Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rfgbnfk.docx

— 282.16 Кб (Скачать документ)

АУ = (AАОК*360)/ОКСТ, 

Мұндағы: 

  В — осы айналымның  уақыты;

ААОК — ағымдағы активтердің орташа көлемі;

Т - 360 — уақыт кезеңі;

ОКСТ — осы кезеңдегі сатудан түскен түсім.

Күн есебіндегі айналымдылық қанша уақыт ішінде айналым құралдары осы кәсіпорын айналымының барлық кезендерінен өтетіңдігін көрсетеді. Құн есебіндегі айналымдылық қаншалықты жоғары болса, кәсіпорынға соншалықты ақша қаражаттары қажет, соғұрлым қаржы ресурстары үнемді пайдаланылады. Айналымдылық сонымен бірге айналым жылдамдығымен де есептеледі, яғни жылына айналым құралдары қанша рет айналады:

С=ОКСТ/ААОК (5)

Мұндағы: С — айналым жылдамдығы.

Айналым құралдарының айналымдылығын жылдамдату олардың айналымнан абсолютті және салыстырмалы босап шығуына себепші болады. Абсолютті босап шығу дегеніміз өнімді сату көлемін ұлғайтқанда айналым құралдарының сомасының ағымдағы жылда өткен жылға қарағанда төмендеуі. Сату көлемінің өсу қарқыны айналым құралдарының өсуі қарқынынан асып түскенде салыстырмалы босап шығу пайда болады. Бұл жағдайда айналым құралдарының оқ көлемін сатып-өткізудің үлкен мөлшері қамтамасыз етеді. Жалпы төлем айналымының жоғары инфляция кезінде өсуіне байланысты айналым құралдарының абсолютті босап шығуы мүмкін емес. Сондықтан ресурстардың салыстырмалы босап шығуын талдауға және оған жағдай жасауға көп көңіл бөлінеді. Айналым құралдарының абсолютті босауы — бұл осы кездегі жоспарлы сұраныс пен нормаланған айналым құралдарының қалдығының орташа нақты сомасының айырмасы. Салыстырмасы босап шығу — бұл нормаланатын айналым құралдарына деген жоспарлы және есепті сұраныстар арасындағы айырмашылық. 

Кәсіпорын үшін өзінің жекеменшік айналым құралдарымен де қамтамасыз етілгендігіөте маңызды. Ол жеке айналым кұралдарының жалпы айналым құралдарынақатынасымен есептеледі.

Кәсіпорынның материалды ресурстармен қамтамасыз етілуін талдағаннан кейіноларды   пайдаланудың  тиімділігі   мен   бағалауға   көшу   керек.   Ол   бірқатаркөрсеткіштермен айқындалады. Негізгілеріне өнімнің материал сыйымдылығы менматериал қайтарымдылығы жатады.

Материал сыйымдылығы өнімнің құндық көлемінің 1 теңгесіне шаққандағы шығынүлесін сипаттайды; оның кері көрсеткіші — материал қайтымдылығы. Ол 1 теңгеөнімге   кеткен   материалдық шығындарды   көрсетеді.   Материалсыйымдылығыкөрсеткіштерінің жүйесіне кіретіндер:

  • материалды  шығындардың барлық көлеміне  катысы  бар  жалпы  материалсыйымдылық (тозусыз), тауарлы өнімнің құнына және кәсіпорынның материалдыресурстарын жиынтық пайдалануды сипаттайды;

  • жеке материалсыйымдылығы, ол материалды шығындардың нақты тобыныңнатуралды және құнды көріністегі өнім шығаруға қатынасы және материалдықресурстардың жеке элементтерінің пайдаланылуын сипаттайды;

Өндірісті материалдармен қамтамасыз етуде олардың жиынтықтылығы өте маңызды.

Кәсіпорынның   шығындары   запастың   жетіспеушілігіне   қарағанда   қолда   барматериалдардың жиынтықсыздығынан көп болады. Сондықтан қалдықты натуралдыжәне бағалық түрде есептеп қана қоймай, оның жиынтығына да назар аударылады.

 

2.4 Айналым қаражаттарының  пайдалану тиімділігін жеделдету жолдары

 

Қаржылық ресурстарды пайдалану тиімділігі активтер айналымдылығы мен рентабельділік көрсеткіштерімен сипатталады. Демек, айналымдылық мерзімін және шығыстарды төмендету және түсімді жоғарылату есебінен рентабельділікті көтере отырып, пайдалану тиімділігін арттыруға болады.

Айналым қаражаттардың айналымдылығын жылдамдату үлкен шығыстарды талап етпейді және өндіріс пен өнімді өткізу көлемдерінің өсуіне әкеледі. Бірақ инфляция айналым қаражаттарын жылдам құнсыздан-дырады, олардың көп бөлігін кәсіпорын шикізат пен отын-энергиялық ресурстарды сатып алуға жұмсайды, сатып алушыларды төлемеуі қаражат-тардың маңызды бөлігін айналымнан алып тұрады.

Кәсіпорында айналым капталы ретінде ағымдағы активтер қолданы-лады. Айналым капитал ретінде қолданылатын қорлар белгілі кезеңге өтеді. Өтімді активтер дайын өнімге айналдырылатын алғашқы материалдарды сатып алуға жіберіледі; өнім несиеге сатылады, ал бұл жағдай дебиторлар шотын қалыптастырады; дебитор шоттары төленіледі, олар өтімді активтерге айналады.

Айналым капитал қажеттіліктеріне пайдаланылмайтын кез келген қорлар пассивтерді төлеуге жұмсалады. Бұдан басқа, олар негізгі капитал сатып алуға жұмсалуы немесе меншік иелеріне табыс ретінде төленілуі мүмкін.

Айналым капиталын үнемдеу әдістерінің бірі, яғни оның айналымдылығын арттыру әдісі өндірістік қорларды басқаруды жетілдіру болып табылады. Кәсіпорын өндірістік қорларды жасауға қаражаттар бөлетіндіктен, сақтау шығындары тек қойма шығыстарымен ғана байланысты емес, сонымен бірге тауарлардың бүліну немесе ескіру тәуекелімен, капиталдың уақытша құнымен, яғни тәуекелдің эквивалентті деңгейіндегі басқа инвестициялық мүмкіндіктер нәтижесінде алынуы мүмкін табыс нормасымен байланысты.

Кез келген көлемде, белгілі бір түрде ағымдағы активтерді сақтаудың экономикалық және ұйымдастырушылық-өндірістік нәтижелері берілген актив түрі үшін арнайы сипатқа ие. Дайын өнімнің үлкен қоры күтілмеген жоғары сұраныс жағдайында өнім жеткіліксіздігі мүмкіндігін төмендетеді.

Шикізат пен материалдардың үлкен қоры кәсіпорынды өндіріс процесінің тоқталуымен байланысты сәйкес запастардың күтілмеген жеткіліксіздігінен және қымбат материал-ауыстырушыларды сатып алудан құтқарады. Шикізат пен материалдарды сатып алуға тапсырыстың жоғары болуы үлкен қорлардың пайда болуына әкелумен бірге, жабдықтаушылардың бағасын төмендету мүмкіндігін де береді. Сол себептер салдарынан кәсіпорын дайын өнімнің жеткілікті қорының бар болуын қалайды, ол өндірісті үнемді басқару мүмкіншілігін тудырады. Осының нәтижесінде кәсіпорын өзі өз клиенттеріне жеңілдіктер ұсына алады.

Айналым қаражаттарының айналымдылығын жоғарылату қорларды сақтаумен байланысты шығындар мен нәтижелердің анықталуына және қорлар мен шығындардың дұрыс балансына әкеледі.

Айналым қаражат-тарының айналымдылығын жылдамдату үшін кәсіпорында келесілерді жасау қажет:

  • қажетті материалдарды сатып алуды жоспарлау;

  • қатаң өндірістік жүйелерді жүргізу;

  • қазіргі кезеңгі қоймаларды пайдалану;

  • сұранысты болжауды жетілдіру;

  • шикізат пен материалдарды тез жеткізу.

Айналым капиталының айналымдылығын жылдамдатудың екінші жолы дебиторлар шотын төмендетуге негізделеді.

Дебиторлық қарыз деңгейі көптеген факторлармен анықталады: өнім түрі, нарық сыйымдылығы, нарықта берілген өнімнің тарау деңгейі, кәсіпорында қабылданған есептесу жүйесі және т.б. Дебиторлық қарызды басқару ең алдымен есептесулердегі қаражаттардың айналымдылығын бақылауды ұсынады. Динамикада айналымдылықтың жылдамдауы жағымды беталыс ретінде қарастырылады. Потенциалды сатып алушыларды таңдау мен келісімшартта қарастырылатын тауарлар үшін төлемінің шарттарын анықтау маңызды мәнге ие.

Таңдау формальды критерийлер көмегімен жүргізіледі: өткен кезде төлем тәртібін сақтау, сатып алушы сұрайтын тауар көлемі үшін төлем бойынша оның болжамды қаржылық мүмкіндіктері, ағымдағы төлемқабі-леттілік деңгейі, қаржылық тұрақтылық деңгейі, сатушы кәсіпорынның экономикалық және қаржылық жағдайы (тауарларының бар болуы, ақшалай қаражатқа қажеттілік деңгейі және т.б.).

Тұрақты клиенттердің тауарлар үшін төлемі жиі несие бойынша жүргізіледі, несие шарттары көптеген факторларға байланысты болады. Экономикалық дамыған елдерде «2/10 толық 30» сызбасы кең тараған/14, 98-99б./. Оның мәні:

    • сатып алушы алынған тауар үшін несиелеу кезеңінің басынан он күн ішінде төлем жүргізсе, екі пайыздық жеңілдік алады;

    • несиелік кезеңнің 11-ші күнінен 30-шы күніне дейін төлем жүргізілсе, сатып алушы тауардың толық құнын төлейді;

    • бір ай ішінде тауар үшін төлем жүргізілмесе, сатып алушы қосымша айыппұл төлеу тиіс болады, оның  мөлшері төлем кезіне байланысты өзгеруі мүмкін.

Қарызды өтеу мақсатымен дебиторларға әсер етудің ең қолданылмалы әдістері хаттар жіберу, телефондық қоңыраулар, персоналды ресми сапарлар, арнайы ұйымдарға қарыздарды сату (факторинг) болып табылады.

Айналым капиталының шығындарын төмендетудің үшінші жолы қолда бар ақшаны жақсы қолдануға негізделеді. Инвестициялау теориясы бағытынан ақшалай қаражаттар өзімен бірге тауарлы-материалық құндылық-тарға инвестициялаудың жеке жағдайлардың бірін ұсынады. Сондықтан оларға жалпы талаптар қолданбалы. Біріншіден, ағымдағы есептесулерді жүргізу үшін ақшалай қаражаттардың базалық қоры қажет. Екіншіден, қарастырылмаған шығындарды өтеу үшін белгілі бір ақшалай қаражаттар қажет. Үшіншіден, қызметті мүмкін және болжамды кеңейтуді қамтамасыз ету үшін белгілі бір мөлшерде бос ақшалай қаражаттар болған дұрыс.

Сонымен, ақшалай қаражаттарға қорларды басқару теориясында жасалған және ақшалай қаражаттар көлемін оптимизациялауға мүмкіндік беретін модельдер қолданылуы мүмкін. Ол келесілерді бағалау болып табылады:

  • ақшалай қаражаттар және оларды эквиваленттердің жалпы көлемін;

  • есептесу шотында ақшалай қаражаттардың қай үлесін ұстау, ал қай үлесін тез өтімді бағалы қағаздар түрінде үстау қажет екенін;

  • қашан және қай мөлшерде ақшалай қаражаттар және тез өтімді активтердің  өзаратрансформациясын жүргізу қажет екенін.

Кәсіпорындар өз өтімді активтерін ұстайтын банктік шоттар бойынша пайыздар төленбейді. Бірақ басқа өтімді активтер (қысқа мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздар, депозиттік сертификаттар, сатылатын келісім деп аталатын бір уақытылы қарыз түрлілігі) пайыздар түрінде табыс әкеледі.

Батыс елдер тәжірибесінде Баумоль, Миллер-Орр, Монте-Карло, Стоун модельдері кең тараған. Отандық тәжірибеде күшті инфляция кезінде, есептік мөлшерлемелер, бағалы қағаздар нарығының дамымауы жағдайында бұл модельдерді тікелей қолдану қиын. Сондықтан төменде берілген модельдердің қысқаша теориялық сиапттамасы берілген.

