Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 08:33, дипломная работа
Нарықтық экономиканың дамуы, экономиканың түрлі салаларына өз ықпалын тигізуде . Мемлекетіміздің қалыптасып дамып өркендеуіне экономиканың алатын орны ерекше деп ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтің өзі ерекше атап өтті. Экономикалық салаларда дебиторлық борыштардың атқарар қызметі ерекше болып табылады. Дипломдық жұмысымның осы тақырыпқа сәйкестендіріп алуымның мақсаты дебиторлық борыштардың Экономика салаларының даму бағытындағы үлесінің маңыздылығын ашып, зерттеу болып табылады.
Кіріспе
I Дебиторлық борыштардың есебі.
1.1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың есебі.
1.2. Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі.
1.3. Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі.
II Дебиторлық борыштардың аудиті.
2.1. Дебиторлық борыштарды жіктеу, талдау және түгендеудің есебінің
аудиті.
2.2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың аудиті.
1.3. Басқадай дебиторлық борыштармен берілген аванс бойынша есеп
айырысудың аудиті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тіркемелер
Кесте көрсеткіші 2003 жылы тұтынушы халықтың 2002 жылдың борышты өтеу мәліметтеріне қарағанда 140,9 пайыз өсу сомасын көрсеткен.
3-энерго орталық мекемесінде талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарды күдікті қарыздар резервтерінің шоттарында жинақталған қаржыландыру көзіне жатқызу арқылы шығысқа шығарып жабады. Мекемеде күдікті қарыздар ретінде төмендегі мекемелер танылған.
9 - кесте
№ |
Тұтынушылардың атауы |
Уақыты |
Сомасы |
01.01.2003есебінде |
Өтегені | ||||||
1 |
ЖШС «БТ и К» |
6181 |
6181 |
- | |||||||
2 |
ЖШС «Энергия-плюс» |
252 |
252 |
- | |||||||
3 |
АҚ «ИНТЕРПРОМ» |
2165 |
2165 |
- | |||||||
4 |
Отырар РЭС |
249 |
249 |
- | |||||||
5 |
ЖШС «қазығұрт» |
314 |
314 |
- | |||||||
6 |
ЖШС «Фарратекс» |
125 |
125 |
- | |||||||
7 |
ЖШС «РАЙ» |
539 |
539 |
- | |||||||
8 |
ЖШС «Акерек-2030» |
34 |
34 |
- | |||||||
ҚОРТЫНДЫ |
9610 |
9640 |
- |
2.2 Басқадай дебиторлық борыштар мен берілген аванс бойынша есеп айырысудың есебінің аудиті.
Дебиторлық борыштарға аудиторлық тексеру жүргізген кезде аудитордан баланстың «Басқа да дебиторлық борыштар» бабына ерекше назар аударуды талап етеді.
Дебиторлық борыштарды аудитор жеке-жеке тексеруге тиісті. Орын толтыруға тиісті қосылған құн салығына тексеру жүргізгенде аудитр мына мәселелерді анықтап алуға тиісті:
Есептелген сыйақының есебінің аудиті. Аудитор 332 «Есептелген сыйақы» шотында жинақталған ақпараттармен танысып, олар қандай аралық шоттар арқылы жүзеге асырғандығын тексереді.
332 «Есептелген сыйақылар» шотының аналитикалық есебінің, займ алушылар, вексель ұстаушылар, жалға алушылар және т.б. шаруашылықтар бойынша және уақыттың өтуімен туындаған пайыздық қарыздары айналым ведомостіне ұқсас тізімдемеде, машинажазбаларда жүргізілгендігін анықтау қажет.
Аудитор басқадай дебиторлық борыштардың елеулі үлесін құрайтын 333 «Жұмыскерлердің және басқа тұлғалардың борыштары» шотындағы шаруашылық операцияларының дұрыс көрсетілгендігін тексеруге баса назар аударуға тиіс. Бұл шотта жұмыскерлердің және басқа да тұлғалардың дебиторлық борыштары туралы ақпараттарының есебін, есеп беруге тиісті әкімшілік, шаруашылық және операциялық шығындарына, қызметтегі іссапарларға берілген сомалар бойынша жүргізеді.
1 Есеп беруге тиісті сома деп шаруашылықтың кассасынан ұсақ - шаруашылық шығындарына (қолма-қол есеп айырысусыз болмайтын өкімшілік шаруашылық және операциялық шығындарына) және іссапар шығындарына субъектінің жұмыскерлеріне берілген ақшалай авансын айтамыз, Есеп беруге тиісті тұлғалармен есеп айырысудың аналитикалық есебін әрбір берілген аванс бойынша жүргізеді.
Кейбір шаруашылықтардың жұмыс тәжірибесінде бұндай аванстарды жоғары тұрған ұйымдардың лауазымды тұлғаларына берген жағдайларда кездесіп қалады.
Кейбір шаруашылықтардың бухгалтерияларында жұмысшылар мен қызметкерлерді шаруашылық және іссапар шығындары деген сылтаумен, жеке басының қызметі үшін жалған аванс беруге жол берілгендігі орын алып жатады. Сондықтан жұмыскерлерді іссапарға жіберу туралы бұйрықты, іссапар куәлігін, оның мерзімін, барып-келу құнын, күшіндегі нормалар бойынша тәулігіне төленген сомасын, есеп беруге тиісті тұлғаларының аванс бойынша қорытынды есебінің уақтылы тапсырғандығын және пайдаланылмаған қалдық сомасын өткізгендігін анықтауы керек.
Аудитор аванстық есепке тіркелген құжаттарының дұрыстығын, оларға төленген төлемдердің заңдылығын тексеріп, қажет болған жағдайда қарама-қарсы тексеру жүргізуді ұсынады. Сонымен қатар, аудитор есеп беруге тиісті сомалар бойынша операцияларына тексеру жүргізгенде мыналарды анықтауға тиісті: