Дебиторлық берешек аудиті

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 12 Июня 2015 в 19:26, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасында нарықтық қатынастардың қалыптасуына дейін құрылыс кешенінде құрылысқа қатысушылардың арақатынасында СНиП, ГОСТ,СН, ТУ, т. с.с. экономикалық сауатты құқықтық-техникалық базасына негізделген, инвестицияны қолдануды, нақты өзіндік құн мен нормативті пайданың құрылуын және құрылыс шикізаттарын бақылау, олардың жүйелік есебін жүргізуге мүмкіндік беретін, жақсы қалыптасқан салалық жүйе орын алған.

Содержание

Кіріспе........................................................................................................................ 3

Нарықтық экономикадағы дебиторлық берешектің мәні мен маңызы.
1.1 Дебиторлық берешектің мазмұны....................................................................6
1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» акционерлік қоғамының техника – экономикалық сипаттамасы.....................................................................................12
1.3 Ұйымның есеп саясаты.....................................................................................18
2. Дебиторлық берешек есебі.
2.1 Дебиторлық берешек есебінің ұйымдастырылуы...........................................27
2.2 Сатып алушылар және тапсырыс берушілермен есеп айырысудың есебі......
2.3 Басқа да дебиторлық берешектің есебі.............................................................51
Дебиторлық берешек аудиті.
3.1 Дебиторлық берешек аудитінің бағдарламасы, мақсаты...............................47
3.2 Дебиторлық берешек аудиті.............................................................................
3.3 Қоғамның дебиторлық берешегін талдау........................................................64

Қорытынды................................................................................................................72

Прикрепленные файлы: 1 файл

Дип.-Қаржылық-есеп-жүйесінде-дебиторлық-берешек-есебі.doc

— 370.00 Кб (Скачать документ)

Бұл жағдайда кредитор басқа бір кредиторға өзінің заңды талабын берер алдында бірінші кредитормен келісіп алады.

Құқықтық талаптарды әдетте азайтылған сомасына  береді. Яғни дебиторлық қарыздан аз сомаға, сондықтан ол цедентке зиянның ал цессионарда табыстың пайда болуына әкеледі. Егер де талап құқығы дебиторлық қарыздан артық сомаға жасалатын болса, онда ол сәйкесінше цедентке табысты, ал, цессионарда зиянды алынатынын көрсетеді.

   Тауарлы қорлардан дебиторлық берешек қолма-қол есеп айырысуға бір адым жақындығымен ерекшеленеді. Бірақ көбінесе тәжірибеде соңғы адым жасалмайды. Тәжірибеде дебиторлық берешек құрылғанына 90 күн өткеннен кейін сатушы күмәндана бастайды, және қандай да бір жағдай жасауға тырысады. Ең көп тараған әдіске факторингтік компанияның дебиторлық берешегін сату жатады.

Факторинг басқаша айтқанда қаржылық агент болып табылады, және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беру үшін қызмет етеді. Ондай қаржылық агент банктерде басқа да несиелік коммерциялық ұйымдар бола алады, бірақ олар аталған қызметті жүзеге асыр үшін лицензия болуы керек. Бірақ кез- келген кәсіпорын немесе ұйым факторинг қызметімен шұғылдан бастан бұрын екі жақтың да несие қабылеттілігін тексереді және көрсеткен қызмет үшін өз құқығын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеу керек. Бұл арада өзінің дебиторлық берешегін талап ету құқығын Берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы  келісім шартқа отырады. Ондай келісім шарт ашық та жасырын (конфедициалды) болуы мүмкін. Осы келісім шартта клиентке құқығын өзіне қайтарып беру мәселесі де айтылады, яғни  регресс құқы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің құны көрсетілетін түріне қаржылық жағдайына  және таға басқа факторларына тәуелді болып келеді.

   Міндеттемелердегі жауапа беруші тұлғалар ауысқан кезде азаматтық кодексінің 339 бабында кредитор құқығының басқа тұлғаға ауысуы  қарастырылған. Кредитор құқығының басқа тұлғаға ауысуы  үшін құқықтық актілер мен келісімшартта көрсетілген жағдайда қарыз алушының келісімі қажет емес. Дебиторлық берешекті регресске құқықсыз сату барысында сатап алушының ақша – қаражатты (инкассация) жинау тәуекелділігіне барып, қарыз алу бойынша кез- келген залалға дайын болады.

Алуға шоттарды беру дебиторлық берешекті тікелей формасы  бойынша да (меншік құқығын беру) мазмұны бойынша да (бақылау құқығын беру) сату дегенді білдіреді.

Регресс құқығымен қамтамасыз етілген дебиторлық берешекті сатқанда:

- сатушы сатып алушыға дебитор  өз қарызын өтемеген жағдайда  өзі өтеуге кепіл береді

- әрбір жақ берілген операцияларды  жасағаннан кейін басқаратын  өз активтері мен міндеттерін  мойындайды, және жабылған, сатылған  активтері мен міндеттемелерін мойындамайды;

- таза түсімдер анықталады –  ол сатудан кейін түскңен ақшалай  қүұралдар мен басқа да активтер;

- соңында сатудан болған зияндар  анықталады.

 

1.2 «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС»  акционерлік қоғамының                                                     техникалық - экономикалық сипаттамасы.

Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор . Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз  бір-бірімен теңесуі керек . Талданатын кәсіпорын АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС»  1995-ші жылы құрылыс компаниясының құрылыстық әрлеушілік, қайта қалпына келтірушілік негізінде құрылған. Негізінен объектінің іргелі құрылысын салуға негізделген, бас офисі, тұрғылықты орны: Достық даңғылы 5 үйде орналасқан.            Компания сонымен қатар құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге саыру, жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жоба құрастыру және өндіріске енгізумен айналысады.                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                         2005 жылдың ішінде ұйымның негізгі көрсеткіштерінде келесі өзгерістер болды : жалпы табыс 228191,42 теңге , кезең шығындар соның ішінде161145,46 теңге, негізгі емес қызметтен түскен табыс 27566,50 теңге, корпоративтік табыс салығы 28383,73 теңге, таза табысы 2005 жылға  66228,72 теңгемен жапты. Яғни ұйым өз нарығын төлем қабылеттілімен қамтамасыз ете алады деуге болады.                        АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өзінің қызметінің алдында келесідей мақсаттар қояды:

  • Халықтың сұранысын қамтамасыз ету;
  • Табыс табу және оны қатысушылар арасында пайдалану;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу және ұйым жұмысшыларының әлеуметтік           жағдайларын...шешу;                                                                                                        Әкімшілік-басқару офисі ғимаратында келесідей кабинеттер орналасқан: басқарушы кабинеті, бас технолог кабинеті, бас бухгалтер және екінші деңгейлі бухгалтерлер кабинеті, кадрлар бөлімі, материалдармен қамтамасыз етуші бөлімше, сату бөлімшесі, сонымен қатар басқа да бөлімшелер кабинеттері орналасқан.Ал өндірістік ғимаратында цехтар бар:
  • Қайнату цехі (варочный цех)
  • Бояу цехі (красительный цех)
  • Лагерлік цехі
  • Сұраптау цехі (разделочный цех)
  • Химия терапия

Әр цехте әр түрлі процесстер жүреді, яғни бірінші цехта қайнату, екінші цехте жасап шығару (жартылай фабрикат), үшінші цехте бояудың пісіп жетілуі  және фильтрден өтіп тазартылады.  Келесі кезең  арнайы цехте жасалып шығарылған ыдыстық материалдарға құю және этикеттерді жабыстыру  процесімен аяқталады. Қоғам өнімдерінің өзіндік құндарына кіретін келесідей материалдардан құралады:  материалдар – эмульсия, су, май,шикізат;көмекші материалдар  этикет, кизельгурт, фильтрлі картон, клей, каустикалық пластмасса, бөтелкелердің сынуы, қақпақ, хлорлы әк, тұз қышқылы т.б әрлеуге, сыпрлауға қажетті материалдар бар; басқа да материалдар – жылу энергиясы, электр энергиясы;    Субьектінің қаржы – шаруашылық қызметін талдау.   Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметі оның өндіру – сату қызметін жан – жақты түгел көрсетеді.  Нарықтық қатынастар жағдайында кәсіпорынның шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерінің өзгеруін талдау маңызы өте зор .

Шаруашылық техникалық экономикалық көрсеткіштерді талдағанда айналым капитал айналымның,мүлік құнының үлесіне меншік және қарыз капиталдың қатынасына, сонымен қатар дебиторлық және кредиторлық қарыздың қатынасына көңіл бөлу керек . Қаржылық жағдайы қалыпты болған кезде кәсіпорында меншік капиталының үлесі динамикалық түрде өсу керек , және меншікті капитал қарыз капиталдан жоғары болу керек , ал дебиторлық және кредиторлық қарыз  бір-бірімен теңесуі керек . Талданатын Қоғам 1995-ші жылы құрылыс материалдарын өндіруші заводы негізінде құрылған. Ұйымның қазіргі уақытта қалай қызмет атқаратынын көру, талдау үшін, алдымен оның техникалық, экономикалық көрсеткіштеріне назар аудару керек. Ол үшін ұйым балансына сәйкес кесте құрып, талдау барысында пайда болатын негізгі көрсеткіштерді бағалау,ауытқуларын талдау, сонымен қатар ауытқуларға шара қолдану қажет. Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мақсаты ұйымдағы төлем қабылеттілік пен өтімділік денгейін анықтау мақсатында қажет болып табылады. Ұйымның төлем қабылеттілігі оның қысқа мерзімді несиелерін жабу үлгерімін көрсетеді. Оның жетіскке жету маңызы екі көрсеткішті салыстыруда. 1- кестеде екі жылдық көрсеткіштер салыстыру мақсатымен көрсетілген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  Есепті кезеңде өнімді өткізуден түскен табыс 57873,03 теңгеге өскен немесе 15 пайызды құрайды. Өнімнің өзіндік құны да 28108,95 теңгеге өскен немесе 15 пайызды құрайды. 2005 жылдың аяғына қарай жалпы табыс 228191,42 теңге болды. Сонымен қатар кезең шығындарында да 15 пайызға немесе 12949,71 теңгеге өскенін көреміз, және 2005 жылдың аяғына 99281,13 теңгені құрады. Кәдімгі қызметтен түскен  табыс , ол негізгі және негізгі емес  қызметтерден құралған табыста 15 пайызға өскен және жыл аяғына 94612,46 теңгені құраған. Сондай-ақ таза табыс жыл аяғына  94612,46 теңгеге тең болды. Ұйымының  2005 жылғы таза табысы толығымен өткен кезең шығындарын жабуға кетті. Сондықтан есепті жылы табыс салығы  төленбеген. Ұйым жұмысында теріс жағдай болып отырған ол негізгі құралдардың қорқайтарымдылығының -35,30 пайызға төмендегені, сондай-ақ сәйкесінше қорсиымдылығы 28,20 пайызға жоғарылаған. Бұл негізгі құралдардың тиімсіз пайдаланғанын көрсетеді. Есепті жылы активтердің айналымдылығы 0,3-ке төмендеген және жыл соңында 0,53-рет айналған. Бұл көрсеткіш те ұйымның қаржылық жағдайына теріс әсер етеді. Сату табыстылығы есепті жылы өзгерген жоқ. Активтердің табыстылығы 20,83 пайызға төмендеген.Жалпы кәсіпорын бойынша таза табыстың жоғарылауына қарамастан, негізгі көрсеткіштердің төмендеуі байқалады: негізгі құралдарды пайдалану тиімділігі, активтердің айналымдылығы, сонымен қатар барлық активтерінің табыстылығы көрсетілген. Баланстың актив құрамындағы ең көп үлес салмағын ұзақ мерзімді активтер алып жатыр: 2005 жылдың басы мен аяғына сәйкесінше 53,68 пайыз және 60,04 пайыз. Ұйымның ұзақ мерзімді активтер ішінде:материалды емес активтер, негізгі құралдар мен аяқталмаған құрылыс көрсетілген.Ұзақ мерзімді активтердің құрылымындағы ең көп үлес салмағын негізгі құралдар алады. Олардың көрсеткіштеріне назар аударар болсақ, 60,15 пайыз жыл басына және жыл соңына 65,62 пайызкөрсетілген. Егер негізгі құралдардың жіктелуін қарастыратын болсақ, онда ең көп үлес салмағын машиналар мен құрылғылар алады  жыл басына 51,27 пайыз, жыл аяғына 57,96 пайыз құрайды. Ұйымның барлық мүлік құнында ағымдағы активтер 46,31 пайыз бен 39,95 пайыз, жыл басы мен жыл аяғы сәйкесінше. Ағымдағы активтер құрылымында ең көп үлес салмағы дебиторлық қарыз алып жатыр,бұл кәсіпорынды теріс сипаттайды. Жыл басына қарағанда дебиторлық қарыздың деңгейі 88374 теңгеге немесе 5,3 пайызға жоғарыласа да, Жыл соңына қарай дебиторлық қарыздың үлес салмағы өте жоғары 339900 теңге немесе 33,28 пайыз. Кәсіпорынның басшыларына төлем есебінің тәртібін қатайту керек және дебиторлық қарыздарды қайтару шараларын қабылдау керек. Тауарлы материалды қорлардың төмен үлес салмағы мен олардың жыл соңына төмендеуі: кәсіпорын өзінің сату нарығы бар екенін көрсетеді және ұйымның өнімдері сұранысқа ие.Ұйымның барлық мүлкі есепті кезеңде 369362 теңгеге немесе 56,66 пайызға өсті, бұл ұйымды оң сипаттайды. Бұл жоғарылауға әсер еткен актив баптары келесідей: негізгі құралдар құнының жоғарылауы 258056 теңгеге немесе 77,0 пайызға, негізінен машиналар мен құрылғыларды сатып алған үшін, ол 257749 теңгеге 2005 жылы; дебиторлық қарыздың 88374 теңгеге абсолютті өлшемде өсуі.Материалды емес активтер мүлік құнында үлес салмағы аз: жыл басына 0,084 пайыз және жыл аяғына 0,0754 пайыз. Бірақ абсолюттік өлшемде 200 теңгеге өскенін көруге болады, ал пайыздық өлшемде материалдық емес активтер 2005 жылға 0,0120 пайызға төмендеп отыр. Егер баланстағы өзгерістерді пайыздық қатынаста алатын болсақ, онда мүлік құнының өсуі ұзақ мерзімді активтердің 71,2761 пайызға және ағымдағы активтердің 21 пайызға өсуімен анықтауға болады. Жоғарыда айтылғандай мүліктің өсуіне әсер еткен негізгі факторлар ол машиналар мен құрылғылардың 69,7822 пайызға өсуі және дебиторлық қарыздың 23,9261 пайызға өскенінен. Егер машиналар мен құрылғылар құнының өсуі оң әсерімен сипатталса , дебиторлық қарыздың өсуі ұйымның жұмысында  теріс әсерімен  сипатталады.Баланстың міндеттеме мен меншікті капиталы бөлімінде ең көп үлес салмағын ұзақ мерзімді міндеттемелер алып отыр: есепті жыл аяғына 91,1076 пайыз, бірақ есепті жылы бұл көрсеткіштің аздаған төмендеуі байқалады  -11,4451 пайызға, абсолюттік өлшемде бұл көрсеткіш 261903 теңгеге өскен. Бұл көрсеткіш ұйымның жоғары деңгейде қарыз қаражаттарына  тәуелді және ұйымның өзіндік қорлары жеткіліксіз. Өткен жылдардың жабылмаған зияны есепті жылы азайды, ол таза табыс арқылы төмендеді, таза табыс есепті жылы 94612,46 теңгені құраған. Жыл аяғына жабылмаған зиян 35441 теңгені құраған. Есепті кезеңде жарғылық капитал 164 теңгеге өскен және жыл аяғына  0,0617 пайыз құраған, бұл мүлік құнының ішіндегі үлес салмағы өте аз мөлшерде екенін көруге болады. Ағымдағы міндеттемелер құрылымында үлес салмағы басым : қысқа мерзімді несиелер болып табылады, яғни 7,9773 пайыз немесе жыл аяғына 81471 теңге. Сонымен қатар бұл көсеткіштердің пайыздық өлшемдегі төмендеуі байқалады (-1,2795 пайыз) және абсолюттік өлшемде 21182 теңгеге өсіп отыр, бұл әрине қарыз қаражаттарына тәуелділігін көрсетеді.Жалпы ұйым бойынша жоғарғы деңгейде қарыз қаражаттары басым және өзіндік қорлардың жалпы мүлік құнында пайыздық мөлшері төмендігімен сипатталады. Бұл жағдай төлем қабілеттілігі мен өтімділігіне теріс әсерін тигізеді, сонымен қатар кәсіпорын несие бойынша пайыз төлеуге ақша жұмсауы керек. Бірақ кәсіпорынның өнімдері сұранысқа ие болғандықтан және белгілі өнім белгісін иеленгендіктен және өнімді өткізетін нарықты иеленуінің арқасында таза табыс өсіп отыр, бұл болашақта өнім өндіру мен тауарларды сату көлемін, табыс өсімін көбейтуге  болады, яғни кәсіпорынның қаржылық жағдайын тұрақтыландыруға мүмкіндік туады. Қоғам активтерін талдау барысында оның өтімділігін есептеп шығаруға болады. Шаруашылық активтері ұйым туралы көп мағұлмат береді. Олардың ең маңыздысы – рентабельділік. Яғни, шаруашылық активтерін талдау мысалы 2- ші кестеде көрсетілген.Ол кесте бойынша, есепті жылы мүлік құнының орташа шамасы 260665,5 теңгеге өскен және 2005 жыл аяғында 836610 теңге құраған. Сондай-ақ таза табыс 12340,76 теңгеге өскен, және жыл соңында 94612,46 теңге құрады. Мобильді қаражатының орташа құны да 81263,5 теңгеге өскен. Жоғарыда көрсетілген көрсеткіштер арқылы біз келесідей талдау жасауымызға болады: активтердің рентабельділігі 0,14-тен 0,11-ге төмендеген, яғни –0,02-ге. Ағымдағы активтердің рентабельділігі –0,03-ке төмендеген және 2005 жыл аяғына табыстылық 0,26 құраған. Мобильді активтердің коэффициенті 0,06-ға төмендеген, есепті кезең соңында 0,39 .

    1. Ұйымның есеп  саясаты.

   АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» жабық акционерлік қоғам ретінде Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсанда Азаматтық кодексі негізінде және 1998 жылғы 10 маусымдағы Қазақстан Республикасының  «Акционерлік қоғамдар туралы» заңына, тағы басқа да нормативті актілерге, қоғам Жарғысына негізделіп өз еркімен пайда табу мақсатында құрылған. Қоғамды мемлекеттік тіркеу жұмыстары 2003 жылы 14 мамыр айында жүргізіліп № 55537-1910-АО куәлігі берілген.

   Қоғам Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес заңды тұлға болып саналады. Қоғамның негізгі мақсаты үлкен табыс алу болып табылады. Негізінен объектінің іргелі құрылысын салуға негізделген, бас офисі, тұрғылықты орны: Қазақстан Республикасы,Алматы қаласы, Масаншы көшесі 26 үйде орналасқан.Компания сонымен қатар құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге саыру, жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жоба құрастыру және соның ішінде шел елдерде өндіріске енгізумен айналысады.

   АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» ұйымының бас директоры Қазақстан республикасының азаматы болып табылады. Қоғамның негізгі қызметіне:

  • өз қаражаты және тартылатын қаражаттар есебінен объектілердің іргелі құрылысын салу және оларды сату;
  • жөндеу – құрылыстық, әрлеушілік, қайта қалпына келтірушілік жұмыстар;
  • құрылыс материалдарын жасап шығару және жүзеге асыру қызметтері;
  • әртүрлі объектілерді салу кезінде төбесін жабу жұмыстарын орындау;
  • айналаны көгалдандыру және сәулеттендіру жөніндегі жұмыстарды орындау;
  • инженерлік – техникалық және архитектуралық – жобалау  қызметтерімен   байланысты жұмыстар;
  • жылу, гидро – дыбыс, антикоррозиялық оңашалау бойынша жұмыстарды жасау.
  • Халыққа әртүрлі ақылы қызметтер көрсету;
  • Халық тұтынатын тауарларды өндіру жәнк қайта өндеу;
  • Жаңа технологияларды сатып алу, жасап шығару, жобалау , құрастыру, және соның ішінде шет елдерде өндіріске енгізу.;
  • Шет елдердің арнайы өнімдерін және жабдықтарын сатып алу;
  • әртүрлі шикізаттарды сатып алу, соның ішінде өз өндірісі ушін сатып алу және жеткізіп беру;
  • полиуританды өндіру;
  • мұнай – газ өткізгіштеріне және жылу өткізгіштерге полиуритандық көбікті қондыру;
  • сату – сатып алу, делдалдық, бартерлік және өзге операцияларды орындау, коммерциялық – комиссиялық дүкенденрді және басқа сауда кәсіпорындарын, қоғамдық тамақтану орындарын ашу;
  • туристік және мейманханалық бизнес, демалыс аймақтарын, денсаулық орталықтарын және мейманханалық кешендерді Қазақстан Республикасы аумағында және шет елдерде ұйымдастыру және пайдалануға беру;
  • инженеринг, консалтинг, лизинг, маркетинг, ноу – хау;
  • жарнамалық – ақпараттық қызмет;
  • кешендік қызмет көрсету  (автокөлік, мейманханалар, мәдени бағдарлама және т. б);
  • баспагерлік қызмет;
  • санитарлық – техникалық құралдарды құрастыру және қондыру қызметтері;
  • байланыс, радио, теледидар жолдарын салу;
  • жиһазды жөндеу, жасау және құрастырып жинау;
  • автокөлікке май құю стансаларын, автотұрақтарды ашу, автосервис;
  • жүк, жолаушы, чартерлік авиатасмалдаулармен байланысты қызмет;
  • Қазақстан Республикасы қолданыстағы заңдарымен белгіленген тәртіпте көрмелер, аукциондар, сайыстар, жәрменкелер, саудалар ұйымдастыру мен өткізу,
  • Халыққа және ұйымдарға тұрмыстық, көліктік қызмет көрсетуді ұсыну;
  • өзі жасап шығарған құрылыс материалдарымен көтерме сауда жасау.
  • Ғылыми – зерттеушілік , тәжірибе – конструкторлық және жобалық – ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізу және олардың нәтижелерін іске асыру;
  • Қазақстан Республикасының ішінде де, шет елдерде де темір жолдарына, автомобиль, теңіз және әуе жолдарына көліктік экспедиторлық қызмет көрсету;
  • Шығармашылық - өндірістік кешенді қаржылық қамтамасыз ету  үшін инвестициялық қаржыларды тарту;
  • Қазақстан Республикасының ішінде, шет елдерде конференциялар мен семинарларды ұйымдастыру;
  • Жеке өзі немесе экспортердің тапсырмасы негізінде немесе ұзақ мерзімді келісім негізінде сыртқы экономикалық қызмет және экспорттық импорттық операцияларды ұйымдастыру;
  • Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің кез – келген басқадай түрлерімен айналысауға құқығы бар.

Қоғамның бағалы қеғаздар шығаруға да құқығы бар. Олардың орналастырылуы, айналымы және күшін жоюы Қазақстан Республикасының «бағалы қағаздар туралы» заңдарына сәйкес реттеледі. Яғни қоғам тек акцияларды эмиссиялаумен ғана емес, сонымен қатар, вексельдер, тағы басқа да қарыз міндеттемелігін тудыратын қағаздардың айналысына да қатысып отырады.

Вексельдермен байланысты операциялар қоғам балансының активті бөлімінде тек дебиторлық берешек ретінде ғана көрсетілген. Дипломдық жобада дебиторлық берешектер есебі мен талдауын толық қарастыру себебінен, олардың әсері жайлы айтылады.

Қоғамның Жарғылық капиталы 90 000 теңтені құрайды. Қоғамның Жарғылық капиталының көлемі келесі жолдармен өсуі мүмкін:

  • Қоғамның барлық қатысушылары тепе тең енгізетін қосымша салым мөлшерінен;
  • Жарғылық капитал мөлшері қоғвмның өз капиталы есебінен, соның ішінде салықтық капитал есебінен өседі;
  • Қоғамның іс жүзіндегі құны баланстық құнынан асатын таза активтерін қайта бағалау. Қайта бағалауды тәуелсіз сарапшылар ғана жүргізе алады;
  • Қалған қатысушылар келісім Берген жағдайда бір немесе бірнеше қатысушылардың қосымша салымдар енгізуі арқылы;

Қоғам құрамына жаңа қатысушылар енгізу арқылы. Шешімді қоғам қатысушыларының жалпы жиналысы қабылдайды. Негізінен бұл кәсіпорын шетелдерімен жұмыс жасайды.

АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өзінің қызметінің алдында келесідей мақсаттар қояды:

  • Халықтың сұранысын қамтамасыз ету;
  • Табыс табу және оны қатысушылар арасында пайдалану;
  • Жаңа жұмыс орындарын ашу және ұйым жұмысшыларының әлеуметтік жағдайларын шешу;

   АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» қызметінің пәні болып:

  • Тауарларды өндіру және сату;
  • Сыртқы экономикалық қызмет;
  • Және басқа да заңмен шектелмеген қызметтер;

АҚ «ҚАЗҚҰРЫЛЫССЕРВИС» өнімдерінің өзіндік құндарына кіретін келесідей материалдардан құралады: 

  • материалдар – эмульсия, су, май,шикізат, ағаш, металл сияқты негізгі шикізаттар; көмекші материалдар  этикет, кизельгурт, фильтрлі картон, клей, каустикалық пластмасса, бөтелкелердің сынуы,  хлорлы әк, бояу, тұз қышқылы;
  • басқа да материалдар – жылу энергиясы, электр энергиясы, т.б;

Субъектінің қаржы – шаруашылық қызметі оның өндіру – сату қызметін жан- жақты түгел көрсетеді. Өз салаластарына бағытталған шынайылық, адамгершілік, қандай да бір принципке негізделу және жауапкершілікті қарау қоғамның басты маңызы болып табылады.  Берілген қоғам басқа да компаниялармен бірігіп жұмыс жасайды, олар:

Информация о работе Дебиторлық берешек аудиті