Кассалық операциялардың есебінің аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 25 Марта 2014 в 14:32, курсовая работа

Краткое описание

Ақшалай ағымның төлемі мен қозғалысы циклі функционалды аудитінде экономикалық талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

Содержание

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3

1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ
1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…………………………4-6
1.2 Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….7
1.3 Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….8
1.4 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақшаның есебі...……..9-11

2. АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті…………….……12-17
2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері…….......................................................................................….17-19
2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды……………………………………………………………..…20-22

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…23-24

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР……

Прикрепленные файлы: 1 файл

Курсовая.doc

— 214.00 Кб (Скачать документ)

 

 

 

 

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ…………………………………………………………………….…3

 

1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ

           1. 1 Кассадағы қолма-қол ақшаның есебі…………………………4-6

1.2  Кассадағы шетелдік валюта  түріндегі қолма-қол ақшаның есебі………………………………………………………………….….7

1.3  Субъектінің оперативтік  кассасындағы қолма-қол ақшаның  есебі………………………………………………………………….….8

           1.4  Есеп айырысу шотындағы қолма-қол  ақшаның есебі...……..9-11

 

2.  АҚША ҚАРАЖАТТАРЫ АУДИТІН ЖҮРГІЗУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

2.1 Кассалық операциялардың есебінің аудиті…………….……12-17

        2.2 Кассаны тексергенде аудиттің атқаратын міндеттері…….......................................................................................….17-19

          2.3 Есепте көрсетілген қателіктер және аудиторлық қорытынды……………………………………………………………..…20-22

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………………...…23-24

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР………………………………………25

 

КІРІСПЕ

   

    Қазіргі экономика жағдайында аудиттің өте өзекті бағыты – ағымдағы активтің ең жылжымалы және толық өтімді элементтері қатарына жататын ақша мен оның баламаларының төлеу циклі мен қозғалысын тексеру болып табылады. Ақшалай операциялар қарқынды кең ауқымды сипатта. Дәл осы учаскеде резервтер мен әр түрлі бұрмалаулар жасырынған.

       Ақшалай және  кассалық-банктік операцияларды жүргізу заңнамалық, жалпы мемлекеттік, ведомоствалық және басқа нормативті актілермен жеткілікті түрде қатаң реттелген. Сондықтан төлеу циклі функционалды аудитін өткізуге дайындық кезінде қабылданған заңдардың, стандарттардың, бухгалтерлік есептің, аудиттің, ақша тасуын, қолданылуын, қаржылық бақылаудың нормалары мен ұйымдастыру ережелерінің талаптарын мұқият оқып-білу қажет. Аудитор кәсіпорынның төлеу мен қозғалыс циклін есептеу мен бақылау жүргізудің сапалы жақтары туралы анық тұжырымдамаларын қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты проблемалық сипаттағы көптеген заңдық, ұйымдастырушылық, әдіснамалық, (методологиялық), қаржылық, есептік, экономикалық мәселелерді шешудің баламалы мүмкіндіктерін қарастырған жөн.

       Дегенмен жалпы  аудитте ақшалай операцияларды тексеру мен ревизиялау тәсілдерінің өзіндік ерекшеліктері бар. Олар жалпы әдістер арқылы жасалса да, бұл операцияларды уақтылы және тиімді атқаруға ерекше көңіл аударатын төлеу циклінің функционалдық аудитінде бұлар шынында жеткіліксіз. Сондықтан ғылыми зерттеулердің күн талабына сай бағыты ақшаны басқарудың функционалды аудитінің ерекше тәсілдерін анықтау мен ізденістерін талдау болып саналады.

       Ақшалай ағымның  төлемі мен қозғалысы циклі  функционалды аудитінде экономикалық  талдау, бақылау мен статистиканың классикалық әдістерімен қатар сарапшылық бағалау, жай және күрделі пайыз есептеулері, дисконттау, интегралды, сараланған (дифференциалды), және матрицалық тәсілдер, желілік (линейный), желілік емес және өсіңкі (динамикалық) бағдарламалау әдістерін, операцияларды, ойын теорияларын, шешім қабылдау және т.б кеңінен қолданылуы керек. Функционалды аудиттің арнайы әдіс тәсілдерінің көмегімен ақшаны басқару мен құнды қағаздардың тиімділігін арттыру мен ұйымдастыруды жақсартудың әр түрлі резервтерін ашуға болады. Мәселен, инкассация мен төлемді тездету, флоутты, электронды ақша аударуды, сейф жүйесін, репо мәмілесін, бақылау шегі теориясын және т.б. ең көп шамаға молайту сияқты тәсілдерді дұрыс және уақтылы қолдану нақты ақша мен құнды қағаздарды шапшаң және ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

1. КАССАДАҒЫ ЖӘНЕ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ШОТЫНДАҒЫ ҚОЛМА-ҚОЛ АҚШАНЫҢ ЕСЕБІ

 

1.1  Кассадағы қолма-қол ақшаның  есебі

 

         Ақша қаражаттарын  сақтау, қабылдау мен беру үшін  әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады.

         Кассир  – материалдық жауапты адам. Ол  касса операцияларын жүргізу  тәртібімен таныс болуға тиіс. Осыдан кейін ғана оның материалдық  толық жеке дара жауапкершілігі  туралы онымен шарт жасалынады. Егер еңбек ақы мен басқа  да төлемдерді беру үшін субъекті басшысының жазбаша бұйрығы бойынша басқа адамдар тартылатын болса, онда бұлардың материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы олармен де шарттар жасалынады.

         Кассадағы операциялар есебі 1010-“Кассадағы қолма-қол ақша” бөлімшесінің активті жинақтаушы шоттарында:

        1011- “Кассадағы ұлттық валюта түріндегі қолма-қол ақша” және 1012- “Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма-қол ақша” шоттарында жүргізіледі.

         “Кассадағы теңгемен ақша қаражаты” есебі Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісі бекіткен кассалық операцияларды жүргізу тәртібіне сәйкес.

         Кассаға  ақша қабылдау кассаның кіріс  ордерлері бойынша жүзеге асырылады, оған бас бухгалтер мен кассир  қол қояды. Кассаға ақша салған  жеке немесе заңды тұлғаларға бас бухгалтер мен кассир қол қойған ақшаны қабылдағаны туралы түбіртек беріледі. Төлемдерге ақшаны қабылдаған кезде кассир “Төлем таңбаларын анықтау тәртібін” басшылыққа алуға міндетті.

         Кассадан  ақша беру кассаның шығыс ордерімен  немесе басшы мен бас бухгалтер қол қойған тиісінше рәсімделген төлем тізімдемелерімен ақша беруге жазылған өтінішпен, шоттармен және басқа да құжаттамен рәсімделеді. Егер касса шығыс ордерлеріне қоса тіркелген құжаттарда субъект басшысының рұқсат берілген қолы болса, ордерге оның қол қоюы міндетті емес. Жекелеген адамға кассаның шығыс ордері бойынша ақша берген кезде кассир алушының төлқұжатын немесе жеке басының куәлігін көрсетуді талап етеді. Оның атауы мен нөмірін, оны кімнің және қашан бергенін ордерде көрсетіледі.  

         Сенімхат  бойынша берілген ақша жағдайында  касса шығыс ордерінде ақшаны  алуға сенім білдірілген адамның  тегі, аты мен әкесінің аты  көрсетіледі. Егер ақша төлем  тізімдемесі бойынша жүргізілетін болса, ол тізімдемеге: «Сенімхат бойынша» деген жазу жазылады. Бұл жазуды касса шығыс ордеріне немесе ведомостьқа қоса тіркейді.

         Жалақы, уақытша  еңбекке қабілетсіздігі жөніндегі  жәрдемақылар мен сыйлықтар төлем  тізімдемесі бойынша таратылады, оның қас бетінде ақша беретін  мерзімі мен оның жалпы сомасы көрсетіледі және оған басшы мен бас бухгалтер қол қояды.

         Банктен  ақша алғаннан кейін үш күн  өткен соң, кассир төлем тізімдемесіне  еңбек ақысы бойынша тиесілі  сомасын алмаған адамдардың аты-тегінің  тұсына мөртабан соғады немесе «Депозитке салынды» деп қолымен жазып белгі соғады, берілмеген сома төленбеген жалақы тізіміне енгізіледі; тізімдемеде нақты төленген сома мен депозитке салынуға тиісті сома жөнінде жазылады. Егер төлемді кассир емес, уәкілдік алған адам жасайтын адам болса, төлем тізімдемесінде: «Тізімдеме бойынша ақша таратқан» деген жазу жазылады. Касса ордерлерінде өшіріп жазуға, бүлдіруге және түзетуге жол берілмейді.

         Касса операцияларының  есебін кассир Касса кітабында  жүргізіледі, ол нөмірленуге, тігілуге  және оған сүргі салынуға тиіс; ондағы парақтар санын басшы мен бас бухгалтер қол қойып куәландырады.

         Касса кітабының  әрбір парағы тең екі бөліктен  тұрады. Олардың бірін кассир  бірінші дана ретінде толтырады  және ол кітапта қалады.; екіншісі  көшіргі қағаз арқылы бергі және сыртқы бетін толтырады. Ол кассирдің есебі ретінде парақтың жыртпалы бөлігі болып табылады. Касса операцияларының жазбалары парақтың жыртпалы емес бөлігінің бет жағынан басталады. Алдын ала парақтың жыртпалы бөлігі кітапта қалатын бөлігіне сай келетіндей етіп парақты қиылатын сызық бойымен қойғаннан кейін жазу үшін жыртылатын парақтың бөлігін жыртылмайтын бөлігінің бет жағына салып, парақтың жыртылмайтын бөлігінің сыртқы жағының көлбеу сызығы бойымен жазуды одан әрі жалғастырады.

         Есеп бланкісі операциялар аяқталғанға дейін бір күн бойы жыртылмайды. “Соның ішінде жалақыға” деген жолдың бойында касса бойынша шығысқа есептен шығарылмаған жалақыға арналған төлем тізімдемелері бойынша сомасы да көрсетіледі.

         Касса операциялары  шағын болса, онда касса есебі 3-5 күнде бір рет жасалуы мүмкін. Касса кітабында ақшаның кімнен алынғаны және кімге берілгені жөніндегі құжаттың нөмірі, корреспонденцияланған шоты, сомасы көрсетіледі. Күн сайын, жұмыс күнінің аяғында кассир берілген ақшаның жиынтығын шығарады және күн аяғындағы қалдықты есептейді. Өшіру мен ескертілмеген түзетулер енгізуге кітапта жол берілмейді. Түзетулерге кассир мен бас бухгалтердің қол қойылуы керек.

         Кассирдің  есебінде корреспонденцияланатын  шоттарға белгі жасалады, содан соң оның деректері 1011– “Кассадағы теңгемен қолма-қол ақша” шотының дебеті мен кредиті бойынша машинограммаға немесе есеп регистрлеріне көшіріледі.

         Касса бойынша  операциялардың, яғни 1011 шоттың кредиті мен дебеті есебін кассир жүргізеді. Регистрлерге жазулар бухгалтерияға кассир есебінің түсуіне қарай жүргізіледі. Бірыңғай корреспонденцияланған шоттардың сомалары біріктіріледі. Айдың аяғында есепті айдан кейінгі бірінші жұлдызына регистрлердегі қалдық шығарылады, ол кассирдің есебіне және Бас кітаптағы 1011 шоттың қалдығына сәйкес келуге тиіс.

 

Кесте 1. Касса бойынша жүргізілетін бухгалтерлік есеп операцияларының негізгі корреспонденциясы

1

 

Өндірілген өнімдерді сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары

1011

6010

2

Алынуға тиісті жал төлемі кассаға келіп түсті

1011

1260

3

Келіп түсуге тиісті жолдағы ақша қаражаттары кассаға келіп түсті

1011

1020

4

Тауарларды сатудан қолма-қол келіп түскен ақша қаражаттары

1011

6010

5

Артық тұрған материалдарды сатқаннан қолма-қол келіп түскен ақша

1011

6280

6

Жұмысшы қызметкерлерге артық төленген еңбекақы сомасы кассаға қайтарылды

1011

2150

7

Есеп беруге тиісті адамдардың бұрын аванс ретінде алып, жұмсамаған сомасы кассаға қайтарылды

