Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rfgbnfk.docx

— 282.16 Кб (Скачать документ)
  1. Қалдықтардың кейінгі өсімі және (t + 7) мерзімінде Д нүктесіне жету болжамданады. Осы жағдайда t уақытында (Qв–Q*) өлшемінде бағалы қағаздарды сатып алу ұсынылады.

2.(Qв–Q*) өлшемінде С нүктесінен аспайтын деңгейге дейін қалдықтарды төмендету қажет. Мұнда қалдықтарды басқару бойынша шаралар қолданылмайды. t уақытында бағалы қағаздар сатып алынбайды.

3. (t + 7) мерзімінде В нүктесіне  дейін ақша қалдықтарын төмендетуді  болжамдау көзделеді. Мұнда бағалы  қағаздарды Q* өлшемінде В нүктесінде сатып алуды ұсынады. Q өлшемінің мәндерін Миллер-Орр моделі бойынша анықтау қажет.

Сурет 3.  Стоун моделі

Монте-Карло моделі. Бұл модельді 1980 жылы Лернер ұсынған. Бұл модель иммитациялық модельдеу әдісіне негізделеді. Мұнда ақшалай қаражаттардың қалдықтарының оптималды өлшемін бағалау үшін қолданылуы мүмкін. Ақшалай қаражаттар қалдығы екі көрсеткіштің функциясы ретінде қарастырылады: өткізу көлемі мен ақшалай қаражаттар түсімі. Ақшалай қаражаттардың қалдығын модельдеу кезінде Лернер келесі реттілікті анықтаған:

1. Ай сайынғы өнімді  өткізу көлемдері және өнімді  өткізуден түскен табыс болжамданады.

2. Әр бір ай сайынғы  өнімді өткізуден түскен табыс  көлемі кездейсоқ өлшем ретінде  алынады. Өйткені өткізу көлемі  математикалық кездейсоқ өлшемге  тәуелді.

3. Кез келген айға бірдей  болатын вариациялау коэффициенті  енгізіледі. Мұнда оның шамасы  жуықтап 0,1 алынады.

4. Өткізу көлемдерінің  стандарттық ауытқулары есептелінеді.

5. Келесі айдағы ақшалай  қаражаттардың түсімі алдыңғы  айдағы өткізу көлемдернің ақшалай  түрдегі 60% алынады.

6. Мүмкін өткізу көлемдерінің  ай сайынғы ақшалай түсімдері  тұрақты шығындармен салыстырылады.

7. Ай сайынғы ақшалай  қаражатқа қажеттілік анықталады. Әрбір ай сайынғы ақшалай қаражаттардың  қалдығы Qв мәнінің 90%-нан аспайды және төменгі шек Qн өлшемінің 10%-на дейін төмен болмайды/17, 89-93б./.

Қаржы ресурстарын қолданудың тиімділігін жоғарылатудың маңызды құралдарының тағы біреуі кәсіпорынның негізгі өндірістік қорларын және материалды емес активтерді басқару болып табылады. Оларды басқаруда негізгі сұрақ амортизацияны есептеу әдісін таңдау болып табылады.

Амортизацияны есептеудің үш әдісі бар: біркелкі жазу, жасалған жұмыс мөлшеріне және жеделдетілген амортизация9

                                                 

Қорытынды

 

Сонымен, қорыта келгенде, айналым активтері кәсіпорынның мүлкінің бір бөлігі ретінде қаралады. Айналым активтерін - кәсіпорын әрекетінің басты жағдайы болып есептеленеді. Нарықтық қатынастың дамуы кәсіпорындарға жаңа жағдайларды талап етуде. Жоғарғы инфляция, төлем қабілетінің нашарлауы және басқадай дағдарыстық құбылыстар кәсіпорындардың айналым активтерге деген саясатын өзгертуге ықпал етті, оны толықтырудың жаңа көздерін іздестіру қазіргі кезде проблемаларын қарастыруда.

Кәсіпорынның   айналым   активтерін   ұйымдастыру   кәсіпорынның   жалпы тиімділігін арттыру проблемасының негізі болып есептелінеді.

Айналым қаражатын қаржыландыру көздері меншікті қарыз жэне тартылған түріне бөлінеді. Кәсіпорынның меншікті қаражаты басты роль атқарады,өйткені коммерциялық есептен жұмыс істейтін кәсіпорындардың белгілі мөлшерде рентабельді жұмыс істеуі үшін меншік мүлікті бөлу керек. Айналым қаражаты кәсіпорынды  ұйымдастырған кезде қалыптастырылады. Бұл жағдайда қалыптасу көзі кәсіпорынның құрылтайшылардың инвестициялық қаражаты есебіне жинақталады. Жұмыс істеу процесінде айналым қаражатының қалыптасу көзінің бір алынған пайда.

Айналым қаражатын қалыптастырудың тағы да бір көзі-қарыз қаражатын алу(қысқа мерзімді-банктен несие алу арқылы кәсіпорын уақытша қосымша айналым қаражатын қанағаттандырады). Айналым құралдарын қайта өндіру процесіне орналастыру оларды өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларына жіктейді. Өндірістік айналым қорлары өндіріс процесіңде жұмыс жасаса, ал айналым қорлары — айналым процесінде, яғни дайын өнімді өткізуде және тауарлы-материалдық құндылықгарды сатып алуда. Бұл қорлардың тиімді тепе-тендігі кұн жасауда қатысатын өндірістік айналым қорларының неғұрлым көп бөлігіне байланысты. Айналым қорларына кәсіпорынның қоймасындағы дайынөнім, кассадағы және банктегі есеп шоттағы, сондай-ақ тиелген аяқталмаған есепайырысудағы ақша қаражаты жатады

Кәсіпорынның айналым құралдары дегеніміз өндіріс пен сатылудың үздіксіздігі мен жоспарлы процесін қамтамасыз етуге бағытталған және өндірістік айналым қорлары мен айналым қорларындағы қаржы ресурстары.

Айналым құралдары бар кәсіпорын жеткізушілермен олардан алған заттар және еңбек құралдары үшін, жұмысшылар мен қызметкерлердің жалақысын, несие пайдаланғаны үшін банкпен, өндірістік қорлар төлемдері мен басқа төлемдер бойынша бюджетпен есеп айырыса алады. Айналым құралдарының болуы кәсіпорынның өндірістік және қаржы қызметінің қалыпты жағдайын жасауда маңызы зор. Сондықган айналым құралдарын тиімді ұйымдастыру кәсіпорынның барлық экономикалық жұмысында алдыңғы қатарлы мәнге ие. Осыған орай кәсіпорынның айналым капиталын түзу мен оны тиімді пайдалану қазіргі заманда өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Нарықтық экономика жағдайларындағы кәсіпорындардың ағымдағы активтерін қысқа мерзімді қаржыландырудың негізгі мәселелерін зерттеу нәтижесінде шаруашылық субъектілері үшін қаржы ресурстарын қалыптастырудың алуан түрлеріне көңіл бөлдік. Алайда, осылардың ішіндегі ағымдағы активтердің қаржыландыру тұрғысынан қарастырғанда Қазақстан жағдайларында кәсіпорындар үшін ең қолайлысы шағын несиелер, вексельдік және факторингтік операциялар болып отыр.

Қазіргі таңда қарастырылатын өзекті мәселе, кәсіпорындардың қысқа мерзімді өндірістік мұқтаждықтар үшін қаржы ресурстарын қалыптастыру-қаржыландыру көздерінің оңтайлы құрылымын қалыптастыру бойынша тиімді шешімдер қабылдауға және оларды жүзеге асыруға тікелей байланысты болып табылады.

Осылайша айналым активтеріне салынған қаржы ресурстарының қомақты көлемі, түрлерінің алуандығы айналым капиталы жеделдетуде және тұрақты төлем қабілетін қамтамасыз етуде үлкен рөл атқарады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

 

1.Әмірқанов Р.Ә., ТұрғұловаА.Қ. «Қаржы менеджменті» Алматы, 2002,135б.

2.  Брейли Р, С. Майерс «Принципы  корпоративтных финансов: Пер. с англ. – М: ЗАО «Олимп-Бизнес», 2003.

3.Бланк  И.А. «Основы финансового  менеджмента»том1,Киев,2000, 328б.

4.Балабанов И.Т. «Анализ ипланирование финансовхозяйствующего    субъекта»,учебное пособие -Москва: Финансы и статистика, 1994 – 478б.

5.Ефимова О.В «Как анализировать финансовое положение предприятия».Практическое пособие. — «Бизнес-школа», Интел-Синтез, 1994.

6. ДюсембаевК.Ш.Кәсіпорынның  қаржылық жағдайын талдау  Алматы, Экономика, 1998, 312б.

7.Лисициан Н.«Оборотные средства, процесс обращения стоимости

капитала, неплатежи» // Вопросы экономики,  1997, №9, 44 – 54б.13.А.Р. 

8.Кулекеев Ж.  Султанбекова Г.«Причины и пути решения проблемынеплатежей в Казахстане»// АльПари, 1998, №2,  9 – 14б.

9.КарликА.Е., ГорбаткоЕ.А., ЖанабиловМ.С. «Управление экономикой предприятия», Санкт-Петербург-Алматы, 1999г.

10. Кеулімжаев  Қ.К.Әжібаева  З.НҚұдайбергено.,   Н.А.« Қаржылық  есеп » оқу құралы – Алматы, Экономика, 2001

11. ҚұлпыбаевҚ.С.,   Ильясов  Қ.Қ       «Қаржы»   Алматы: 1-2-ші  басылым,  қайта  өнделген және қосымша, 2005, 472 б.

12.Кадерова Н.Н. Корпоративтік  қаржы, «Экономика» баспасы, Алматы-2008 г. 86-105 беттер

13.Радионов, Р.А. Радионов  «Управлениепроизводственнымизапасами»// Менеджмент в России и за рубежом, 1999, №1, 11 – 19б

14.Мейірбеков А.Қ,Әлімбетов  Қ.Ә. «Кәсіпорын экономикасы» Алматы,2003,76б.

15. ОкаевК.О., Смагулова Н.Т. «Предпринимательство в Республике Казахстан», баспа «Экономикс», Алматы, 2009г.

16.Статистический ежегодник Казахстана/ под ред.А.А. Смаилова –Алматы:Агентство Республики Казахстан по статистике, 466 б.

17.Послание Президента страны народу  Казахстана» – Алматы, Бiлiм, 1997г.,138б. «Казахстан 2030. Процветание,безопасность и улучшение благосостояния всех казахстанцев.

 

 

 

 

1Корпоративтік Қаржы ;Оқу құралы.-Алматы:ЭКОНОМИКА ,2008-376. Кадерова Н.Н

2 Корпоративтік Қаржы ;Оқу құралы.-Алматы:ЭКОНОМИКА ,2008-376. Кадерова Н.Н

 

3 И.А Бланк «Қаржылық менеджмент негіздері» Киев,2000,стр.301

 

4 Корпоративтік Қаржы ;Оқу құралы.-Алматы:ЭКОНОМИКА ,2008-376. Кадерова Н.Н

 

5Корпоративтік Қаржы ;Оқу құралы.-Алматы:ЭКОНОМИКА ,2008-376. Кадерова Н.Н

6 Бланк И.А. «Управление активами», 716 б.

7 Корпоративтік Қаржы ;Оқу құралы.-Алматы:ЭКОНОМИКА ,2008-376. Кадерова Н.Н

8Нурсеитов А.А. «Қаржылық  менеджмент»  Алматы. 1996г. 160 б.

9 Нурсеитов А.А. «Қаржылық  менеджмент»  Алматы. 1996г. 160 б.


Информация о работе Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері