Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:01, реферат
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
Қосымша ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Екі тілде
Көшіру
Басып шығару
ҒЗТКЖ гранттық қаржыландыруды ең алдымен химия өнеркәсібінің перспективті бағыттары бойынша бөлу болжанады. Қаржы қаражаты ҒЗТКЖ гранттық қаржыландыруды бөлудің жалпы рәсімдеріне сәйкес химия өнеркәсібінің перспективті салаларындағы ҒЗТКЖ жобаларын іске асыруға мақсатты түрде бөлініп отыратын болады.
Қазақстандық мамандар есебінен 30-дан кем емес білікті мамандар дайындауға бағытталған, химиялық өндіріс саласында арнайы инжинирингтік компания құру, өндірісті жобалаудың халықаралық стандарттары мен жаңа әдістерін енгізу, инжинирингтік қызмет бойынша қазақстандық үлесті салада кем дегенде 40 %-ға дейін көбейту, саладағы өндіріс орындарының қызметін ғылыми-инжинирингтік көмек көрсету жүйесін жасау сұрақтары пысықталады.
3. Минералдық шикізат ресурстар базасын дамыту
Өткен жылдардағы калийлі тұздардың кен орындарында жасалынған жұмыстар бойынша қолда бар химиялық-талдамалық, технологиялық, геофизикалық, геологиялық және басқа мағлұматтарды зерттеу болжанады. Зерттеу барысында барлау жұмыстарын жасау және бар мәліметтерді компыотерлік модельдеу және сараптау жүргізу жоспарлануда.
4. Әкімшілік кедергілерді жою
Қажетті рұқсат қағаздарын алуға кететін уақытты үнемдеп және химиялық өнімдердің бағасына әсерін төмендету үшін прекурсорлардың айналымы мен өндіруін реттеу аясында рұқсат беру және қарастыру уақыттарын азайту жұмыстары жүргізілетін болады.
5. Инфрақұрылымдық қамтамасыз ету
Жоспарланған жаңа инвестициялық жобалардың іске асырылуы үшін инфрақұрылымның дамыту және мынадай өндірістерге отын-энергетикалық ресурстарды қоюды ұйымдастыру қажет:
- Жамбыл облысындағы кешенді минералдық тыңайтқыштарды өндіру зауыты жобасы бойынша: 20 км. теміржол, 20 км. автожолы.
- фосфат
моноаммонийін, фосфат
2010 - 2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының мұнай-газ саласын дамыту бағдарламасының жобасында жылына өткізу қабілеттігі 10 млрд текше метрлі «Бейнеу-Шымкент» газ құбырының 1-ші кезеңінің 1-ші жіберу кешенін 2012 жылы іске қосу болжанады.
Газ құбырын іске қосу жаңа өндірістік қуаттардың газ қажеттіліктерін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
6. Өткізу нарықтарына тиімді қолжетімділік
Ішкі сұраныстың әлеуетін іске асыру отандық өндірілген тыңайтқыштар мен арнайы химикаттарға деген ішкі сұранысты ынталандыру арқылы жүргізілетін болады. Аталған іс-шара ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге субсидия көлемін арттыру, субсидия берілетін минералдық тыңайтқыштардың және отандық өндірістегі агрохимиялық өнімдерінің ассортиментін кеңейту арқылы іске асырылатын болады. Бұл ретте, субсидиялау көлемінің артуы отандық өндірістерді пайдалануға беру мерзімдеріне, минералдық тыңайтқыштарды өндіру көлеміне сәйкес жүргізілетін болады.
Сондай-ақ, мемлекеттік қажеттілік үшін отандық өндірушілерден сатып алынатын тауарлардың (жұмыстар, қызметтер) номенклатурасын кеңейту бойынша оған химия өндірістерінің жаңа өнімдерін енгізе отырып, кейбір нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар туралы мәселелері пысықталатын болады.
2011 жылы Еуроодақ елдері территориясында 2011 - 2018 жылдар кезеңінде сары фосфор тасу үшін цистерналардың жүруіне арнайы рұқсат алу сұрағын пысықтау қажет.
