Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 15:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Содержание

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------------3

І.Тарау ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары---------------------------5
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау-------------------------------------------------------------11
1.3 Қаржылық есеп берудің элементтері----------------------------------------------------14
ІІ. Тарау ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу-------------------------18
2.2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу------------------------------------------------------------21
2.3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру--------------------------------24
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызмет-----------------------------------------------27
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------------38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой дайын.docx

— 97.36 Кб (Скачать документ)

 

      Қандай да болмасын үйренушіліктің өзінің шығындары болады: жаңа хабарлар керек, жаңа технология, кадрларды қайта даярлауға қаржы керек болады. Бұлай болмағанда, тездету үшін төлеу керек. Мысалы, жаңа заводты қайта салу керек болады, оны жарты жыл ішінде. Бірақ мұндай құрылыстың құны "алтынмен" тең болып кетеді. Өндірістік инвестициялаудағы үйренушілік шығындары одан да асып кетеді. Жабдықтарды орнаттық делік, технологиясы да дұрысталды. Бірақ нарықтық конъюнктура өзгерді де, енді технологияны қайтадан өзгертіп, оған орай жабдықтарды да қайтадан жаңғырту керектігі туады.

      Қол жұмыстарын машинамен ауыстырғыңыз келді делік. Бұл да белгілі үйренушілік шығындарды керек етеді (тура және жанамалық). Солардың кейбіреулерін ғана атайық: кадрларды қайта даярлау, ескі жабдықтарды сатып, жаңаларын орнату, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істемеген уақыттары үшін төлеу керек (тиісті қысқартулар операцияларды), ескі келісім шарттардың орындалмай қалғандарына айып пұл төлеу.

     Мұнан туындайтын қорытынды : үйренушілік шығындарды жаңадан өндірілген өнімдерді сататын бағаға қосып жіберу. Бұл баға өндіріске қажетті шикізат, материалдар, технологиялар, жабдықтарға кететін бағалардан жоғары болғанда ғана, бұл вариант бойынша капиталды салудың артықтығы айқын көрінеді.

     Сіздің өнімге сұраным көбейген сайын, үйренушілік шығынына да іркілмей бара беретін боласыз!

     Сұраным бағасы ұсыным бағасынан көп болып, ең бастысы көп уақыт осылай тұра берсе, сіздің үйренушілік шығындарына қарамай-ақ, бұл инвестицияларыңыздың тиімділігін тәжірибе толық көрсетіп берді.

 

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

35

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

5. Мультипликаторлық  (көбейткіш) принципі.

    Мультипликаторлық принцип салалардың өзара байланыстылығына сүйенеді. Бұл дегенің, мәселен, автомобильге деген сұраным өзінен өзі келеді де оның технологиялық істеріне керек тауарларға да сұранымды арттырады: металдар, пластмасса, резина және тағы басқалар. Өңдіріс технологиясын білу арқылы өзара қатынастық коэффиценттерді есептеп шығаруға мүмкіндік туғызады. Мысалы, егер биржалық баға белгілеуде машина жасаудың құны көтерілетіні белгілі болса, машина жасаудың технологиялық байланыстылығы бізге белгілі болғандықтан (басқа салалармен), алдын-ала бұл байланыстылықтың мультипликациялық күшті әсерін есептеп шығара аламыз. Мәселен, фирма машина жасауға пластмаса шығарады делік. Сөйтіп, келешектегі кірістің қандай болатынын білесіз.     Мультипликатор арқылы салалар арасында байланыстылықты анық көрсетіп, оны сан жағынан да білдіреді. Күш беруші саланың мультипликатор арқылы нәтижесі әр түрлі және әр түрлі уақытта болады. Егер мысалы, ондай тасыңыз ауыл шаруашылық техникасы болса, онда мультипликатор және технологияны жақсы білуіңіз арқылы толқынның сізге қашан кәсіпорнына келетінін, кірісті көтере немесе азайта ма, бәрін есептеп аласыз. Инвестициялық стратегияда мұны да есептеу қажет болады. Мультипликатордың күш әсерінің азаюы сіздің кәсіпорны саласының басқа саладағы - генераторлық сұраным мен кірісінен біртіндеп алыстай беруіне қарай болады. Кейіннен мультипликатордың күш әсері уақыты жеткен сайын әлсірей бастайды.

   Мұнан кейін күш беретін жаңа сала пайда болады да, инвестиция стратегиясын қайтадан түзеуге тура келеді. Өйткені рынок үнемі қозғалыста болып түрады.

 

 

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

36

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

6.Q - принципі

    "Q" - принципі - бұл қор биржасындағы бағалау мен актив құнын нағыз қалпына келтіру арасындағы өзара тәуелділік. Бұл тәуелділіктің көрсеткіш - қатынасы : Q ═ дің биржалық бағалануы (құндылығы) / бұл активтерді ауыстырудың (сатып алу) күнделікті шығындары.

       Егер бөлшек бірліктен үлкен болса, онда инвестиция жүргізу тиімді болғаны (үлкен болған сайын, одан әрі тиімді болады). Мәселен, үйдің рыноктық (биржалық) құнының, оны салудағы күнделікті құнына қарағанда, артық болуына қарай, үй салуды ынталандырады, өйткені бұл үйді жаңа үймен ауыстыруға кететін шығындардан ол үйдің рыноктік бағасының артық болуы. Сөйтіп, инвестициялау тиімділігі сұраным бағасы мен ұсыным бағасының өзара қатынастарына байланысты болады. Егер тұтастай кәсіпорнын (фирманы) сатып алуға инвестицияны салуға есептегенде:

     Q ═ фирманың барлық биржалық құны / оның материалдық бөліктерін орнына келтіру шығындары.

              

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

37

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

 

                                                         Қорытынды.

     Қорыта келе айтсақ,қаржылық есеп беру дегеніміз кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылық шаруашылық қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жүйесін айтамыз. Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына заңды тұлғаның қаржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер, сондай-ақ мемелекеттік органдар кіреді.

     Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектінің ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашақтағы ағындарын бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық қызметтерді қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.

    Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып табылады.

      Осының барлыған ескере келе кәсіпорындар қай кезде болмасын өздерінің есеп берулерін әділ де шынайы жасауы ол әр кәсіпорынның да Қазақстан деген мемлекетіміздің де экономикалық және қаржылық  беделін көтереді, мемлекетіміздегі тұрақтылықты қалыптастырады деген ойыммен,өз курстық жұмысымдағы материалдарды ескере отырып, қаржылық есеп берудің қағидаларын сақтай отырып болашақта адал экономист немесе бухгалтер ретінде үлкен компанияның қаржылық есеп беруі менің қолымнан немесе өзімнің үлесімді қосу арқылы жасалады деген ойдамын!

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

38

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

                                Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 

    1. Қазақстан Республикасының «Қаржылық және бухгалтерлік есеп беру туралы» заңы 28 ақпан 2007ж.
    2. «Кәсіорындағы Бухгалтерлік есеп» В.В.Радостовец. В.И.Радостовец О.Шмидт.
    3. «Шаруашылық субъектідегі бухгалтерлік есеп» В.Л.Назарова.
    4. «Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп принциптері» Ә. Әбдіманапов.
    5. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Кеулімжаев, Құдайбергенов.
    6. «Шоттар жоспарын бекіту» 23.05.2007ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

39

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

Қосымшалар

              1( қосымша)             

      «ХХХ» кәсіпорнының 31.12.2007 жылғы балансы, мың тг

                                Активтер  

Кезең басына

Кезең

соңына

             Ι. Қысқа мерзімді активтер

   

Ақша қаражаттары мен  оның баламалары

    8441

   7362

Қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар

   

Қысқа мерзімді дебиторлық берешек

35372

76571 

Қорлар

   

Ағымдық салықтық активтер

   

Сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

   

Басқа да қысқа мерзімді активтер

   

Қысқа мерзімді активтердің  жиынтығы:

64323

154713

             ΙΙ . Ұзақ мерзімді активтер

   

Ұзақ мерзімді қаржылық салымдар

   

Ұзақ мерзімді дебиторлық берешек

   

Жылжымайтын мүлікке инвестициялар

   

Негізгі құралдар

65722

61966

Биологиялық активтер

   

Ұзақ мерзімді активтердің  жиынтығы:

65722

61966

Баланс

130045

216679

Пассивтер

   

ΙΙΙ. Қысқа мерзімді міндеттемелер

   

Қысқа мерзімді қаржылық міндеттемелер

6788

20638

Салықтар бойынша міндеттемелер

   

Басқа да міндетті төлемдер бойынша міндеттемелер

   

Қысқа мерзімді кредиторлық  қарыз

21997

92656

Қысқа мерзімді бағалау міндеттемелері

   

Басқа да қысқа мерзімді міндеттемелер

   

Қысқа мерзімді міндеттемелер  жиынтығы:

28785

113294

V. Капитал мен  резервтер

   

Жарғылық капитал

7171

7171

Төленбеген капитал

   

Сатып алынған меншікті үлестік  құралдар

   

Эмиссиялық кіріс

   

Резервтер

5222

9022

Бөлінбеген пайда (жабылмаған зиян)

88867

87192

Азшылықтың үлесі

   

Капитал мен резервтер  жиынтығы:

101260

103385

 Баланс

130045

216679


 

 

2(қосымша)

                               Пайда мен зиян туралы есеп, 2007 жыл , мың тг

                 Көрсеткіштер атауы

жол

коды

есепті кезең

Өнім (жұмыс, қызмет) өткізуден  табыс (6010-6020-6030)

010

186515

Өткізілген өнімнің (жұмыс, қызмет) өзіндік құны (7000)

020

- 107915

Жалпы пайда (010 - 020 жол)

030

78600

Қаржыландырудан табыс (6100)

040

-

Басқа да табыстар (6200)

050

-

Өнімді сатумен байланысты шығындар (7100)

060

- 11969

Әкімшілік шығындар (7200)

070

- 16712

Қаржыландыру шығындары (7300)

080

- 8513

Басқа да шығындар (7400)

090

-

Үлестік қатысу әдісімен анықталған пайда/зиян (7600)

100

-

Кезең ішіндегі жалғастырылатын  қызметтен пайда/зиян (030+040+050-060-070-080-090+-100 жол)

110

41406

Тоқтатылған қызметтен пайда/зиян (6300-7500)

120

- 11403

Салық салғанға дейінгі пайда (110+-120 жол)

130

30003

Корпорациялық табыс салығы бойынша шығындар (7700)

140

9001

Азшылықтың үлесі шегерілгенге дейінгі жиынтық пайда/зиян (130-140 жол)

150

21002

Азшылықтың үлесі

160

-

Кезең ішіндегі қорытынды  пайда/зиян (150-160 жол)

170

21002

Бір акцияға пайда

180

-


 

 

3  қосымша

Информация о работе Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары