Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 15:23, реферат
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме – өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.
І. Кіріспе
Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағымдағы міндеттемелердің пайдалану жолдары
2. Ағымдағы міндеттемелер есебі
3. Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Салық төлеушінің ҚР-ның салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын міндеттемесі салық міндеттемесі деп танылады, оған орай салық төлеуші салық органында тіркеу есебіне тұруға, салық салу объектілерін және салық салуға байланысты объектілерді айқындауға, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеуге, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге міндетті.
Салық салу объектісі – салық төлеушінің салық міндеттемесі туындайтын қолдағы бар ақшасымен байланысты мүлкі мен іс-әрекеттері.
Салық базасы – салық салу объектісінің құн, физикалық немесе өзгеде сипатамалары. Олардың негізінде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы айқындалады.
Салық ставкасы – салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бірлігі процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленетін салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасы.
Салық кезеңі – салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекеленген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсмініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.
Салықтың міндеттемелерінің есебі шоттар жоспарының 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелер» деп аталатын бөлімінде жүргізіледі. Оған кіретін шоттар:
3110 Корпаративті табыс салығы (20%, ал ауыл шаруаш.-10%)
3120 Жеке табыс салығы ( 10% ЖТС= Еа-ЖЗК-ЕтЕа)*10%)
3130 Қосылған құн салығы (12%)
3140 Акциздер
3150 Әлеуметтік салығы (11% , Әлеуметтік салык= Еа-ЖЗК)*11%)
3160 Жер салығы,
3170 Көлік құралдарына салынатын салық,
3180 Мүлік салығы,
3190 Өзге салықтар.
Корпоративтік табыс салығы.Корпоративтік табыс салығы бойынша бюджетпен есеп айырысу 3110 «Төлеуге тиісті корпоративтік табыс салығы» деген пассивті шотта жүргізіледі. БЕС-тің №11 «Табыс салығы» стандартымен жүргізіледі.
Корпоративті табыс салығының салық салынатын негізгі объектісі салық салынатын табысы болып табылады, оның деңгейі жылдық табыс жиынтығы мен шегерімнің арасындағы айырмасы арқылы анықталады:
Салық салынатын табыс=Жылдық табыс жиынтығы - Шегерімдер.
Жылдық табыс жиынтығына : жөнелтілген өнімдер, атқарылған жұмыстар, көрсетілген қызметтер және басқа да операциялар үшін, салық төлеушінің алынуына жататын ақшалай немесе басқа да қаражаттар, өзара есеп айырысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген, тікелкей, не жанама түрінде шығындарды өтеуге жіберілген қаражаттар кіреді.
Корпоративтік табыс салығын есептеген кезде: Дт 7710 Кт 3110. Бұл салық жылдың соңында бір рет есептеледі.
Жеке табыс салығы. Жеке табыс салығы бойынша есеп айырысу 3120 «Жеке табыс салығы» атты пассивті шотында жүргізіледі. Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы түрінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметтен алатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және басқа табыстары салық салу объектісіне кіреді.
Қосылған құн салығы (ҚҚС). ҚҚС бойынша есеп айырысу шоттар жоспарының 3130 «Қосылған құн салығы» пассивті шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынған салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Қосылған құнға салынатын салық объектілері болып, салық салынатын айналым және салық салынатын импорт болып табылады. Бюджетке төлеуге төлеуге тиіс ҚҚС өткізілген тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін көрсетілген ҚҚС сомасы мен сатып алынған тауарлар, жұмыстар, қызметтер үшін төленуге тиіс ҚҚС сомалары арасындағы айырма ретінде анықталады.
Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына немесе тарифіне қосылатын, сатып алушы төлейтін салық болып табылады. Қазақстан Республикасының аумағында акциздерге жататын тауарларды өндіретін немесе акциздерге тиісті тауарларды импорттайтын немесе Қазақстан Республикасының аумағында (акцизделуге) ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.
Акциз бойынша есеп айырыу 3140 «Акциздер» пассивті шотында жүргізіледі. Өндірілген тауардың бастапқы бағасы, яғни акциз бен ҚҚС қосылмаған таза бағасы салық мөлшерлемесін анықтаудың негізі болып табылады.
Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардың бюджетке төлейтін салықтардың бірі. Әлеуметтік салықты жұмыс беруші кәсіпорын есептейді, ол ақшалай да, заттай да төленуі мүмкін. Әлеуметтік салықтың есебі шоттар жоспары бойынша 3150 шоттың «Әлеуметтік салық» деп аталатын субшотында жүргізіледі.
Әлеуметтік салықтың ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады.
Жер салығы – бюджетке төленетін жер салығының есебі 3100 «Салықтар бойынша міндеттемелердің» 3160 «Жер салығы» шотында қарастырылған. Салық салу мақсатында барлық жер Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес арналым мақсатында және белгілі бір категорияға жатаындығына қарап қарастырылады.
Салық салуға жататын, жердің категориясы |
Салық салуға жатпайтын, жердің категориясы |
Ауыл шаруашылығына арналған жерлер |
Айрықша қорғалатын табиғи аймақтар, сауықтыру, демалатын, тарихи- мәдениетті мақсатқа арналған жерлер |
Елді мекен жерлері |
Орман қорлары |
Өндіріс, транспорт, байланыс, қорғаныс және басқада ауыл шаруашылығына арналмаған жерлері |
Су қорлары |
Жер қорлары |
Заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер,
жекеше нотариустар, адвокаттар декларацияны
салық салу объектілерінің орналасқан
есептік салық кезеңіненкейінгі
жылдың 31 наурызынан кешіктірмей, сондай-ақ
ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын
осы бапта белгіленген
Жер салығын төлеушілер |
Салық салынатын объектісі |
Салық мөлшерлемесі |
Салық кезеңі |
|
Жер учаскесі |
Салық мөлшер-лемесінің база-сы жердің сапа-сына, бонитеті-не, жер төлем-дерінің арналы-мына тәуелді болып келеді |
1 қаңтар - 31 желтоқсан аралығын-дағы кален-дарлық жыл |
Жер салығы есептелгенде: Дт7210 Кт3160.
Жер салығы аударылған кезде: Дт3160 Кт1030.
Көлік құралдарына салынатын салық. Мемлекеттік есепте тұрған меншік және меншікті сенімді басқаруға, шаруашылықты жүргізуге алғандар және жеке тұлғалар салық төлеушілер болып табылады.
Мүлікке салынатын салық. Бюджетке төленетін мүлік бойынша салынатын салықтың есебі 3180 «Мүлік салығы» шотында көрініс табады. Мүлік салығын төлеушілер болып заңды тұлға – резиденттерінің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы), жеке кәсіпкерлердің меншігіндегі салық салынатын объектілері (заңмен белгіленген кейбір категориясынан басқасы) жатады. Ал салық салынатын объектісі болып: негізгі құралдар (үй пәтер қорларын қоса алғанда) және МЕА болып саналатындар жатады.
2.3. Басқа да
міндетті және ерікті
Шоттар жоспарындағы Ағымдағы міндеттемелердің 3200 «Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер» синтетикалық шотына мына шоттар кіреді:
3210 Әлеуметтік сақтандыру бойынша міндеттемелер
3220 Зейнетақы аударымдары бойынша міндеттемелер
3230 Басқа да міндетті
төлемдер бойынша өзге
3240 Басқа да ерікті
төлемдер бойынша өзге
Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысудың есебі. Зейнетақы қорымен есеп айырысулар есебі 3220 «Жинақтаушы зейнетақы қорымен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. БЕС-тің №26 «Зейнетақымен қамтамасыз етуге арналған шығындарды есепке алу» стандартында жүргізіледі. Меншік нысанынан қарамастан барлық кәсіпорындар мен ұйымдар, сондай-ақ жеке кәсіпкерлікпен айналысатын заңды тұлғалар, зейнетақы қорына жарналар аударып тұруға міндетті. Зейнтақы қорына белгіленген мерзімінде жарна төленбеген жағдайларда кәсіпорындар өсім бағасын төлейді, сондай-ақ ұйымның лауазымды тұлғаларына бұндай жағдайда айыппұлдар салынуы мүмкін.
Зейнетақы қорына төленетін жарналар жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелген еңбекақы сомасынан салықтар сомасы есептелініп ұсталғанға дейін олардың табыстарының барлық түрлерінен 10% мөлшерінде ұсталады. Барлық жарна төлеушілер жарналарды ай сайын еңбекақы төлеу мерзімі ішінде аударулары тиіс, бірақ келесі айдың 10-нан кеш қалмауы керек.
Қазақстан Республикасының
1996 жылғы маусым айының үшінде шыққан
нөмірі 4-1 санды «Мемлекеттіе емес ерікті
зейнетақы қорлары туралы»
2.4. Қысқа мерзімді кредиторлық берешек
«Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» бір жылға дейін мерзімнен кредиторлық берешектерді есепке алуға арналған. Ол 3300 «Қысқа мерзімді кредиторлық берешек» синтетикалық шотында есепке алынады. Оған кіретін шоттар:
3310 «Жеткізушілер мен мердігерлерге қысқа мерзімді берешек»
3320 «Еншілес ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
3330 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдарға қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
3340 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелерге қысқа мерзімді кредиторлық берешек»
3350 «Еңбекақы төлеу бойынша қысқа мерзімді берешек»
3360 «Жалдау бойынша қысқа мерзімді берешек»
3370 «Ұзақ мерзімді кредиторлық берешектің ағымдағы бөлігі»
3380 «Төлеуге арналған қысқа мерзімді сыйақылар»
3390 «Өзге қысқа мерзімді кредиторлық берешектер» .
3310 «Жеткізушілермен мердігерлеге қысқа мерзімді берешек». Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақытылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйымды материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісім- шарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.
Осы жоғарыда аталған ұйымды керекті материалдармен және басқа да құндылықтармен жабдықтайтын кәсіпорындармен есеп айырысуының есебі 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта есеп айырысу сомасының деңгейіне және нысандарына қарамастан жабдықтаушылардан алынған материалдар мен қосалқы бөлшектер, қайта өңдеу жөніндегі шығыстарды қоса алғанда, олардың атқарған жұмыстары мен көрсеткен қызметтері үшін есептелінген қарыз сомалардың есебі жүргізіледі. Бұл шоттың кредитінде тиісті материалдық қорлар, шығындар бойыша жабдықтаушылардың акцептелген шот-фактурасына (№4 қосымша) сәйкес есептелген сомалар, ал бұл шоттың дебиті бойынша «Ақша қаражаты» деп аталатын шотының және басқа да шоттардың кредитінен оларға төленген сомалар жазылады. «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» шоты бойынша есеп №6 журнал–ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің әрбір шот-фактурасы бойынша бөлек жүргізіледі. Бұл журнал-ордерде жабдықтаушы-мердігерлердің шот-фактурасының акцептелуі, материалдық-құндылықтардың, жұмыстар мен қызметтердің қабылдануы, олардың құнының төленуі жайлы мәліметтер жазылады.
Фактураланбаған жабдықтар есебі. Кейбір жағдайларда келіп түскен материалдық құндылықтардың құжаттарының (шот-фактуралар) болмауы мүмкін. Мұндай құндылықтарды фактураланбаған жеткізілім деп атайды. Фактураланбаған жеткізілімдер фактураланған, яғни шот–фактуралармен бірге келген жеткізілімдер тәрізді әрбір жабдықтаушылар бойынша жеке көрсетіледі. Фактураланбаған жабдықтарды жазу үшін үлгілі түрлі М-7 «Материалды қабылдау туралы актілер» қолданылады, олар шот–фактуралармен рәсімделмеген материалдар, сондай-ақ қабылдау кезінде артық шыққан тауарлы материалдық құндылықтарға да жазылады. Фактураланбаған жабдықтардың шот-фактуралары келген уақытында оларға бұрын жазылған деректер сторно етіліп нөмірі 6-журнал-ордерге шот-фактурадағы мәліметтер жазылады.