Баумоль моделі. Кәсіпорын ақшалай қаражаттардың максималды деңгейіне ие бола отырып, жұмыс жасай бастайды деп болжанады және кейін белгілі уақыт кезеңі ішінде оларды әрқашан шығындайды. Кәсіпорын тауарлар мен қызметтерден түсетін барлық қаражаттарды қысқа мерзімді бағалы қағаздарға салады. Ақшалай қаражаттар қоры біте бастағанда, яғни нөлге тең болғанда немесе қауіпсіздіктің белгілі бір деңгейіне жеткен кезде, кәсіпорын бағалы қағаздардың белгілі бір бөлігін сатады және осылай ақшалай қаражаттар қорын алғашқы мөлшеріне дейін толықтырады. Сонымен, есептесу шотында қаражаттар қалдығының динамикасы өзімен бірге келесі графикті ұсынады (сурет 4.).


 

 

 

 

 

 

 

 


 

Баумоль моделі бойынша

 

           ,                                                                    (1)

 

мұндағы, V – ақшалай қаражаттарға болжамды қажеттілік;  
C – бағалы қағаздарға ақшалай қаражаттарды конвертациялау бойынша шығындар; 
r – кәсіпорын үшін мүмкін қысқа мерзімді қаржылық салымдар бойынша %-дық табыс көлемі;

графиктегі Q/2 – ақшалай қаражаттардың орташа қоры.

Баумоль моделі ақшалай шығындары тұрақты және болжамды кәсіпорындар үшін қарапайым және жеткілікті деңгейде қолданбалы болып табылады. Іс жүзінде мұндай жағдай сирек кездеседі; есептесу шотындағы қаражаттар қалдығы кездейсоқ бейнеде өзгереді/15, 251-252б./.

Миллер-Орр моделі өзімен бірге қарапайымдылық пен нақтылық арасындағы компромиссті ұсынады. Ол келесі сұраққа жауап беруге тырысады: ақшалай қаражаттардың кірісі мен шығысын алдын-ала білу мүмкін болмаған жағдайда ақшалай қаражаттарды қалай басқару қажет.

Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығын басқару бойынша қызметтердің логикасы 5 суретте көрсетілген. 

Есептесу шотындағы қаражаттар қалдығы жоғарғы шекке жеткенше өзгереді. Бұл жүзеге асқаннан кейін кәсіпорын ақшалай қаражаттар қорын қалыпты қайтару нүктесіне жеткізу мақсатында бағалы қағаздардың жеткілікті мөлшерге сатып ала бастайды. Егер ақшалай қаражаттар қоры төменгі шекке жетсе, онда бұл жағдайда кәсіпорын өз бағалы қағаздардарын сатады және осылай олар ақшалай қаражаттар қорын қалыпты шекке дейін толықтырады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

      Вариация қадамы (жоғарғы және төменгі шектер арасындағы айырмашылық) туралы сұрақты шешуде келесі саясатқа негізделу ұсынылады: ақшалай қаражаттар ағымының күнделікті өзгерісі жоғары және бағалы қағаздарды сату мен сатып алумен байланысты тұрақты шығындар жоғары болса, онда вариация қадамын арттыру қажет. Сонымен қатар егер бағалы қағаздар бойынша жоғары пайыздық мөлшерлемелерге байланысты табыс алу мүмкіндігі бар болса, вариация қадамын төмендету ұсынылады.


Стоун моделі. Миллер-Орр моделінің дамыған түрі болып табылады. Бұл модельдің мақсаты – ақшалай қаражаттардың трансформациялану операциялар көлемін төмендету. Миллер-Орр моделі ақшалай қаражаттардың жоғарғы шегіне жеткендегі уақытта өте өтімді активтерге немесе активтерді сатуға арналады. Стоун моделінде трансформациялану операциялары жақын күндердегі ақшалай қаражаттардың қозғалысын болжамдауға тәуелді болады. Мұнда тағы да бір Q шектеуі және (Qв – Q*), (Qн + Q*) интервалдары енгізіледі. Стоун моделінің графигі 6суретте берілген./16, 63б./

Миллер-Орр моделі бойынша фирма А нүктесінде бағалы қағаздарды сатып алады. Стоун моделі бойынша ақшалай қаражаттарды трансформациялану өлшемі жақын күндердегі болжамды қалдықтарына тәуелді болады. Ақша қалдықтарын болжамдаудың 3 варианты бар:

Информация о работе Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері