Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:32, курсовая работа

Краткое описание

Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3

1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…………………………4-6
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….7
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….8
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі...……..9-11

2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті…………….……12-17
2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері…….......................................................................................….17-19
2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды……………………………………………………………..…20-22

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…23-24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

         Кассалық аппараттарды міндетті түрде салық органдарында тіркеуден өткізеді.Оны тіркеуден өткізу үшін келесідей құжаттарды ұсыну керек: арыз, заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуден өткені туралы куәлігінің көшірмесі, БКМ (бақылаушы кассалық машина) поспорты, қолма-қол ақшаны тіркейтін журналы т.б. Салық органдары арыз бланкісінің дұрыс толтырылғанын және БКМ-ның белгіленген талапқа сәйкес келетіндігін тексеріп есепке қояды, сосын ТЖБКМ-на карточкасын береді. БКМ-ның пайдалану мерзімі біткен соң салық органына қайтарылады. БКМ қондырған кезде салық органының өкілетті инспекторы тыңшылықты жадында сақтайтын қондырғыға пароль енгізеді. Пароль шаруашылық жүргізуші субъектінің тіркеуден өткен салық органдарында сақталады.

         Ақша операциялық  кассаға түскен кезде 1011”Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” аралық шоты дебеттеледі және мына шоттар кредиттеледі:

         6010-“Дайын өнімдерді сатудан түскен кіріс”, -“Көлік ұйымдарының жүктер мен жолаушылар тасымалы жөніндегі қызметтерінен түскен табыс” шоттары және басқа да шоттар-кассаға алынған түсімнің сомасына;

         2110- “Алынуға тиісті қарыздар” шоты – сатып алашылар мен тапсырыс берушілердің кассаға алынған сомаға.

         Кәсіпорын  кассасына түскен түсімді өткізгенде  – 1011 шоты дебеттеледі де, ал 1011 шотының “Операциялық кассадағы қолма-қол ақша” субшоты кредиттеледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

1.4   Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі

 

        Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға тиесілі ақша сомаларын аудару жөніндегі ұйғарамын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: реквизиттері, келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі, салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі, банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.

         Банк пен  Қазақстан Республикасының резиденті  – заңды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы бар құжаты клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты, аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты, мемлекеттік тіркеуден өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі, ҚР заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың көшірмесі тапсырылады.

         Банкте  жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер  салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.

         Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражаттарының фактісі анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.

         Банктегі  шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есепшоттары бойынша операцияларды тоқтату Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады. Банкідегі есепшоттары бойынша операциялардың жаңартылуы осы шешімдерді қабылдаған тиісті органдардың жазбаша хабарландыруының немесе қаулыларының негізінде жүзеге асырылады.

         Жаңадан  ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан  Республикасының заңына сәйкес  жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын  құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін  банк келісім-шарттың негізінде  оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.

         Банкі шоттары  оның иесінің өтініші бойынша  жабылады.

         Заңды тұлға  – шот иесін тарату немесе  қайта ұйымдастыру кезінде, немесе  заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.

         Банкідегі  есепшот жабылғаннан кейін субъект  осы жөнінде он күндік мерзім  ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасалуы тиіс.

         Есепшоты  жабылған кезде сондай-ақ иесінің  аты немесе есепшоттың нөмірі  өзгергенде – шот иесі қолдарындағы  пайдаланбаған чектерді банкіге  қайтаруы керек.

 

Есеп айырысу шоты бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

 

1

Есеп айырысу шотына субъектінің жарғылық қорын толтыру мақсатымен үлес қосушылардан келіп түскен сома

1031

5110

2

Сатып алушылардан жіберілген өнім, көрсетілген қызмет, істелген жұмыстар үшін келіп түскен сома

1031

1210, 2120-2140

3

Есеп айырысу шотына вексельден келіп түскен сома:

- негізгі берешектердің қарыз сомасы;

- есептелінген пайыздар.

 

 

1031

1031

 

 

1280

2170

4

Есеп айырысу шотына жалға алушылардан пайдаланғаны үшін түскен қаржы

1031

6130, 2170

5

Жалға алушылардан жалға алып пайдаланғаны үшін есептелінген пайыз сомасы есеп айырысу шотына келіп түсті

1031

6130

6

Есеп айырысу шотына кассадан келіп кіріске алынған сома

1031

1011

7

Басқа да берешектерден қарызын өтеу үшін келіп түскен сома

1031

2180

8

Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банк несиесі

1031

3010

9

Есеп айырысу шотына банктегі арнайы шоттан келіп түскен сома

1031

1060

10

Есеп айырысу шотына келіп кірістелген банктен тыс мекемелердің несиесі

1031

3020

11

Есеп айырысу шотына келіп түскен акциялардың дивидендтері

1031

6120

12

Есеп айырысу шотына облигациялардан пайыз түрінде келіп түскен табыстар

1031

6130

13

Есеп айырысу шотына келіп түскен ұзақ мерзімді инвестициялар дивидендтер сомасы

1031

6120


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті

 

       Шаруашылықтың ішіндегі нақты қолма-қол ақшаны қабылдау, тарату  және сақтау операциялары шаруашылықтың кассасы арқылы жүзеге асырылады.

       Кассада сақталатын  ақша 1011 «Кассадағы теңгемен ақша қаражаты» және 1012 «Кассадағы валютамен ақша қаражаты»  15 бөлімшесінің «Кассадағы нақты ақшалар» шоттарында ескерілуі тиісті. Осы шоттардың дебетінде кассаға түсетін ақша, кредитінде – кассалық есептен шығатын ақша жазылады. Бұл шоттар  бойынша жазбалар кірістік және шығыстық кассалық ордерлер негізінде жасалды.

 

Кассалық операцияларды аудиторлық тексерудің бағдарламасы

кесте 2

Аудит процедуралары

Ақпарат көздері

1. Ақша мен кассадағы басқа құндылықтардың бар-жоғы мен жағдайын түгендеу

Касса ревизиясы бойынша комиссияны тағайындау, кассирді тағайындау туралы кәсіпорын басшысының бұйрықтары; кассирмен материалдық жауапкершілік туралы шарт, кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу актілері, 1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б

2. Кассалық операцияларды құжаттық  ресімдеудің дұрыстығын тексеру

Кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), аванстық есептер, кассаны түгендеу, 1 журнал-ордерге 1 тізімдеме (ведомость), Бас кітап және т.б

3. Қолма – қол ақшаны кіріске  алудың мерзімділігі мен толықтығының  дұрыстығын тексеру

Банк көшірмелері, чек кітапшалары, заңды және жеке тұлғалармен шарттар, банк көшірмелеріне тіркелген бастапқы құжаттар кассалық құжаттар (КО-1, КО-5), 1 журнал-ордерге, Бас кітап және т.б

4. Ақшаны шығысқа шығарудың дұрыстығын  тексеру

КО-1, КО-2, КО-3, КО-4,  КО-5, 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б.

5. Бухгалтерлік есептегі шоттарда  операцияларды көрсетудің дұрыстығын  тексеру

Бастапқы құжаттар, 1 журнал-ордерге  1 тізімдеме (ведомость), 1 журнал-ордер, Бас кітап және т.б. Аналитикалық кестені әзірлеу және тұжырымдар мен ұсыныстарды негіздеу

6. Кассалық операциялар аудитінің  қорытындылары бойынша тұжырымдар  мен ұсыныстарды әзірлеу

Кассаны тексеру актісі, ескертулер, оларды жою жөніндегі ұсысынтар


       Кәсіпорынның кассадағы ақша қозғалысын ішкі бақылаудың болмауы немесе жеткіліксіздігін білдіретін белгілері мыналар:

  • кассадағы ақшаны толықтай парақтап қайта санау мен басқа құндылықтарды тексеретін кенеттен болатын ревизияның кәсіпорында жолға қойылмауы;
  • кәсіпорында тексерудің мерзімділігін белгілейтін басшы бұйрығының жоқтығы;
  • кассаға ревизияны немқұрайлы өткізудің барлығы – ревизия өткізетін комиссияға тұрақты тек бір адамдардың ғана тағайындалуы, банкнотты парақтап қайта санауды айғақтайтын, ревизия комиссиясы актісіне тіркелген жұмыс жазбаларының болмауы және т.б;
  • кәсіпорын басшысы өкімінде көрсетілмеген бас бухгалтер мен кәсіпорын басшысын жанай өтіп, басқа адамдарға кірістік және шығыстық құжаттарға қол қою құқығын беру;
  • кассир ауысқанда (жұмыстан шыққанда) кассаға ревизияны сырт көзге ғана (формальды) өткізу;
  • штатта кассирдің болмауы, бұл функциялар кәсіпорын басшысының жазбаша өкімінсіз есеп қызметкеріне жүктелсе;
  • кассирмен толық материалдық жауапкершілік туралы шарттың жоқтығы;
  • мұндай процедура ол үшін әдеттегідей екендігін дәлелдейтін кассирдің кассаны ревизиялауға дайындығының болмауы.

       Касса мен кассалық  операциялардың аудиті негізінде  үш бағыт бойынша өтеді: қолма-қол ақшаны түгендеу, оларды түгел және уақтылы кіріске алуды тексеру, ақшаны шығыстарға есептен шығарудың дұрыстығын тексеру.

 

       Жалпы алғанда  касса мен кассалық операциялады  тексергенде келесі әдіснаманы  қолдануға болады:

- Кассаны түгендеу аудитордың тексеру орнына келгенінде бірден өткізіледі. Оны өткізуге дейін аудитор мыналарды анықтауы тиіс: кәсіпорында басшының кассадағы ақшаның бар-жоғын кенеттен тексеруді жүйелі жүргізу үшін тұрақты жұмыс істейтін комиссия туралы бұйрығы бар ма, бұйрық орындала ма? Кассаны кенеттен тексеру актілері бар  ма және олардың  мазмұны қандай, тексерілетін кәсіпорынға бір кассир немесе бірнеше кассир (немесе соған уәкілетті тұлға) қызмет көрсете ме, кассир тек тексерілетін кәсіпорында ғана жұмыс істей ме немесе өз міндеттерін басқа ұйымдарға қызмет етумен қоса атқара ма, кассирді тағайындау туралы бұйрық және кәсіпорын әкімшілігі кассирмен жасасқан материалдық жауапкершілік туралы шарт бар ма, кассир кассалық операцияларды жүргізу ережелерімен танысты ма?

- Кассаға тексеруді жүзеге асырғанда, аудитор мынадай шарттарды сақтауға міндетті: тексеру құрамында кәсіпорынның кассир мен бас бухгалтері міндетті түрде кіруге тиісті, кәсіпорын басшысы тағайындаған тұрақты жұмыс істейтін комиссия мүшелерінің қатысуымен жүргізіледі, кассаны тексеру кезінде кассаға бөгде кісілерге кіруге рұқсат етілмейді және касадан тыс операциялар доғарылады.

Информация о работе Кассалық операциялардың есебінің аудиті