Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Ноября 2013 в 14:38, курсовая работа

Краткое описание

Қазіргі нарықтық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын өз атынан тәуелсіз бола отырып, экономикалық және заңдық міндеттемесіне жауапты болуы қажет. Осыдан халық шаруашылық жүргізуші субьектілерінің қаржылық қабілеттілігі тұрақты болуы үлкен маңызы зор. Сол себепті қаржылық жағдай мен ақша қаражаттарының дұрыс және тиімді пайдалануы туралы сараптамасы ең бірінші кезекте болып отыр. Ең біріншіден сараптаманың қорытындысының қолданушыларына: жеке меншікменшік иелері, несие берушілер мен инвесторға, сонымен қатар жабдықтаушылар мен менеджерлерге және салық қызметіне маңызы зор. Кез келген кәсіпорын үзіліссіз ырғақты жұмыс істеп тұру үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі.

Содержание

КІРІСПЕ............................................................................................................2

І. АУДИТ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ ТҮРІ.
1.1. Аудит және оның құрамы............................................................................4
1.2. Аудиттің есебін жасау сатысы………………………………………….6
1.3.Аудиттің кәсіпорындағы басқару функциясы………………………….8

ІІ. МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТЫ.
2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер аудиты…………………………………9
2.2. Ағымдағы міндеттемелер аудиты........................................................11
2.3.Кредиторлық берешек аудиты...............................................................14

ІІІ. «ҚАЗАҚМЫС КОРПОРАЦИЯСЫ» ЖШС ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ.
3.1 «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС қаржы экономикалық талдау...........16
3.2 Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу есебі.........21
3.3.Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар…………………………..22

ҚОРЫТЫНДЫ............................................................................................... 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ......................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

КУРСОВАЯ МИНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТИ 2.docx

— 66.52 Кб (Скачать документ)

В)жалпы қаржы есебіне баға беру.

6

Аудит есебінің қорытындылау бөлімнде аудит қорытындысын жасау қажет. Оның негізгі мақсаты  субъектінің қаржы есебінің дұрыстығын, оның мемлекет заңына, нормативтік  құжаттар талабына, бухгалтерлік және аудиторлық талабына сәйкес жасалынғанын көрсету. Қаржы есебі туралы басқадай нақты мәлімет қажет болған жағдайда аудитор оны жеке анықтамалар, сараптау қорытындылар арқылы көрсетеді. Қазақстандағы  аудит стандартының талабына сәйкес аудит қорытындысының түрі мен мазмұны  бір жүйеге келтіріледі.

Шет елдер  тәжірибесіне сүйене отырып, қазір  Қазақстанда аудит қорытындысы  төрт түрде жазылады:

1.Күдіксіз – сенімді аудиторлық  қорытынды.

2. Күдіксіз – ескерту келтірілген қорытынды.

3. Күдікті – сенімсіз аудит қорытындысы.

4. Теріс қорытынды.

1) Күдіксіз – сенімді аудит қорытындысы, аудиторлық тексеру барысында ешқандай қате қаржылық есебі мүлтіксіз дұрыс болған жағдайда, бухгалтерлік есеп заңдылықпен, мемлекет бекіткен ереже – нұсқау талабына, бухгалтерлік – аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілген жағдайда ғана беріледі.

2) Аудит қорытындысының екінші үлгісі күдіксіз ескерту келтірілген қорытындысын жасауға, аудиттік тексеру барысында әр түрлі себептер кездесуіне байланысты болады. Мысалы, аудит шартының талабына сәйкес аудит объектісінің тұйықтылығына, шектеуіне байланысты, тапсырушы субъектісі бастығының өз тарапынан шектелген талап қоюына байланысты, есеп саясатында келтірілген шешімдер талабына байланысты.

3) Аудит қорытындысының үшінші үлгісі, күдікті – сенімсіз қорытынды аудит тексеруі барысында қаржы есебінің, бухгалтерлік есеп жұмысының, есеп саясатының орындалмауына байланысты беріледі. Тапсырушының талабы  аудит принциптеріне қарсы келгендіктен аудитор өзінің дербес тәуелсіздігін сақтайды. Оған негіз болатын аудитор этикасының кодексі.

4) Аудит қорытындысының төртінші түрі теріс қорытынды. Субъектінің қаржы есебі, бухгалтерлік есебі, бухгалтерлік – аудиторлық стандартқа сәйкес жүргізілмеген, мемлекет заңын, бухгалтерлік есеп ереже-нұсқауын орындамаған жағдайда жазылады.

Аудит қорытындысы  негізінде құпиялық принципте ұсталынатын  құжат. Сондықтан, аудит қорытындысы  тек қана тапсырушының қолына тікелей  тапсырылады. Тапсырушыға аудит  қорытындысымен бірге аудит есебі  тапсырылады. Есебі өте тұжырымды, мәдениетті тілде жазылуы қажет. Онда деректі, заңдылық ұғымдар кездеспеуі керек. Сонымен қатар өлшем, сан,ақша көрсеткіштері келтірілуі қажет. Ондағы мақсат тапсырушы субъектілерінің  шаруашылық құпиялығын сақтау.

 

 

 

7

1.3. Аудиттің кәсіпорындағы басқару функциясы.

 

Кәсіпорын  шаруашылығын басқаруда ғылыми негізделген  білімі болуы қажет. Ол үшін кәсіпорын  басшысы білімді, мамандығы жоғары, шаруашылықты және даму келешегін жақсы  меңгерген адам болуы керек. Басқару  – ол шешім қабылдау. Ол үшін басқарушы  бар білімін, талапкерлігін басқарушылық үшін қолдануға жұмсауы қажет.Яғни, тиімді, тиянақты жүргізу үшін арнайы дайындық жасау керек. Барлық мәліметтерге экономикалық талдау, сараптау жасап, бір жүйеге келтірілген материалдарға  сүйене отырып, шаруашылық шешім қабылдауы  керек. Шаруашылық субъектілерді басқару  барысын үш этапқа бөлуге болады: экономикалық мәліметті жинап, топтап бір жүйеге келтіріп талдау және сараптау жасайды.Яғни, шаруашылық субъектісімен басқару  жүйесінің арасындағы байланыс мынандай сызба арқылы көрсетуге болады.

 


 


 

 

 

Басқарушылықтағы шаруашылық субъектісі мен басқару жүйесінің арасын мәлімет жүйесі құрайды. Басқаруға  қажет мәлімет жүйесінде жан-жақты  қарастырылып пайдалануға дайындалады. Ол үшін бухгалтерлік есеп мәліметі аудит  жасау үшін оны алдымен тексеру  қажет, одан кейін топтап, бір жүйеге келтіргеннен кейін оны тіркеу қажет. Яғни, мәліметті шаруашылық операцияларының  мазмұнына сәйкес оған мағына беріп, оның шаруашылықтағы қажеттілігін, кәсіпорынды  басқару үшін нақты қажеттігін анықтау  керек.Басқару процесінде, мәліметті  тиімді пайдаланып, оптималды шешім  қабылдау үшін мәліметті санау өлшемі мен сапалық өлшемі арасындағы байланыстың  негізін анықтау қажет. Аудит  барысында осы мәлімет құндылығы  анықталып, басшылық процесінде қолдануға  дайындалады. Тағы осы мәліметтер негізінде  кәсіпорын шаруашылығының дамуына  болжам жасалады.Нарықты экономика  жағдайында болжам, бағдарлама жасау  өте қажет. Кәсіпорынның даму бағдарламасы болмаса, оның өндіріс, сату процесі  дағдарысқа ұшырап нарықты қатынас  принциптерін сақтай алмай қалады. Сондықтан да шаруашылық субъектілері өздеріне бизнес-жоспар жасайды, онсыз  шаруашылықты жүргізуге болмайды. Кәсіпорын  үшін бизнес-жоспар ол бағдарлама, күнделікті  шаруашылықты қалай жүргізу екенін, даму жолын, табыстылық деңгейін, өндіріс  шығынын күнделікті қадағалап отыруға  негіз болатын құжат.Өндірістік кәсіпорындардың бизнес-жоспары  бірнеше бөлімнен тұрады: жоспар кіріспесі, өндіріс мақсаты - өндірілетін өнім тізбегі, сату жоспары. Негізгі көрсеткіштерге сүйене отырып бәсекелестікті болжау; Маркетинг стратегиясы; Өндіріс  жоспары; Коммерциялық күдік; Қаржы  жоспары. Бизнес жоспардың, осы жоғарыда көрсетілген әр бөлімі аудит арқылы анықталады. Соған сәйкес аудиттің басқалай басқару функциялары іске асады. Мысалы:

-  Өндірісті ұйымдастыру, оның  әр түрлі варианттары қарастырылып, өте тиімді, басқару құрылымы  қаланады.

-  Бақылау, басқарушылық шешімнің  орындалуын тексеретін мәліметтер  жиналады.

Қорыта келгенде, шаруашылықтағы субъектілерді басқаруда  аудиттің атқаратын рөлі өте жоғары. Олай дейтініміз, басқарушылыққа қолданылатын мәліметті аудит арқылы бір жүйеге келтіріп, талдап, анықтап, тексеру  жасап дайындалған материал аудиттің барлық басқарушылық функциясында қолданылады.

Аудит - экономикалық ғылым саласындағы топқа қосылады,нарықтық қатынас экономикасында, оның құжаттарын іс жүзінде қолдану процесінде ерекше әсерін сипаттап, нақты функцияларды орындайтын ғылым.Аудит материалдық  емес, іс-әрекетке қолданылатын ғылым  саласы.

 

 

 

 

 

ІІ.МІНДЕТТЕМЕЛЕР АУДИТЫ.

 

2.1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер  аудиты.

 

1996 жылдың 12 қараша  айындағы  №2 Қазақстан  Республикасының бухгалтерлік есеп  бойынша Ұлттық комиссиямен белгіленген,  концептуалды негізде қаржылық  есептілікті көрсету және дайындауда  былай деп  айтылады.Міндеттеме – бұл белгілі бір тұлғаның (борышкердің), басқа бір тұлғаға міндеті, яғни, мүлкін беру, қызмет көрсету, ақша төлеу және т.б., ал егер  де бұл іс-әрекеттерден бас тартқан жағдайларда, кредитор борышкерден оның міндеттерін орындауын талап етуге құқығы бар. Міндеттеме бұрынғы келісімдермен бұрынғы істердің нәтижесі болып табылады және ұзақ мерзімді, ағымдағы болып екіге бөлінеді. Ұзақ мерзімді міндеттемелерге ұзақ мерзімді банк несиалері мен ұзақ мерзімді займдар жатады. Олар жаңа техника енгізу шығындары үшін, өндіріс көлемін ұлғайтуға, қымбат құрылғыларды алу үшін бір жылдан астам уақытқа беріледі. Ағымдағы міндеттемелерге банктердің қысқа мерзімді займдары, несиелері және кәсіпорындардың кредиторлық борышы жатады. Қысқа мерзімді банк несиелері 12 айдан артық емес мерзімге беріледі. Кейбір жағдайларда түрлі себептерге байланысты мұндай несиенің мерзімі ұзартылуы мүмкін. Бірақ ұзартылған мерзімін қоса есептегенде оның мерзімі екі жылдан аспау керек.

Банк несиелері  ұйымның, яғни, несие алушының есеп айырысу шоттарындағы қаражаттарының мөлшеріне байланыссыз беріледі  және қолма-қолсыз тәртіппен несие  алушының қарыз шотынан оның есеп айырысу шотына ақша аудару арқылы жүргізіледі. Несиелік борышты өтеу тәртібі, нақты мерзімі, әдістері несиелік келісім шартта белгіленіп көрсетілген  мерзімінде несиелік борышын алмайтын болса, банк мекемесі алдын ала несие  алушының рұқсатынсыз кепілдік берушінің  шотынан қарыз сомасы жайлы талап  қояды. Қысқа мерзімді займдар көбінесе вексель бойынша коммерциялық несиелерді және қарыздарды міндеттемелер бойынша  «партнерлік» несиені білдіреді. Несиелеу реті, несиелерді тіркеу және олардың өтелуін банк ережелері мен несиелік келісім шарттар реттейді. Негізінде келісім шартта  несие объектісі және несие мерзімі, оның төленуі және өтелу ретімен шарты, міндеттемелерді қамтамасыздандыру формасы, проценттік ставкалар, төлену реті, міндеттемелер, несие төлеу және өтеудегі екі жақтың құқықтарымен міндеттері, құжаттар тізімімен оларды банк мекемесінде ұсыну тәртібі және т.б. көрсетіледі.

Міндеттемелерді тексеру кезінде, аудитор ең бірінші  Бас кітап және №4 журнал-ордерінде көрсетілген шоттар негізінде, баланста көрсетілген жыл басы және жыл аяғы қалдықтарының сәйкестігін тексеру қажет. Бірақ, мұны келіп тексеру мүмкін емес, себебі баланста аналитикалық емес, синтетикалық шоттар қалдықтары келтірілген. Шаруашылық серіктестіктермен олардың еншілес серіктестіктерменен бір-біріне ұсынатын несиелер аналитикалық есеп көрсеткіштері негізінде толтырылуы қажет. Сондықтан аудитор синтетикалық есептің аналитикалық есепке сәйкестігіне көңіл бөлуі қажет. Міндеттемелер аудитінің басты процедурасы болып, несиелердің процентінің дұрыс төленуін тексеру болып табылады.

Банктің несиелеріне  төленетін проценттерді өтелмеген  несиелер қалдықтары мен бірге көрсету  шешімін қабылдағанын аудитор анықтауы қажет. Егер осылай болса, онда есепті кезең соңындағы несиелік келісім  шартқа байланысты процент сомасы міндеттемелер  есебіндегі шоттардың кредитінде көрсетіледі. Бұлар банк ссудаларымен займдар  процентін төлеу есеп шарттарымен  корреспонденцияланады.

Тексеру кезінде  аудитор келесіні ескеруі керек, яғни кәсіпорынның берген векселімен қамтамасыз етілген қарыздар, қысқа  мерзімді несиелер мен займдар шотынан  есептен шығарылмайды, вексельдік операциялар  есебі ережесіне байланысты ескеріледі. Алынған қысқа мерзімді несиелермен  займдардың баланста көрсетілуін тексеру  барысында, аудитор келесіні анықтауы қажет:

-  Несиелер қандай мақсатта  қолданылған, бұл мақсаттар несиені  алу жөнінде келісім шартқа  сай келетіндігін;

-  Несие кепілдігіне немесе  қамсыздандыру құрамына кәсіпорын  басқармасы не  қосқанын анықтау;

-   Несиелердің өтелуімен  толықтылығы;

-  Келісім шартқа байланысты  несие үшін төленетін пайыздардың  дұрыстығы;

Міндеттемелер - өткен мәмілелердің немесе өткен  оқиғалардың нәтижесі. Олар ұзақ мерзімді және ағымдағы болп жіктеледі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

-  банктердің ұзақ мерзімді  қарыздары;

-  мерзімі  шегерілген корпоративтік  табыс салығы;

Банктердің  және банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді қарыздары бір жылдан астам  мерзімге, әдетте, жаңа техниканы енгізу шығындарына, өндірісті кеңейтуге, оны қайта құруға, қымбат бағалы жабдықты алуға және басқа мақсатты бағдарламаларға беріледі.Қарыздарды беру мен өтеуге байланысты барлық мәселелер банк ережелерімен және қарыз  алушы ұйым мен банк арасындағы кредиттік  шарттармен реттеледі.Бұл мақсат үшін кредиттік шарт рәсімделеді, онда кредиттеу  объектісі, қарыз беру мен өтеу жөніндегі  міндеттемелері, құқықтары мен жауапкершілігі, құжаттар тізбесі және оларды банкке ұсынудың мерзімділігі мен басқа  жағдайлар көрсетіледі.  Ұзақ мерзімді міндеттемелерді тексергенде, аудитор бәрінен бұрын баланста көрсетілген, есепті кезеңнің басы мен соңындағы қалдықтың Бас кітап пен журнал-ордердің мәліметтеріне қарап сәйкестігін анықтауға тиіс. Басқа кәсіпорындар мен ұйымдардан алынған ұзақ мерзімді қарыздарды тексергенде,аудитор қарыз берушілермен мәліметтерді салыстыру нәтижелермен анықтауға тиісті, қайтарылмаған қарыздың қаржы қалдықтарының дұрыстығын анықтауға тиісті. Аудитор бір мезгілде басқа кәсіпорындардан қарыз алудың негізділігі мен заңдылығын да, сондай-ақ оларды өтеудің толықтылығы мен мерзімділігін тексеруі тиіс. Сонымен қатар аудитор қарыз және алынған несие үшін процент төлеудің дұрыстығын тексеріп, сондай-ақ кәсіпорынның өтелмеген қарыз қалдықтарымен бірге осы қарыз үшін банкке тиесілі процентті көрсету жайлы шешім қабылдағанын анықтауы тиіс. Проценттер сомасы банктердің қарыздары жөніндегі проценттерді төлеу бойынша, шығыстар есебінің тиісті шоттарымен бірге корреспонденциясында ұзақ мерзімді міндеттемелер есебі шоттарының кредиті бойынша көрсетіледі.

 Тексеру  кезінде аудитор берешек кәсіпорынға  берілген вексельдермен қамтамасыз  етілгенін, ұзақ мерзімді қарыздар  шотынан есептен шығарылмайтынынын,  вексельдік операциялар есебі  ережелеріне сәйкес ескерілетінін  назарда ұстауға тиіс.

Ұзақ мерзімді міндеттемелердің сондай-ақ «Кейінге қалдырылған салықтар» бабы жатады. Бұл отандық бухгалтерлік есептің мүлдем жаңа объектісі, жаңа термин, оның және «Салықтық әсер» тағы басқаларының  мазмұны 11«Табыс салығы бойынша есеп» БЕС-да ашылып көрсетіледі.

 

 

 

 

    1. Ағымдағы  міндеттемелер аудиты.

 

Ағымдағы  міндеттемелерге банктердің қысқа  мерзімді қарыздары, банктен тыс  мекемелерден алынған қарыз және кредиторлық берешек жатады. Банктердің қысқа мерзімді қарызы бір жылдан аспайтын мерзімге беріледі.

Қысқа мерзімді қарыздарды алу мен өтеуге байланысты есептеу операциялары 3010-3030 шоттарында ескеріледі. Бұл шоттардың әрқайсысында «Қысқа мерзімді қарыздар» аралық шоты бар. Бұл шоттар пассивті, олардың  сальдосы есепті кезең басындағы  өтелмеген берешек сомасын, дебет  бойынша айналым – қарызды  өтеуге аударылған соманы, кредит бойынша  айналым – қарызға алынған  соманы көрсетеді.

Қысқа мерзімді қарыздардың аналитикалық есебінің несиесін берген банк түрлері және жеке кредиторлар бойынша жүргізіледі.

а) қарыз  проценттерін төлеу мен оларды кезең  шығыстарына жатқызудың дұрыстығы

ә) 60 бөлімшенің «Қарыздар» шоттары бойынша синтетикалық және аналитикалық есебін 4 журнал – ордерде және бухгалтерлік баланста жүргізудің дұрыстығы

б) баланста «Ағымдағы міндеттемелер» бөлімшесінде « Ұзақ мерзімді қарыздардың ағымдағы бөлігі» бабы келтіріледі

в) қарыздарды өтеу мерзімі осы бап бойынша  соманың негізділігін анықтау қажет

г) овердрафт, сенімді клиентке оның шотындағы  қалдықтан тыс берілетін қысқа  мерзімді қарыз түрін білдіреді, сондай – ақ жеке есептелетін, мерзімінде төленбеген банк қарыздары.

3020 «Банктік  операциялардың жекелеген түрлерін  жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздары»  шотына аналитикалық есеп, қарыз  берушілер мен қарызды өтеу  мерзімдері бойынша жүргізіледі.

Банктен тыс  мекемелерден алынған қысқа мерзімдік  қарыздар көбінесе вексельмен коммерциялық кредит және берешек міндеттемелерге  «серіктестік» кредит түрінде болады.

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуді тексерудің негізгі  міндеті – еңбекақы төлеуде нормативтік  – құқықтық актілердің сақталуын  бақылау, жалақыдан ұстап қалу мен  еңбекақы төлеуде бухгалтерлік есепті жүргізудің дұрыстығын тексеру болып  табылады.

Информация о работе Кәсіпорын қызметін жетілдіруде ұсыныстар