Сонымен қатар өнеркәсіптік қалдықтар мен тұрмыстық қалдықтарды тазарту мен өңдеу үшін 2012 жылдан бастап қоршаған ортаға зиянды ластау деңгейіне қойылатын талаптарды біртіндеп күшейту арқылы химия өнімдерін тұтынуды ынталандыру жүргізілетін болады.
2010 - 2014 жылдар аралығында «Экпорттаушы-2020 бағыты бойынша сыртқы нарыққа отандық тауарларды экспорттауға дем беру» 022 бюджеттік бағдарламасы барысында экспортты дамыту мен алға жылжыту қазақстандық химия өнімдерінің танымал имиджін жасау, өнекәсіптерге халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу бойынша іс-шараларды іске асыруға химия кәсіпорындары - өнімді экспорттаушылардың шығындарының орнын толтыру шаралардың көмегімен жүзеге асырылатын болады
7. Химиялық өнеркәсіп кәсіпорындарына қаржылай көмек
Химия саласындағы инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жаңа бизнес бастамаларды қолдап, кәсіпкерлік секторды жандандыруға бағытталған қазіргі («Бизнестің жол картасы - 2010» бағдарламасы) және әзірленіп жатқан бағдарламалар шеңберінде қаржылай көмек көрсетілетін болады.
8. Білікті кадр ресурстарымен қам
Білім беру жүйесі әр салаға қажетті мамандармен қамтамасыз етеді. Бірақ, басым салалардағы жаңа жобаларды іске асыруға мамандар қажеттілігінің мәліметін білу керек. Сондықтан білім беру жүйесі саланың дамуы үшін тек қана бүгінгі емес, ертеңгі күнгі қажетті мамандармен қамтамасыз етуі керек.
Жаңа үлкен енеркәсіптердің ашылуы салдарынан саланың жылдам дамуы қосымша білікті кадрлар санын қажет етеді.
Химиялық өнеркәсіптегі 12 орташа техникалық және жоғарғы маман кадрларына деген сұраныс ЖОО мен арнайы оқу орындарында дайындау арқылы қанағаттандандырылады.
Өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдеріне жыл сайын химия өнеркәсібі кәсіпорындары үшін сұранысқа ие тиісті мамандарды дайындаудың орны, мамандануы, саны мен мерзімдері туралы ескертпе хабарлама жіберілетін болады. Саланы білікті кадрлармен қамтамасыз ету үшін кәсіптік - техникалық білім беру жүйесін жақсарту, нақты мамандықтар бойынша өнеркәсіптегі кадр қажеттілігінің сараптамасы жұмыстары жүргізіледі.
Экономиканың нақты секторларының отандық саласын мамандармен қамтамасыз етудің бір проблемасы елімізде инженерлі-техникалық жұмысшы мамандарына ғылыми негізделген қажеттіліктің болмауы болып табылады.
Сондықтан, елімізде салалар мен өңірлерді кадрлармен қамтамасыз етуді болжаудың интегрирленген экономикалық-математикалық моделі жасалынады. Аталған модель жүйедегі әр деңгейдегі мамандардың квалификациясын жоғарылату, қайта дайындау процестерін жылдам басқаруға Қазақстанның региондарының әлеуметтік-экономикалық дамуынан бағытталатын болады.
2013 жылы
012 «Білім нысанандарын сейсмикалы
Мамандарды даярлау импорталмастырғыш немесе экспортқа бағытталған өнімді алу мақсатында жаңа технологияларда жұмыс істеуді көздейтін өндіріс орындарының мәліметтеріне сай жүргізілетін болады.
Химиялық өнеркәсіп бойынша үлкен инвестициялық жобалардың маман қажеттілігі осы бағдарламадағы 3-қосымшада келтірілген.
9. Саланың қоршаған ортаға әсерін төмендетуге арналған іс-шаралар
Жұмыс істеп тұрған химия өндірістері үшін тарихи ластауларды жою ерекше маңызға ие. Осы мақсатта Ақтау қаласындағы «ҚазАзот» ЖШС 2011 ж. көлемі 40000 тоннаны құрайтын, жалпы құны 570 млн. теңге болатын радиоактивті металл қалдықтарын жоюды жоспарлап отыр, сонымен бірге басқа да тарихи ластануларды 1,9 млрд теңгеге тазарту қарастырылды. Шымкент қаласындағы «Агрофос-Юг» ЖШС тарапынан жылдық өндіріс қуаты 30 мың тоннаны құрайтын фосфорқұрамдас минералды тыңайтқыштар шығаратын зауыт жобасы аяқталып келеді. Өндірістің шикізаты ретінде 1963 ж. салынған бұрынғы Шымкент фосфор зауытының аумағында жиналған «әлсіз» фосфорқұрамдас шламдар, фосфорқұрамдас қиыршықтар қолданылатын болады. Фосфорқұрамдас шламдардың жалпы көлемі 250,7 мың тоннаны, фосфорқұрамдас қиыршықтардың көлемі 120,0 мың тоннаны құрайды.
Іске асыру құралдары: 1. Сала оператары
Мемлекет саясатының негізгі тетігі ретінде «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ «Біріккен химиялық компания» ЖШС (бұдан әрі - БХК) химиялық өнеркәсіптің инвестициялық қызметін жақсарту үшін:
мемлекеттік көмек ретінде өнеркәсіптің негізгі капиталына кіре отырып химия өнеркәсібіндегі басты жобаларға қатысу;
химия өнеркәсібінің даму процессін сервистік қызметпен қамтамасыз ету, инжинирингтік, дистрибьюторлік қамтамасыз ету;
химия саласын дамыту жобаларын іске асыру үшін отандық, шетелдік, халықаралық қаржыландыру жолдарын іздеу;
қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар, қоғамдық және ғылыми мекемелердің қаруы үшін химиялық өнеркәсіптің дамуының тиімді жолдарын жасау.
2. Қазақстанның химия өнеркәсібіндегі бәсекелестікті қорғау
Қазақстанда отандық химия өндірісін құру немесе қалпына келтірумен қатар, қазіргі уақытта Қазақстан нарығында жақсы танымал химиялық өнімдерді өндіретін шетелдік өндірушілермен бәсекеге түсудің мүмкіндіктері пайда болады.
Бірыңғай кедендік кеңістікті құру енді тек Қазақстанның аумағында ғана емес және көрші елдердегі бәсекелестік үшін, қолданылу аясының кеңдігін назарға ала отырып, бүкіл кеден одағы мен ЕурАзЭҚ аумағында бәсекелестікті қорғау бойынша шаралар қабылдау қажет.
Бұл жаңа қазақстандық химия кәсіпорындарына көрші нарықтарға шығуға және бәсекеге қабілеттіліктің бар әлеуетін іске асыруға жәрдемдеседі.
Еуропалық одақта (бұдан әрі - ЕО) 2007 жылдың 1 маусымынан бастап Еропалық парламент және Еуропалық одақтың министрлер кеңесінің химиялық заттарды тіркеу, бағалау, рұқсат беру және шектеу («Registration, Evaluation, Аuthorsation and restriction of CHemicals» - «RЕАСН») жөніндегі Регламенті күшіне енді.
«RЕАСН» негізгі мақсаты - адам денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғаудың жоғары деңгейін, оның ішінде заттардың қауіптіліктерін баламалы бағалау тәсілдерін қоса алғанда, сондай-ақ Еуропалық одақтың ішкі нарықтарына химиялық заттардың еркін айналымын қамтамасыз ету. «RЕАСН» регламентіне сәйкес келмейтін химиялық заттар ЕО-ға қатысушы елдердің нарығынан алынып тасталынуы тиіс.
Қазақстандық химия өнімдерінің Еуропалық нарықтарға еркін қол жетімділігін қамтамасыз ету мақсатында, отандық тауар өндірушілер химиялық өнімдерін «RЕАСН» талаптарына сәйкес оны тіркеуден өткізу бойынша жұмыстарды жүргізетін болады.
3. Бизнес өкілдерімен қайта байланыс жүйесі
Еліміздің химия өнеркәсібін индустриялық-инновациялық дамуын қолдау жөніндегі ұсынылған мемлекеттік іс-шаралардың сапасы мен тиімділігі айтарлықтай деңгейде бизнес өкілдерінің аталған бағдарламаның іске асуына қызығушылығы мен белсенділігіне байланысты болады.
Осыны назарда ұстай отырып, Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан бизнес өкілдерімен қайта байланыс жүйесін қамтамасыз ету шаралары қолданылатын болады. Олар бойынша мемлекеттің атқарып жатқан шараларының тиімділігін, химия кәсіпорындарының қажеттіліктеріне сәйкестігі жөнінде кәсіпкерлердің ойларын біліп отыруға және жобаларды іске асыру барысында пайда болатын түйткілдерге дер кезінде түзету әрекеттерін жасай алу үшін жасалып отыр.
Бизнес өкілдерімен қайта байланысты қамтамасыз ету үшін мынадай шаралар қолданылады:
химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі конференциялар, кездесулер мен химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі жұмыс тобының саланы дамытудың мәселелері мен даму перспективаларын және олар жөнінен шешімдер шығару мақсатында өткізілетін отырыстары;
Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі тарапынан бағдарламаның әлеуетін және жұмыс істеп тұрған қатысушыларымен тікелей, телефонмен, электронды пошта арқылы байланыс орнатылады.
теледидардан тұрақты негізде саланың мәселелері мен дамуына байланысты, бизнес пен билік өкілдерінің қатысуымен телевизиялық бағдарламалар өткізілетін болады;
бизнес өкілдері Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің поштасына өздерінің қиындықтарын, ұсыныстары мен саланың даму перспективаларын қалай көретіндіктері туралы хаттар жазып, ұсынылған жобалар бойынша жаңа өндірістер ашу мен жаңа технологиялар енгізу жөнінде ақпаратпен алмаса алады.
6. Қажетті ресурстар мен оларды қаржыландыру көздері
1. Бағдарламаны қаржыландыру көздері мен көлемі
Бағдарламаны іске асыруға 2010 - 2014 жылдары меншікті және қарыз қаражаты, сондай-ақ бекітілген республикалық бюджет шеңберіндегі қаражат бағытталатын болады.
2. Инвестициялық жобаларды қаржыландыру көздері мен көлемі
2010 - 2014 жылдарға арналған химия өнеркәсібінің инвестициялық жобаларына арналған құралдарға жалпы қажеттілік шамамен алғанда 1050 млрд. теңгені құрайды (осы бағдарламаның 1, 2-қосымшалары бойынша).
ұлттық институттардың инвестициялары - 603 млн. теңге;
жеке қарыз құралдар.
7. Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
№
Іс-шаралар
Аяқталу нысаны
Орындалуына жауапты
Атқарылу мерзімі
Болжанатын шығындар млн. теңге
Қаржыландыру көздері
1
2
3
4
5
6
7
1. Экономикалық тиімді және экологиялық қауіпсіз жаңа химиялық өндірістер құру
1
«Көк-Жон» және «Гиммельфарбск» кен орындарының негізінде минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысы жобасын іске асыруды мемлекеттік қолдау бойынша ұсыныстар дайындау және енгізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
ИЖТМ, Қаржымині, ЭДСМ, «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ, (келісім бойынша) «Еврохим-Тыңайтқыш» ЖШС (келісім бойынша)
2012 ж. I тоқсаны
Қажет етілмейді
Қажет етілмейді
2
Ірі инвестициялық жобалар үшін импорттық құрал-жабдықтар мен олардың жинақтаушыларына кедендік баждар салудан босату жөніндегі ұсыныстарды дайындау
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс
ИЖТМ, Қаржымині
2011-2014 ж.ж. IV тоқсаны
Информация о работе Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010