудің дұрыстығы
  • 3350 «Қызметкерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу» шоты арқылы орындайтын қағазы және депозитке салынған еңбекақы, 8, 10 журнал – ордерлердегі жазбасы, Бас кітап пен баланс жағынан аналитикалық есеп жазбаларына сәйкестігі.

 

 

 

 

 

    1. Кредиторлық берешек аудиты.

 

Кредиторлық берешек – кәсіпорынның басқа  заңды немесе жеке тұлғаларға міндеттемелері (берешегі).

Пайда болу сипатына қарай кредиторлық берешек  қалыпты және ақталмаған болып бөлінеді.

Қалыпты кредиторлық  берешек, кәсіпорынның бизнес-жоспарын орындау барысына, сондай-ақ есеп айырысудың іс жүзіндегі формаларымен байланыстыларын  санаған жөн. Бұларға төлеу мерзімі  келмеген акцептелген есеп – қисап  құжаттары бойынша жабдықтаушыларға берешек және бюджетке төлемдері  өтіп кеткен берешек және т.б. жатады.

Ақталмаған  кредиторлық берешек болып бюджетпен  есеп айырысу бойынша -  қаржы  органдарына, еңбекті өтеу бойынша  – кәсіпорын қызметкерлеріне, мерзімінде төленбеген есеп – қисап құжаттары  бойынша – жабдықтаушыларға және т.б. мерзімі өткен берешектер саналады.

Кредиторлық берешекті тексерудің басты міндеттері мыналар:

  1. төлем тәртібін сақтауды тексеру.
  2. Есептеуде қолданылатын бағаның, тарифтің және  басқа құндық көрсеткіштердің негізділігін тексеру.
  3. Кредиторлық берешек сомасының шынайылығын тексеру.
  4. Есептеулерді реттеу мен кредиторлық берешекті азайту жөніндегі ұсыныстарды дайындау.

Кредиторлармен  есеп айырысу жағдайын бақылауды  ұйымдастыру келісім шарттық  және есептік тәртіптің нығаюына тапсырылған ассортиментке және төлемдік тәртіпті сақтау үшін жауапкершілікті  арттыру сапасымен өнімді жеткізу  жөніндегі міндеттемелерді орындауға, кредиторлық берешекті қысқартуға және соған орай шаруашылық жүргізуші  субъектінің қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кредиторлық берешектің есепті кезеңнің басы мен  аяғындағы жағдайы баланста мынандай баптардың қалдықтарымен сипатталады:

1.Төленуге  тиісті шоттар мен вексельдер.

2. Алынған аванстар.

     3. Салықтар бойынша  берешек.

     4. Төленуге тиісті дивидендтер.

     5. Негізгі компания мен еншілес ұйымдар арасындағы топ ішіндегі операциялар бойынша берешек.

     6. Акционерлік қоғамның лауазымды адамдарына берешек.

      7. Басқадай кредиторлық берешек.

«Төленуге тиісті шоттар мен вексельдер» бабын  тексергенде аудитор оның қалдығын салыстырып, және ол мыналар үшін жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі  ақпаратты жинақтап қорытуға арналған:

а) алынған ТМҚ мен айналымнан тыс активтер, орындалған жұмыстар мен тұтынылылған қызметтер;

ә) алынған ТМҚ, айналымнан тыс активтер, есеп-қисап құжаттары әлі түспеген жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

б) қабылдау кезінде табылған МТҚ артығы мен айналымнан тыс активтер;

в) қабылдау кезінде табылған ТМҚ артығы мен айналымнан тыс активтер;

г) тасымалдау мен т.с.с бойынша алынған қызметтер.

Аудитор жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысуды  тексеру бағдарламасын жасағанда, ішкі бақылау мен есеп жағдайын анықтайтын ішкі аудит жұмысына да жүргізілген  жұмысқа қаншалықты сүйенетіндігін анықтауы тиіс.

 Басқадай  кредиторлық берешек аудитіне  қызметкерлермен еңбекақы бойынша  есеп айырысу, жалгерлік міндеттемелер,  төленілетін сыйақылар, басқа  да кредиторлық берешекпен есеп  айырысулар жатады.

 

Жабдықтаушылар мен мердігерлермен есеп айырысу аудитінің бағдарламасы.

 

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

 

1. Тауарлы-материалдық  қорларды алуға арналған құжаттарды  рәсімдеудің дұрыстығы мен бар  екендігін  тексеру.

 

Шарттар,шот фактуралар, төлем тапсырмалары, кірістік құжаттар мен т.с.с.