1011

2150

8

Жарғылық қорды толтыру үшін үлес қосушылардан қолма-қол келіп түскен ақша

1011

5110

9

Заңды тұлғалар мен жеке адамдардың берешек қарызы кассаға қабылданды

1011

2150,2160

10

Енщілес, тәуелді серіктестіктердің берешек сомасы кассаға келіп түсті

1011

2120-2140

11

Кассаға банк және банктен тыс мекемелердің несиелері келіп түсті

1011

4010-4030

12

Алынған материалдық емес активтердің құны кассадан төленді

2730

1011

13

Алынған құнды қағаздардың құны кассадан төленді

1150

1011

14

Сатып алынған материалдық құндылықтардың құны кассадан төленді

1311

1011

15

Өнімдерді сату және әкімшілік шығындары кассадан төленді

7110,7210

1011

16

Келіп түскен тауарлардың құны кассадан төленді

1330

1011

17

Кассадан есеп айырысу немесе валюталық шотқа ақшалай түскен түсімдер аударылды

1031,1032

1011

18

Субъектінің сатып алған өз меншігіндегі акциясын қайта сатудан түскен табыс кассаға қабылданды

1011

5210


 

 

 

1.2 Кассадағы Шетелдік Валюта  Түріндегі Қолма-Қол Ақшаның Есебі.

 

Шетел валютасымен есеп айырысуды жүргізген кезде субъектілер 1012 шотын ашады. Валюта кассасындағы есеп субъект кассасындағы операцияларға ұқсас жүргізіледі, тек оның айырмашылығы мынадай: кіріс және шығыс касса ордерлеріне, касса кітабында қаражаттар сомалары шетел валюталарымен және теңгеге айналдырылған түрінде көрсетіледі.

         Валюта кассасы үшін жеке касса кітабы ашылады. Валюта операциялары үлкен көлемде жүргізілген кезде жеке машинограммалардың және басқа да есеп регистрлерінің жүргізілуі мүмкін.

         Валюта  түскен кезде 1012 шоты дебеттеледі де және мына төмендегі шоттар кредиттеледі:

        1032- “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шоты – валюта шотынан валюта түскен кезде;

         1210 - “Алынуға тиісті қарыздар” шоты – кассаға алынған валюта түсімінің сомасына;

          6250- “Бағам айырмашылығынан түскен табыс” шоты – тиісті шетел валюталарына қатысты теңге бағамының құлдырауы жағдайындағы бағам айырмашылықтарының сомасына;

         1252- “Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есеп беретін адамдардың кассаға өткізілген валюта түріндегі сомаларына.

         Валюта кассасынан валюта берген кезде – 1012-шот кредиттеледі және мына төмендегі шоттар дебеттеледі:

        1254- “Қызметкерлер мен басқа да адамдардың қарыздары” шоты – есебіне берілген шетел валютасының сомасына;

        1032- “Ағымдағы банктік шоттардағы валютамен ақша қаражаты” шоты – валюта шотына өткізілген валюта сомасына;

        7430- “Бағам айырма бойынша шығыстар” шоты – тиісті валюталарға қатысты теңге бағамының көтерілуі нәтижесінде болған бағам айырмашылықтары сомасына.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  Субъектінің оперативтік кассасындағы қолма-қол ақшаның есебі.

 

Қоғамдық тамақтандыру мен бөлшек сауда кәсіпорындарының ерекшелігіне байланысты олардан түсетін түсімнің басым көпшілігі қолма-қол ақша қаражаттары бойынша түсетіндіктен, оларға оперативтік кассасының есебін жүргізуге тура келеді. Оперативтік касса, әдетте, сауда залында орналасады. №103 6 тамызда шыққан Қазақстан Республикасының Үкіметінің қаулысына сәйкес, қолма-қол ақшамен есеп айырысатын барлық шаруашылық жүргізуші субъектілердің Ережесі бекітілген. Аталған ережеде тыңшылық жадысы бар бақылаушы кассалық машинасын (ТЖБКМ) енгізуді ұсынған болатын.

Информация о работе Кассалық операциялардың есебінің аудиті