Автор работы: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 17:31, курсовая работа
Курстық жұмысымның мақсаты – бухгалтерлік есептің пайда болуы мен даму тарихын талдау болып табылады.
Мақсатыма жету үшін курстық жұмысымның алдында келесідей міндеттер қойылды:
•Бухгалтерлік есептің мәнін ашу, жүйесін қарастыру.
•Бухгалтерлік есептің маңызын және оның қазіргі экономикадағы рөлін көрсету.
I.КІРІСПЕ………………………………………………………………
Негізгі бөлім
1 тарау.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары…………………………..
1.2 Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуы……………………………
1.3 Бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдері………………………….
2 тарау. БУХГАЛТЕР ЕСЕПТІЛІГІ
2.1 Бухгалтерлік есептегі шоттарды жіктеу олардың түрлері……………..
2.2 Шоттардың үлгі жоспары………………………………………….
2.3 Бухгалтерлік есеп регистрлері және формалары……………………
ІІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МІНДЕТТЕРІ……………………………………………….
IV.ҚОРЫТЫНДЫ…………………………………………………
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………..
ЖОСПАР
I.КІРІСПЕ………………………………………………………
Негізгі бөлім
1 тарау.БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ПАЙДА БОЛУЫ
1.1 Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары…………………………..
1.2 Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде
дамуы……………………………
1.3 Бухгалтерлік есеп жүйесінің даму кезеңдері………………………….
2 тарау. БУХГАЛТЕР ЕСЕПТІЛІГІ
2.1 Бухгалтерлік есептегі шоттарды жіктеу
олардың түрлері……………..
2.2 Шоттардың үлгі жоспары………………………………………….
2.3 Бухгалтерлік есеп регистрлері және
формалары……………………
ІІІ Тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ МІНДЕТТЕРІ……………………………………………….
IV.ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………
V.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР…………………………..
Кіріспе
Менің курстық жұмысымның тақырыбы «Бухгалтерлік есептің пайда болуы мен даму тарихы», бұл тақырыпты таңдау себебім бухгалтерлік есептің қалай пайда болғаны жайлы және оның даму тарихын толығырақ біліп,болашақта бұл мәліметтер бухгалтерлік есеп туралы өрісімді, көзқарасымды кеңейтеді деп есептеймін.
Курстық жұмысымның мақсаты – бухгалтерлік есептің пайда болуы мен даму тарихын талдау болып табылады.
Мақсатыма жету үшін курстық жұмысымның алдында келесідей міндеттер қойылды:
Жұмысымның өзектілігі -бухгалтерлік есеп заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.
Курстық жұмысымның құрылымы. Курстық жұмыс көлемі - 30 бет. Кіріспе, екі тарау, төрт тармақша және қорытынды бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда – бухгалтерлік есептің пайда болуы , оның ғылыми негізделуі және пайда болу кезеңдері қарастырылған. Ал, екінші тарауда бухгалтерлік есептілігі туралы сөз қозғалған.
1 тарау.Бухгалтерлік есептің пайда болуы
1.1Бухгалтерлік есептің пайда болу теориялары
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес бухгалтерлік есептің маңызы мен рөлі арта түсуде. Осыған орай бухгалтерлік есептің мазмұны мен құрылымына өзгерістер енгізілді. Еліміздегі жүргізіліп отырған бухгалтерлік есеп жұмысы толығымен халықаралық қаржылық есеп беру талаптарына сай орындалады. Міне осыларды ескере отырып бұрын есепші деп саналып келген бухгалтер маманы кәсіпорынның қаржылық жағдайын анықтап, бағалап, есептеп отырумен қатар кәсіпорынның алғаш уақыттағы экономикалық ол-ауқатын дамыту жолдарын жоспарлай білуі қажет. Сондықтан да кез келген елде бухгалтер мамандарын барынша білімді етіп даярлау сол елдегі ұйымдардың экономикалық жағынан тұрақты дамуына кепілдік береді.
Қазақстан Республикасының
«Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп
беру» туралы заңы еліміздегі бухгалтерлік
есепті жүргізу жүйесін анықтайды,
қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын
және есепке алудың негізгі принциптері
мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау
және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды,
сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен
міндеттерін белгілейді. Қазақстан
Республикасының аумағында
Бухгалтерлік есеп көптеген
жүзжылдықтар бұрын пайда болып,
бүгінгі күнге дейін дамып
келеді. Тайпалардың арасындағы шаруашылық
операцияларына байланысты табылған жазулардан
бухгалтерлік есеп біздің заманымызға
дейінгі V ғасырда жүргізілді деген
деректер бар. Ал біздің заманымызға
дейінгі II ғасырда Грекияда салынған
құрылысқа кеткен шығындар есептеліп,
салынған үйдің (ғимараттың) қабырғасына
жазылатын болған. Рим империясының
квесторлары мемлекеттік
1.2 Бухгалтерлік есептің ғылым ретінде дамуы
Есеп қашан пайда болғанын
тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда
болуының алғы шарты — адамдар
арасындағы экономикалық қатынастардың
дамуы. Бухгалтерлік есептің пайда
болып, қалыптасуын мынадай кезеңдерге
бөлуге болады: - Ежелгі дүние. - Ортағасырлық.
- Ренессанс пен қосарлы
Бухгалтерлік есеп көптеген жылдар бойы басқа ғылымдар сияқты дамып, қоғамның экономикалық-әлеуметтік жағдайларына сай өзгерістерге ұшырап келе жатқан, сондай-ақ өмірде өзінің ерекшелігімен оқшауланатын ғылым болып табылады. Белгілі ғалым Б. Де Солозано осы ғылым туралы “Бухгалтерлік есеп барлық ғылымдар мен өнердің ең алдында тұрады, басқалары онсыз өмір сүре алмаса, бухгалтерлік есеп үшін олардың ешқайсысы қажет емес” – деген болса, оның әріптесі Р. А. Фаулки “Есеп – бұл барлық бизнестің тілі, яғни философиясы” – деп атаған. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпаттарын өлшейтін, есептейтін және оны пайдаланушыларға жеткізіп отыратын жүйе болып табылады. Бухгалтерлік есеп басқару жүйесінде ең маңызды орындардың бірін иеленеді. Бұған дәлел ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының 1992 жылы өткізген конференциясында “Есептей алмаған, басқара алмайды” – деген сөздің бекер айтылмағандығын атап өтуге болады. Жалпы, бухгалтерлік есеп ұйымға оның қаржылық жағдайын жоспарлау, бағалау, бақылау және талдау секілді функцияларды орындауы үшін қажет. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп кәсіпорынның активтері мен міндеттемелері, капиталы және өндірілген өнімдері мен олардың сатылғандығы туралы ақпараттарды жинақтап көрсетеді. Тек қана бухгалтерлік есеп арқылы ұйымның табыстары мен шығындарын және шаруашылық қызметінің соңғы қаржылық нәтижесін анықтауға болады.
Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.1997 жылдан бастап Қазақстанда Бухгалтерлік есеп халықаралық стандарт жүйесіне көшірілді. Бухгалтерлік стандарт — есеп көрсеткіштерін арнайы ережелерге сай бағалау, өлшеу және шаруашылық операцияларының маңызын анықтау мен ажырату тәртібі. Халықаралық стандартқа сай, бухгалтерлік есеп қаржы және басқарушы есеп салаларынан тұрады. Қаржы есебі қаржы салымшылары мен несие берушілер, заңды тұлғалардың дамуына үлес қосушылар, шетелдік инвесторлар т.б. үшін жүргізіледі. Басқарушы есеп заңды тұлғалардың өз ішінде басқару жүйесін жетілдіру, ішкі резерв қорларын табу, оны іске қосу мақсатында жүргізіледі. Қазақстандағы заңды тұлғалар жыл сайын аталмыш есеп салаларына қосымша өз кәсіпорнының есеп саясатын, оны жүргізудің принциптерін, қолданылатын есепшоттар жүйесінің тізімін жасап, бекітіп, арнайы орындарға тапсырып отырады.
Тиісті заң актілері мен нормативтік материалдардың және есеп стандарттарының талабына сай, Бухгалтерлік есеп объектілерінде қолданылатын бірнеше әдістер ішінен заңды тұлғалардың өзіне ыңғайлы жолын таңдап алуы есеп саясатын көрсетсе, кең көлемде қолданылатын Бухгалтерлік есепке тән ережелер жүйесі (екіжақтылық, консервативтік, автономиялық, сәйкестікке келтіру, сату, т.б.) есеп принципіне жатады.
Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады.
Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп теориясы–бұл бухгалтерлік есеп жүйесін ұйымдастырудың теориялық, әдістемелік және практикалық негіздері. Қаржылық есеп–бұл шаруашылық операцияларын бухгалтерлік жағынан ретке келтіріп, тіркеуді қамтамасыз ететін есептік ақпаратты жинастыру жүйесі. Қаржылық есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің мүлкі мен міндеттемелері туралы ақпаратты топтастырады (материалдық және материалдық емес активтер, жалға алынған мүліктер, қаржылай және заттай салынған жарна, ағымдағы активтер (ТМЗ)), субъектінің міндеттері несие, дебиторлық және кредиторлық берешектер, ақша қаражаты, меншікті капитал, бөлінбеген табыс (шығын) және т.б. Қаржылық есептің деректерін шаруашылық жүргізуші субъект ішінде әртүрлі деңгейдегі басшылар мен сыртқы пайдаланушылар пайдаланады (қазіргі және болашақтағы инвесторлар, кредиторлар, банктер, салық және қаржы ұйымдары). Өндірістік есептің міндеті-өнімнің (жұмыстың, қызметтің) өзіндік құны туралы деректер жинастырып, өңдеу. Бұл ақпарат субъектінің коммерциялық құпиясы болып табылады, сондықтан ол тиісті басшы адамдардың өз іштерінде пайдалануына бағытталған. Өндіріске және өнімді (жұмысты, қызметті) өткізуге шығарылған шығындар туралы неғұрлым тиімді де жедел ақпарат жинастыру үшін субъект өзінің дербес бухгалтерлік есеп жүйесін құрады, ал ол аталмыш субъектінің ерекшеліктеріне неғұрлым жақындау келеді. Салықтық есеп-салық салуға қажетті ақпаратты зеріттеп, тіркейді. Салықтық есепте пайдаланылатын ақпарат бухгалтерлік және жедел есептерден алынады. Бухгалтерлік есептің өндірістік, қаржылық, салықтық болып бөлінуі нарықтық экономикалық жағдайындағы есептің маңызды бір ерекшелігі болып табылады. Алайда ол субъектінің міндетті түрде өндірістік, әрі жеке қаржылық бухгалтерия құруы керек дегенді білдірмейді. Алайда ең маңыздысы–ақпараттың қандай мақсатқа, кім үшін жиналатынында. Шаруашылық есеп жүйесінің құрамдас үшінші-статистикалық есеп деп аталатын бөлігі–есеп жұмыстарының жиынтығы. Ол жалпылама сипаты бар, өзінің мәні жағынан біркелкі келетін экономикалық фактілердің саны туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Статистикалық есеп құбылыстардың қарапайым есебін (орташа) анықтау үшін, олардың қайталану жиілігін, оқиғалардың уақыт бойынша даму серпінділігін анықтау үшін, әртүрлі үлгідегі фактілердің пайда болу аралығындағы байланысты анықтау, осы байланыстардың тығыздығы мен мүмкіндік дәрежесін өлшеу үшін, оның сипатын үлгіге түсіріп, сол негізде бақылаудағы объектінің сапалық бағасын жасап, оның даму тенденциясын белгілеу үшін қажет. Статистикалық деректер ерекше тәсілдер арқылы өңделеді. Мұның өзі жекелеген бақылаудың нақты нәтижелерін жеңілдетуге мүмкіндік береді. Шаруашылық есеп жүйесіне статистикалық есептің экономикалық объектіні бақылауға байланысы бар саласы ғана кіреді. Шаруашылық есептің үш түрі мен шағын жүйелерінің бірлігі және органикалық өзара байланысы мынада: Экономикалық фактілерді бақылаудың бірінші фазасында бастапқы құжаттар, негізінен есептің барлық түрлеріне ортақ құжаттар пайдаланылады; екіншіден фазада есептің осы түрлері арқылы экономикалық көрсеткіштердің өзара байланысты жүйесі қалыптасады, сондай–ақ барлық есеп жұмыстары бірыңғай ұйымдастырушылық және әдістемелік принциптер жүйесіне келтіріледі. Техникалық жағынан есептің осы үш түрі де бір–бірімен тығыз сабақтас: Жедел есеп арқылы берілген деректер бухгалтерлік ақпараттық үлгіге енгізілу үшін немесе статистикалық қорытынды жасау үшін пайдаланылады; жедел есептің дұрыстығын бухгалтерлік есептер арқылы мезгіл бақылаудың тәсілдері жасалады; жедел және бухгалтерлік есеп жұмыстары кезінде пайда болатын көптеген ақпараттық мәліметтер статистикалық өңдеуге түседі. Осындай бірлік нәтижесінде экономикалық объект қызметін бақылаудың жедел, статистикалық есеп арқылы алынған қорытындыларды бір–біріне өзара толықтырып, есеп беру көрсеткіштерінің бірыңғай жүйесіне айналады, бұларды статистикалық жағынан ең жоғары деңгейге–ел экономикасының даму сипаттамасын жасауға дейін жеткізеді.
2Тарау. Бухгалтер есептілігі
2.1 Бухгалтерлік есептегі шоттарды жіктеу олардың түрлері
Бухгалтерлік есеп шоттары – ұйымның шаруашылық қызметі мен басқа да қызметі туралы жүйелі ақпарат алу мақсатымен қаражаттың, шаруашылық үдерістері мен міндеттемелерінің қозғалысын топтастыру, бақылау, есептеу және қорытындылау тәсілі. Бухгалтерлік есеп нысандарының арасындағы экономикалық байланыстардың екі жақты сипатына байланысты жүйелі ауыспалы айналымы және олардан туындайтын шаруашылық операциялар үдерісінде Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің – әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) – дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) – кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді. Есеп нысанының көбеюін білдіретін операциялар шоттың бастапқы сальдо ескерілетін жағына, ал оның азаюы қарама-қарсы жағына жазылады. Актив бухгалтерлік есеп шоттарындағы дебет бойынша жазба көбеюді, ал пассив бухгалтерлік есеп шоттарында керісінше: кредит бойынша жазба – көбеюді, ал дебет бойынша жазба – азаюды білдіреді. Есепті кезеңдегі шаруашылық операциялар жазбаларының қорытындысы (сальдоны есептемегенде) шоттар бойынша айналымдар деп аталады. Олар дебеттік және кредиттік болады. Актив шоттардың ақырғы сальдосы бастапқы сальдоға дебеттік айналымның сомасын қосып, кредиттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады, пассив шоттардың сальдосы бастапқы сальдоға кредиттік айналымның сомасын қосып, дебеттік айналымның сомасын шегеру жолымен шығарылады. Шаруашылық операциялар Бухгалтерлік есеп шоттарында қосарлы жазба қағидасы бойынша көрсетіледі, бұл қағидаға сәйкес бір операция бірдей сомада бір шоттың дебеті бойынша, екінші шоттың кредиті бойынша көрсетіледі. Шаруашылық операцияларды қосарлы жазба қағидасы бойынша көрсету кезінде туындайтын бухгалтерлік есеп шоттары арасындағы өзара байланыс шоттардың корреспонденциясы (қосақталуы) деп аталады, ал өзара байланысқан шоттардың өзі корреспонденциялау (қосақталушы) шоттары деп аталады. Актив және пассив шоттармен қатар актив-пассив шоттар да болады, оларда дебет сальдосы да, кредит сальдосы да болуы мүмкін. Қосарлы жазба қағидасы теңгерімнен тысқары шоттарға қолданылмайды. Есептелетін нысандарды қорытындылау дәрежесіне қарай бухгалтерлік есеп шоттары жинақтамалы шоттарға [шаруашылық қаражатының тиісті түрлерін немесе қаражат көздерін ақша тұлғасында жинақтап (қорытындылап) көрсетуге арналған шоттар] және талдамалы шоттарға (қаражаттың немесе қаражат көздерінің нақты түрлерін егжей-тегжейлі көрсетуге арналған шоттар) бөлінеді. Талдамалы шоттардың аралық қорытындылануы үшін жинақтамалы шоттардың ішінде қосалқы шоттар ашылады. Бухгалтерлік есеп шоттары экономикалық мазмұнына, мақсатына және құрылымына қарай сыныпталады. Бухгалтерлік есепте пайдаланылатын шоттардың жүйеленген тізбесін бухгалтерлік есеп шоттар жоспары деп аталады. Онда жинақтамалы шоттар мен қосалқы шоттардың атаулары мен кодтары, сондай-ақ оларды қолдану жөніндегі нұсқаулық және шоттардың корреспонденциясы беріледі. Шоттардың барлық ұйымдар үшін бірегейлендірілген жоспарын елдің қаржы министрлігі бекітеді. Шоттардың бекітілген жоспары шегінде әрбір ұйым есеп саясатына сәйкес шоттардың жұмыс жоспарын қабылдайды және талдамалы шоттардың тізбесін әзірлейді. Бухгалтерлік есеп шоттары жүйесіндегі бухгалтерлік жазбаларды қорытындылау және тексеру жұмысы айналым тізімдемелерінің көмегімен жүргізіледі