Автор работы: Пользователь скрыл имя, 04 Февраля 2014 в 15:23, реферат
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме – өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.
І. Кіріспе
Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
1. Ағымдағы міндеттемелердің пайдалану жолдары
2. Ағымдағы міндеттемелер есебі
3. Ағымдағы міндеттемелердің есебін жетілдіру жолдары
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АЛМАТЫ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Ағымдағы міндеттемелер есебі
Орындаған: Наурызбаева Назым
Топ: МІ және МБ – 12-12
Тексерген: Маукебаева Р.М.
Алматы 2013
Жоспары
І. Кіріспе
Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік
ІІ. Негізгі бөлім
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ағымдағы міндеттемелер туралы түсінік
Міндеттеме – бұл бір тұлғаның (борышқор) нақты әрекетпен басқа тұлғаның (кредит беруші) пайдасын көздейтін істі орындау борышы немесе міндеті. Борышқордың нақты әрекетіне мыналар жатады: мүлікті беру, жұмысты орындау, ақша төлеу және басқалар, ал кредит беруші борышқорынан өз міндетін орындауын талап етуге құқылы.
Міндеттеме – өткен кезең оқиғасының пайда болған субъектінің берешегі. Бұл берешекті реттеу экономикалық пайдасы мол ресурстар (ақшалай қаражат) ағынына әкеп соғады.
Міндеттеме сомасы болашақтағы барлық ақшалай төлемдедің ағымдағы құны ретінде өлшенеді.
Міндеттемелерді реттеу мынадай тәсілдерімен іс жүзіне асырылады:
Міндеттеме ағымдық және ұзақ мерзімді болып жіктеледі. Біз соның ішіндегі ағымдағы міндеттемелерін қарастырамыз. Ағымдағы міндеттемелер – операциялық кезеңдерде немесе есептелетін күннен 12 айдың ішінде өтелетін қысқа мерзімді міндеттемелер.
Кез келген өндіріспен айналысатын ұйым сол өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттар мен матреиалдар алғаны үшін жабдықтаушылар мен мердігерлерінің алдында міндетті болса, саудамен айналысатын ұйымдар өзінің сататын тауарларын жеткізіп беруші, яғни қызмет көрсетуші ұйымның алдында қарыз болуы мүмкін. Тіпті өндіріс пен де немесе саудамен де айналыспайтын кәсіпорындардың өз қарамағанда жұмыс істейтін жұмысшыларымен қызметекерлеріне олардың істеген еңбегі үшін, сондай-ақ бюджетке түрлі салықтар үшін қарыз немесе оның алдында міндеттемесі болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер, банктен тыс мекемелерден, шет елдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан ұйымдар көптеп кездеседі. Осы айтылған міндеттемелер есебі бухгалтерлік ең негізгі, яғни қай саладағы болмасын кәсіпорындардың көкейтесті мәселелері екендігі сөзсіз. Кәсіпорындардың ағымдағы міндеттемелер есебі шоттар жоспарының үшінші бөлімінде жүргізіледі. Оған кіретін субшоттар:
3000 Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
3100 Салықтар бойынша міндеттемелер
3200 Басқа да міндетті және ерікті төлемдер бойынша міндеттемелер
3300 Қысқа мерзімді кредиторлық берешектер
3400 Қысқа мерзімді бағалау міндеттері
3500 Өзге қысқа мерзімді міндеттемелер
Ағымдағы міндеттемелерді
бағалау және өлшеу кезінде
келесі принциптерді есепке
1) Ағымдағы міндеттемелерді қарызға алынған тауарлар мен қызметтердің әділетті нарықтық құн бойынша тіркейді;
2) Пайыздардың өз мерзімінде
төленуі міндеттемелерді
3) Қысқа мерзімді
Қысқа мерзімді міндеттемелер қысқа мерзімді болып сыныпталған ұйымдардың міндеттемелерін есепке алуға болады.
Қандай да болмасын заңды ұйымдар тек қана өз меншігіндегі қалыптасқан активтер саласымен шектеліп қана қоймай, бұлар сыртқы көздерден: банктерден несие, басқалардан қарыз салалар мен сауда алуға толық құқылы. Сыртқы көздерден алынған қаражаттарды – қарастырылған қаржы көздері деп те атайды. Мұндай келтірілген көздер негізгі үлкен екі топқа: ұзақ және ағымдағы яғни қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлінеді. Бірінші топқа ұйымдар меншігінде бір жылдан артық мерзімде қолданылатын немесе пайдаланатын, ал екінші топта бір жыл ішінде өндірілетін және сатылып алынып, жұмсалынатын немесе бір жыл ішінде ақшаға айналатын міндеттемелер саласы көрсетіледі.
Әр түрлі көздерден алынған қаржылық қаражаттар екі үлкен топтан тұратын: Ұзақ мерзімді және ағымдағы активтерге салынады. Өндірістік процесте бір жылдан, артық уақыт пайдаланатын активтерді ұзақ мерзімді, ал жыл ішінде пайдаланатын және ақшаға айналатын активтерді ағымдағы активтер деп те атайды.
Ең әуелі активтерді ағымдағы ( өтеушілігі жоғары) және ұзақ мерзімді (өтеушілігі төмендеу) болып екіге бөлінеді. Өтеушілігі жоғары активтерге ақшалар, нарықтық құнды қағаздар, депозиттер, алдағы кезең шығындары (мысалы жал төлемі), төленбеген счет- фактуралар, дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс, шикізаттар мен басқа да материалдарды қаражаттар жатады. Есеп тәжірибесінде ұйым ақшалары валютаның ағымдағы құнымен бағаланды, нарықтық құнды қағаздар – бастапқы құнымен немесе сату бағасынан төмен бағамен, депозиттер мен алдағы кезең шығындары – бастапқы құнымен, төленбеген счеттардағы сомалар күмәнді қағаздар резервін шегергеннен кейін қалған құнымен, дайын өнім мен аяқталмаған өндіріс табиғи жағдайдан пайда болған, кем шыққан сомаларды шегергеннен кейін қалған құн бойынша және ағымдағы нарықтық құнының төменгі дәрежесімен бағаланады.
Өтеушілігі төмендеу активтерге
ғимараттар, құрылғылар мен жабдықтар,
аспаптар, орнатылған жабдықтар, тасымалдау
құралдары, тағы басқа ұзақ мерзімді
активтер жатады. Өтеушілігі төмендеу
активтер бұларға есептелетін
Пассивтерге тән жекелеген баптарды бағалауға тоқталайық. Өз қызыметі үшін ұйымдар қаржыландыру көздерін көбейтуді мақсат тұтатыны белгілі. Қаржы көздері негізгі құралдарды алуды, құрылыс салуды, ұзақ мерзімді басқа активтер алу мүмкіндігін, сондай-ақ шикізаттар және материалды құндылықтар басқада ағымдағы активтер алу мүмкіндігін қамтамасыз етуі керек. Біздер қаржы көздері (пассивтер), меншікті капитал ұзақ және қысқа мерзімді міндеттемелерден тұратындығын білеміз. Меншікті капитал деп- осы ұйымға заңды және құқылы тұлғалардың салған ақшасын айтамыз. Меншікті капитал үшін салынған ақша түптің түбінде акция ұстаушыларға дивидент түрінде қайтарылады.
Ал меншікті капитал - ұйымның алған жалпы міндеттемесінің белгілі бір бөлігі болып есептеледі. Ұзақ мерзімге есептелініп алынған міндеттемелер ұзақ мерзімділік болып танылған. Қысқа мерзімді міндеттемелер есеп жүргізу ережесіне сәйкес бір жыл ішінде жабылады. Бухгалтерлік баланста сырттан алынған міндеттемелердің көлемі жеке көрсетіледі.
2.1. Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер
«Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» пассивті шотының синтетикалық есебі 3000 шотының бөлімшесінде жүргізіледі. Оған кіретін шоттар:
3010 Қысқа мерзімді банк қарыздары;
3020 Уәкілетті органның және Ұлттық банктің лицензиясыз банктік операцияларды жүзеге асыратын ұйымдардан алынатын қысқа мерзімді қарыздар;
3030 Қатысушылардың дивидетттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторылық берешек;
3040 Ұзақ мерзімді қаржылық міндеттемелерінің ағымдағы бөлігі;
3050 Өзге қысқа мерзімді қаржы міндеттемелері.
Несиенің объективтік
қажеттілігі алдымен өнеркәсіп
пен сауда капиталының
Несиелерді есепке алу үшін 3000 «Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер» бөлімшесіне енгізілген 3010 «Қысқа мерзімді банктік қарыздар», 3020 «Банктен тыс мекемелердің несиелері» атты пассивті шоттары пайдаланылады.
Банктердің несиелерін есепке алу. Несие дегеніміз бір тұлға басқа тұлғаға құнды натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді. Нарық экономикасы жағдайында коммерциялық және банк несиелері деп бөледі.
Коммерциялық несиені шаруашылық субъектілері сатылған тауарлар, өнімдер, қызметтер үшін ақша төлеу мерзімін созу түрінде бір-біріне береді.
Банк несиесін өндірісті кеңейту үшін және ағымдағы қызметі үшін төлем қаражаттарының көзі ретінде пайдаланылатын ақша қарызы (ссудасы) түрінде несие мекемелері береді. Несиелерді беру мен өтеудің тәртібі тиісті заңдармен белгіленеді және субъект пен банк арасындағы несие шартымен реттеледі.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелерді беру Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен «Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелендіруді ұйымдастыру ережелеріне» сәйкес жүргізіледі.
Несиелер мерзімділік, қайтарымдылық, төлемдік шарттарымен коммерциялық, келісімшарттық негізінде беріледі.
Қысқа мерзімді несиелер кәсіпорынның айналым қаражатын қалыптастыру көздерінің бірі болып табылады. Қысқа мерзімді кредиттеудің көр түрлері бар:
Қысқы мерзімді несиесінің
талдамалы есебі оларды берген банктер
бөлігінде қарыз түрлері
Қолданыстағы банк заңдарына сәйкес ҚР Ұлттық банкі ҚР ақша-несие саясатын жүзеге асырудың бір құралы ретінде қайта қаржыландырудың ресми ставкасын белгілейді.
Банктен тыс мекемелердің берген несиелерін есепке алу. Нарық экономикасы жағдайында шаруашылық субъектісі несиені тек банктен ғана емес, сондай-ақ ел ішіндегі және шетелдегі басқа шаруашылық субъектілерінен ала алады (заңға сәйкес). Қарыз негізінен келісім-шарттың негізінде бір тарап (қарыз беруші) екінші бір тарапқа (қарыз алушыға) өзінің меншігіндегі мүлкін немесе ақшасын береді. Мұндай қарыз берушілермен есеп айырысу жағдайы туралы ақпараттарды жинақтау үшін 3020 «Банктен тыс мекемелердің қысқа мерзімді несиелері», 4020 «Банктен тыс мекемелердің ұзақ мерзімді несиелері» шоты көзделген.
Кредиторлардың талабын қанағаттандыру үшін кепілдік келісім-шартының рәсімделуін реттеуші ретінде Қазақстан Республикасының №254-1 30 маусым 1998 жылы шыққан «Жылжымалы мүлік кепілдігінің тіркеуі туралы» заңы негізгі құжат болып табылады.
Дивидендтер бойынша есеп айырысу есебі. Дивиденттер дегеніміз - акционерлердің иелігінде болатын акциялардың саны (сомасы) мен түрлеріне қарап, жыл сайын олардың акционерлерінің арасында табыс түрінде бөлінетін акционерлік қоғамның табысының бір бөлігі.
Дивиденттер бойынша есеп айырысулар есебі үшін 3030 «Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шоты пайдаланылады.
3030 «Қатысушылардың дивиденттері және кірістері бойынша қысқа мерзімді кредиторлық берешек» шотында жай және артықшылығы бар акциялар бойынша акционерлік қоғамның (АҚ) есеп айырысуы есептелінеді. Жай акциялар бүкіл акционерлік қоғамның шығарған акциясынң бір бөлігін құрайды (75% және одан жоғары). Жай акцияның иелері жалпы жиналысына қатысуға, дивиденд алуға құқығы бар. АҚ жойылған кезде акциялардың иелері, осы акциялары үшін салынған қаражаттарын олардың номиналдық бағасы бойынша қайтарып алуға құқылы, бірақ артықшылығы бар акциялардың иелерін қанағаттандырғаннан кейін ғана болады. Және осы 3030 шоттында артықтышылығы бар акциялар бойынша акционерлік қоғамның есеп айырысуы есептелінеді.
2.2. Салық міндеттемелерінің есебі.
Салық міндеттемесі мемлекет
алдындағы әрбір салық
2008 жылғы 10 желтоқсанында № 100-ІV Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдері туралы» (өзгертулермен және толықтырулармен) Салық Кодексі қабылданды.Осы Салық кодексі бойынша салық төлеушілердің міндеттемесі: