Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

4-67.doc

— 426.50 Кб (Скачать документ)

Меншік капиталы –бұл субъектінің  міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте ол бірнеше классқа бөлінеді: жарғылық капиталы, резервтік капитал, қосымша төленбеген капитал, таратылмаған табыс. Егер де баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса, онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.

Баланстағы ағымдағы активтер мен міндеттемелерді анықтау  және олардың мазмұнын ашудың маңызы зор, сондай-ақ пайдаланылатындар үшін де ол өте қажет және олардың сол көрсеткіштері бойынша талдау жасалынады.

Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба. Түсініктеме жазба – кәсіпорында жасалған негізгі аналитикалық құжат. Онда, бірініші кезекте, бизнес жоспарының барлық тауарлары бойынша негізгі себептерімен қоса, орындалу жайына қысқаша баға беріледі және есептік кезеңде кәсіпорынның жұмысына оң және теріс әсер еткен жақтары да ашылады.

Қаржылық есеп беру аудиті. Аудиторлық тексеру әдісі.

Ірі халықаралық және отандық аудиторлық фирмалардың  іс-тәжірибесін талдау көрсеткендей, қаржылық есеп беру аудитінің процесі  он шақты кезеіге бөлінуі мүмкін. Нақты компанияларды тексеру  ісін ұйымдастырудың тәртібі мен  стратегиясы әр түрлі болғанымен, көптеген жағдайларда олар бірдей жүйемен жүргізіледі.

ТМД елдерінің озық тәжірибелерін  есепке ала отырып, қаржылық есептілік  аудиті процесін төрт кезеңге бөлуге болады: ақпарат жинау, жоспарлау, аудитті  жүзеге асыру мен есеп беру мүмкіндігі.

Қаржылық есеп берудің аудитінің  бірінші кезеңінде тексерілуге  тиіс фирманың іс-әрекетін жүргізу  жағдайындағы іскерлік ортасы жетік  зерттеледі. Фирма басшылығы осы  орта жағдайларына сәйкес есеп бергенде мынадай мәселелерді көрсетуі керек:

-фирманың клиенттері қандай?

-өнімнің жаңа түрлерін жасау жүргізіле ме?

-өндіріске қажетті ресурстарды сатып алу жағдайы;

-өндірістік процестің ұйымдастырушылық сипаты;

-өнімді өткізу.

-Қызмет бабындағы жылдық есеп беру түсіндірмелік хатында кәсіпкерлік іс-қызметтің барлық ерекшеліктері ашып көрсетілуі керек. Сонымен бірге іс жүзінде шығарылатын өнімді жөнелту мен тұтынушыларға қызмет ету де атқарылады.

Қаржылық есеп беру аудитінің  екінші кезеңі технологиясының, негізгі  процедуралары аудиторлық тәуекелділіктің  деңгейін бағалау, тексеру стратегиясы мен жалпы жоспары мынадай бағыттар бойынша жүргізіледі:

-компания-клиенттің объектілері мен іс-қызмет циклдерін тексерудің  нақты бағдарламасын жасау;

-аудиторлық тәуекелділіктің елеулілік деңгейін анықтау;

баланс баптары мен Бас кітаптың баптарын тексеру, шығындар және қаржы нәтижелерінің шоттары мен сәйкестендірілетін шоттарын анықтау, шығындарды өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызметтің өзіндік құнына жатқызудың дұрыстығын тексеру;

-өнімнің, жұмыстың және көрсетілген қызмет көрсету мен кірістерін алу циклінің аудиті;

-сатып алу циклінің аудиті;

-өндірістің және ресурстарды жұмсау циклінің аудиті;

-еңбек ақыны есептеу мен төлеу тәртібін тексеру;

-таза пайданы жасау мен қолдану тәртібін тексеру;

-меншікті капиталды қалыптастыру мен қолдануды тексеру;

-міндеттемелерді өтеудің дұрыстығы мен уақытылығын тексеру;

-дебиторлар мен кредиторлармен есеп айырысуды тексеру;

-ұзақ мерзімді активтердің аудиті;

-ақша мен басқа ағымдағы активтердің аудиті;

Үшінші кезеңде құзіретті  мәліметтер мен фактілерді тексерудің мәні мен объектілері жағдайы туралы тәуелсіз пікірді білдіру үшін жинау мен бағалау іске асады. Бұл кезең бұрынғымен, яғни стратегияны, жоспарын және бағдарламасын қайта қарау мен түзету қажеттілігі туындауы мүмкін.

Аудитордың назары қаржылық есеп көрсеткіштерінен гөрі, зерттелетін фирма басшылығы негізгі алып жасаған тұжырымдамаға бағытталуы керек. Қаржылық есептемені аудиторлық тексеру барысында бухгалтерлік балансты, кірістер мен шығыстар, ақша қозғалысы, меншікті капиталдағы өзгерісі туралы есептерді жасаудың дұрыстығы, есеп саясаты жайлы ақпарат пен түсіндірме хаттың анықтығы белгіленеді.

Аяқтау кезеңінде тексеру  нәтижесі жинақталып қорытылады, резервтер  анықталады, тұжырымдар негізделеді  және жасалып, қалыптасады, табылған кемшіліктерді жою және шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызметінің тиімділігін арттыру мен оңтайландыру жөнінде ұсыныстар жасалады. Сонымен қатар бухгалтерлік есеп жүргізу мен қаржылық есептілік жөнінде тектес қателерді табу мен жіктеуге ерекше назар аударылады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3 КӘСІПОРЫННЫҢ  САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ

 

3.1 Корпоративтік  табыс салығы

 

Серіктестік салық жылында  салық салынатын табыстары бар  табыс салығын төлеушілер болып  табылады. Табыс салығын төлеушілерге ҚР Ұлттық банк мекемесінен басқа заңды тұлғалар жатады. Әрбір салық төлеуші салық салынатын табысты анықтау үшін, жылдық табыстың жинақталған самасынан табыс табу мақсатында жұмсалған шығындар мен шеккен зияндардың сомасын шегереді.

КТС салу объектілері  мыналар болып табылады:

-Салық салынатын табыс;

-Төлем көзінен салық  салынатын табыс;

Бухгалтерлік пайда (зиян) – салықтық төлемдерді шегергенге дейінгі заңды тұлғаның қарапайым  қызметі мен төтенше жағдайлардан алған пайда (зиян) сомасы. Серіктестікнің міндеттемелері бойынша табыс салығы  пайда алу кезеңінде шегетін шығыны ретінде қарастырады. Есепті кезеңде пайда болған уақыттық айырмалардың салықтық әсері салықтық төлемдер сомасына кіреді және бухгалтерлік  баланста кейінге қалдырылған салық бабында көрсетіледі. Уақыттық айырмалар – бұл есепті кезеңдегі салық салынатын пайда мен бухгалтерлік пайда арасында айырмашылық, олар табыс пен шығындардың кейбір баптарының салық салынатын пайдаға апарылатын кезеңі мен бухгалтерлік пайда ретінде танылатын кезеңі сәйкес келмецәнен пайда болады. Уақыттық айырмалар  бір кезеңде пайда болып, келесі кезеңдерде жойылады. Ал тұрақты айырмалар – бұл салық салынатын пайда мен бухгалтерлік пайда арасындағы ағымдағы кезеңде пайда болып, келесі кезеңдерде жойылмайтын айырмашылықтар. Олар: оң курстық айырма; несие пайызы; табыс есептелгеннен 2 жыл аралығында өтелмеген күмәнді қарыздар сомасы; 3 жыл аралығында қолданыстағы мүлікті сатудан шеккен шығындар; салықтар мен алымдар; айыппұлдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер.

Табыстар мен шығындар баптарының бір бөлігі бухгалтерлік есепте бір бөлігі есепті кезеңде есепке алынып, салықтық есепте келесі есептң кезеңде танылатындықтан пайда болған уақыттық айырмалар: есептелген, бірақ алынбаған табыстар; есептелген, бірақ төленбеген шығындар; өткен кезеңдерде есептелген өтелген шығын сомалары; бухгалтерлік есепте негізгі құралдарды есептен шығару кезіндегі және салықтық есепте құндық топқа жатпайтын айырмашылықтар; 15% жоғары жөңдеу сомаларының есебінен топтық құндық балансының ұлғаюы.

 Салық төлеушілер  КТС төлеуді орналасқан жері бойынша жүзеге асырады. Салық кезеңі ішінде бюджетке енгізілген аванстық төлемдер сомасы есепті салық кезеңі үшін КТС жөніндегі декларация бойынша есептелген КТС салығын төлеу есебәне жатқызылады.. Салық төлеуші салық кезеңінің қорытындысы бойынша төлемді декларация табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей жүзеге асырады. Серіктестік 10 пайыздық ставка бойынша салық салуға жатады, ал салық кезеңі 1 қаңтардан – 31 желтоқсан аралығында.

Табыс салығын есептеу барысында бухгалтерлік есепте  7110 «Табыс салығы бойынша шығындар»- шоты дебеттелініп, 3110 «Төленетін ағымдағы табыс салығы»- шоты кредиттелінеді.

 

3.2 Жеке табыс салығы

 

Қызметкердің  табысы бойынша жеке табыс салығының  сомасы қызметкердің салық жылы ішінде төлем көзінен салық салынатын табысына ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

Жеке табыс  салығын есептеу және ұстап қалу уәкілетті мемлекеттік орган  белгілеген тәртіппен ұлғаю нәтижесімен  ай сайын жүргізіледі.

Салық жылы аяқталғанға  дейін қызметкерді жұмыстан шығару кезінде салық агенті нақты жұмыс істелген кезең үшін алынған табысты негізге ала отырып, жеке табыс салығын қайта есептеуді жүргізуге және қызметкерге алынған табыс пен төленген салық туралы есеп - қисап беруге міндетті.

Жұмыс орнын өзгерткен кезде жеке түлға жаңа жүмыс орны бойынша салық агентіне жұмыс істеген кезеңде алған табысы мен төленген салық туралы бұрынғы жұмыс орнынан есеп-қисап беруге тиіс.

Төлем көзінен  салық салынатын біржолғы төлемдерден  түскен табыс

Біржолғы төлемдерден түскен табысқа, өздерінің қызметіне байланысты жеке кәсіпкердің, жеке нотариус пен адвокаттың кіріс бойынша төлемдерін қоспағанда, салық төлеушілердің Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық агенттерімен жасасқан азаматтық - құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табысы, сондай-ақ жеке тұлеалар төлейтін басқа да біржолғы төлемдер жатады.

Салық сомасын  есептеу жеке табыс салығының сомасы төлем көзінен салық салынатын біржолғы төлемдерден түскен табысқа ставкаларды қолдану жолымен есептеледі.

Төлем көзінен салық салынатын жинақтаушы зейнетақы қорларынан төленетін зейнетақы төлемдері

Төлем көзінен  салық салынатын зейнетақы төлемдеріне  салық төлеушілердің зейнетақы  жинақтарынан жинақтаушы зейнетақы  қорлары жүзеге асыратын, табыс есептеудің тиісті айына Қазақстан Республика-сының заң актісімен белгіленген айлық есептік көрсеткіш сомасына азай-тылған төлемдер жатады.

Салық сомасын  есептеу, жеке табыс салығының сомасы СҚ 153-бабына сәйкес белгіленген тәртіппен есептеледі.

Төлем көзінен  салық салынатын дивидендтер, сыйақылар, ұтыстар түріндегі табыс

Салық сомасын  есептеу жеке табыс салығының сомасы жеке тұлғаларға төленетін дивидендтер, сыйақылар мен ұтыстар түріндегі табыстарға ставканы қолдану жолымен есептеледі және СҚ 131-134-баптарына сәйкес ұсталады.

Серіктестік жеке тұлғалардан  ЖТС есептептелуі мен бірқалыпты есептеу ставкалары мен коэффициенттері  қолдану арқылы бекітілген, әрекет етуші салық заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Салық кодексі бойынша  салық төлеушілердің төлем көзіне салынатын табыстарына қолданылатын бірнеше ЖТС ставкалары қолданылады, серіктестікте қызметкердің ЖТС  сомасы салық жылына төлем көзінен салынатын қызметкердің табысына 10 пайыз ставкасын қолдану арқылы есептеледі. Төлем көзінен салық салынбайтын табыстардан ЖТС есептеу үшін салық кезеңі күнтізбелік ай болып табылады.

ЖТС бойынша есептеулер мен ұсталымдар ай сайын табыс  төлену күнінен кешіктірілмей жүргізіледі, келесі айдың 15-нен кешіктірілмей салықтық аударымдарды жүзеге асырады. Серіктестік ЖТС бойынша декларацияны есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-нан кешіктірмей салық төленетін жердегі салық органдарына табыс етеді немес электрондық желі арқылы арнайы салықтық сайтына жіберуі мүмкін. ЖТС есептелуі: 3350 -3120

Айлық еңбекақы мөлшері -91500 тг

91500*10% (міндетті зейнетақы жарнасы) =9150

91500-9150=82350-14952 (минималды жалақы мөлшері) =67398

67398*10% (ЖТС) =6739,8

 

3.3 Әлеуметтік салық

 

ҚР 1999 жылғы 17 сәуірдегі  «Салықтар және бюджетке төленетін  басқа да міндетті төлемдер туралы»  заң күші бар ҚР Президентінің  Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы заңына сәйкес әлеуметтік салықта бұған дейінгі жол  салығы және әлеуметтік қамсыздандыру алымы бойынша салық алымдары мен төлемдерінің есептеу тәртібі қарастырылған.

Серіктестіктің төлеуге  тиісті салық түрі - әлеуметтік салық. ҚР Салық кодексіне сәйкес ҚР-ның резидент заңды тұлғалары, сондай-ақ қызметін ҚР-да тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын резидент еместер, шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктері мынадай ставка бойынша әлеуметтік салық төлейді:

Кесте 7 -  Әлеуметтік салық төлеу ставкалары

Қызметтекерлердің  салық  салынатын  табысы

Ставкасы 

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткішке  дейін

салық  салынатын табыс  сомасынан 20 %

15-тен  40 еселенген  жылдық есептік көрсеткішке   дейін

15 еселенген жылдық  есептік көрсеткіштен  салық сомасы  + одан асатын сомадан  15 %

40- тан  200 еселенген  жылдық  есептік  көрсеткішке  дейін  одан  асатын сомадан

40 еселенген  жылдық  есептік  көрсеткіштен  салық  сомасы  +12 %

200-ден 600 еселенген  жылдық  есептік  көрсеткішке   дейін  одан  асатын сомадан

200 еселенген  жылдық  есептік  көрсеткіш-тен салық  сомасы + одан  асатын  сомадан 9 %

600 еселенген жылдық  есептік  көрсеткішке бастап  және  одан  жоғары 

600 еселенген  жылдық  есептік  көрсеткіштен  салық   сомасы  + одан  асатын  сомадан  7 %


Әлеуметтік  салық сомасы  салық  салу  объектісіне  белгіленген  ставка  мөлшерінде  ай  сайын есептелініп, есепті  айдан  кейінгі  айдың 15-інен  кешіктірілмей  салық  төлеушінің  тіркеу есебіне  алынған  жері  бойынша  бюджетке  төленіледі. Арнаулы  салық  режимдерін қолданатын  жеке  кәсіпкерлер  мен  заңды  тұлғалар  үшін  әлеуметтік  салық ставкалары  Салық  кодексінің  374-384 баптарында  белгіленген. Олар  әлеуметтік  салықты   Салық  кодексінің  374-390 -баптарында  белгіленген  тәртіппен  есептейді.Әлеуметтік  салықты  есептеу  Салық  кодексінің  316-бабына  сәйкес  анықталған әлеуметтік салық салу  объектісіне 317-бапта белгіленген ставканы қолдану арқылы  ай сайын жүргізіліп  отырады. 

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру