Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 26 Декабря 2013 в 15:24, курсовая работа

Краткое описание

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы № 234 Заңында Қазақстан Республикасында бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк жүйесiн реттейдi, бухгалтерлiк есептi жүргiзу мен қаржылық есептiлiктi жасаудың принциптерiн, негiзгi сапалық сипаттамалары мен ережелерiн белгiлейдi. Сонымен қатар еліміздегі бухгалтерлік есепті жүргізу жүйесін анықтайды, қаржылық есеп беру мен оның пайдаланылуын және есепке алудың негізгі принциптері мен жалпы тәртібін, ішкі бақылау және сыртқы аудит жөніндегі талаптарды, сондай-ақ ұйымдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді. Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін барлық кәсіпорын бухгалтерлік есептеу мен қаржылық есеп беруді осы заңға сәйкес жүргізуге міндетті.

Содержание

КІРІСПЕ--------------------------------------------------------------------------------------------3

І.Тарау ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 Қаржылық есеп берудің мәні, мақсаты және қағидалары---------------------------5
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау-------------------------------------------------------------11
1.3 Қаржылық есеп берудің элементтері----------------------------------------------------14
ІІ. Тарау ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЕСЕБІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
2.1 Қаржылық есеп беруді жасау кезіндегі қателерді жөндеу-------------------------18
2.2 Іскер ақпарат көздерін жіктеу------------------------------------------------------------21
2.3 Қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру--------------------------------24
2.4 Инвестициялық және қаржылық қызмет-----------------------------------------------27
ҚОРЫТЫНДЫ---------------------------------------------------------------------------------38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Прикрепленные файлы: 1 файл

курсовой дайын.docx

— 97.36 Кб (Скачать документ)

       Қарастырылған ақпарат көздерін дұрыс пайдалану шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметінің жоспарлану сапасын жедел (оперативті) бақылау мен талдауды жүзеге асыруды алдын ала анықтайтын бизнестің түпкілікті нәтижесіне тікелей әсер етеді.

      Кешендік аудиттің маңызды көзіне статистикалық есеп пен есеп беру жатады. Оның негізінде бизнестің макродеңгейінде де, микродеңгейінде де, оның ішінде халық шаруашылығы, салалық және аумақтық (территориялық) деңгейлерінде болатын жаппай кұбылыстар мен процестер жете зерттеледі. Осыған орай Қазақстан Республикасында барлық меншік түріндегі кәсіпорындар үшін мемлекеттік статистикалық есеп берулердің формалары әзірленді. Жүргізілетін зерттеулер үшін қаржылық-шаруашылық қызметтер туралы есеп берулердің, негізгі және айналымға түсетін қаражаттардың құрамы мен қозғалысының, өнім бағасының, салалардағы және аймақтар бойынша есеп айырысулар жағдайының маңызы зор.

      Соңғы жылдары кәсіпорындардың статистикалық есеп берушілігі едәуір қысқарды және оны кеңейту әрдайым ақтала бермейді. Мұндай жағдайлар өндіріс ресурстары мен қуатын және басқа шаруашылық жүргізуші субъектілердің экономикалық әлеуеті элементтерінің қалыптасуы мен пайдаланылуын терең тексеру қадағалау және талдамалық іріктеулерді жүзеге асыру кең тарап отыр.

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

22

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

       Дегенмен іріктелген мәліметтер ағымдағы бухгалтерлік есеп пен бастапқы құжаттамалардан алынатындықтан, олар есеп сипатындағы шығу көзі ретінде қарастырылса да, олар белгілі бір кестелердегі, графикалық және басқа формалы тәсілдермен алдын ала өнделген, дәл әзірленген ақпаратты білдіреді.       

     Ақпараттарды осылай талдамалы тұргыдан ұсыну қаралатын объектінің кешендік және операциондық аудиттерді жүргізу барысында алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуге көп жағынан пайдалылығымен, жеделдігімен және анықтығымен көмектеседі.

      Есептік ақпарат экономикалық объектінің нақты жағдайын көрсетеді, болып өткен фактілер мен оқиғаларды сипаттайды. Оның көмегімен қызметтің ұйымдастырылу жағдайы мен оны басқару жүйесінің арасындағы кері байланысқа кол жеткізуге болады. Мұндай ақпарат басқарудың басқа міндетті істерін, атап айтқанда, жоспарлауды, ұйымдастыруды, талдауды, бақылау мен реттеуді жүзеге асыруына мүмкіндік туғызады. Есептік ақпараттың толық әрі уақтылы болуы, анықтығы қабылданатын шешімдердің пәрменділігі мен негізділігіне себепші болады.

     Мұның бәрі барлық есеп түрінің, ең алдымен кәсіпорын деңгейіндегі объектінің нақты басқарылу жағдайын бейнелейтін ақпараттармен қамтамасыз етудегі негізгі жабдықтаушы болып табылатын бухгалтерлік есептің әдіснамасы (методологиясы) мен ұйымдастырылуын ұдайы жетілдіріп отыруды талап етеді.        Бухгалтерлік есеп микродеңгейдегі бизнестің ұйымдастырылу процесінің барысын үнемі қадағалауға мүмкіндік береді.

     Кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен шаруашылық қызметтің нәтижелерін толығырақ сипаттайтын барлық негізгі аудиторлық мәліметтерді есептеуге мүмкіндік алу үшін қаржылық есептеме көрсеткіштерін біраз кеңейтудің қажеттілігі пайда болды.

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

23

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

                    

                           2.3 Қаржылық - шаруашылық қызметінің есебін беру .

Қаржы шаруашлық қызметтің  нәтижелері туралы есеп беру Қазақстан  Республикасындағы бухгалтерлік еептің №3 стандартында ашылып көрсетіледі.      Бұл стандарт бағалау әдісі , есеп саясаты өзгерген кезде және елеулі қателіктер анықталғанда және түзетілгенде қаржы – шаруашылық қызметтің нәтижелері туралы есеп беру мен олардың қаржы есептемелеріндегі баптардың сыныптамасын белгілейді .

Қаржылық-шаруашылық қызметі  туралы есеп беру келесі көрсеткіштерден  тұрады:

- өнімді, жұмысты, қызметті  сатудан түскен табыс; ҚҚС,  акциздер және басқа міндетті  төлемдер мен салықтар шегертілген  түрінде көрсетіледі, қайтарылған тауар құнын, бағадан және сатудан жеңілдіктерді қоспағанда;

- өнімнің, жұмыстың, қызметтің  сатылған өзіндік құнына кәсіпорынның  нақты шығындары, яғни жұмысты,  қызметті өндірумен байланысты тікелей шығындар кіреді;

- жалпы табыс өнімді, жұмысты,  қызметті сатқаннан түскен табыстан  өнімнің нақты өзіндік құнын  алып тастағанан соң шығатын  қаржылық нәтижесі;

- кезең шығыстары өнімнің,  жұмыстың, қызметтің өндірістік  өзіндік құнына енбейтін шығыстар: жалпы және әкімшілік шығыс,  пайыздарды төлеу бойынша шығыс;

- негізгі қызметтен түскен  табыс – жалпы табыс пен  кезең шығыстарының айырмасы;

- негізгі емес қызметтен  түскен табыс – кәсіпорнның  негізігі қызметімен байланысты емес операциялардан алынған табысы;

- салық салынғанаға дейінгі  әдеттегі қызметінен алынған  табысы – негізгі және негізгі  емес қызметтерін біріктіргенне  алынған табыс;

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

24

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

- табыс салығы бойынша  шығыс – 11 БЕС салынған, соның  ережесіне сәйкес есептік кезең  үшін анықталған табыс салығы  бойынша шығысы;

- төтенше жағдайынан алынған  табысы;

- таза табыс.

Қаржы – шаруашылық қызметтің 1996 жылғы 31 желтоқсандағы нәтижелері туралы есеп беру.

Стандарт төтенше жағдай деп аталып жүргендерге түсінік  береді . Бұл кәсіпорынның әдеттегі қызметінен ерекшеленетін оқиға немесе операция .

Яғни олар жиі қайталанбайды  немесе тұрақты болып отырмайды.Төтенше  жағдайда кірістің немесе зиянның мәні мен сомасын түсіндірме жазуларды  бөлек ашып көрсету керек .

 Стандарт сондай – ақ тоқтатылған операцияға анықтама береді . Бұны тоқтатылған операциялар бойынша кәсіпорын филиалының сатылуымен немесе таратылуымен түсіндіруге болады .

Түсіндірме  жазуда мыналар ашылуға тиіс : тоқтатылған операцияның мәні, тоқтатылған операцияның сомасы мен географиялық ауданы, операцияның нақты тоқтатылған күні, операцияны тоқтатудың әдісі (сату немесе тарату және олардың себебі ), тоқтатылған операциядан алынған кіріс немесе зиян , өнімдерді сатудан немесе есепті кезеңдегі кәсіпорынның әдеттегі қызметінен алынған кіріс немесе зиян.

Стандарт бақылауды өзгертудің әдістерін және олардың кіріске  немесе зиянға әсерін қарастырады.Есептік бағалаудағы өзгерістердің нәтижесі таза кірісті немесе зиянды анықтаған кезде мыналарға қосылады :

* есепті кезеңге , егер өзгеріс осы кезеңге ғана әсер етсе ;

* өзгеріс болған есепті кезеңге және келесі есепті кезеңге , егер өзгеріс оларға да әсер етсе;

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

25

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

 

     Кірістер мен зиянға әсер ететін есептік бағалаудағы өзгерістердің мәні мен көлемі де түсіндірме жазуларда көрсетілуге тиіс .Сонымен қоса стандартта елеулі қателіктер мен олардың шаруашылық қызметіне әсері қарастырылады.

      Елеулі қателік дегеніміз есепті кезеңде анықталған, маңыздылығы соншалық,тіпті бұрыңғы жылдардың қаржылық есептемелері жарамсыз деп санауға әкеп соқтыратын бұрынғы жылдардың қателіктері .

       Енді потенциалды инвестор үшін үлкен маңызға ие документ – пайда мен шығын туралы есеп беру. Ол кәсіпорынның жыл ішінде кәсіпорынның қандай пайда мен шығындарын көргенін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорынның барометрі деп айтса болады , ол болашақта кәсіпорынмен не болу мүмкін екенін көрсетеді. Бір жылдың көрсеткіштері кәсіпорынның қызметінің нақты жағдайын көрсете алмайды. Ол үшін бірнеше жылдың көрсеткіштерін қарастыру керек. Әдетте пайда мен шығын туралы есеп беруде екі жылдың көрсеткіштері беріледі, ал он жылда жиынтық қаржылық есеп беру дайындалады.

      Пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің нәтижесі бойынша қаржылық резюмесін қарастырады. Тек нақты жылды қарастыратын балансқа қарағанда пайда мен шығын туралы есеп беру кәсіпорын қызметінің белгілі бір уақыт аралығындағы нәтижесін көрсетеді. Пайда мен шығын туралы есеп беру компания активтерін қаншалықты тиімді орналастырғанын көрсетеді, басқа сөзбен айтқанда пайда мен шығын мөлшері басқарушылардың тиімділігі.

        Пайда мен шығын туралы есеп беру мен баланстық есеп беруді салыстырсақ мынадай айырмашылықтарды атап өтуге болады:

  • Баланстық есеп беру;
  • Пайда мен шығын туралы есеп беру.

 

 

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

26

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

                                2.4 Инвестициялық және қаржылық  қызмет

      Есеп беру 4 БЕС талаптары бойынша жасалады. Есепте негізгі (операциондық), инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметін жүзеге асыру нәтижесінде алынған ақшалай қаражат ағыны туралы барлық деректері, қаржы қызметінде пайдаланатын таза ақшалай қаражаты, ақшалай қаражаттың және олардың эквиваленттерінің таза көбеюі, жылдың басындағы және аяғындағы ақшалай қаражат пен оның эквиваленттері көрсетіледі.

     4 БЕС стандартына сай субъекттер жасаған «Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп беру» заңды тұлғаның қаржылық жағдайындағы өзгерісті бағалауға мүмкіндік береді, бұл оларды есептік кезең ішіндегі операциондық, инвестициялық және қаржы жөніндегі қызметі тұрғыдан алғанда қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы туралы хабарламамен қамтамасыз етеді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп субъекттің есепті жылдың ішіндегі қаржылық есебінің құрамында беріледі.

      Инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттырының қозғалысын ашып көрсеткен кезде тура әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашып көрсетіледі, не жанама әдіс пайдаланылуы мүмкін, бұл әдіс жағдайында ақшалай түсім қаражаттары мен төлемдерінің негізгі түрлері ашылып көрсетіледі.

     Операциондық қызмететегі ақша қозғалысын анықтау үшін тікелей және жанама әдістер пайдаланылады.

      Тікелей әдісте ақша қозғалыстарының негізгі түрлері ашылады. Мысалға, өнімді сатудан түскен түсімнен сатып алынған материалдардың барлық төлем түрлерін, несие үшін пайыздық төлемдерін, бюджетке тиесілі төлемдерін шегереді.

 

Орындаған

Балғазина Н.Б.

   

 

ҚЖ 0518000

Бет

Тексерген

Нұрғалиев Ө.М.

   

27

 

Аты-жөні

Қолы

Күні


 

      Операциондық қызмет тікелей әдісті пайдаланған кезде ақша қаражаттарының түсуі мен шығуының нәтижесі; өнімді, жұмысты, қызметті сатқаннан түскен түсімнен, алынған аванстан, дивиденттерден, пайыздан, роялтиден, шығыстарынан тұрады.

     Жанама әдістер – бұл әдісте таза табыс немесе зиян өзгерген ағымдағы активтер мен міндеттемелеріне, ақшасыз операцияларына, өткен жылдармен салыстыра отырып, қаржылық және инвестициялық қызметтердің нәтижесі болып табылатын табыстар мен шығыстарға түзету жасалады. Бұл әдісте баланс мәліметтері мен қаржылық-шаруашылық қызметінің нәтижесі туралы есеп беру мәліметтерін негізге алады.

Таза табысты түзететін  операциялар

Түзетуді жүргізудің тәртібі

Материалдық емес активтер мен негізгі құралдар бойынша есептелген амортизациясы

Есептелген амортизация  сомасы таза табыс сомасына қосылады, өйткені ол ақша қаражаттарының шығысын  әкелмейді.

Ағымдағы активтердің  сомасының өзгерістері: дебиторлық қарыздар, қорлар, болашақ кезеңнің шығыстары, басқа да ағымдағы активтер

Егер ағымдағы активтер өсетін болса, онда ағымдағы ақша қаражаттары  азаяды, ал егерде керісінше болса, онда ақша қаражаттары өседі, онда олардан  түскен табысы да көрсетіледі.

Ағымдағы міндеттемелердің сомасының өзгерістері, кредиторлық қарыздар, салық төлемдері, басқа да ағымдағы міндеттемелер

Ағымдағы міндеттемелердің сомасы өссе, ақша ағынының сомасы да өседі, егер міндеттемелер азайса, онда ақша қаражаттары да азаяды.

Информация о работе Қаржылық есепті ұйымдастырудың мақсаттары мен қағидалары