Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:32, курсовая работа
Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.
КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3
1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…………………………4-6
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….7
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….8
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі...……..9-11
2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті…………….……12-17
2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері…….......................................................................................….17-19
2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды……………………………………………………………..…20-22
ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…23-24
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……
- Кассаны тексеру мүмкін болмағанда немесе бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда болады. Бұл бір кассадағы ақшаның жетіспеушілігін басқа кассадағы бар ақша есебінен орнын жабу мүмкіндігін болдырмау мақсатымен жасалады.
- Кассир түгендеу комиссиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар касса есебіне кіргізіледі, кассаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есептен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөлігіне кіреді.
- Касса есебіне бас бухгалтер қол қояды және тиісті шоттар мен бухгалтерлік регистрде ақша қозғалысы туралы операцияларды көрсету үшін бухгалтерияға беріледі.
- Кассадағы бар ақшаны жекелеген түрде немесе банктік орауда тұрғанына қарамастан түгел қайта санау жүргізіледі.
- Мұндай міндетті процедура кассада сақталатын (пошта маркілері, мемлекеттік баж маркілері, вексельдік маркілер, жолақы билеттері, төленген авиабилеттер, төленген бірақ әлі демалыс үйлеріне, санаторийлерге берілмеген жолдамалар және т.б.) ақшалай құндылықтар мен басқа да құндылықтар бойынша жүргізіледі.
- Ақша мен құндылықтар екі мәрте саналады: алдымен кассир, сосын комиссияның басқа мүшесі санайды. Аудитордың өзі бұл аудиторлық процедураладың дұрыс өтуіне бақылау жасауға тиіс. Ақша қаражаттары атаулы құн бойынша ескеріледі.
- Ақша қаражаттары аудитінде мыналарды тексеру керек: бұл құжаттар іс жүзінде бар екендігін, билеттер мен жолдамалар кімдерге арналған және қандай қаражат есебі дұрыстығын тексеру қажет. Олардың есебі ақша қаражаттары қозғалысы жөніндегі кітапта жазылуы тиіс. Ақша қаражаттарының түсуі мен есептен шығарылуы кассалық кірістік және шығыстық кассалық құжаттармен ресімделуі тиіс. Осылайша, кассир ақша жөніндегі сияқты ақша құжаттарының қозғалысы бойынша да есеп жасайды және оны бас бухгалтерге тапсырады.
- Түгендеу жүргізу кезеңінде кассада ішінара төленген тізімдемелер болуы мүмкін. Аудитор бас бухгалтер мен кассирге оларды белгілеген тәртіп бойынша жабуды, оларға кірістік ордер ресімдеуді және кассирге оны есепке енгізуді ұсынуға тиіс. Егер кассаны тексеру еңбекақы беру кезеңімен тұспа-тұс келсе, тізімдеме бойынша көптеген адамдарға әлі төленбесе, бұл тізімдемелер кассир есебіне кірмеуі мүмкін. Кассалық есепке енбеген, ішінара төленген шығыстық құжаттар (төлем құжаттары) ретінде актіге жазылады. Мұндай жағдайда әрбір төлем ведомосінде еңбекақы қандай реттік нөмір бойынша және оның жалпы сомасы көрсетіледі. Көрсетілген жазба кассирдің, бас бухгалтердің және аудитордың қолдарымен расталады.
- Тиісті тәртіппен ресімделмеген кассалық шығыс ордерлері мен ведомостері, сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар қалдыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексеру актісінде ақша кімнің өкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай сомада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.
- Ақша мен құндылықтарды санау аяқталған соң алынған сома бухгалтерлік есепте жазылып қойылған қалдық жайлы мәліметтермен салыстырылады.
-Ақша қаражаттарына тексеруді жасайтын аудитор бір мезгілде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, техникалық нығайту мен күзет-өрт дабылы құралдарымен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.
- Іс жүзінде ақшаның және олардың баламалары бар болуын тексеру қорытындылары комиссиясының барлық мүшелері қол қоятын түгендеу актісімен ресімделеді. Ол үшін үш данада жасалады: бір данасы кәсіпорын бухгалтериясына беріледі, екіншісі кассирде қалады, үшіншісі аудиторда сақталады.
- Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден кем шығудың пайда болу себептерінің жазбаша түсіндірме жазуын сұрайды. Елеулі кем шығу немесе қызметті теріс пайдалану анықталғанда аудитор бұл жайында кәсіпорын басшысын хабардар етеді және кассирді дереу тексеру аяқталғанша қызметтен босату және істі органдарына беруді ұсынады.
Ақшаның жалған
құжатсыз тікелей ұрлау ісі
кассаны тексергенде кассадағы
барды түгендеу жолымен
Ақшаны касса
бойынша кіріске алмау алынған
соманы тікелей шығыстарға
Аудитор банктен
чек бойынша алынған ақшаны
кіріске алудың толықтығы мен
уақтылығын чек
Көрсетілген қызметті өтеу, борыштың орнын жабу, материалдарға, пәтер ақысын төлеу және т.с.с. тәртібімен кірістік ордерлер бойыша алынған ақшаны кіріске алмау қызметкерлердің және басқа адамдарды өтелмеген берешегін талдау мен тексеру арқылы ашылады. Есеп шоттардағы төленген соманы иемдену нәтижесінде ешқандай берешекті мойындамайтын тұлғалардың өтелмеген берешек сомасы қалуы мүмкін. Мұндай адамдар мен есепті жүйелі түрде салыстыру мен олардан бұл жайлы сұрау оңды нәтижелер бере алады. Сондай-ақ, кірістік құжаттарды тіркеуді тексеру мен тіркелген құжаттарды төленген құжаттармен салыстыру да есептерді бақылаудың ықпалды тәсілі болып табылады. Кірістік ордер бойынша алынған ақшаны иемденудің жеңілдететін жағдайлар тұрғысынан алғанда, кассалық ордерлерді төлеушінің қолына төленгенге дейін тіркеудің болмауы немесе толық еместігін, уақтылы салыстырмау мен борышты өндірмеу екендігін баса айту қажет. Белгілі бір нөмір берілетін кассалық ордерлерді тіркеу журналында кірістік және шығыстық ордерлерді дұрыс тіркеу, бухгалтерияға төленбеген кірістік ордерлерді қайтаруды бақылау жазбалардың анық сенімділігін арттырады және қызметті теріс пайдалануды болдырмайды.
Басқа кәсіпорындардан
алынған ақшаны иемденуді
Кассалық тәртіпті
бұрмалау жағдайлары
Басқа кәсіпорындардан ақшалай сома алуға арналған сенімхаттарды тіркеуді және сенімхаттарды іс-жүзінде қолдануды тексеру де қызметті теріс пайдаланудың бір жолы болып санлады.
Ақша мен шығыстарды
есептен шығару жөніндегі
Мұндайда кассалық
құжаттарды ресімдеуге назар
аударылады: әрбір құжатты алушылардың
қолхаттары бар ма, құжаттар –
кірістік-«Алынды»
Тексерудің келесі
кезеңінде мыналарды анықтау
керек: бұл ұйымда кірістік және
шығыстық ордерлерді тіркеу
2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері.
Тексеруді тұрақты жұмыс істейтін комиссияның мүшерелерінің қатысуы мен және олардың құрамына кәсіпорынның кассирі мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруі тиіс. Тексеру кезінде кассада бөгде кісілер болмауы керек және кассадан тыс операциялар доғарылады.
Кассаны тексеру мүмкіндігі болмағанда немесе кәсіпорында бірнеше касса болғанда олардың барлығын аудитор мөрлеп жабады. Кілт кассирде қалады, ал мөр аудиторда қалады.
Кассир түгендеу комиисиясының қатысуымен соңғы күндегі кассалық операциялар жөнінде есеп жасайды. Кассалық кітап бойынша ақша қалдығын шығарады. Барлық кірістік және шығыстық құжаттар есебіне кіргізілгені, касаны түгендеу сәтінде кіріске алынбаған және есеппен шықпаған ақшалай қаражат жоқ екендігі жайлы қолхат береді. Бұл қолхат кассаны түгендеу актісі түрінің тақырыптық бөліміне кіреді.
Жасаған касса есебіне бас
бухгалтер қол қояды және
Тиісті тәртіппен рәсімделмеген кассалық шығыс ордерлерімен, ведомстері сондай-ақ әр түрлі адамдардың қолхаттары ақтаушы құжаттар ретінде есепке алынбайды және кассадағы бар құндылыққа кіргізілмейді. Мұндай құжаттар табылғанда аудитор кассаны тексету актісінде ақша кімнің үкімімен, қашан, қандай мақсаттарға және қандай соммада берілгенін көрсетумен бұл бұрмалауды атап өтеді.
Ақша мен құндылықтарды санау аяқталғаннан соң кассалық есепте жазылып қойылған қалдық жайы мәліметтермен салыстырылады. Сондай-ақ аудитор бір мерзімде касса бөлмесі ақша сақтауды қамтамасыз ету, технологияны нығайту мен күзет, өрт дабылы құралдары мен жарақтандыру жөніндегі талаптарға сай болуын тексереді. Мұндайда анықталған бұрмалаулар түгендеу актісінде көрсетіледі.
Бұл акт 3 данада жасалады:
-1 данасы бухгалтерияға
-2-сі кассирде
-3-сі аудиторда сақталады.
Кем шығу табылған жағдайда аудитор кассирден жазбаша түсініктеме алады және кәсіпорын басшысына хабарлап, кассирді қызметініен босатып және істі тексеру орнына беруді ұсынады. Ақшаның кем шығуы мыналарға байланысты:
-Бөгде адамдардың кассаны бұзу арқылы ақшаны ұрлауы.
-Кассир не болмаса бақа лауазымды қызмет адамының қолхатымен бүрмеленіп басқа заңсыз операцияларға пайдалануы.
-Уақытша заңсыз қарызға ала тұру.
Тексеруде кассалық операциялар есептік құдаттаманың мынадай формалары қолданылады:
-Кірістік ордер
-Шығыстық кассалық ордер
-Кірістік жіне шығыстық құжататрды тексеру журналы
-Кассалық кітіп
-Есептік регистр
-Бас кітап
2.3 Есепте кездесетін қателіктер және аудиторлық қорытынды
Ақшаның есеп шот бойынша қозғалысын төлеу циклін тексеру үшін кәсіпорын банк көшірмелері мен бастапқы құжаттардың мәліметтерін салыстыруы қажет. Сонымен бірге көшірмелердің өңделетіндігін, құжаттардың нөмірленетінін, ақшаны есептен шығару толық, жеткілікті расталғандығын тексеру керек. Алынған ақпаратты мынадай тәртіппен топтастыруға болады: (кесте 3)
Банк көшірмелері |
Растайтын құжат |
Айқындалған (табылған) айырмашылықтар | |||||
№,ай,күн |
Маз-мұны |
Сома |
№, ай-күн, |
Маз-мұны |
Сома |
Сома |
% |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |