Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:40, курсовая работа

Краткое описание

Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.

Содержание

КІРІСПЕ......................................................................................................................3

І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9

ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28

3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................37

Прикрепленные файлы: 1 файл

4-67.doc

— 426.50 Кб (Скачать документ)

Сатып алушылармен және тапсырыс берушілермен есеп айырысу  бойынша бухгалтерлік есепте келесі жазулар жазылады: Сатылған өнімнің, тауарлардың, істелінген жұмыстардың  және көрсетілген қызметтердің нақты  өзіндік құнына сәйкес мына төмендегідей шоттардың корреспонденциялары жасалады:

7000 «Сатылған дайын өнімнің өзіндік құны», 7010 «Сату үшін алынып, сатылған тауарлардың өзіндік құны», шоттары дебеттеледі де, 1320 «Дайын өнімдер», 8310 «Қосалқы өндіріс» және басқа шоттары кредиттеледі. Қаржылық инвестицияларды, материалдық емес активтерді, негізгі құралдарды сатқан кезде тиесілі шығыстар шоттары дебеттеліп, актив шоттары кредиттеледі. Сатылған өнімнің, тауардың, атқарылған жұмыстың, көрсетілген қызметтердің сату құнына 1210 «Сатып алушылар мен тапсырысшылардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» шоты дедеттеледі де, 6010 «Сатылған дайын өнімнен түскен табыс» шотты кредиттелінеді.

 

 

 

2.5 Факторингтік  операциялар есебі

 

Факторинг, басқаша айтқанда, қаржылық агент болып табылады және ол үшінші тұлға ретінде қарызды өндіріп беруші ретінде қызмет етеді.

 Ондай қаржылық  агент болып банктерде басқа  да несиелік, коммерциялық ұйымдар  бола алады, бірақ олар аталған  қызметті жүзеге асыру үшін  лицензия болуы керек. Бірақ  кез келген кәсіпорын немесе  ұйым факторинг қызметімен щұғылданбастан бұрын екі жақтың да несие қабілеттілігін тексереді және көрсеткен қызметі үшін, өз құқын берген кәсіпорын автоматты түрде төлеуге тиіс. Бұл арада өзінің дебиторлық қарызды талап ету құқын берген кәсіпорын мен факторинг компаниясы келісім–шартқа отырады. Ондай келісімшарт ашық та, жабық  та (конфиденциалды) болуы мүмкін.

Осы келісім–шартта, клиентке өзінің құқын қайтып беру мәселесі де айтылады, яғни регресс құқығы да қарастырылады. Факторингалық қызметтің  құны көрсететін қызметтің түріне, қаржылық жағдайына және т.б факторларына тәуелді болып келеді. Мысалы, «Рамадангрупп» ЖШС «Мирас» АҚ 326250 теңгеге жиһаз жасап беретіндігі жөнінде келісім шартқа отырған. Енді осы жиқаздың толық төлемін алу үшін «Рамадангрупп» ЖШС факторингтік компаниясымен, яғни «Ардагер» АҚ-мен келісім шартқа отырады.

Келісім шарттың жағдайы  бойынша факторингтік компания «Ардагер» АҚ (қаржылық агент) «Рамадангрупп» ЖШС «Мирас» АҚ-на тауарды жөнелткеннен үш күннің ішінде «Рамадангрупп» ЖШС-нің есеп айырысу шотына ақшаны аударуы тиіс. Шын мәнінде, «Мирас» АҚ жасалған келісім–шарттың 80% құнын бірден аударған, ал қалған келісім–шарттың құнынан (20%) марапаттау сомасы ұсталып, содан қалған сомасы аударылған. Келісім–шартқа  сәйкес марапаттау сомасы, несие мөлшерлемесі сияқты 38%  жылдық мөлшерлемесінің деңгейінде ұсталған. Қаражаттың айналымдық мерзімі 18 күнді құраған.

Факторинг келісім–шарты  бойынша марапаттау сомасы 1,9% [(38%*18 күн )\ 360 күн] құраған және сол сомасы төлеуге қабылданған. Енді осы бойнша шоттар корреспонденциясын жасап көрейік:

 

Кесте 5 - Факторинг келісім–шарт бойынша шоттар корреспонденциясы

Қатар

Шаруашылық операциялар  мазмұны

Сомасы, теңге

Шоттар корреспонденциясы

Дебет

Кредит

 

Жабдықтаушы-кәсіпорында («Рамадангрупп» ЖШС)

1.

Келісім–шарттың шарты бойынша «Рамадангрупп» ЖШС, «Мирас» АҚ тауар жөнелтті:

  • Жөнелтілген тауардың өзіндік құнына;
  • Келісім–шарттың құнына
  • ҚҚС (12%)

 

 

 

196875

281250

45000

 

 

 

7110

2110

2110

 

 

 

1330

6020

3130

5- кестенің жалғасы

2.

Қаржылық агенттен («Ардагер» АҚ) жөнелтілген тауардың 80% алынды.

261000

1040

3360

3.

Қаржылық агентке көрсеткен  қызметі үшін, марапаттау сомасы шығысқа  жатқызылды.

6199

7330

3360

4.

Қалған 20% қаржылық агенттен алынды, бірақ  осы сомадан марапаттау сомасы шегерілді 59051теңге (326250 *20% -6199)

59051

1040

3360

5.

Қарыздары зачет жасалды 

326350

3360

2110

 

 Қарыз-кәсіпорында («Мирас» АҚ)

1.

«Рамадангрупп» ЖШС жөнелтілген тауарлар «Мирас» АҚ келіп түсті:

  • Тауар құнына
  • ҚҚС(12%)

 

 

281250

45000

 

 

1330

1420

 

 

3310

3310

2.

Қаржылық агенттің талап еткен сомасы, алынған тауар үшін төленді

326250

1630

1040

3.

Қарыздары зачет жасалды 

326250

3310

1630

 

Қаржылық агентте («Ардагер»  АҚ)

1.

Факторингі келісім шарты бойынша  «Ардагер» АҚ қарыз сомасының 80% аударды 

261000

1630

1040

2.

Факторингі бойынша марапаттау сомасы есептелінді [6199 теңге  (326250*1,9%)]

6199

2170

6110

3.

«Мирас» АҚ талап етілген қарыз  сомасы алынды

326250

1040

3360

4.

Факторингі келісім шартының жағдайы  бойынша «Рамадангрупп» ЖШС-ке 20% қалған сомасы аударылды (бірақ бұл жерде марапаттау сомасы шегерілді)

59051

1630

1040

5.

Қарыздарға есеп жасалынды

326250

3360

2170, 1630


 

2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті

 

Негізгі құралдар дегеніміз - материалдық активтер, оларды ұйым өндірісте пайдалану немесе тауарларды болмаса көрсетілетін қызметтерді беру үшін, басқа тұлғаларға жалға беру немесе әкімшілік мақсаттар үшін ұстап тұрады және бір кезеңнен көп пайдалану болжанады.

Негізгі құралдар түрлері бойынша  бөлшектенеді. Негізгі құралдардың  түрі – бұл ұйымның қызметінде сипаты және пайдаланылуы жағынан бірдей активтердің бірігуі. Жекелеген түрлердің мысалдары мыналар болып табылады:

-жер;

-жер және ғимараттар;

-машина жабдығы;

-кемелер;

-ұшақтар;

-автокөліктік құралдары;

-жылжымайтын мүлікпен біріктірілген жиһаз бен жылжымалы мүлік;

-кеңсе жабдығы.

Негізгі құралдардың түрлері бойынша бөлшектеуге байланысты синтетикалық шоттар ашылады.

Негізгі құралдардың  бухгалтерлік есебінде негізгі құралдардың келіп түсуін, кәсіпорын ішінде орын ауыстыруын және шығуын, дұрыс құжаттық рәсімделуін және бухгалтерлік есепте уақытылы көрсетілуін; олардың материалдық жауапты адамдарға бекітілуін және сақталуы мен ұтымды пайдаланылуын бақыланады; негізгі құралдардың есептелген амортизациясы мен тозу сомасының есепте дұрыс көрсетілуін, сондай-ақ есептелген амортизация сомасының есепте дұрыс көрсетіледі және негізгі құралдардың қор қайтарымын анықталып, жаңа техниканың және оны қолданудың жаңа әдістерінің тиімділігі негізгі құралдарды жөндеу бойынша шығындардың сенімді есебін құрастырылады. Негізгі құралдарды түгендеуді және қайта бағалауды мезгілінде жасайды және олардың нәтижесін сонымен қатар негізгі құралдарды сату және олардың басқаша шығу нәтижелерін есепте нақты көрсетілуін қамтамасыз етеді.

2400 «Негізгі құралдар»  кіші бөлімі негізгі құралдарды  есепке алуға арналған.Осы бөлім мынадай шоттардың топтарын қамтиды: 2410, 2420, 2430.

Негізгі құралдардың  келіп түсуі мен оның қозғалысынв 2410 – «Негізгі құралдар» шоты арналған.

Актив ретінде бастапқы танығаннан кейін жылжымайтын мүлік  барлық жинақталған амортизацияны  және құнсызданудан пайда болған барлық жинақталған шығындарды қоспай оның өзіндік құны бойынша немесе барлық жинақталған амортизацияны  және құнсызданудан пайда болған кейінгі жинақталған шығындарды қоспай қайта бағалау күніне дұрыс құны болып табылатын қайта бағаланған құны бойынша есепке алынады.

Негізгі құралдардың  амортизациясын шоғырландыру үшін 2420 «Негізгі құралдардың амортизациясы» шоттар тобы арналған.

Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын шығындарды шоғырландыру үшін 2430 «Негізгі құралдардың  құнсыздануынан болатын шығындар»  шоттар тобына арналған.

Негізгі  құралдар  аудитінде  қолданылатын  ақпарат көздері  кәсіпорын  қабылдаған  есеп  саясатына  тәуелді  болады. Бұл  есеп  формасын  таңдауда  көрінеді: журнал-ордерлі, мемориалды – ордерлі, қарапайымды, сонымен  қатар  қолданыстағы  регистрлер  тізімінде, олардың  құрылуында, кезектілігінде  және  оларда  жазу  жүргізу  тәсілінде. Бірақ  есептің  кез- келген  формасында  негізгі  құралдар  бойынша  операциялар  алғашқы  есептік  құжаттаудың  бірыңғайлы  ведомісті аралық  формалары  мен  толтырылуы  тиіс  екендігін  есте  сақтау  керек:

НҚ-1 формасы – негізгі  құралдарды  қабылдау -  жіберу  актісі;

НҚ-3 формасы – жөнделген, қайта  құрылған  және  жетілдірілген  объектілердің  қабылдау – тапсыру  актісі;

НҚ-4 формасы – негізгі  құралдарды  жою  актісі;

НҚ-4а  формасы –  автокөлік құралдарын  жою  актісі;

НҚ-6 формасы  - негізгі  құралдар есебінің

НҚ-14 формасы – қондырғыларды  қабылдау  туралы  акті;

НҚ-15 формасы  - қондырғыларды  монтажға  қабылдау – жіберу  актісі;

НҚ – 16 формасы қондырғылардың  анықталған  кемістігі  туралы  акті.

Негізгі  құралдар  қозғалысы мен  олардың  тозуының  синтетикалық  есебі №13,10 және 10/1 журнал – ордерлерде  жүргізіледі, ал  компьютерлік  ақпараттық  технологияларды  қолданған  кезде 01, 02  шоттары  бойынша  дебеттік  және  кредиттік  айналымдар  машинаграммосында  жүргізіледі.

Негізгі  құралдар  есебінің  аудитінің  негізгі бағыттары келесілерді қамтамасыз  етеді:

Негізгі  құралдардың  тұтастығы  мен  бар болуын  бақылау;

Жабдықтардың  негізгі  құралдарға  жатқызылу  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  есепте  бағалану  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  түсуі  мен  шығуы  бойынша операциялардың  есепте  көрінуі  мен  толтырылуы  дұрыстығы;

Негізгі  құралдардың  тозуы  мен  жөнделуінің  есепте  көрінуі  мен  есептелу  дұрыстығы;

Бухгалтерлік  есеп  пен  есеп  беруде  негізгі  құралдардың  бар  болуы  мен  қозғалысы  туралы  мәліметтердің көріну  дұрыстығы.

 

2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі

 

Кәсіпорынның шаруашылық қызметі барысында жұмысшылар мен  қызметкерлерді жұмысқа қабылдау мен оларды жұмыстан босату процестері жүргізіледі. Қызметкерлердің жеке құрамы бойынша есепті кадрлар бөлімі жүргізеді. Олар өз кезегінде жалпы кәсіпорында, сонымен қатар оның құрама бөлімшелерінде  жұмыс істейтін қызметкерлердің саны туралы, олардың өзгерістері және ондай өзгерістердің туындау себебі жайында, қызметкер-лердің жынысы, жасы, категориялары, мамандықтары, лауазымдары, біліктігілі, жұмыс өтіліне, білімі мен басқа да белгілері бойынша құрамы туралы ақпаратқа ие болады.

«Рамадангрупп» ЖШС-гінде жұмысқа қабылдау барысында кәсіпорын басшысы мен жұмысқа қабылданатын тұлға арасында келісімшарт жасалады.

Жеке еңбек шарты дегеніміз  бұл жұмысшылар мен жұмыс берушінің  арасындағы жазбаша түрдегі келісімі. Бұл келісім жұмыс орны, шарттың  мерзімі және еңбек режимінің талаптары мен шарттары, демалыс пен еңбекақы төлеу мен еңбекті қорғау, жұмысшының әлеуметтік-тұрмыстық қамсыздандырылуы, екіжақты материалдық жауапкершіліктері туралы ақпаратты қамтуы тиіс.

Жеке еңбек шарты  әрбір жұмысшы үшін жеке шарттар қарастырып, өзара құқықтары мен борыштары және жұмысшы мен жұмыс берушінің арасындағы жауапкершіліктерін айқындайтын құжат.

Жеке еңбек шарттарынан  басқа жұмысшы мен жұмыс беруші арасында азаматтық-құқықтық келісімшарт  та жасалуы мүмкін. Бұл шартты атқарушы тұлғаның нақты бір жұмыс түрлері мен тапсырмаларды орындауы үшін бекітеді.

Жеке еңбек шартының талаптары мен міндеттемелері екі  жақтың қатысуымен және жұмыс түрі, оның ерекшеліктері, өндірістің нақты  мақсаттары мен міндеттерін, сонымен  қатар жұмыс берушінің қаржылық жағдайын ескере отырып бекітіледі. Алайда бұл келісімшартқа «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» заңының 7, 8 және 9 баптарының тармақтары міндетті түрде енгізілуі шарт.

Жеке еңбек шарты:

Белгісіз мерзімге;

Белгілі бір мерзімге;

Белгілі бір жұмыстың орындалу мерзіміне байланысты;

Белгілі бір жұмыс орнына белгілі уақытқа;

Еңбеккерлер жоқ болған жағдайда оның жұмысын уақытша атқаруға;

Жеке еңбек келісім  шартын жасау үшін жұмыс беруші жұмыскерлерден еңбек кітапшасын, жеке төлқұжатын, жеке әлеуметтік кодын, зейнеткерлік келісім шартын, білімі туралы құжаттарды талап етуге құқылы.

Жеке еңбек шартын міндетті түрде жазбаша формада, кемінде екі данада толтырып екі  жақ та қол қоюы міндетті. Екі  дананың біреуі екі жақ та қол  қойып растағаннан кейін жұмысшының өзіне беріледі. Еңбек шарттарының орындалуының бастамасы ретінде ең алдымен шартта көрсетілген мерзімде жұмысқа шығу болып саналады.

«Рамадангрупп» ЖШС-гінде жеке еңбек шарты бекітілгеннен кейін кәсіпорын басшысы жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады. Бұйрық проектісі кадрлар бөлімі немесе жұмысқа қабылдауға жауапты тұлғамен қарастырылып, ары қарай еңбек шарттарымен таныму үшін бағыт болып саналады. Аталмыш бұйрықтың проектісі осы кәсіпорында жұмысшының вакансиялық лауазымын растау үшін қажет. Басшының қолы қойылған бұйрық негізінде кадрлар бөлімі жұмысшының жеке карточкасын толтырып, еңбек кітапшасына жұмысқа қабылданғандығы жөнінде белгі қояды.

Информация о работе Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру