Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Октября 2013 в 08:33, дипломная работа
Нарықтық экономиканың дамуы, экономиканың түрлі салаларына өз ықпалын тигізуде . Мемлекетіміздің қалыптасып дамып өркендеуіне экономиканың алатын орны ерекше деп ел басымыз Н.Ә. Назарбаевтің өзі ерекше атап өтті. Экономикалық салаларда дебиторлық борыштардың атқарар қызметі ерекше болып табылады. Дипломдық жұмысымның осы тақырыпқа сәйкестендіріп алуымның мақсаты дебиторлық борыштардың Экономика салаларының даму бағытындағы үлесінің маңыздылығын ашып, зерттеу болып табылады.
Кіріспе
I Дебиторлық борыштардың есебі.
1.1. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың есебі.
1.2. Басқа да дебиторлық қарыздардың есебі және болашақ кезеңнің есебі.
1.3. Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі.
II Дебиторлық борыштардың аудиті.
2.1. Дебиторлық борыштарды жіктеу, талдау және түгендеудің есебінің
аудиті.
2.2. Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп
айырысудың аудиті.
1.3. Басқадай дебиторлық борыштармен берілген аванс бойынша есеп
айырысудың аудиті.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Тіркемелер
Операция түрі |
Құптау тәртібі |
1. Күмәнді қарыздар сомасы |
Алуға тағайындалған /5-БЕС, 8 пункт, 25/ және тарифке енгізілмейтін сату құндылығы бойынша шығындар |
2. НҚ-ды сату |
Сатылу құны және теңгерім құны арасындағы теріс айырмашылық, шығарылу кезеңіндегі шығын ретінде мойындалады /9-БЕС, 28 пункт/ |
3. Теріс бағыт айырмашылығы |
Пайда болған кезеңдегі шығындар ретінде мойындалады /9 - БЕС, 16 пункт/ |
4. Заңды тұлғалардан алынатын табыстық салық |
Тиісті табыс пайда болған есеп беру мерзіміндегі шығындарға жатқызылады. Пайда болған кезеңдегі шығындар ретінде мойындалады /11-БЕС 11пункт/ |
5. «Мерзімі ұлғайтылған қарыздар» 632 шотындағы дебет сальдосы |
Табыстың қажетті мөлшерін алуға сенімділігі жоқ шығындарға жатқызылады. |
6. Жұмыс берушінің мемлекеттік емес зейнетақылық қорларына жарналары |
Қызметкер аталған жүмыс берушіде еңбек атқарған есеп беру мерзіміндегі шығындарға жатқызылады. |
1.3 Күдікті қарыздар бойынша резервтердің есебі
Күдікті қарыз болып белгіленген мерзімде берілмеген қарыздар есептеледі және олар қажетті уақыт ішінде етелмеген дебиторлық қарыздар, сондай-ақ тиісті кепілдіктермен қамтамасыз етілмеген қарыздар болып есептелінеді. Күдікті қарыздар бойынша резервтер жылдың аяғыңда дебиторлық қарыздарды тізімдеу деректерінің негізінде жасалады.
Егер де шығыстар салыстырмалы қағидасы бойынша бағаланса және солармен байланысты шығыстар сол өнімнің сатылған кезеңінде жатқызылса, онда қүдікті қарыздар болуы ықтимал. Бұндай шығындар негізінен жыл соңында жасалған түгендеу нәтижесінде анықталуы мүмкін және ол 311 "Күдікті қарыздар бойынша резервтері деген пассивтік шотында керініс табады.
Қаржылық есеп беруде дебиторлық қарыздар бойынша резервтері шегеріліп көрсетіледі. Егер де шаруашылықтар бұндай резерв қорларын жасамаса, онда сенімсіз деп танылған қарыздар кезендік шығыстарына есептен шығарылады.
«3-Энергоорталық» АҚ-да күдікті (күмәнді) қарызды есептеу үшін өзінің есептік саясатында қолданып жүрген бағалаудың бір тәсілін таңдап алуға құқылы. Ол тәсіл сатылған өнімнің, орындалған жұмыстың, көрсетілген қызметтің пайыздық деңгейінен немесе төлемнің мерзімі бойынша анықталуы мүмкін. «3-Энергоорталық» АҚ өзінің жылдық нәтижесіңце пайда болған күмәнді қарыздарын, теленбеген шоттарын талдайды. Содан соң сол өткен жылдың нәтижесін шартты түрде төрт кезеңге беліп, әрбір кезеңде сатылған өнімнің келемін және соларға тиесілі қарыздарын анықтайды.
Мысалы, жыл бойында сатылған өнімнің көлемі 3128,4 мың теңге болсын делік. Енді осы сатылған өнімді төрт кезеңге бөліп, күмәнді қарыздың деңгейі қай кезеңге көбірек келетіндігін анықтаймыз.
5 -кесте
Кезеңдері |
Сатылған өнімнің көлемі, мың теңге |
Күдікті қарыздың сомасы, мың теңге |
Пайызы % |
1 |
2 |
3 |
4=3:2х100% |
1-тоқсан |
579,6 |
32 |
3,62 |
2-тоқсан |
815,9 |
14 |
1,72 |
3-тоқсан |
782,1 |
17 |
2,17 |
4-тоқсан |
950,8 |
29 |
3,05 |
3128,4 |
81 |
2,64 |
Кестеде келтірілген мәліметтердің көрсеткішінен біз күмәнді қарыздың резерві 82,59 мың теңге құрағанын көреміз (3128,4х2,64):100%.
Төлем мерзімі бойынша шоттарды есептеу әдісі. Негізінен жалпы дебиторлық қарыздың белгілі бір пайыздық бөлігінің күдікті деп танылуын көрсетеді. Бұл белгілі бір пайыздың бөлігін табу үшін алынуға тиісті шоттарын олардың категориясы бойынша жіктеуді ұсынады:
- төлеу мерзімі жетпеген шоттар;
- төлеу мерзімі 1-30 күннің аралығында жасалатын шоттар;
- төлеу мерзімі 31-60 күннің аралығында жасалатын шоттар;
- төлеу мерзімі 61-90 күннің аралығында жасалатын шоттар;
- төлеу мерзімі 90 күннен жоғары шоттар.
Әрбір категория үшін күдікті қарыздың болжамдық пайызы анықталады.
Мысалы. Түгеңдеу нәтижесінде теленбеген дебиторлық қарыздың деңгейі 9610 мың теңгеге жеткен. Енді осыларды төлем мерзімі бойынша мынадай етіп бөлуге болады:
бірінші категория 340 мың теңге;
екінші категория 134 мың теңге;
үшінші категория 249 мың теңге;
төртінші категория 211 мың теңге;
бесінші категория 77 мың теңге.
Еңді осы талап етілетін күдікті соманы анықтаудың кестесін келтіреміз, оның категориясы бойынша болжамдық пайызы өткен жылдың тәжірибесінің негізінде анықталады.
Сонымен, топшыланған күдікті қарыз сомасы 187,24 мың тенге құраған. Күдікті қарыздың бұл әдісі бірінші әдіске қарағанда анағұрлым дәлірек және объективті мәлімет беретін сияқты.
6 -кесте
Дебиторлық қарыздын төлеу мерзімі |
Сомасы, мың теңге |
Күдікті қарыз деп саналатын, болжамдық пайызы, % |
Талап етілетін күдікті сомасы, мың теңге |
Төлем мерзімі жетпеген |
340 |
11 |
37,40 |
1-30 күннің аралығындағы |
134 |
8 |
10,72 |
31-60 күннің аралығыңдағы |
249 |
23 |
57,27 |
60-90 күннің аралығыңдағы |
211 |
19 |
40,09 |
90 күннен жоғары |
27 |
48 |
20,76 |
Жиыны |
9610 |
166,48 |
Егер де күдікті қарыздар бойынша резервтер бірінші рет қалыптастырылатын болса, онда ол қаржылық есеп беруде кезеңдік шығыстар ретінде көрсетіледі, яғни есепті кезеңнің шығыстарын өсіреді. Демек, күдікті қарыздарды қалыптастырған кезде 821 дебеттеліп, 311 шоты кредиттеледі. Ал егер де дебиторлық қарыздар күдікті қарыздардың есебінен есептен шығарылса, онда 311 шоты дебеттеліп, 301, 302, 303, 321 - 323 шоттары кредиттеледі, бірақ бұл жерде ҚҚС есепке алынбайды, яғни қарыздың таза сомасы ғана алынады. Ал салық сомасы 633 шоттың дебетінде және 301-303, 321-323 шоттарының кредитінде көрініс табады.
Егер де төлем сатып алушылардан алынса, сенімсіз ретінде есептен шығарылған дебиторлық қарыздар есептік кезеңде табыс сомасы ретінде танылады да, ол 441, 451 шоттарының дебеті бойынша және 727 шоттың кредиті бойынша көрініс табады. Олардың ҚҚС сомасы да 441,451 шоттарының дебеті бойынша және 633 шоттың кредиті бойынша көрініс табады. Егер де күдікті қарыздарды іздеу мерзімі өтіп кетсе де есептен шығаруға рұқсат етілмесе, онда олар баланстан тыс 007 шотында көрініс табады.
311 шоты бойынша аналитикалық есеп әрбір күдікті талаптар бойынша тізімдемеде жүреді.
ІІ. Дебиторлық борыштар есебінің аудиті.
1.1. Дебиторлық борыштар, оларды жіктеу және түгендеудің есебінің аудиті.
Аудитор дебиторлық борыштарды тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланысты толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлық борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:
Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басында және аяғында қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап, 12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.
Баланста «Ұзақ мерзімді
активтерге» жатқызылған
Ағымдағы активтерде аталған баптар сол күйінде қайталанып, оған тек қана «Аванстық төлемдер» бабы қосылады.
Аудитор баланстың сәйкес баптарындағы борыштардың қалдықтарының дұрыс көрсетілгендігін анықтау үшін №11 журнал-ордердегі, басқа да синтетикалық есеп регистрларындағы және есеп айырысудың жүзеге асырылғандығын көрсететін шоттарындағы мәліметтер бойынша, баланстың сәйкес баптарындағы қалдықтармен тексеру кезеңінің басындағы әрбір есеп айырысу бойынша қалдығын салыстырып, содан кейін есеп айырысудың әрбір түрін тексереді. Сатып алушылармен есеп беруге тиісті тұлғалармен, жұмыскерлерімен және басқа да дебиторлармен есеп айрысуларды түгендеу, тиісті құжаттар бойынша шоттарында көрсетілген сомаларының негізділігін мұқият тексеріп анықтауды талап етеді. Аудитор және түгендеу комиссиясының мүшелері дебиторлық борыштардың пайда болу мерзімін, себебін және оған кінәлі тұлғаларды, нақты алынатынын талап ету мерзімінің өтіп кетпегендігін қарыздарды өндіру үшін қандай шаралар қолданылғандығын анықтайды. Қарама-қарсы тексеру жүргізу мәселелерін шешіп, қарама-қарсы тексеру негізінен сауда және жабдықтау ұйымдарына жүргізілетіндігі ескерілуі тиіс.
Есеп айырысуларды түгендеудің
нәтижесінде акт толтырылады.
Актыда түгендеу жүргізілген
шоттардың аттарын, дебиторлық борыштардың сомасын
талап ету мерзімі біткен дебиторлық борыштарын
өндіру мүмкін емес, үмітін үзген қарыздарын
көрсетеді. Бұндай борыштарды түгендеу
түрлері бойынша есеп айырысуларды түгендеу
актыларына дебиторлардың аталуы, мекен
жайы, қарыз сомасы, не үшін қарыз болғандығы,
қай уақыттан бері, қандай құжаттардың
негізінде көрсетіліп анықтама тіркелуге
тиісті. Анықтамада талап ету мерзімін
өткізіп алған дебиторлық борыштары бойынша
есеп айырысуларды түгендеудің материалдарына
талдау жасау немесе түгендеуді аудитордың
өзі жүргізгенде анықталған ауытқуларды,
сәйкессіздіктер,
Баланс мәліметтерімен бас кітап немесе айналым ведомостінің мәліметтерінің сәйкес келмеуі жиі кездесетін жағдай.
Мұндай жағдайды «
«Энергоорталық-3»-те баланс мәліметтері екі мың екінші жылдың отыз бірінші желтоқсанына дебиторлық борыш көрсеткішін 310477,3 теңгеге қорытындыланаған. Бұл көрсеткіш жыл басындағы мәліметпен салыстырғанда дебиторлық борыш көлемінің 9229,3 мың теңгені немесе 103,1 пайызға артқандығын көрсетеді.