Дебиторлық берешек аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2015 в 19:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны....................................................................6
1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника – экономикалық сипаттамасы.....................................................................................12
1.3 Ұйымның есеп саясаты.....................................................................................18
2. Дебиторлық берешек есебі.
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы...........................................27
2.2 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі......
2.3 Басқа да дебиторлық берешектің есебі.............................................................51
Дебиторлық берешек аудиті.
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты...............................47
3.2 Дебиторлық берешек аудиті.............................................................................
3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау........................................................64

Қорытынды................................................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қаржылық-есеп-жүйесінде-дебиторлық-берешек-есебі.doc

— 370.00 Кб (Скачать документ)

    Есеп беруші адамдармен есеғп айырысу шетел валютасымен жүзеге асырылуы мүмкін. «Есеп беруші адамдармен шет елдік валютамен есеп айырысу» аралық шоты дебеттеліп, 452 «Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма- қол ақша» шоты кредиттеледі. Шығындардыесептен шығару кезінде 821 «Жалпы және әкімшілік шығындар». 938 «Басқа да қосымша шығындар » шоттары арқылы жүзеге асырылады.

333 және 452 шоттар бойынша  валютамен орындалған операциялар  тенгелік бағам бойынша көрсетіледі.

Бағамдық айырмасы сәйкесінше мына шоттарда көрініс табады: 725 және 844 шоттарда.

    Өкілдік шығыстарының есебі. Қоғам өз қызметінің барысында өкілдік шығыстарын есеп беруге тиісті адамдар арқылы қолма- қол ақшалардың көмегімен жүзеге асыруы мүмкін. Ол негізінен ресми адамдарға сыйлы қызмет көрсету үшін, іскерлік контракт жасау үшін акционерлер жиналысына келген директорлар үшін және т.б. шаралар үшін алынуы мүмкін.

    Өкілдік шығыстарының сомасы заңда бекітілген нормасымен сәйкес кеуі тиіс:

Ресми кездесу кезінде шақырылған жақтардан қабылдаушы жақтардың қатысушылары көп болуы керек, яғни келген делегацияның саны аудармашылармен қоса есептелгенде бес адам болса, онда қабылдаушы жақтың да адамдары бестен аспағаны жөн.

Өкілдік сипаттағы шаралардың алдын –ала қарастырылған шараға сай болғанын қуаттайтын құжаттарды қоғамның өзі әзірлеуі және есеп саясатында көрсетілуі керек. Өкілдік шығыстарды әзірлеу үшін негізгі құжаттар ретінде мыналар саналуы мүмкін:

  • басқа заңды тұлғалардың өкілеттілігін, басқарма қатысушыларын, директорлар кеңесін, бақылау комиссиясын қабылдау бойынша жүргізілетін шаралардың негізділігімен байланысты бұйрығы;
  • келушілердің келетін күндерінің және кәсіпкерлік жұмысты жүргізудің бағдарламасы күтілетін қатысушылардың саны, талқыға түсетін мәселелердің тізімі т.б;
  • шығыстың әрбір баптарының негізділігімен байланысты жасалған шығыс сметасы.

    Осы аталған құжаттар толық талқыланып, оның негізінде бұйрық жасалып, сол бұйрыққа кәсіпорын басшысы қол қойғаннан соң, ол бухгалтерияға беріледі, содан кейін жауапты тұлғаға, яғни есеп беруге тиісті адамға бекітілген смета мөлшерінде ақша бөлінеді.

    Шара аяқталған соң, есеп беруге тиісті тұлға,бұйрықта қаралған шаралардың орындалу деңгейін дәлелдейтін: аванстық құжаттарын, оның шығысын растайтын алғашқы құжаттары мен және қоғам басшысы бекіткен сметаның орындалуы туралы актісін бірге бухгалтерияға тапсырады.

    Аванстық құжаты мен сметаның орындалуы турралы актісін бекіткен соң, есеп беруге тиісті тұлғадан қабылдаған құжаттың негізінде шығындар сомасы 821, 811 шоттардың дебеті мен 333 шотының кредеті бойынша есептен шығарылады.

    Материалдық зиян шегудің орнын толтыру бойынша есебі. 333 шотында жоғарыда келтірілген баптар мен қатар еңбеккерлердің кем шыққан және жоғалған мүліктерінің орнын толтыру бойынша есебі көрініс табады.  Кем шығудың нәтижесінде қоғам шеккен зияны немесе құндылықтардың бұзылуы нарық бағасы бойынша есептелінеді, егер де заңмен басқа да тәртібі қаралмаса.

    Кінәлі тұлғадан өндіріп алуға жататын сомасына 333 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредеттеледі, яғни кем шыққан ақшаның немесе мүліктің нақты құнына; ал нақты құнымен нарықтық бағасының айырмасына 333 дебеттеліп, 727 шоты кредиттеледі. Ал мүліктің нарықтық құнынан ұсталатын ҚҚС сомасына 333 шоты дебеттеліп, 633 шоты кредеттеледі.

    Келтірілген материалдық зияндар еңбеккерлердің жалақысынан ұсталуы мүмкін, ол кезде 681 дебеттеледі де, 333 шоты кредеттеледі; ал егер де олар өз кінәсін мойындап, нақты қолма- қол ақшамен төлейтін болса, онда 451 шоты дебеттеле,ді де, 333 шоты кредиттеледі.

Талдамалы есеп әрбір еңбеккер бойынша жүреді.

    Басқадай дебиторлық қарыздар шотында жалгерлік бойынша келіп түсетін міндеттемелеріне , бюджетке артық аударылған сомаларына, шағым- талап сомаларына, ТМҚ кем шығуына, нормадан тыс табиғи кемулеріне, айыппұлдарына т.б ақпараттарына шолу жасалынады.

    Шағын- талап бойынша есеп айырысуды есепке алу.

Шағын – талап деп – кредитордың өзінің мүліктікң құқығымен мүддесінің бұзылуына байланысты қарыздары өз еркімен реттеу жөніндегі жазбаша талабын айтамыз. Белгіленген тәртіп бойынша талап еткенге дейін кредитор алдын – ала тікелей қарызданушыға шағым – талабымен баруы керек. Кәсіпорын шағым – талап бойынша қарыздарды уақытында және толығымен өнндіріп алудың қажетті шараларын қолдануға міндетті. Шағым – талапта: шағым – талап қоюшы қоғамның атауы, шағым- талаптың номері және түскен күні; тиісті актілерге сілтемесі; мәлімдеушінің талабы; шағым- талаптың сомасы және оның есебі; мәлімдеушінің төлем және есеп айырысу реквизиттері; тіркелген құжаттардың тізімі; қоғамның басшысының қолы көрсетілуге тиісті.

    Кем шыққан өнімдер, тиісті сапаға сай келмейтін немесе жиыны түгел емес өнімдер құнының орнын толтыру жөніндегі және осындай өнімдерді жеткізгені үшін айыппұл төлеуді қоса алғандағы шағым – талаптар екі ай ішінде қойылады. Тиісті құжаттардың негізінде шағым- талап сомаларын 334 шотының дебетінде- жабдықтаушыларға шағым – талап қойылған жағдайда 671 шоттың қате аударып есептен шығарылған сомалар бойынша банкке шағым – талап қойған жағдайда – 441 шотының кредитінен; төлеушілердің өздері мойындаған немесе сот ұйғарған көлемде келісімшартындағы  міндеттемелерін орындамағаны үшін мердігерлерден, жабдықтаушылардан және тағы да басқа өндіруге тиісті айыппұл, өсімайыбы, тұрақсыздық айыбы сомаларына 727 шотының кредитінен есептен шығарады.

 Қойылған шағым –  талап бойынша төлем түскен жағдайда 441 шоты дебеттеледі де және 334 шоты кредиттеледі. Қойылған шағым – талап бойынша қойылған сомалардан бос тартқан кезде 334 шоты кредиттеледі де, 821 шоты дебеттеледі.

Ішкі шаруашылық есеп айырысуларды есепке алу. Ішкі шаруашылық – бұл кәсіпорындардың өз филиалдарымен, өз өкілдіктерімен, бөлімдерімен және өзге де ерекшеленген бөлімшелерімен және жеке балансқа шығарылғандармен есеп айырысу. Есепке алу тәжірибесінде кәсіпорындар мн жеке балансқа шығарылған бөлімшелерінің арасында болатын ішкі баланстық есептерін атайды.

334-шоты бойынша аналитикалық  және жинақтық есептерін ұйымдастырудың   тәртібі 32 «Еншілес серіктестердің дебиторлық қарыздары» бөлімшесінің шоттары бойынша жүреді.

334- шотында мынандай  есеп айырысулар есепке алынады: шаруашылық ішінен бөлінген бөлімшелердің негізгі құралдары бойынша; тауарлы- материалдық құндылықтардың босатылуы бойынша; өнімдерді өткізу бойынша; жұмыс және қызметі бойынша; бөлімшенің қызметкеріне еңбек ақы төлеуі бойынша; егер қордың тиісті бөлігі бөлімшелерге берілмей бас кәсіпорынның балансында есепке алынатын болса, онда тұтыну қорлары және солардың есебінен қаражат жұмсауы бойынша; басқа да ағымдағы операциялар бойынша.

334 шотының дебеті бойынша  бас кәсіпорынның ішкі шаруашылық  есептері бөлігіндегі қалдығы, құрылымдық бөлімшелерінің оған дегенгі, ал құрылымдық бөлімшелерде- бас  кәсіпорынның қарыздары көрсетіледі.

   Бас кәсіпорынның біріктіріліп жинақтаған балансында 334 және 687 шоттарында есепке алынған ішкі шаруашылық есептері бойынша қарыздар өзара өтеледі де, есепте көрсетілмейді. Баланс жасалғанға дейін 334 және687 шоттары бойынша қарыздар сомасы салыстырмалы тексеруден өткен соң, ондағы дәлсіздік жазбалары ретке келтіріледі. Ішкі шаруашылық есебі қаржылық есеп беруге көрініс таппайды. 334 шоты бойынша талдамалы есебі, яғни ішкі шаруашылық есебінің субшоты әрбір филиалы бойынша немесе дербес бөлімшелері бойынша жүреді.

    Жоғалту мен кем шығудың есебі субъектінің шаруашылық қызметінің процесінде әртүрлі жоғалтулар мен кем шығулар болуы мүмкін және олар: нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінуі мүмкін.  Нормаланатын жоғалтулар негізінен атаулардың  физикалық- химиялық  қасиетінің  өзгеруімен  байланысты болып келеді. Бұлардың есептері объективті сипатта болғандықтан олардың жоғалтулары белгіленген денгейде нормаланады.

    Нормаланбайтын жоғалтулар бұзылудың, кем шығудың т. б нәтижесінде болады.

Нормаланған жоғалтулар өндіріс шығыстарына жатқызылады, ал нормаланбайтын жоғалтулар, себебін анықтағанша, 334 шотқа жатқызылады және ол бойынша «кем шығу, жоғалту және құндылықтардың бұзылуы» деген субшоты ашылады да, ол мына  шоттарымен корреспонденцияланады:     

325 «Басқа да» шоты дебеттеледі де, негізгі құралдың жетіспеген  баланстық құнына – 123-125 шоттары; материалдық құндылықтардың жетіспеген ақша қаражаттарына -451-452 шоттарына кредиттеледі.

Жоғалтулардың себебі ашылса, онда 334 шотында есепке алынған сомасы 333 шотында есептен шығарылалды, яғни 333 дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі. Ал егер де кінәлілер белгісіз болса, онда олар кәсіпорынның шығысына жатқызылады, яғни 821 шоты дебеттеліп, 334 шоты кредиттеледі.

    Негізгі құралдар мен материалдық құндылықтарға бұрындары жатқызылған ҚҚС сомасына 633 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттелген қызыл жазумен жазылады, сосын 821 шоты дебеттеліп, 331 шоты кредиттеледі.

Берілген авнсбойынша есеп айырысудың есебі.

Берілген авнсбойынша есеп айырысудың есебі 35 «Бепрілген аванстар»бөлімшесінің шоттарында жүргізіледі. Бұл бөлімшенің екі шоты бар -351 «Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар» және 352 «орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар».

Аванс берілген жағдайда 35 ші бөлімшенің шоттары дебеттеледі, 441, 431 шоттары кредиттеледі, сондай-ақ шетел валютада берілген аванс бойынша бағамдық оң айырмасының сомасына 725 шоты корреспонденцияланады. Тиесілі шоттардың кредиті бойынша және 671 шотының дебеті бойынша жабдықтаушылардың біткен жұмыстарын төлеуі кезінде, берілген аванс сомалары ескеріледі, сондай –ақ шетелдік валютада берілген аванс бойынша бағамдық теріс айырмасының сомасына 844 шоты корреспонденцияланады. Берілген аванстың есебі басқадай кредиторлық және дебиторлық қарыздар бойынша есеп айырысудың аналитикалық тізімдемесінде 351 және 352 шоттары бойынша бөлек жүргізіледі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есебі. Еншілес серіктестіктердің дебиторлық қарыздарының есепке алу үшін шоттардың бас тізбегіндегі 32 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің дебиторлық қарыздары» деген бөлімшесі қарастырылдған.Бұл бөлімшеге мына шоттар кіреді: 321 «Еншілес серіктестіктерінің қарыздары», 322 «Тәуелді серіктестіктердің қарыздары», 323 «Бірлесіп бақыланатын тұлғалардың қарыздары».    Аталмыш бөлімшенің шоттарында еншілес, тәуелді және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың ағымдағы дебиторлық қарыздары жинақталып көрсетіледі. Аталған еншілес кәсіпорынның дебиторлық қарыздары 321-323 шоттарында көрсетілсе, ал солардың кредиторлық берешегі 641-643 шоттарында көрсетіледі. Бас және еншілес серіктестіктердің арасында жасалңан есеп айырысулар 641 -643 және 321-323 шоттары бойынша салыстырылып, тексеру актісінің негізінде дебиторлық және кредиторлық қарыздарй жабылуы мүмкін, ол кезде өтелген дебиторлық қарыз сомасы: 641-643 шоттары дебеттеліп, 321-323 шоттары кредиттеледі. Есеп айырысу шоттары арқылы бас кәсіпорынның және еншілес серіктестіктердің есеп айырысуы жүргізіліп қана қоймайды, сонымен қатар еншілес серіктестіктің екінші серіктестікпен есеп айрысуы да жүргізіледі. Бұл жағдайда  мәлімдемелер үш данада жазылады: тараптардың есеп айырысуына қатысатын үшеудің әрқайсысы үшін. Еншілес серіктестіктердің кредиторлық қарыздарын есепке алу үшін мына төмендегі синтетикалық шоттары пайдаланады: 641, 642, 643 шоттарында жүргізіледі. 641,642 және 643- шоттары негізгі, пассивті әі күрделі болып келеді. Талдамалық  есеп  әрбір еншілес серіктестіктері бойынша жүргізіледі.Төменде 641,642  және643  шоттарының  дебеті   және кридиті бойынша шоттарының корреспонденциясы келтірілген. Қоғам консалидацияланған қаржылық есеп беруін жасағанкезде 641-643және321-323 шоттары бойынша өзара жабылады немесе жойылады, немесе олардың қалдықтары тепе – теңдігін сақтайды.

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.Дебиторлық берешектің аудиті.

 

              3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты.

    Дебиторлық борыштар (қарыздар) – бұл басқа заңды тұлғалардың немесе жеке азаматтардың шаруашылыққа берешек қарыздары. Дебиторлық борыштар шаруашылықтың ішінде және сыртқа заңды тұлғамармен және жеке азаматтармен де пайда болады. Есептеу әдісін қолданып, қолма-қол емес есеп айырысу операциялары кезінде дебиторлық борыштардың пайда болуы заңды құбылыс болып табылады.

      Аудитор дебиторлық борыштар тексеруге кіріскен кезде тексеру барысында қаралатын және анықтауды талап ететін материалдарын жеке сұрақтарға бөліп, аудиторлық тексерудің бағдарламасын жасап, тексеру барысында анықталған факторларға байланыста толықтырулар мен түзетулер енгізіліп, басшылыққа алып қадағалап отырады. Дебиторлык борыштарды тексерудің аудиторлық бағдарламасы мынандай мәселелерді қамтуға тиісті:

  • баланстың көрсеткіштерін Бас кітаптағы, есеп регистрларындағы және машинажазбалардағы мәліметтерімен салыстырып тексереді;
  • аналитикалық және синтетикалық есептердің дұрыс жүргізілгендігін тексереді;
  • субъектідегі дебиторлық борыштардың жағдайын олармен есеп айырысуларды түгендеу жүргізу жолымен тексереді;
  • күдікті қарыздар резервтерінің құрылу тәртіртерін және олардың дұрыс қолданылуы тексереді;
  • сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысуларды, вексельмен төлеу операцияларының дұрыс жүзеге асырылғандығын тексеруді;
  • шағым-талап ету тәртіптерінің уақтылы сақталып, олардың қозғалысын бақылаудың дұрыс ұйымдастырылғандығын тексеруді; еншілес (тәуелді) серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары бойынша есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есеп шоттарында дұрыс көрсетілгендігін тексеруді:
  • дебиторлық борыштар бойынша алынған материалдары талдап, есеп айырысуды ретке келтіру және дебиторлық борыштарды төмендетуге байланысты ұсыныстар жасауды.

 

                                      3.2 Дебиторлық берешектің аудиті.

    Дебиторлық борыштар бойынша есеп айырысуды тексере отырып, аудитор олардың баланста дұрыс көрсетілгендігін, жылдың басындағы және аяғындағы қалдықтарының баланстың «Ұзақ мерзімді активтер» және «Ағымдағы активтер» бөлімдеріне дұрыс топталып көрсетілгендігін тексереді. «Ұзақ мерзімді активтер» бөлімінде есеп беретін күннен бастап  12 айдан кейін төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетсе, ол «Ағымдағы активтер» бөлімінде – 12 айдың ішінде төлемі күтілетін дебиторлық борыштарды көрсетеді.

Информация о работе Дебиторлық берешек аудиті