 

2. Тауарлы-материалдық  қорлардың саны мен сапасы  жөніндегі тілек талаптарды рәсімдеудің  дұрыстығын,негізділігін, уақыттылығын  тексеру.

 

Тиісті құжаттарды жабдықтаушыға, темір жолға немесе шаруашылығына талап құжаттары, 8 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

 

3. Алынған құндылықтарды  кіріске алудың немесе орындалған  жұмыс пен көрсетілген қызмет  есебінің толықтылығы мен уақыттылығын  тексеру.

 

Қабылдау актілері, құжаттар, шот фактуралар, кірістік ордерлер, қойма есебі карточкалары, материалдар есебі тізімдемесі, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б.


 

  

4. Жабдықтаушылар  мен мердігерлерге берешектің  анық сенімділігін, шынайылығын  және заңдылығын тексеру.

 

Шарттар жобалық  сметалық құжаттама,

орындалған жұмыс  актілері, шот фактуралар, төлем  тапсырмалары, 6 журнал-ордер, Бас кітап, баланс және т.б.

 

5.Вексельдерді пайдаланып, жабдықтаушылармен ҚҚС алып тастап, жабдықтаушылармен  және мердігерлермен есеп айырысудың дұрыстығын тексеру.

 

Вексель, кірістік құжаттар, 5, 6 журнал-ордерлер,

 салықтық  шот-фактуралар, ҚҚС салық жәніндегі  декларация, Бас кітап және т.б.

 

6. Шот корреспонденцияларын  құрудың дұрыстығын тексеру, аналитикалық  есеп мәліметтерінің синтетикалық  есеп мәліметтеріне сәйкестігі.

 

Шот-фактуралар,төлем тапсырмалары,6 журнал-ордер,

Бас кітап, баланс, әдістемелік ұсынымдар.


 

 

 

 

 

 

ІІІ. «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ.

 

3.1. «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы экономикалық талдау.

 

«Қазақмыс корпорациясы»  ЖШС-гі көпсалалы, кен өндіруден  тұтынуға дайын өнім шығаруға маманданған, біткен циклды өндірісті  меңгерген  тау-кен металлургиялық кәсіпорыны. Компанияның негізгі қызметі: пайдалы  қазбаларды өндіру және оларды байыту, катодтық мыс өнімін шығару, түсті  металдар өндіру және сату.

Корпорация, әлемдік деңгейде дамып  келе жатқан құрылым. Оның қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері мына төмендегідей (2-кесте).

1-кестеден көрініп тұрғандай, 2004-2010 жж. аралығында корпорацияның өнім  өткізуден тапқан табысы 3,7 есе,  таза табыстың көлемі 6,0 есе арттырылды. ЖШС-і кәсіпорындарының жиынтық  тиімділік деңгейі 2009 ж. 79,3%-ды  құрады, бұл 2004 ж. салыстырғанда  30,2 пайыздық пунктке жоғары.

Нарықтық  қатынастардың тереңдетілуі және кәсіпкерлік  өрісінің кеңеюі жағдайында еңбек төлемін  реттеудің маңызы ерекше. Өйткені  еңбекақы ғана жұмсалған еңбек күшіне пара-пар келеді және өндірістің дамуына  ынталандырудың әсерін  күшейте  түседі. 

 

Кесте 1

«Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-нің  қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері.

 

Көрсеткіштер

Жылдар

2004

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Сатудан түскен табыс,

мың теңге 

112699401

116625405

125221331

124219953

170492574

228817260

411176304

Өткізілген өнімнің өзіндік құны,

мың теңге

47093088

54165092

57217269

55782536

58737406

83691000

118303824

Жалпы табыс,

мың теңге

65606313

62460313

68004062

68437417

111755168

145126260

292872480

Осы кезеңдегі шығын,

мың теңге

19135686

19675843

17818541

26396187

44666565

23660417

30079588

Негізгі қызмет табысы,

мың теңге

46470627

42784470

50185521

42041230

67088609

121465843

262792892

Негізгі емес қызмет нәтижесі, мың теңге

3685266

3286309

4350080

832402

6833626

1629564

11979561

Салық салуға дейінгі табыс,

мың теңге

50155893

46070779

54535601

42873632

73922235

123095407

274772453

Табыс салығы,

мың теңге

17627442

15465492

16502175

17243086

26926038

37927399

80125488

Таза табыс,

мың теңге

32528451

31016011

36880320

25600012

46996197

85168008

194646965

Негізгі өндірістің тиімділік 

деңгейі, %

70,2

57,9

66,9

51,2

64,9

82,4

104,7

Корпорацияның тиімділік 

деңгейі, %

49,1

42,0

49,2

41,2

45,5

 

50,3

 

55,3

Информация о работе Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар