Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rfgbnfk.docx

— 282.16 Кб (Скачать документ)

   Сөйтіпайналым қаражаты  айналымының жылдамдығы кәсіпорын  жмысында аса маңызды сапа  көрсеткіштерінің қатарына жатқызылады.

   Айналым қаражаты  нормативін есептеуден талдамалы  тура шот әдісі коэффициенттік  әдіс деген үш әдісі қолданылады.

   Талдамалы немесе нормалаудың тәжірибелік-статистикалық әдісі өндірісті жабдықтау мен өткізуді ұйымдастырудың қалыптасқан практикасында қолданылады.Осы әдіс қолданылғанда қолда бар тауарлық-материялдық құндылықты талдаған кезде оның нақты запасы нақтыланады және артық, қажет емес құндылық алынып тасталады.

     Тура шот әдісінде кәсіпорын техника мен технологияның дамуындағы,өндірісті ұйымдатырудағы,тауарлық-материялдардық құндылықты тасымалдау мен есеп айрысу саласындағы барлық өзгерісті қолдана отырып ұйымдастыру техникалық деңгейге қол жеткізген жағдайда, айналым қаражатының әрбір элементінің запасының ғылыми  негізделген есебі қарастырылады.

     Коэффиценттік әдісте өткен кезеңнің жиынтық нормативіне өндіріс көлемінің жоспарлы өзгеруіне және қаражаттың айналымдылығын жеделдетуге түзету енгізілді.Егер норматив кезең кезеңімен тура шот арқылы нақтыланатын болса,онда айналым қаражатының жекелеген элементтері бойынша сараланған коэфицент қолдануға жол беріледі .

    Тура шот әдісі айналым қаражатының әрбір элементін жеке нормалайтын негізгі әдіс болып табылады.Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте қосалқы әдіс ретінде пйдаланылады.Меншікті айналым қаражатының жалпы нормативі өндіріс және өнім сату жоспарын орындау үшін шикізаттың,материалдың,отынның,арзан және тозғыш заттардың,аяқталмаған өндірістің,даяр бұйымның және алдағы кезеңнің шығысына қажетті запастар құру сонда-ақ межеленген мерзімде есеп айрысу мақсатында оның ең аз қажеттілік мөлшерінде белгіленеді.

 Айналым қаражатын нормалау деген:

Норматив — бұл кәсіпорынның қалыпты жұмыс істеуі үшін үнемі қажетті айналым  құралдарының минималды жоспарлы мөлшері. Айналым құралдарының нормативінің(Н) ақшалай көрінісі былайша есептеледі:

                          

                                   Н = Р*Д,

 

Мұндағы: Р — өндіріс шығындарының сметасы бойынша айналым активтерініңэлементтерінің бір күнгі шығыны;

                Д — айналым құралдарының нормасы, запас күнімен.

1)тауарлық-материалдық құндылықтың  жекелеген түрі бойынша барлық  айналым қаражаты запасының,әдетте, күнмен есептелген нормасын әзірлеу  және белгілеу:

2)Жалпы меншікті айналым  қаражатының және оның әрбір  элементінің ақшаға шағылған  нормативін әзірлеу.Айналым қаражаты  запасының нормасы бірқатар жыл  бойы жылдық қаржылық жоспар  жасағанда материалдық құндылықтың  жекелеген түрі бойынша нақтыланады.

  Әрбір кәсіпорынның  меншікті айналым қаражатының  нормативі мына негізгі көрсеткішпен  анықталады:

  1) өндіріс және өнім  сату көлемімен;

  2) өндіріске,өнім  сақтауға және сатуға жұмсалған шығынмен ;

  3) тауарлық-материялдық құндылықтың жекелеген түрі бойынша айналым       қаражаты запасының және кунде белгіленген шығынның нормасымен.

   Айналым  құрал-жабдығының шикізат,негізгі материал мен сатып алынатын жартылай фабрикат,аяқталмаған өндіріс,даяр өнім сияқты үш ең маңызды элементтің нормалаудың негізгі қағидаларын қарастырайық.

    Материалды нормалау: Материалға арналған меншікті айналым қаражатының нормативі біркүндік шығын құнының және айналым қаражатының күнмен есептелетін нормасының көбейтіндісі ретінде анықталады. Материалға арналған айналым қаражатының күнде есептелген орташа нормасы жалпы материалдың жекелеген түрі бойынша айналым қаражаты запасының нормасынан орташа өлшенген ретінде есептеледі.

   Айналым қаражатының  күнмен есептелетін нормасына:

  1. материал шот төлеуден бастап келгенге дейін жолда болуы;
  2. қабылдау,түсіру,сұрыптау,қоймаға орналастыру және зертханада  талдау;
  3. өндіріске дайындау ;
  4. ағымдағы қойма запасы түрінде болуы;
  5. кепілді запас түрінде болатын уақыт кіреді;

Уакыт осы кәсіпорынның нақты жағдайы ескеріліп салалық нұсқаулықтарға сәйкес есептеледі.

  Аяқталмаған өндірісті  нормалау-аяқталмаған өндірістің  меншікті айналым қаражатының  нормативін есептеу үшін тауарлық  өнім  өндірісінің айналым қаражатының  нормасын анықтау қажет.Айналым  қаражатының нормасы өндірістік  кезеңінің ұзақтығы мен шығынның  үдеу коэффициенті негізге алынып  анықталады.

Өндірістік кезеңнің ұзақтығына:

    1. тікелей өңдеу процесі
    2. өңделетін бұйым жұмыс орнында жатуы
    3. жабдықтың және жұмыс серпінінің әр түрлі болуына байланысты болу
    4. бұйымның жаппай өндірісте кідіріс жағдайына запас түрінде болу уақыты кіреді.

          Аяқталмаған өндіріс бойынша айналым қаражатының нормасын анықтау үшін өндірістік кезеңнің ұзақтығы жөніндегі деректер басқа бұйымның даярлық дәрежесін білу қажет.Оны шығынды үдеу коэффициенті білдіреді.Өңдеу шығыны біркелкі жұмсалатын кәсіпорында шығынның үдеу коэффициенті мына формуламен анықталады:

                                   

                                        

Мұнда:Кn-шығынның үдеу коэффициенті;

            α –өндіріс процесі басталған кездегі біруақыттағы шығын;

            β –бұйым шығару аяқталғанға дейін шегілетін шығын;

Даяр өнім нормативі.Даяр өнімнің айналым қаражатының нормасы тауарлық өнімнің өндірістік өзіндік құны бойынша бір күндік айналымының және айналым қаражаты нормсының көбейтіндісі ретінде анықталады.Айналым қаражатының нормасы бұцымының жекелеген  түрі мен маркісін таңдауғасондай-ақ тиелген өнімнің топтамасын жинақтауға,бұйымды орап салуға және жеткізуші кәсіпорынның  қоймасынан жіберілетін станцияға тасымалдауға қажетті уақытқа орай белгіленеді.

 Айналым құралдары нормативтерін есептеудің үш әдісіс неғұрлым кең таралған:аналитикалық, тура есептеу әдісі, коэффициенттік әдіс.

 Нормалаудың аналитикалық немесе тәжірибе-статистикалық  әдісі   өндірістіұйымдастыру, жабдықтау және сатып-өткізудің қалыптасқан практикасын көрсетеді. Бұл әдістің маңыздылығы қолда бар тауарлы-материалды құндылықтарды талдаған кезде олардың нақты запастары реттеледі және артық немесе қажетсіз құндылықтар шығарылып тасталады. Тура есептеу әдісі бойынша айналым құралдарының кәсіпорынның қол жеткізгенұйымдастыру-техникалық деңгейін ескеру арқылы әр төлемешінің запастарынғылыми негізге сүйене отырып есептейді. Мұнда техника мен технологияныңдамуынан болған, өндірісті ұйымдастырудағы, тауарлы-материалдық құндылықтардытасымалдауда, есептеу саласында болып жатқан барлық өзгерістер назардан тысқалмай қарастырылады. Коэффициенттік есептеу кезінде алдыңғы кезендегі еркін нормативке өндіріс көлеміндегі  және  қаржылардың  айналымдылығын  жылдамдатудағы  жоспарлы өзгерістердің түзетулері енгізіледі. Егер нормативтер тура есептеу әдісімен әр кезеңде нақтыланып отыратын болса, онда айналым құралдарының жеке элементтерібойынша дифференциалдық коэффициенттерді қолдануға болады.

  Нормалаудың негізгі тәсіліне айналым құралдарының әр элементі бойынша жеке тура есеп әдісі жатады. Нормалаудың басқа әдістері өнеркәсіпте косымша әдіс ретінде қолданылады.7

              

 2.3. Айналым капиталын пайдаланудың тиімділігін бағалау

 

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы активтерге салынған қаржының қаншалықты тез шынайы ақшаға айналатындығымен тығыз байланыста. Құралдардың айналым жылдамдығымен байланысты:

  • авансталған (іске қосылған) капитал мен онымен байланысты ақша қаражаттарының(банк несиесін пайдаланғаны үшін пайыз, акциялар бойынша дивиденттер және т.б.)ең аз қажетті көлемі;

  • қосымша қаржыландыру көздеріне деген қажеттілік;

-тауарлы-материалды құндылықтарға  ие болу мен оны сақтауға  байланыстышығындар сомасы;

-төленетін салықгар көлемі және т.б.

Кәсіпорын активтерінің жекелеген түрлерінің әртүрлі айналым жылдамдықтары бар. Қаржылардың айналымда болу ұзақтығы бірқатар әрбағытты ішкі және сыртқы факторлардың жиынтық әсерімен анықталады. Біріншілер қатарына кәсіпорынның қызмет сферасын (өндірістік, қамдау-өткізу, делдалдық және т.б.), салалық бағытын (станок құрылысы зауыты мен кондитер фабрикасындағы айналым құралдарының айналымдылығы күмәнсіз әртүрлі), кәсіпорындардың көлемі, масштабы (шағын кәсіпорындарда құралдардың айналымдылығы ірі кәсіпорындарға қарағанда анағұрлым жоғары — бұл да шағын бизнестің бір артықшылығы) және басқа бірқатар факторлар.

 Активтердің айналымдылығына елдегі экономикалық жағдай мен оған байланысты кәсіпорынның шаруашылық шарттары да бірталай әсер етеді. Мәселен, инфляция процестері, көптеген кәсіпорындардың жеткізушілермен және сатып алушылармен жолға қойылған шаруашылық байланыстарының болмауы қолдалануға мәжбүрлейді, ол өз кезегінде құралдардың айналым процесін тежейді. Бірақ атап айтуымыз керек, қаржының айналымда болған кезеңі кәсіпорын қызметінің ішкі жағдайларымен біршама деңгейде анықталады. Бірінші кезекте оның активтерін басқару стратегиясының тиімділігімен (болмаса оның жоқтығымен). Шынында қолданылып отырған баға саясатына, активтер құрылымына, тауарлы-материалдық запастарды бағалау әдістемесіне қарай кәсіпорын өз қаржысының айналу ұзақтығына әсер етудің үлкен немесе кіші еркіндігіне ие болады.

Ағымдағы активтердің айналымдылық коэффициентінің мөлшеріне активтерді басқарудың қабылданған стратегиясы тікелей әсер ететіндігін естен шығармаған жөн. Осылайша кәсіпорын өз активтерінің айналымдылық коэффициентінің көлемін реттеуге белгілі бір мүмкіндік алады8.

Айналым құралдарының мынандай айналымдылық көрсеткіштері болады:

  • айналымдылық коэффициенті (айналым жылдамдығы)
  • ұзақтығы (айналым уақыты)
  • айналым құралдарын салу коэффициенті.

Бір айналымның ұзақтығы аз болған сайын айналым құралдары соғұрлым көп айналым жасайды.

Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдатқанда оларға деген қажеттілік азаяды да, өнім шығару үшін резерв ұлғаяды. Айналым кұралдарының айналымдылығын жылдамдату үшін олардың өндіріс сферасында және айналым сферасында болу уақытын азайту қажет. Бұл үшін бұйымды өндеу уақыты мен жинақтау уақытын механизациялау мен автоматтандыру арқылы қысқарту қажет; жаңа техниканы пайдалануды жақсарту; өнімді өңдеу кезінде оны бақылау мен тасымалдауды жылдамдату; материалдар, отын, ыдыс, аяқталмаған өндіріс запастарын тағайындалған нормативтерге дейін қысқарту; өндірістің барлық бөлімшелері мен цехтарындағы жұмысты жеделдетуді, материалдарды кәсіпорынға және жұмыс орындарына уақытында жеткізуді қамтамасыз ету; дайын өнімді тиеп жіберуді жылдамдату; жеткізушілермен есеп айырысуды өз уақытында және жылдам іске асыру; өнімнің сапасын арттыру, тұтынушыларға жеткен дайын өнімнің қайтып келуін болдырмау және т.б.

Бір айналымның ұзақтығы өндірістік запастарды, өндіріс циклының ұзақтығын және дайын өнімді жеткізу уақытын қысқарту есебінен азайтылуы мүмкін. Өндірістік запастардың нормасын олардың шығындарын жетілдіру, тапшы шикізатты неғұрлым арзанмен алмастыру,өндіріс қалдықтарын пайдалану, қолданылатын материалдың сапасын арттыру, материалдарды жеткізу уақытының жылдамдығын арттыру, тиеу-түсіру жұмыстарының уақытын азайту, көп рет пайдаланылатын ыдыстарды қолдану және т.б. арқылы төмендетуге болады. Ұйымдастырушылық-техникалық іс-шаралар материалдық құндылықтардың ортатәуліктік шығындарын азайтуға және жеткізулер арасындағы интервалды, яғни айналым құралдарына деген сұранысты қысқартуға септігін тигізеді.

Өндіріс циклының ұзақтығын қысқарту аяқталмаған өндірісте құралдардың айналымын жылдамдату үшін маңызды рөл атқарады және өңдіріс процестеріннің қарқындатылу деңгейімен, дайындалған өнімнің номенклатурасын азайтумен, қайта енгізілген өндірістік күштердің игерілу мерзімімен, шығарылатын өнімнің еңбек сиымдылығын төмендетумен, негізгі капиталды пайдалануды жақсартумен, өндірісті ұйымдастыруды жетілдірумен және т.б. қамтамасыз етіле алады. Айналым құралдарының өндірісте болу мерзіміне: тікелей қызмет ететін (өндейтін) процесте болатын өндірістік айналым кұралдарының уақыты; жұмыс күшін қажет етпейтін өндіріс процесіндегі үзіліс уақыты; өндірістің айналым құралдары запас күйінде тұратын уақыт.

Айналым құралдарының айналым сферасында болу уақыты кәсіпорынның кассадағы, банк шоттарындағы және шаруашылық субъектілерімен есеп айырысудағы ақша қаражаттарының өтпеген өнімнің қалдығы түрінде болу уақытын қамтиды. Айналым құралдарының жалпы айналым уақыты (бір айналымның ұзақтығы немесе айналым жылдамдығы) олардың өндіріс сферасы мен айналым сферасында болған уақытынан құралады. Ол айналым құралдарын пайдаланудың тиімділігіне және кәсіпорынның қаржы жағдайына әсер ететін маңызды сипаты болып табылады. Айналым құралдарының айналымдылығы — оларды пайдалану тиімділігінің маңызды көрсеткіші. Айналым құралдарын басқарудың тиімділігін бағалаудың критериі ретінде уақыт факторы алынады: айналым кұралдары неғұрлым бір түрде болса (ақша немесе тауар түрінде), соғұрлым оларды пайдалану тиімділігі төмен, және керісінше. Айналым құралдарының айналымдылығы оларды пайдаланудың қарқындылығымен сипатталады.

Айналым сферасының салалары үшін мына көрсеткіштердің рөлі өте жоғары: сауда, қоғамдық тамақтану, тұрмыстық қызмет көрсету, делдалдық қызмет, банк бизнесі және т.б. Айналымдылықтың негізгі көрсеткіштерінің бірі айналым уақыты. Ол бір жыл ішінде айналым құралдарының қанша күн ішінде айналатындығын көрсетеді:

Информация о работе Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері