Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:01, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

Содержание

Қосымша ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Екі тілде
Көшіру
Басып шығару

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010.docx

— 118.41 Кб (Скачать документ)

       жобаларды  іске асыру кезеңінде және пайдалану кезеңінде сатып алулардағы жергілікті қамту міндетті талаптарды, жергілікті персонал бойынша талаптарды белгілеу;

       жобаларды  мемлекеттік-жеке әріптестік қағидаттарындағы жобаларды іске асыру

       Анағұрлым радикалды директивті жоспарлау әдістері индустрияландырудың бастапқы кезеңдерінде Оңтүстік Корея мен Қытайда қолданылды:

       жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жасанды нағайту, олардың бәсекеге қабілеттіктерін арттыру және ауқымда үнемдеу мақсатында холдингтер, конгломераттар қалыптастыру;

       әлемдік еңбек өнімділігінің деңгейіне шығу мақсатында еңбек өнімділігінің жоспарын, өндіріс көлемі мен экспорттың жоспарын белгілеу;

       нақты қайтарылмайтын мемлекеттік кредиттер және теріс нақты пайыздық ставкалары бойынша мелекеттік банктердің кредиттерін беру;

       банктерді  мемлекет меншігіне алу;

       кәсіпорындардың шетелдік қарыздары бойынша мемлекеттік кепілдік беру;

       құнсыздану және төмендетілген валюта бағамын ұстап отыру;

       импорттық және экспорттық квоталарды енгізу.

       Директивті әдістер саланың жылдам өсу қарқынына қол жеткізуге, жаңа жұмыс орындарын ашуға, өндірісті «нөлден» бастауға, импортты алмастыру мен өнімдерді экспорттауға мүмкіндік береді. Дегенмен мемлекеттік ресурстарды тиімсіз инвестициялау қатерлері, кәсіпорындардың «қарыздық шұңқырларға» түсіп кету қауіптері, экспорттық нарықтық жағдайға тәуелділік, ішкі нарықтағы монополияландыру, шетелдік инвестицияларға тәуелділік секілді қауіптер бар.

       Тікелей  емес (индикативті) әдістер мемлекеттің қызметтің жалпы қолайлы жағдайларын жасаумен сипатталады, бірақ оған тікелей араласпайды. Мемлекеттік реттеудің тікелей емес әдістері саласына мыналарды жатқызуға болады:

       химия өнеркәсібінің дамуы үшін заңнамалық шарттар жасау, тұрақты заңнаманы қалыптастыру;

       мемлекеттік  кредиттерді төмендетілген пайыздық үстемемен беру және кепілдік беру;

       тікелей  шетелдік инвестицияларды өнеркәсіптік аймақтар құру және әлеуметтік-экономикалық аймақтар құру арқылы ынталандыру;

       сала үшін персонал даярлау;

       саланың өнімдеріне сұранысты ынталандыру.

       Бұл модельдің кемшілігі реттеу құралдарының күрделілігі болып табылады, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған жеткілікті дәрежеде қуатты өндірістер болуы қажет.

       Өңдеуші салалардың деңгейі айтарлықтай жоғары болған кездерде, бұл өткен ғасырдың 60-70 жылдарында, мысалы үшін, Жапония мен Германияда болды, мемлекет негізінен сала дамуының инновациялық және бәсекелестік түріне өтуіне әсер ететін шараларға басты назарын аудара бастайды, ал ол ұзақ мерзімді болжау мен ғылыми-техникалық прогресті басқаруды талап етеді:

       технопарктер  мен бизнес-инкубаторлар құру;

       ҒЗТКЖ инвестициялау;

       зияткерлік  меншікті қорғауды және зерттеулер жүргізушілер үшін роялти құқығын қамтамасыз ету;

       кәсіпкерлермен бірлесіп жасалған саланың ұзақ мерзімді жоспарларын құрастыру негізінде дамуы;

       ұзақ мерзімді даму жоспарларының базасына сәйкес ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін зейнетақы салымдарын қолдану;

       қатаң техникалық стандарттарды қолдау;

       мамандануды, ұсыныс икемділігін, инновациялық әзірлемелерді қамтамасыз ету мақсатында шағын және орта бизнеске, оның ішінде инновациялыққа қолдау көрсету;

       қатаң монополияға қарсы бақылау, бәсекенің тең шарттарын жасауды бақылау;

       сыбайлас  жемқорлықты жаныштау.

       Бұл модельдің кемшілігі реттеудің күрделілігі, монополияға қарсы және бәсекелестік туралы заңнаманың, зияткерлік меншікті қорғау туралы заңнаманың қатаңдығы болып табылады, бұл кәсіпорындар үшін қосымша транзакциялық шығындар тудырады, сонымен қатар дайындықты қамтамасыз ету, еңбекақысы жоғары деңгеймен біліктілігі жоғары мамандарды ұстау және тарту қажет.

       Саланың айтарлықтай дамыған деңгейге жеткен кезінде (атап айтқанда АҚШ-та) демпингке қарсы шараларды қолдану және қосымша ынталандыру шараларын жүргізу қажет:

       жергілікті өндірушілерді артып келе жатқан шетелдік бәсекелестердің агрессивті және заңсыз демпингтік саясаттарынан қорғау;

       ішкі  тұтынуды ынталандыруды күшейту;

       әскери сектордан азаматтық секторға технологиялар трансферті;

       сұранысты мемлекеттік сатып алу жолымен ынталандыру.

       Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғанындай, шетелдерде отандық химия шаруашылығының дамуына мемлекет тікелей атсалысады. Экономиканың нақты секторын индустриялық - инновациялық дамыту кезеңінде аталған шаралар Қазақстанның жағдайында да табыспен қолданылуы мүмкін.

4. Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру көрсеткіштері нәтижелері

1. Бағдарламаның мақсаты

 

      Химия өнеркәсібін одан әрі дамыту үшін жағдай жасау.

2. Нысаналы индикаторлар

 

Атауы 

өлшем бірлігі 

Ақпарат көзі 

2009 ж 

2010 ж. 

2011 ж. 

2012 ж. 

2013 ж. 

2014 ж.

 

Химия өнімінің ішкі өндірісі 2 есеге артады 

млрд. теңге 

СА 

85,5 

98 

115 

116 

175 

177

 

Жоғары өңделген химия өнімінің экспортын 2 есеге арттыру 

млрд. теңге 

СА 

6,7 

6,8 

7,3 

8,4 

10,5 

13,5

 

Жаңа химиялық өнімдер түрлерінің өндірісін ұйымдастыру 

бірлік 

ИЖТМ СА 

6

 

Каустикалық сода* 

мың тонна 

СА 

30 

30 

30 

33

 

Хлор* 

мың тонна 

СА 

9,6 

9,6 

9,6 

10

 

Тұз қышқылы* 

мың тонна 

СА 

45 

45 

45 

47

 

Натрий гипохлориті* 

мың тонна 

СА 

6,6 

6,6 

6,6 

10

 

Минералдық тыңайтқыштар 

мың тонна 

СА 

251,7 

254 

257 

260 

260 

1140

 

Химиялық шикізатты қайта өңдеу және байыту бойынша жаңа өндірістер енгізу 

бірл. 

ИЖТМ СА 

4

 

Күкірт қышқылы 

мың тонна 

СА 

997 

997 

1177 

1177 

2527 

2527

 

Аммонит** 

мың тонна 

СА 

15 

15 

15

 

Биопрепараттар және гуматтар (өсу стимуляторлары) 

мың тонна 

СА 

0,6 

0,6 

0,6 

0,6

 

 

 

      * - хлор-сілтілік өнімдер өндірісі;

       ** - жарылғыш заттар өндірісі.

3. Бағдарламаның міндеттері

 

       1. Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2012 жылы  Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ жаңғырту.

       2013 жылы  Жамбыл облысындағы «Қазфосфат» ЖШС жаңғырту.

 

       2. Озық технологиялар негізінде жаңа бәсекеге қабілетті химия өндірістерін құру

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2013 жылға Ақмола облысындағы Степногор қаласындағы күкірт қышқылы зауытын қайта қалпына келтіру.

       2013 жылға Алматы облысында қуаттылығы 600 тонна биогумат өндірісі («АнаЖер»ЖШС).

       2014 жылға Ақтөбе облысында қуаттылығы 880 мың тонна минералдық тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысы («Shilisai Chemicals» ЖШС).

       2014 жылға Маңғыстау облысында қуаттылығы 850 мың тонна аммиакті-карбамидті кешеннің құрылысы («Каспий азот» ЖШС).

 

       3. «Тауаша»  жобаларды іске қосудың негізгі мәселелерін пысықтау

       2014 жылға калийлі тыңайтқыштардың жаңа өндірісін ашу үшін барлау жұмыстарын жүргізу.

 

       4. Ішкі  нарықты отандық өндірістің бәсекеге қабілетті, экспортқа бағытталған қосылған құны жоғары химиялық өнімдермен толтыру

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2012 жылы  хлор-сілтілік өнімдер өндіру (Каустикалық сода - 30 мың тонна, тұз қышқылы - 45 мың тонна, хлор - 9,6 мың тонна, натрий гипохлориті - 6,6 мың тонна) және күкірт қышқылы - 180 мың тонна.

       2013 жылы  биопрепараттар мен гуматтар өндірісі - 600 тонна, кальцийлендірілген сода - 400 мың тонна.

 

       5. Ресурстың базамен қамтамасыз ету

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2014 жылы  минералды тыңайтқыштар өндіретін үлкен жобаларды табиғи газбен қамтамасыз ету үшін ұсыныстар енгізу.

 

       6. Тиімділігі  жоғары технологияларды жасауға ғылым әлеуетін тарту арқылы химия өнеркәсібі кәсіпорындарының инновациялық белсенділігін арттыру

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2012 жылы  химия өнеркәсібінде мамандандырылған шетелдік инжинирингтік компаниямен бірлесіп, мамандандырылған инжинирингтік компания құру ұсынысын дайындайтын жұмыс тобын құру.

       2012 жылдан 2014 жылдар аралығында химиялық өнеркәсіптегі қажетті өнімдерді өндіру үшін ҒЗТКР жұмыстарына гранттар бөлу.

 

       7. Химия өнімдерінің экспорттың әлеуетін арттыру

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2012 жылы  халықаралық ұйымдарда аккредитацяланған химиялық өнімдерді сертификаттайтын зертхана құру жөнінде ұсыныс енгізу.

       2014 жылы 9 техникалық регламентті енгізу.

       2014 жылы 225 мемлекеттік стандартты әзірлеу.

       2014 жылы 225 мемлекеттік стандартты әзірлеу.

       2010-2014 жылдан  бастап өнеркәсіптерге халықаралық көрмелер мен симпозиумдарға қатысу үшін химиялық өнімдердің экспортерларының кеткен шығындарын төлеу.

 

       8. Білікті  мамандармен қамтамасыз ету

       Міндеттер  көрсеткіштері:

       2013 жылы  химия саласында мамандар дайындайтын  Тараз қаласында 600 орындық мамандандырылған лицейдің құрылысы.

       2014 жылы  химия саласындағы қажетті мамандар бойынша стандарттар жасау.

5. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері

 

      Тапсырмаларды  орындау үшін 2010 жылдан 2014 жылдар аралығында келесі шаралар болжанады:

1. Технологиялық регламенттер мен стандарттарды енгізу

 

       Экспортталатын өнімдер сапасының әлемдік талаптарға сай келуін, отандық өнімдердің шет елдер тарапынан тартымдылығын арттыру үшін технологиялық регламенттерді жасау мен енгізу, мемлекеттік стандарттарды халықаралық талаптарға сәйкестендіру ұсынылады.

       Атап  айтқанда, 2010-2014 жылдар аралығында Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті 9 техникалық регламентті енгізуді жоспарлап отыр; 013 «Метрология және техникалық реттеу аумағындағы қызметтер» бюджеттік бағдарлама шеңберінде халықаралық талаптармен үйлестірілген 225 мемлекеттік стандартты жасау және енгізу, олардың ішіндегі 145 сынау әдістеріне арналған және 80 мемлекеттік стандарттар өнімдеріне тиесілі болады, мемлекеттік эталондарды жаңарту; қазіргі әдістермен микробиологиялық, оптико-физикалық, физико-химиялық өлшемдер жүргізу үшін рН-метрдің спектрометрлік және хромотографиялық беттік электрлік өткізгіштігі бойынша мемлекеттік эталондарды жаңартуды жүргізу.

       Ұсынылған стандарттар төмендегідей химиялық өнімдер түрлеріне бағытталған:

       1) тыңайтқыштар - 11;

       2) газдар  мен аэрозольдердің анализаторлары - 12;.

       3) электрондық техника материалдары - 3;

       4) жарылғыш заттар — 9;

       5) парфюмерия  және косметика бұйымдары — 11;

       6) құрыштан жасалған аппараттар, беттік активті заттар - 9;

       7) зертхана  жарақтары - 81;

       8) зертхана  жабдықтары - 20;

       9) тұрмыстық химия тауарлары - 17;

       10) химиялық талдау әдістері - 52.

       Химия  саласындағы жаңа техникалық регламенттер мен стандарттардың жасалуына және енгізілуіне байланысты мынадай мүдделі тараптарға сәйкес ақпаратты жеткізу қажет: химия өнеркәсібінің өнімдерін өндіретін немесе тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар мен сатып алушылар, сәйкес сертификаттар берумен айналысатын және регламенттер талаптарына сәйкестікке, өнімнің сапасы мен қауіпсіздігіне баға беретін мамандандырылған зертханалар мен орталықтар, сонымен қатар аталған саланы қадағалайтын мемлекеттік органдар.

       Қолданылып жатқан шаралар жөнінде ақпарат беру мақсатында сәйкес құжаттар (техникалық регламенттер және стандарттар) төмендегі ұйымдарға жіберілетін болады: базалық органика, базалық бейорганика, арнайы тұтынушылық химикаттарын, өнімдерін өндіретін және тұтынатын өнеркәсіптік кәсіпорындар, мамандандырылған орталықтар мен зертханаларға өз жұмыстарында пайдалану үшін, сондай-ақ оларды орындамағаны үшін жауапкершілік шаралары. Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің сайтында аталған құжаттар еркін қолжетімді болады.

       Бұқаралық ақпарат құралдарында жыл сайын сапа мен қауіпсіздікті растаудың артықшылықтарын және сәйкес техникалық регламенттер мен стандарттарға сай өндірілген сапалы да қауіпсіз өнімдерді сатып алудың артықшылықтарын баяндайтын жарнама акциялары жүргізіліп отырады.

       Аталған саланы бақылап отыратын мемлекеттік органдар атқарылатын іс-шаралар жайында белгіленген тәртіпте ақпарат алып отырады.

2. Өнеркәсіпті технологиялық жаңғыртуды қамтамасыз ету

 

       2012 жылдан 2014 жылдар аралығында «Өнімділік - 2020 бағыты шеңберіне инновациялық гранттар беру» 026 бюджеттік бағдарламасы бойынша жаңа химия өнімдерін шығару, химия кәсіпорындардың технологиялық мәселелерін шешу, басқа да салалардың кәсіпорындарында химия өнеркәсібінің өнімдерін пайдалану бойынша нысаналы қолданбалы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын іске асыру болжанып отыр.

       Бағдарламалар мемлекеттің, мамандандырылған қорлардың, мүдделі кәсіпорындардың тарапынан зерттеулер жүргізуге тапсырысты қоса қаржыландыру қағидасына негізделетін болады. 2010 жылы бағдарламаларды құрылымдандыру қаржыландыру қажеттіліктері мен оларды іске асырудағы негізгі әріптестерді айқындай отырып жүргізілетін болады. Кейінгі жылдары зерттеулерді тікелей іске асыру жүргізілетін болады.

       Аталған жұмыстар әзірлемелерін озық әлемдік деңгейін қамтамасыз ету мақсатында бірлесіп қатысу қағидаттарында қазақстандық және жетекші шетелдік зерттеушілермен орындалатын болады. Осындай қағидаттарда жаңа химия өнімдерін шығаруға және басқа да салалардың кәсіпорындарында химия өнімдерін пайдалануға гранттар бөлу қажет.

Информация о работе Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010