Ағымдағы міндеттемелер есебі

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 15:23, реферат

Краткое описание

Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме – өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.

Содержание

І. Кіріспе
Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік

ІІ. Негізгі бөлім

1. Ағымдағы міндеттемелердің пайдалану жолдары
2. Ағымдағы міндеттемелер есебі
3. Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары

ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Прикрепленные файлы: 1 файл

РДиГБ 12-12 Наурызбаева Назым Ағымдағы міндеттемелер есебі.docx

— 300.44 Кб (Скачать документ)

Жабдықтаушылар және қызмет көрсетушілермен есеп айырысулар есебі  жөніндегі журналда ай аяғында «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп  аталатын шот бойынша талданған  қалдықтар көрсетіледі. Талдамалық есептің құрылымы жабдықтаушылар және мердігерлермен есеп айырысу жөніндегі  қалдықтар туралы мағлұмат алуды  қамтамасыз ету үшін және есеп айырысуды  жедел бақылау үшін мына топтардан  қалыптасады:

- құны төленген, бірақ  іс жүзінде алынбаған (қабылданбаған)  материалдық қорлар, көрсетілген  қызметтер, орындалған жұмыс бойынша  есеп айырысудан;

-    фактураланбай  қалған жабдықтар бойынгша есеп  айырысудан;

-     мерзімінде  төленбеген есеп айырысулардын.

Жабдықтаушылар мен мердігерлердің есебінде БЕС-тің №12 «Күрделі құрылысқа  мердігерлік шарты» қолданылады.

3320 « Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек » шотында бір жылға дейін мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін еншілес ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және еншілес ұйымдарға өзге кредиторлық берешек көрініс табады.

3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында бір жылға дейін мерзіммен сатып алынған активтер және пайдаланылған қызметтер үшін қауымдастырылған және бірлескен ұйымдармен есеп айырысу жөніндегі операциялар және қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға берілетін өзге ұзақ мерзімді кредиторлық берешек көрініс табады.

3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге берілетін қысқа мерзімді кредиторлық берешек еспке алынады.

Осы аталған 3320, 3330, 3340  пассивті, күрделі шоттар болып табылады. Олардың талдамалық есебі әрбір еншілес серіктіктестіктерге сәйкес корреспонденциялаушы шоттар бойынша машинограммада немесе тізімдемеде жүргізіледі. Ірі кәсіпорындардың талдамалық шоттарында дебиторлармен және кредиторлармен есеп айырысушылардың талдамалық есебінің карточкалары пайдаланады.

3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында мұнда қызметкерлерге қызметкерлер тиісті қызметтерді көрсеткен кезең аяқталғаннан кейін 12 ай ішінде толық көлемде төлеуге жататын сыйақылар мен еңбекақы төлеу бойынша өзге қысқа мерзімді берешектер есепке алынады.

Еңбекақы – қызметкерлер мен жұмысшылардың орындаған жұмыс көлемі мен белгілеген еңбек шарты және лауазым нұсқасына байланысты төлем.

Жұмысшылар мен қызметкерлердің  құрамының есебі кәсіпорындар мен  ұйымдар мамандар бөлімінде жүргізіледі. Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы  құжаттары пайдаланылады:

  • жұмысқа алу жайлы бұйрық (өкім) үлгігі түрі Т-1 (№6 қосымша);
  • еңбек кітапшасы;
  • жеке карточка үлгі түрі Т-2 (№7 қосымша);
  • ғылыми қызметкерлерді есепке алу карточкасы  №Т-4;
  • басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-5;
  • демалыс берілуі жайлы бұйрық (өкім) үлгілі түрі Т-6;
  • жұмыстан шығарылуы жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.

 

Еңбекақының түрлері  бойынша

Негізгі

Қосымша

қызметкерлерге нақты  жұмыспен өтеген уақыты үшін, орындаған  жұмыстары мен өнеркәсіптік өнімдердің саны мен сапасы үшін белгіленген  бағалаулар мен қызметақы бойынша  есептелетін жалақы.

қызметкерлердің кәсіп-орында жұмыс жасамаған уақытында ҚР заңдарына сәйкес есептелетін жалақы.

  1. Жұмыс істеген уақытына тарифтік ставка-лар, қызметақы, қызмет-ақы, кесімді бағалаулар н/е орт. табыстар бойынша есептелген жалақы;

1. Балалаларын тамақ-тандырушы  аналардың жұ-мысындағы үзіліс  уақытына төлем;

  1. Қызметпен өткерген жылдар үщін үстеме;

2. Жасөспірімдердің жеңілдік  сағаттарына төлем;

  1. Жұмыс жағдайының өзгеруіне байланысты кесіміді ақы алушыларға қосымша қызмет (материалдардың сәйкессіздігі, өңдеудің күрделелегі, құрал-сайман мен жабдықтың икемсізідігі);

3.Мемлекеттік және қоғамдық  міндеттмелерді орындауға жұмсаған  жұмыс уақытына төлем;

  1. Кесіміді ақы алушыларға үдемелі бағалаулар бойынша қосымша ақы ;

4. Негізгі және қосымша  демалыстар уақытына төлем;

  1. Ақшалай және натуралды сыйақылар және сыйақы берудің бекітілген тәтібіне сәйкес төленген сыйақылар, қосымшалар;

5. Пайдаланылмаған демалыс  үшін өтемақы;

  1. Мерзімнен тыс уақыттағы жұмыс үшін қосымша ақы;

6. Шыққанда берілетін жәрдемақы.

  1. Түндегі жұмыс үшін қосымша ақы ;
  1. Жұмысшылардың кінәсі жоқ тұрып қалуға төлемдер

 

Еңбекақының нысаны бойынша

мерзімді

кесімді

нақты істеген уақыты үшін еңбек ақының мөлшері немесе тарифтік мөлшерлемесі бойынша еңбеккерлерге есептелетін жалақы.

жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады.

жұмыс сағ. саны  х 1 сағ.ақысы

өндірілген                   әр дананың

    өнім саны          Х             ақысы

Жай мерзімді

Мерзімді сыйақылы

тікелей

үдемелі

жанама

келісімді

аккордтық


Кесімді еңбекақы негізгі  құжаты болып табылатындар:

- кесімді еңбекақы  наряды;

- жұмысшы орындау  ведомосты;

- маршруттық беттер;

- орындаған жұмыс  туралы акт.

Мерзімді еңбекақы төлеуге есепке алу табелі табелі негізі болып табылады.

3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек» шотында қысқа мерзімді жалдау бойынша жалдау міндеттемелерін төлеумен байланысты операциялар және жалдау бойынша өзге қысқа мерзімді берешек көрініс табады;

Жалагерлік-бұл активтердің  иеленушісі (жал беруші) өзге тұлғаға (жал алушыға (белгіленген мерзімге төлем үшін активпен пайдаланудың эксклюзивті құқығын беру туралы контракт. Жал алушының басты мақсаты – ай сайын, тоқсан сайын немесе аванстық түрде жалгерлік төлемді аудару табылады. Бұл жерде контрактіде активті жұмыс жағдайда сақтайтын тұлға (Жал беруші және жал алушы) анық белгіленеді.

Қаржылық төлемдердің  сомасы және активтердің есептелген амортизациясы жалгерлік төлемге  тең болмайды. Себебі жалға алынған активтердің құны және онымен байланысты міндеттеме барлық мерзімдер үшін бір-біріне сай келмейді. Жалгерлік мерзімнің басы-бұл келесі деталдардың ең ерте датасы, жалгерлік бекіткен дата немесе жалгерліктің талаптарын, міндеттерін қабылдаған дата. Жалгерлік мерзімі - бұл жаргерліктің келісім-шартын бұзуға болмайтын және осы мерзімді жалға алушы активті жалға алу келісім шартты бекіткен күні. Жалгерлік кезінде қарастырылған пайыздық қойылым-минималдық жалгерлік төлемді анықтау үшін жалгерліктің басындағы мүліктің дисконтталған құны және жалға алынған активтердің ағымдағы құны бойынша жалгерліктің басындағы кепілдік берілмеген қалдық құнды анықтайтын дисконттың қойылымы.

Жалгерлік төлемдері бойынша  міндеттеме 2 түрлі бағалауды қарастыру керек:

  • ағымдағы құны бойынша
  • дисконтталған құн бойынша

3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі»,мұнда ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігін төлеумен байланысты операциялар көрініс табады;

3380 «Төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар» шотында алынған қарыздар, берілген вексельдер, эмиссияланған бағалы қағаздар және сенімгерлік басқару шарттары бойынша төленуге тиісті пайыздар, төлеуге есептелген сыйақылардың болуымен және қозғалысымен байланысты операциялар және өзге төлеуге қысқа мерзімді сыйақылар көрініс табады.

3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында алдағы топтарда көрсетілмеген өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешек есепке алынады, яғни негізгі құралдарды жөндеуге арналған резервтер, өнеркәсіптің маусымдық салаларының шығындарын жабуға арналған және тағы да басқа жасалған резервтер сомаларының есебі жүргізіледі.

 

    1. Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер

 

«Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер» Шотттар Жоспарының 3500 шотында орналасқан. Оған кіретін шоттар:

3510 Алынған қысқа мерзімді  аванстар

3520 Алдыңғы кезеңнің кірістері

3530 Сатуға арналған істен  шығатын топтың міндеттемелері

3540 Өзге қысқа мерзімді  міндеттемелер

Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі. Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс салалары бойынша есеп айырысу есебі «ТМҚ қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.

Алдыңғы кезеңнің кірістер есебі. Кәсіпорынның ағымдағы кезезеңде алған, бірақ бұдан кейінгі есепті кезеңдерге жататын табыстары алдағы (болашақ) кезеңдерінің табыстары болып есептеледі. Есепті кезеңдер арасындағы осындай кезеңдерді шектеу ұйымның шаруашылық қызметін дәлме-дәл анықтау, салық салу және қаржылық есеп беруі тиімді етіп жасау үшін қажет болып табылады. Алдағы кезеңгер табыстарының есебі 3520 «Алдыңғы кезең кірістер» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл 3520 шотында кәсіпорынның жалдық төлемдеріне, коммуналдық қызмет төлемдеріне, автокөліктік, жүк және жолаушыларды тасу бойынша төлемдеріне алды ала төленіп қойған төлемдері есептеледі.

 

 

 

 

 

3. Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары

Бүгінгі таңда бухгалтерия  саласы жақсы дамып келеді. Бухгалтерияда  ағымдағы міндеттемелер есебі үлкен  орын алады. Ағымдағы міндеттемелер  кәсіпорыннның қаржылық, салықтар бойынша, басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша өзге де қысқа мерзімді кредторлық берешектері болып табылады. Оның есебі арқылы кәсіпорынның ұсақ-тиек есептерін ретке келтіріп, әр түрлі  қысқа мерзімді қарыздардың өтелгендігін нақты біліп отырасын. Оны қазіргі  заманның оңтайлы технологиясы бойынша  дұрыс әрі тез есептеуге болады. Оған қаржылық есептің халықаралық  стандарттарының кең қолданысқа ене бастауы мен «Алтын», «Парус», «1С:Кәсіпорын» компьютерлік бухгалтерия  бағдарламасының барлық шаруашылық субъектілер, кәсіпорын, мекеме, мемлекеттік  ұйымдар да орнатып қолдануы дәлел  ретінде бола алады.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы «Қаржылық есептің халықаралық стандарттарына» көшуі, біздің қарастырып отырған бухгатерлік есептегі ағымдағы міндеттемелер есебін бұрынғыға қараған одан әрі жетілдіріле түсті. ҚЕХС-ның артықшылығы:

  • стандарт жобалары көпшіліктің талдауынан өткен;
  • КЕХС бухгалтерлік есепке сәйкестілігін қамтамасыз етеді;
  • ҚЕХС компанияның біріктірілген есеп дайындау бойынша шоттарын азайтады;
  • ҚЕХС әр дайым жетілдіріліп отырады;
  • ҚЕХС-ның дайындауында әр түрлі елдердің бухгалтерлерінің ең үздік білімі мен жинақталған тәжірибелерінің жалпылауы;
  • ҚЕХС кейбір елдердегі есепті реттеу ерекшеліктеріне байланыссыз.

ҚЕХС-ның ағымдағы міндеттемелерге  қатысты бөлімдері:

    1. ҚЕХС (IAS) 17 Жалдау;
    2. ҚЕХС (IAS) 19 Қызметкерлерге берілетін сыйақы;
    3. ҚЕХС (IAS) 23 Қарыз дар бойынша шығындар;
    4. ҚЕХС (IAS) 37 Бағалау міндеттемелері, шартты міндеттемелер және шартты активтер.

        Қазақстанда  «1С:Бухгалтерия» бағдарламасы басқа  компьютерлік бухгалтерия бағдарламасынан көрі  кең ауқымды таралған.  Бүгін оның жаңа нұсқасы «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8» шықты. Оның «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 7.7» көртеген артықшылықтары бар. «Қазақстанға арналған 1С:8.0» - бухгалтерлік және салық бойынша есептерін автоматтандыруға арналған көптеген тағайындалған белгілеуден өткен кең ауқымды бағдарлама. Бағдарламаның негізгі бөлігін түрлі қосымша бизнестерді құруға, жаңартып өзгертуге мүмкіндік беретін «1С:Кәсіпорын 8.0» сан түрлі ыңғайға келетін технологиялық тұғыры алып жатыр. Бағдарламалық өнімнің жинағына «Қазақстанға арналған Бухгалтерия» нұсқасының қолданбалы шешімі кіреді. «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия 8.0» бухгалтерлік және салық есептерін жүргізуге, сонымен қатар көтерме-бөлшек сауда, көрсетілген қызмет, өндіріс сияқты кез-келген коммерциялық жұмыстарды шешетін ұйымдардың міндетті есептерінің формаларын дайындауға арналған. Бухгалтерлік және салық бойынша есептері ҚР-ында жасап тұрған заңдарымен сәйкестендіре жасалған. Есеп нұсқасында (конфигурация) 22.11.2005 жылынан «Қаржылық есеп беруді ҚЕХС-мен сәйкестендіре құрайтын ұйымдар үшін бухгалтерлік есептің шоттарының жұмыстық жоспарын жасау бойынша негізін бекіткені туралы» №426 ХҚ Бұйрығымен бекітілген нұсқаулығына сәйкес жасалған шот жоспары жүзеге асырылған. Әрбір ұйымдардың есебін бөлек информациялық базаларда құрастырса болады. Сонысмен қатар «Қазақстанға арналған 1С:Бухгалтерия» бірнеше ұйымдардың бухгалтерлік және салық бойынша есептерін жалпыға ортақ информациялық базасында құруға мүмкіндік туғызады. Егер осы ұйымдардың шаруашылық қызметі бір-бірімен тығыз байланысты болса: ортақ тауарларды, контрагенттердегі (жұмыс серіктестерінің), жұмысшылардың, қоймалардың тізімдерін қолдануға болады, ал міндетті есептерін бөлек қалыптастыруға болады.

Информация о работе Ағымдағы міндеттемелер есебі