Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 02 Ноября 2015 в 21:17, курсовая работа

Краткое описание

Экономикалық жауапкершілікте, барлық ресурстар түрін тиімді пайдалануды жақсартуда, кәсіпорын басшысы алдына қойған күрделі мәселелерді шешуге үлкен мақсат қоюы керек. Бүгінгі таңда, қоғамдық өндірістің даму бағыты - әлемдік нарықта инновацияға негізделген бәсекеге төтеп беретін өнім шығару. Соның нәтижесінде еліміздің экономикасы алдағы келе жатқан он жылдықта әлемдегі бәсекеге мейлінше қабілетті 30 елдің қатарына кіру жөнінде мақсат қойып отыр.

Прикрепленные файлы: 1 файл

rfgbnfk.docx

— 282.16 Кб (Скачать документ)

 

 

          

        Кәсіпорын балансында көрсету әдісі бойынша айналым капиталдары келесі топтарға бөлінеді:

  • Ақша қаражаттары ЕА.Ақша қаражаттары құрамына баланс активінің ІІІ бөлімінің келесі баптары кіреді: касса, есеп айырысу шоты, ваоюталық шот,басқа да ақша қаражаттары, қысқа мерзімд қаржылық салымдар.

Айналым капиалының жалпы сомасы – Е

                                 

                                       Е=Е3+ЕДҚ+ЕА

 

  • Дебиторлық қарыз – ЕДҚ. Дебиторлық қарыз құрамына. тиелген тауарлар, дебиторлармен есеп айырысу (тауарлар, қызмет пен жұмыс үшін алынған вексельдер бойынша, еншілес кәсіпорындармен, бюджетттен басқа да операциялр бойынша ұжыммен, басқа да дебиторлармен), жабдықтаушылар мен мердігерлермен берілген аванстар, басқа да айналым активтері.

  • Запас түріндегі материалды ақша қаражаттары Е3. Бұл жерге баланс активінің І бөлімінің барлық баптары кіреді. Өндірістік қорлар, аяқталмаған өдіріс, болашақ кезең шығындары, дайын өнім, тауар, басқа да қорлар.

Өтімділік және қаржылық тәуекел бойынша айналым капиталының классификациясы кәсіпорынның айналымдағы құралдарының сапасын сипаттайды. Мұндағы классификациясының міндеті өткізу мүмкіндігі аз мөлшерде болатын ағымдағы активтерді көрсету. Кәсіпорынның айналым капиталдарын тиімді басқару тек қаржыландырудың қосымша көздерін табу мен тартды ғана емес, сонымен қатар оларды кәсіпорын активтеріне, әсіресе ағымдағы активтерге дұрыс орналастыруды қарастырады.

Ағымдағы активтердің өтімділігі айналым қаржаттарына салынған капиталының салымының тәуекел деңгейін анықтайтын басты фактор болып табылады. Ұзақ уақыт кезеңінде қандай да бір айналым қаражатының өткізілімінің жинақталған бағалары бұл активтерге салымның мүмкін тәуекелін анықтауға мүмкіндік береді.3

 

 

Кесте 3 Капитал салымының тәуекел деңгейі бойынша айналым   капиталының  жіктелімі4

 

Айналым капиталының топтары

Баланс активінің бөлімдері

1. Салымның минималды

    тәуекелімен айналым 

      капиталдары

1.1. Ақша қаражаттары

    -   касса

    -  есеп айырысу  шоттары

    -  валюталық  шот

    -  басқа да  ақша қаражаттары

1.2. қысқа мерзімді қаржылық  салымдар

2. Салымның аз тәуекелімен

   айналым капиталдары

2.1. Дебиторлық қарыз

2.2. Өндірісті запастар

2.3. Дайын өнім мен тауарлар

3. Салымның орташа тәуеклімен

   айналым капиталдары

 

3.2. Аяқталмаған өндіріс

3.3. Болашақ шығын кезеңдері

4. Салымың жоғары тәуекелімен

    айналым капиталдары

4.1. Үмітсіз дебиторлық  қарыз

4.2. Жатып қалған өндірістік  запастар

4.3. Жоғары нормативті  аяқталмаған өн-діріс

4.4. Сұранысы жоқ дайын  өнім мен 

       Тауарлар


 

           

 

Тарау 2 Айналым капиталының   пайдалану тиімділігін    талдау

 

2.1Айналым капиталын қаржыландыру

 

   Айналым қаражатының  ауыспалы  айналымы процесінде  олар қалыптастырылған көздер,әдетте,ажыратылайды.Алайда  айналым қаражатын қалыптастыру  жүйесі айналымды баяулатып немесе  оны жеделдете отырып оның  жылдамдығына ықпал етеді.Артық  айналым қаражаты кәсіпорын капиталының  бөлігі әрекетсіз және кіріс  әкелмейтінін білдіреді.Сонымен  бірге айналым капиталынның жетіспеуі  кәсіпорын қаражатының шаруашылық  айналымының жылдамдығын баяулатып,өндірістік процестің жылдамдығын тежейді

Айналым қаражатын қалыптастыру көзі жөніндегі мәселені екінші маңызды жағынан алып қарастырайық.Нарық жағдаяты үнемі өзгереді, сондықтан да тұрақсыз боладыІс жүзінде осы қажеттілікті тек меншік көздің есебінен өтеу мүмкін емес.Кәсіпорынның меншікті қаражаты есебінен жұмыс істеуі тартымды екені назарға алынбайды.Ал көп жағдайда тәжірибе меншікті қаражатты пайдаланғаннан гөрі қарыз қаражаты пайдалану тиімді екенін растайды.

Айналым қаражатын қалыптастыру көзінің құрылымы:

         1)Меншікті көзді

         2)Қарыз көзін

         3)Қосымша тартылған көзді қамтиды;

Әдетте кәсіпорынның айналым қаражатына барынша аз қажеттілігі келесі меншікті көздің;пайданың,жарғылық капиталдың,резервтегі капитадың,жинақтау және мақсатты қаржыландыру қор есебіне жабылады. Алайда бірқатар обьективті себептерден кәсіпорынға уақытша қосымша болады.Бұл жағдайда шпруашылық қызметі қаржымен қамтамасыз ету үшін қарыз көзі:Банк және коммерциялық кредит,қарыз,инвестициялық салық кредиті,кәсіпорын қызметкерлерінің инвестициялық жарнасы,облигациялық қарыз тартылады  

Кесте-4 Айналым қаражат көзінің құрамы мен құрылымы

 

                                  Айналым қаражат көзі

     меншікті   

             Қарыз

 Қосымша тартылған

1.Жарғылық капитал

2.Устеме капитал

3.Резервтік капитал

4.Бөлінбеген таза кіріс

5.жинақтау қоры

6.Мақсатты қаржыландыру,сондай-ақ  бюджеттен тыс қордан түсетін  түсім.

1.Банкінің ұзақ мерзімді  кредиті

2.Ұзақ мерзімді қарыз

3.Банкінің қысқа мерзімді  кредиті 

4.Қысқа мерзімді қарыздар

5.Коммерциялық кредиті

6.Инвестициялық салық  кредиті

1.кредиторлық берешек;

-жеткізушілер мен мердігерлер

-еңбекакы толеу бойынша

-сақтандыру бойынша

-бюджетпен

-өзге кредиторлармен

2.Тұтыну қоры

3.Алдағы шығыс пен төлемнің  резерві

4.Күмәнді борыш бойынша  резерв


 

   Жарғылық капитал-кез келген ұйыдастыру-құқықтық формасындағы өндірістік-шаруашылық әрекеттерімен айналысатын субьектінің негізі болып саналады.Жарғылық капитал ұйымның  меншігіне ие болып және басқаруға заңды мүмкіндік беріп  қана қоймайды,сонымен қатар оның өндіріс-шаруашылық қызметінің қаржылық негізі болып табылады.Жарғылық капиталдың сомасы ұйым тіркелген кезде,мекеменің жпарғысымен бекітіледі.

Жарғылық капиталдың көбеюі немесе азаюы жаңа қатысушылардың қосылуы және олардың шығуына байланысты.Ондай жағдайда жарғылық капиталды міндетті түрде қайта тіркеуден өткізу қажет.

Жарғылық капиталдың мөлшері ,акцияның бағасы, жай және артықшылығы бар акциялардын ара қатынасы акционерлер жиналысынасының шешімі бойынша анықталады.Одан кейін жарғылық капиталдың кез келген өзгерісі акционерлердің жалпы жиналысында бекітіліп,әділет органдарында және басқа да тиісті мемлекеттік органдарда тіркеуден өтеді.

  Жарғылық капиталды құқықтық тұрңыдан реттеу,оның негізгі функциясына байланыстыжәне ол басты үш категорияға бөлінеді:

1)Жарғылық капиталға салынған  жарналар кәсіпорынды құрып,ұйымдастыру  кезінде оның қызмет атқаруына  себеп болатын (материялдық база).

2)Кепілдік сипатына байланысты  –акционерлік қогам немесе серіктестік  кредиторлар алдында өзіне тиесілі  мүліктің шенберінде жауап береді.

3)Ұйымдағы әрбір акционердің  немесе қатысушының  (үлесін) аныктап,бекіту.

Резервтік капитал-Ұйымдар алдағы кезеңде түрлі себептермен қаржылық тапшылығы туындаған кезде пайдалану үшін резер жасайды.Шаруашылық қажеттілікеріне байланысты жасалатын резервтер мен жарғылық капиталды көбейту немесе пайда мөлшері жеткіліксіз болған жағдай да пайдаланатын резервтердің айырмашылығын білу керек. Резервті ұйым есепті жыл аяқталғаннан кейін,бөлінбеген пайданың есебінен жасайды.Резервті жасау жіне қолдану тәртібі акционерлік қоғамның есеп саясаты мен құрылтай құжаттарында қаралуға тиіс.

Қарыз айналым қаражыты банк және банк емес кредиторлық берешек және өзге де көз нысанында қалыптастырылады. Ол кәсіпорынға уақытша пайдалануға беріледі. Қарыз айналым қаражатының бір бөлігі ақылы,екінші бөлігі тегін болады.Кәсіпрынның қарыз айнылы қаражатына қажеттілігіде  жоспарланады және бизнес жоспарда көрсетіледі.

Түрлі мемлекеттерде  меншікті және қарыз капитал арасындағы әр түрлі арақатынас пайдаланылады.Ресейде 50/50,АКШ-та 60/40, ал Жапонияда-30/70 арақатынас қолданылады.

 Капиталдың ауыспалы  айналым процесінде айналым қаражатын  қалыптастыру көзі бірін-бірінен  ажыратылмайды.Мәселен,өндіріс барысында  тұтынылатын шикізат пен материал  қандай қаражат есебінен сатып  алынғаны жөніндегі ақпарат ешқашан  пайдалынбайды. Алайда айналым қаражатын  қалыптастыру жүйесі айналымды  баяулатып немесе оны жеделдете  отырып оның жылдамдығына ықпал етеді. Сонымен бірге меншікті және қарыз айналым қаражатын қалыптастыру көзі мен оны әр түрлі пайдалану айналым капиталынжәне бүкіл капиталды тиімді пайдалануға ықпал ететін негізгі фактор болып табылады .

Айналым қаажатын ұтымды қалыптастыру және пайдалану өндіріс барысына,кәсіпорын қаржысының нәтижелері мен оның қаржысының жай-күйін жан-жакты әсер етеді,онымен бірге осы жағдайда ең аз мөлшердегі айналым  капиталының мөлшерімен табысқа жетуге мүмкіндік береді.5

 Банк кредиті инвестициялық кредит немесе қысқа мерзімді несие нысанында беріледі.Банк кредиті негізгі және ағымдағы активті сатып алуен байланысты шығынды қаржыландыру,сондай-ақ кәсіпорынның маусым кезіндегі қажеттілігін,тауарлық-материялдық запасты уақытша ұлғайту,дебиторлық берешекті,салық төлемдерін,күрделі шығынды қаржыландыру үшін қажет.

Қысқа мерзімді несиені-үкіметтік мекеме, қаржы компаниясы, коммерциялық банк, факторингтік компания беруі мүмкін.

Инвестициялық кредитті-үкіметтік мекеме, сақтантыру компаниясы, коммерциялық банк, андеррайтер, жеке инвестор беруі мүмкін.

 Айналым қаражатын  қаржыландыру көзіне банк кредиті  сияқты басқа кәсіпорын мен  ұйымның қарыз,вексель,тауарлық  кредит пен аванстық төлем  түрінде ресімделген коммерциялық  кретидтте жатады.

Инвестициялық салық кредиті кәсіпорынға мемлекеттік билік органы кәсіпорынның салық төлемінің уақытын уақытша ұзарту түрінде береді.Кәсіпорын инвестициялық салық кредитін алу үшін өзі тіркелген жердегі салық органымен кредит келісімін жасасады.

Қызметкердің инвестициялық жарнасы - қызметкердің экономикалық субьектінің дамуына белгіленген пайызбен салатын ақшалай жарнасы.Тараптың мүддесі шартпен немесе инвестициялық салым туралы ережемен ресімделеді.

Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі айналысқа борыштық бағалы қағаз немесе облигация шығару есебінен де жабылуы мүмкін.Облигация ұстаушы мен құжатты айналысқа шығрушы тұлғаның арасындағы қатынастарды растайды.Қарыз мерзімі бойынша облигация қысқа мерзімдіге (1-3 жыл) ,орташа мерзімдіге(3-7жыл),ұзақ мерзімдіге(7-30жыл)жіктеледі.Басқа бағалы қағазбен салыстырғанда кәсіпорын облигациясының,әдетте ,сенімділігі  төмен болса да ол жоғары кіріс әкелетін жоғары бағалы қағаз болып табылады.

Облигация мерзімді,қайтарымды,сондай-ақ белгіленген,құрылмалы немесе біркелкі ұлғаятын купондық ставкасы бар ақылы,сондай-ақ нөлдік купонды болады. Пайызсыз облигация бойынша кіріс құнды қағазды өтеу бағасы бойынша өтегенде бір рет төленеді.6

 

  2.2 Корпорациялық айналым капиталына қажеттілігін анықтау

 

    Айналым қаражатын қалыптастыру және пайдалану механизмі өндірістік және қаржы жоспарыниорындауға жан-жақты ықпал етеді.     

     Айналым қаражаты өндіріс көлемін және өнімді сатуды кеңейтуді жаңа өткізу нарықтарын яғни кәсіпорын капиталы айналатын саланы басып алуды жоспарлы түрде жіне барынша ұтымды сондай-ақ үнемді басқаша айтқанда,айналым қаражатының ең аз мөлшерімен қамтамасыз етуі тиіс.

     Айналым қаражатын тиімді пайдалануды жоспарлау және ұйымдастыру үшін жауапты менеджерлердің ең негізгі міндеті болып табылады.

    Айналым қаражаты оның екі саласындағы ауыспалы айналымға :өндіріс саласы мен айналыс аясына қатысады.Сондықтан айналым қаражаты өндірістік айналым қоры мен айналыс аясындағы қорға бөлінеді.

     Айналым қаражаты өндіріс процесінің үздіксіздігін қамтамасыз етуі тиіс.Сондықтан кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігінің құрамы мен көлемі өндіріс қажеттілігі не ғана емес ,айналыс қажеттілігіне де орай анықталады.

   Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігі мына факторларға байланысты;

    • өндіріс пен сату мөлшеріне;
    • бизнестің түріне
    • қызмет ауқымына
    • өндірістік кезеңнің ұзақтығына;
    • кәсіпорын капиталының құрылымына;
    • кәсіпорынның есептік саясатына және есеп айрысу жұйесіне;
    • кәсіпорынның шаруашылық қызметін крелиттеу шарттары мен практикасына;
    • материялдық-техникалық жабдықтау деңгейіне;
    • тұтынылатын шикізаттың түрі мен құрылымына;
    • өндірістік және кәсіпорын өнімнің  сату мөлшерінің өсу қарқынына;
    • менеджерлер мен бухгалтерлердің және шеберлігіне;

            

   Кәсіпорынның айналым қаражатына қажеттілігін дәл еептеуді айналым қаражатының жоғарыда атап өтңлген факторларға байланысты өндіріс саласында және айналыс аяында болатын уақытын есептеуден бастау қажет.

            Айналым қаражатының өндірісте болатын уақыты-өндірістің айналым қаражаты тікелей жұмыс істеу процесінде болатын уақытты,өндіріс процесінде жұмыс күшінің шығынын қажет етпейтін үзіліс уақытын,өндірістің айналым қаражаты запаста болатын уақытты қамтиды.

   Айналым қаражаты  айналыс аясында болатын уақыт-айналым  қаражатының сатылмаған өнім  қалдығы,кәсіпорын кассасындағы,банкідегі  және шаруашылық жүргізуші субьектілерімен есеп айрысуда шоттардағы ақшалай қаражат түрінде болатын уақытты қамтиды.

    Айналым қаражаты айналымның жалпы уақыты-өндіріс саласында және айналыс аясында болатын уақыттан құралады.Ол айналым қаражатын тиімді пайдалануға,кәсіпорын қаржысының жай-күйіне ықпал ететін аса маңызды сипаттама болып табылады.

   Айналым қаражаты айналымның жылдамдығы айналым қаражатын өндірісте пйдалану деңгейін сипаттайды.Айналым жылдамдығы неғұрлым жоғары болса,кәсіпорыға айналым қаражаты аз қажет болады.Бұған өнім сату процесін жеделдету арқылы да,сондай-ақ өндіріс шығынын кеміту және өнімнің өзіндік құнын томендету арқылыда қол жеткізуге болады.

Информация о работе Айналым капиталының экономикалық мәні және қаржыландыру көздері