Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2013 в 18:40, курсовая работа
Мен, өндірістік іс-тәжірибемді 2010 жылдың желтоқсан айының 6-шы жұлдызынан 2011-жылдың 01-ші қаңтарына дейінгі аралықта Астана қаласы, Оңтүстік-Шығыс шағын ауданындағы Шу көшесіндегі 45 үйде орналасқан «Рамадангрупп» Жауапкершілігі Шектеулі Серіктестігінде өттім.
Іс-тәжірибе өту барысында оқу бағдарламасы бойынша жұмыстарды жасауға тиісті дәрежеде көңіл бөлінді. Бұл уақытта мекеме режиміне сәйкес талаптарды орындап отыруға мән берілді.
КІРІСПЕ......................................................................................................................3
І. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1.1 Кәсіпорын жарғысымен және оның қызметімен танысу................................4
1.2 Кәсіпорында бухгалтерлік есепті қалыптастырудың негіздері......................6
1.3 Кәсіпорынның қаржылық-шаруашылық қызметін талдау..............................9
ІІ. КӘСІПОРЫНДА БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
2.1 Шаруашылық субъектісінің меншікті капиталы............................................13
2.2 Ақша қаражаттарының есебі............................................................................14
2.3 Қорлар есебі мен аудиті....................................................................................16
2.4 Дебиторлық борыштар есебі............................................................................18
2.5 Факторингтік операциялар есебі.....................................................................20
2.6 Негізгі құралдардың есебі мен аудиті.............................................................21
2.7 Жеке құрам мен жұмыс уақыты, еңбек тиімділігі мен еңбекақы есебі.......23
2.8 Міндеттемелер есебі.........................................................................................27
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті...................28
3 КӘСІПОРЫННЫҢ САЛЫҚ ЕСЕБІ МЕН СЫРТҚЫ АУДИТІ
3.1 Корпоративтік табыс салығы...........................................................................32
3.2 Жеке табыс салығы...........................................................................................33
3.3 Әлеуметтік салық..............................................................................................34
3.4 Қосылған құн салығы.......................................................................................35
3.5 «Рамадангрупп» ЖШС-ның сыртқы аудиті...................................................36
ҚОРЫТЫНДЫ МЕН ҰСЫНЫСТАР....................................................................37
«Еңбек туралы» заң мен құқықтық актілер мен келісімшарт шарттарына сәйкес жұмысшыларға берілетін жыл сайынғы немесе өзге де демалыстарды тағайындау үшін демелыс беру туралы бұйрық шығарады. Бұл бұйрық екі данада толтырылады. Біріншісін кадрлар бөліміне, ал екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Рамадангрупп» ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып кадрлар бөлімінде жұмысшының жеке еңбек табеліне белгі қойып, бухгалтерияда демалыс кезінде берілетін орташа жалақысын есептеу жұмыстарын жүргізеді.
Жұмысшының жұмыстан шығуына байланысты кадрлар бөлімінің маманы жеке екі данада еңбек шартын бұзу туралы бұйрық дайындайды. Оның біреуін кадрлар бөлімінде қалдырып, екіншісін бухгалтерияға тапсырады. Бұйрыққа «Рамадангрупп» ЖШС-гінің басшысы қол қояды. Осы бұйрықты негізге ала отырып бухгалтерияда демалыс үшін тиесілі жалақысын есептейді.
Жұмыс уақытын пайдаланудың есебі жұмысшылардың барлық категориялары бойынша олардың бекітілген жұмыс тәртібін қадағалауы үшін және еңбекақы есебін жүргізу үшін жұмыс уақытының есебі табелінде жүргізіледі. Бұл табель жауапты тұлғамен бір данада толтырылып бухгалтерияға беріледі. Жұмысшылардың жұмысқа қатыспауы немесе үстеме жұмыс істегендігі, толық емес жұмыс күні және жұмысқа келе алмау себептері тек қана осы жағдайларды растайтын құжаттар негізінде табелде белгіленеді. Жұмыс уақытын пайдалану есебін жүргізуді табельде жұмысқа келу не келмеудің толық тіркеуі немесе тек қана ауытқуларды тіркеу әдісімен толтырады.
Еңбекақы дегеніміз жұмыскерге оның еңбегі үшін сапасына, санына және шығарылған қажетті өнім көлеміне сәйкес берілетін төлем.
Еңбекақы жөніндегі саясат кәсіпорында басқарудың құрамдас бөлігі болып табылады және оның қызметінің тиімділігі оған елеулі түрде әсер етеді. Себебі еңбекақы жұмыс күшін тиімді пайдаланудағы ынталандырудың маңызды құралдарының бірі. Кәсіпорында еңбекақы саясатын әзірлеуде және оны ұйымдастыруда жалаұының төмендегі принциптерін ескеру қажет:
Еңбектің саны мен сапасына байланысты еңбекақы төлеуді жүзеге асыру;
Зиянды еңбек жағдайының және ауыр дене еңбегінің есебі;
Еңбекті сапасы мен еңбекке қатысу адалдығына қарай ынталандыру;
Ақаулық жібергені үшін, өзінің міндетіне жауапсыздықпен қарағаны үшін материалдық жазалаулар;
Инфляция деңгейіне сай жалақыны индекстеу;
Еңбекке ақы төлеу жүйесі – жұмсалған еңбек пен есептелген жалақы арасындағы арақатынасты белгілеу жүйесі.
Еңбекақыны төлеу жұмыстың жеке немесе ұжымдық нәтижесіне қарай берілуі мүмкін. Алайда жұмыс берушінің бекіткен еңбекақы мөлшері ҚР заңдарымен бекітілген ең төменгі жалақы мөлшерінен кем болмауы тиіс.
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны пайдаланылады:
Мерзімдік (істеген күніне қарай төлеу) деп нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккер-лерге есептелінетін жалақының нысанын айтады;
Кесімді (өнім санына қарай еңбекақы төлеу) еңбекақы төлеген кезде алдын-ала белгілініп қойған деңгейде әзірленген өнімнің немесе орындалған жұмыстың әрбір бірлігіне есептейді.
«Рамадангрупп» ЖШС-гінде еңбекақы төлеуді мерзімдік жүйе бойынша іске асырады. Еңбекке мерзімді ақы төлеу кезінде оның ақысы іс жүзңнде жұмыс істелінген уақыт пен оның тарифтік ставкасына байланысты. Тарифтік ставка тиісті разрядтағы қызметкердің уақыт өлшемі ішіндегі еңбекке ақы төлеу мөлшерін білдіреді.
Еңбекақы есептеу барысындағы басты құжаттар болып мыналар табылады. Олар: бұйрықтар, үкімдер, табель, келісімшарттар, «Рамадангрупп» ЖШС-гінің басшысы бекіткен штаттық кесте. Еңбекақыны есептеу үшін төлем ведомості қолданылады. Бұл құжатта берілген және депоненттелген еңбекақының жалпы сомасы жазылып, барлық жазбалардың соңынан жалпы сомасы жазылуы тиіс. Ал жұмысшылармен есеп айырысу үшін есеп айырысу ведомості (кітабы) толтырылады. Бұл кітапта қызметкердің лауазымы, категориясы, тарифтік разряды, жұмыс істеген сағаттар саны, қосымша есептелінген төлемақылар, сыйақы мен уақытша еңбекке жарамсыздығы бойынша төленетін төлемақылар, сонымен қатар еңбекақыдан ұсталынатын төлемдер туралы ақпарат беріледі. Аталмыш құжат бухгалтерияда бір дана етіліп толтырылады.
Кәсіпорындағы барлық жұмысшылар екі топқа бөлінеді:
-әкімшілік-басқарушылық тұлғалар:
-кәсіпорын басшысы;
-бухгалтер;
-мамандар;
-негізгі өндіріс жұмысшылары;
Еңбекақыны еспке алу мен оны аудару 3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқы мерзімді берешек» шотында жүргізіледі. Әкімшілік аударымдар бойынша 7210 «Әкімшілік шығыстар» шотында есепке алынады. Негізгі өндіріс жұмысшыларының еңбекақылары бойынша 8213 «Өндіріс жұмысшыларының еңбекақысы» шотында, ал әлеуметттік салық бойынша аударымдар 8214 «Еңбекақыдан бөлінетін аударымдар» шотында жүргізіледі.
6 бөлімнің шоттарында заңмен бекітілген бюджеттен тыс қорларға аударымдарды есепке алу операциялары жүргізіледі.
3220 – зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер.
Бюджетпен есеп айырысулар:
3110 – төлеуге тиісті корпорациялық табыс салығы;
3130 – қосылған құн салығы;
3140 - акциздер.
Жеткізушілер мен мердігерлермен есеп айырысу 3310 шотында жүргізіледі. Алынған аванстар есебі 3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар» шотында, ал басқа да есеп айырысулар 3440 «Өзге қысқа мерзімді бағалау міндетттемелері» шотында көрініс табады.
Жұмысшылардың өндіріс нәтижелілігін арттыруға материалдық қызығушылықтарын және жұмыс сапасын арттыру мақсатында сыйақылар мен жыл бойғы еңбектерінің жемістері үшін қосымша сыйақылар беру жүйесі енгізілуі мүмкін.
Сыйақы ретінде жұмысшыларға жеткен жетістіктері үшін және ары қарай қызығушылықтары мен ұмтылыстарын арттыру мақсатында берілетін қосымша ынталандыру ақысын қарастыруға болады. Сыйақы мөлшері мен шарттарын жеке еңбек шартында қарастырады.
Сыйақыдан басқа ынталандыру жүйесінде үстеме ақы төлеуді енгізу де орын алуы мүмкін. Үстеме ақы бұл еңбек шартында қарастырылмаған жұмыстың ауыр талаптары мен қосымша жұмыс істегені үшін төленетін қосымша ақы.
Материалдық ынталандырудың бір түрі болып саналатын жұмысшаларды жыл бойғы еңбектің нәтижесі бойынша марапаттау болып табылады. Бұл марапаттың көлемі мен шарттары жеке еңбек шартында бекітіледі.
Осындай сыйақыларды беру кезінде
жұмысшының еңбек нормасын жақсы
атқарғандығын ғана емес, сонымен
қатар оның еңбекке деген оның
моральдық көзқарасы мен
2.8 Міндеттемелер есебі
Міндеттеме-бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (несие беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, әйтпесе белгілі бір әрекеттен тартыну (бас тарту), ал несие беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналысатын шаруашылық субъектісі сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында міндетті болуы мүмкін. Тіпті өндіріспен де, саудамен де айналыспайтын субъектілердің өзі қарамағында жұмыс істейтін жұмысшы қызметкерлерге олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі – міндеттемелер есебі. Міндеттемелер есебі қаржы-шаруашылық қызметі бас шоттар кестесінің 3500 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» деп аталатын бөлімінің төмендегідей шоттарында есепте-лініп жүргізіледі.
3510 «Алынған қысқа мерзімді аванстар»
3520 «Алдағы кезеңдердің кірістері»
3530 «Сатуға арналған істен шығатын топтың міндеттемелері»
3540 «Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер»
2.9 Қаржылық есеп беру: жасау әдістемесі мен тәжірибесі, аудиті
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық-шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтады. Есеп беру процесін жасау есеп жұмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты
өз пайдаланушыларына заңды
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық әрі объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері ҚР әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Есеп беруге қойылатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі түсінікті болуы керек. Есеп беру белгіленген мерзімінде жасалған жөн.
ЖШС «Рамадангрупп» қаржылық есептілікті құрастырғанда басшылыққа алады:
а) БЕХС (IAS) 1 «Қаржылық есеп ұсыну»;
б) ҚЕХС (IRS) 34 «Аралық қаржылық есеп»;
в) ҚЕХС (IAS) 7 «Ақша қаражаттар қозғаласының есебі»;
г) операциялық сегменттер;
д) Басқа да ҚЕХС және ПКИ.
Қаржы есебін беру тәртібі бухгалтерлік есеп стандарттарымен реттеледі:
№2 «Бухгалтерлік баланс және қаржылық есептің негізгі көрсеткіштерін ашып көрсету» (2 БЕС); «Қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру» (3 БЕС); «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» (4 БЕС) арқылы жүзеге асады.
Экономикалық шешемдерді қабылдау үшін, сыртқы қолданушыларға ақпаратты ұсыну үшін, қаржылық есептілік келесі 6-кестедегі мерзімдерде құрастырылады:
Кесте 6- Қаржылық есептілік мерзімдері
Есеп беру формалар атауы |
Есеп беруді құруды жиелігі |
Қаржылық жағдайға есеп беру, кезең соңына. |
Ай сайын, квартал, жыл |
Кезең ішінде тұтастай табыс туралы есеп беру |
Ай сайын, квартал, жыл |
Кезең ішіндегі ақша қозғалысы туралы есеп беру |
Квартал сайын, жыл |
Кезең ішіндегі меншікті капиталдағы өзгеріске есеп беру |
Квартал сайын, жыл |
Ескертулер, ішінде есеп саясаты мен басқа да түсіндірме ақпарат керекті элементтерінің қысқаша мазмұны |
Жылдық есеп беруге |
Қаржылық есеп беруді жасау. Қаржылық есеп берудің мақсаты пайдаланушыларды есептік кезеңдегі қызметінің нәтижесі мен қаржылық жағдайы туралы пайдалы, мәнді және сенімді ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылатындығы белгілі. Бірақ қаржылық ақпараттарды пайдаланушылар кәсіпорын қызметі туралы әрқилы мәліметтерді қажет етеді, мысалға:
-инвесторлар–жасаған инвестицияның тәуекелділік дәрежесі олардың алатын табысына қаншалықты пара-пар келетіндігін анықтау үшін; кәсіпорынның келешектегі күтілетін дивиденттерді төлеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
-кредитор – алған қарызын және төленетін пайызын өтеу қабілеттілігін анықтау үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
жабдықтаушылар – кредиторлық қарыздарды дер кезінде өтей алатын қабілетін тексеру үшін қажет ақпараттарды талап етеді;
-сатып алушы – кәсіпорын қандай кезеңде өз қызметін жалғастыра алатындығы жөніндегі ақпараттарға мүдделі болып келеді;
-қызметкерлер – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді болғанына мүдделі, өйткені олар, өзінің еңбекақысын және басқа да төлемдері мен жеңілдіктерін алады, ал акционерлер – тұрақты түрде дивиденд алып тұруды көздейді;
-мемлекеттік органдар – кәсіпорынның тұрақты әрі рентабельді жұмыс істегеніне мүдделі, өйткені олар солардың көмегімен экономикалық саясатты жүзеге асырады, сондай-ақ статистикалық мәліметтерді жинайды;
-жұртшылық – жұмыс орнын табу мақсатында қажетті ақпараттарды елді мекенді, аймақты дамытуға керек ақпараттарды жинауға мүдделі болып келеді.
Қаржылық есеп берудің элементтері. Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін классқа топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалық мазмұн қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
-Актив – бұл құндық бағасы бар субъектінің құқығы мен жеке мүліктік және мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде көрсетіледі. Активтер физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар, машиналар және т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия, «ноу-хау», т.б.) сондай-ақ активтер дебиторлық қарыздар іспеттес те болып келуі мүмкін.
Міндеттемелер – бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекеттің кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас тарту, ал кредитор қарызданушыдан өз міндеттемесінің орындалуын талап етуге құқығы бар. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе кәсіпорын келісім-шарттық қатынасқа орырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін.