Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 19 Февраля 2013 в 15:01, реферат

Краткое описание

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.

Содержание

Қосымша ақпарат
Өзгерістер тарихы
Сілтемелер
Екі тілде
Көшіру
Басып шығару

Прикрепленные файлы: 1 файл

Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010.docx

— 118.41 Кб (Скачать документ)

       Табиғи фосфаттар суперфосфат, аммофос секілді минералдық тыңайтқыштарды өндіруде қолданылады.

       Қазіргі таңда «Қазфосфат» ЖШС 2 млн. тоннаға дейін құрамы 30% Р2О5 кем емес тауарлық жоғарғы сапалы фосфоритті концентрат алатын кен байыту фабрикасын (бұдан әрі - КБФ) «Самұрық - Қазына» ҰӘҚ» АҚ - мен бірлесіп қайта қалпына келтіруді жоспарлауда. 1990 жылдың басында тоқтатып қойған Қаратаудағы «Қазфосфат» ЖШС филиалы Жаңатас кен орнының суспензионды және ұнтақтағыш-үгіту фабрикасының өнеркәсіптік алаңы жобаны іске асыру алаңы болып табылады.

       «Қазфосфат» ЖШС КБФ базасында минералды тыңайтқыштар өндіруге қажет, қуаттылығы 650 мың тонна күкірт қышқылын өндіретін цех салу жоспарлануда.

       Өнеркәсіптік алаңға қажетті жер телімдері иеленуші- «Қазфосфат» ЖШС-не бекітілген, ол жерде теміржол және автомобиль жолдары; электр, су, жылу және басқа да қажетті инженерлік коммуникациялар бар.

       «Қазфосфат» ЖШС филиалдарында жобаларды іске асыруға қажетті тиісті мамандандандырылған негізгі техникалық қызметшілер бар. Сондай-ақ, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Тараз мемлекеттік университеті, Жаңатас көпбейінді колледжі, № 2 және № 5 кәсіптік лицейлерімен жобаны іске асырған кезде қажет болатын мамандарды дайындайтын келісімге отырды.

      Азотты тыңайтқыштар

       Қазақстан Республикасында табиғи және ілеспе газдың ірі кен орындары бар, олар азот пен одан әрі қарай азоттық тыңайтқыштар алу үшін шикізат болып табылады.

       Қазақстан Республикасындағы химия өнеркәсібі үшін табиғи газдың (метан) болуы құрамында азот бар тыңайтқыштарды өндірудің кез-келген жобаларының базисі болып табылады. Негізгі ресурстар Қарашығанақ, Теңіз және Қашаған ірі кен орындары болып табылады.

       Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылық министрлігі деректері бойынша, мемлекетті азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз ету үшін, топырақ құнарлығы мен топырақ қоректендіргіш қорды сақтауға егістік жерлердің азотты минералды тыңайтқыштарға деген қажеттілігі жылына 1530 мың тоннаны құрайды.

       Қазақстанда азоттық тыңайтқыштардың негізгі өндірушісі «ҚазАзот» ЖШС болып табылады. Аталған компанияның шығаратын өнімдерінің номенклатурасында: синтетикалық сұйық аммиак, әлсіз азот қышқылы, аммиакты селитрасы өнімдері бар. Өнеркәсіптің қазіргі өнімділік қуаттылығы айына тек 17 мың тонна аммиакты селитра шығара алады. Негізгі қордың моральды ескіріп тозуынан табиғи газдың шығыны америкалық және батыс европалық кәсіпорындарымен бір өнімге есептеп салыстырғанда 30—40% жоғары. Екі жыл бұрын мәлім етілген жаңа кешен құрылысы және жұмыс істеп тұрған кешенді қалпына келтіру жұмыстары әлі басталған жоқ.

       Төменгі кестеде Қазақстан Республикасында азотты тыңайтқыштар өндіру және қолданудың жалпы мәліметтері келтірілген (мың тонна).

 

 

2006 ж. 

2007 ж. 

2008 ж. 

2009 ж.

 

Өндіріс 

54,1 

221,8 

204,8 

205,4

 

Импорт 

250,5 

246,4 

246,7 

207,7

 

Ішкі қолданыс 

250,7 

284,5 

291,3 

330,1

 

Экспорт 

37,6 

198,2 

155,5 

83,1

 

 

 

       Аммиакты  пайдаланудың негізгі бағыты басым азоттық (карбамид, нитрат және аммоний сульфаты) және фосфатты (аммофоса, диаммофос) - минералды тыңайтқыштар өндірісі болып табылады. Республикада өндірілетін техникалық сұйық аммиактың біраз бөлігі азотты минералды тыңайтқыштарға өңделеді.

       Азот қышқылы көптеген құрамында азот бар заттарды алу үшін бастапқы өнімдердің бірі болып табылады.

       Республикамызда  азот қышқылының өндірісі тек «ҚазАзот» ЖШС-де ғана шоғырланған, олар оны өздерінің мұқтаждықтары үшін өндіреді.

       Қазақстан Республикасында қазіргі кезде түйіршіктелген карбамид өндірілмейді.

       2014 жылға дейін Маңғыстау облысында «Каспий Азот» ЖШС Аммиакты-карбамидті кешеннің (бұдан әрі - АКК) қүрылысы жоспарлануда. Жоба қуаттылығы - 850 мың тонна түйіршіктелген карбамид және 527 мың тонна аммиак, оның ішінде 476 мың тонна аммиак түйішіктелген карбамид өндірісіне шикізат ретінде, 51 мың тонна тауарлы аммиак сатуға жіберіледі.

       Минералды  тыңайтқыштардың басқа түрімен салыстырғанда карбамид нығыздалмайды, 100% сусымалы, ылғал жұтпайтын қасиетке ие.

       АКК орналасу  орнын таңдау өнеркәсіпке шикізаттың негізгі екі түрін жеткізу мүмкіндігімен негізделген - табиғи газ құбырын тарту және көл суын жеткізу жүйесі құбырын салу, сондай-ақ, табиғи теміржол және автомобильді жолдарды тарту ыңғайлылығы.

       «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағына қатысушы ретінде алынған рұқсат салық және кедендік жеңілдіктер, арнайы артықшылықтар береді.

      Калийлі  тыңайтқыштар

       Калий  түздары хлорлы және сульфатты калийлі тыңайтқыштарды өндіруге қажетті маңызды шикізат болып табылады.

       Қазақстан Республикасының калий тұздарының мемлекеттік теңгерімімен төрт кен орны есепке алынған: Ақтөбе облысысында орналасқан Жылан, Атырау облысында орналасқан Індер және № 99 кен орындары, Батыс Қазақстан облысында - Сәтімола кен орны.

       Қазіргі уақытта, Қазақстанда калийлі тыңайтқыштар өндірісі жоқ. Бірақ, тыңайтқыштың осы түріне деген сұраныстардың көпшілігін ескере отырып, шағын кәсіпорындар Беларусь Республикасынан (бұдан әрі - БР) әкелінетін селвинитті көлемі 500 тонна калийлік тыңайтқыштарға дейін қайта өңдеумен айналысатын азынаулақ өндірісті жақсартты.

       Калийлі  тыңайтқыштарға деген сұраныс ішкі нарықтарда да, әлемдік нарықта да жыл сайын өсіп келеді; осыған байланысты калийлі, сондай-ақ оның негізінде кешенді тыңайтқыштар өндірісі үлкен қызығушылық тудырады.

       «Батыс  Калий» АҚ «Батыс» ӘКҚ» ҰК» АҚ-мен бірлесіп, геологиялық барлау жұмыстарының жобасын жасау үшін қажетті, кен орнын ары қарай барлауға геофизикалық жұмыстар жүргізу жоспарлауда. («Жилянск» және «Челкар» калийлі тұздар кен орындары жер қойнауын қолдану қүқығы)

       Ақтөбе облысы, Ақтөбе ауданында орналасқан Жилянск кен орнында геолого-түсіру, барлау және іздеу жұмыстары жүргізілді.

       Батыс Қазақстан облысындағы Челкар кен орны аз зерттелінген. Жилянск кен орнындағы калийлі тұздың жобаланған қоры 500-600 млн. тонна шикі кен деп бағаланады.

       Келтірілген  геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу қазақстандық  және тау-кен өндірісі саласында беделі бар ЕRCОSРLАN консалтингтік компанияларын тарту арқылы жүргізу жоспарланған.

       2010-2011 жылдарға геологиялық барлауды аяқтаудың физикалық көлем жұмыстары қарастырылған, ол аяқталғаннан кейін «Жилянск» және «Челкар» кен орны құрылымын игерудің мақсатқа сәйкестілігінің ТЭН жасалатын болады.

         Аммофос  (моноаммонийфосфат, диаммонийфосфат), кешенді тыңайткыштар

       Моноаммонийфосфат  (бұдан әрі - МАФ) және диаммонийфосфат (бұдан әрі - ДАФ) аммиак және фосфор қышқылынан өндіріледі.

       Қазақстан Республикасында «Қазфосфат» ЖШС аммофос өндіретін жалғыз кәсіпорын болып табылады. Зауыт қуаттылығы - жылына 360 мың тонна.

       Елімізде  фосфорлы тыңайтқыштарға деген сұранысты құрамында 44%-дан 48%-ға дейін Р205 бар қос суперфосфат қанағаттандырады. Ол ұнтақталған және ұнтақталмаған күйде шығарылды, сондай-ақ қоспалардағы тыңайтқыш ретінде қолданылады (калийлі және азотты тыңайтқыштармен).

       Ішкі  нарықтың аммофосқа деген сұранысы және қажетті шикізаттың болуы МАФ, ДАФ шығаратын ірі жобаларды іске асыруға түрткі болды.

       Ақтөбе фосфоритті бассейнінде құрамында 7-12 % Р205 бар (900 млн. тонна) фосфориттер 10 млрд тоннаға дейін фосфориттер шоғырланған, оның ішінде аммофосты өнеркәсіптік игеруге дайындалғаны (Шилісай кен орны) - 1160 млн тонна руда немесе 110,37 млн тонна Р205.

       Осы кезеңде Шилісай кен орнында «Сұңқар Ресурсы» ЖШС қуаттылығы 880 мың тонна МАФ, ДАФ өндіретін зауыт құрылысын ұйымдастырудың жобалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданында іске асатын болады.

       Қосымша инвестициялар қолдағы инфрақұрылымдарды жақсартуға қажет.

       Оңтүстік Қазақстан облысындағы Созақ ауданында орналасқан Қаратау бассейніндегі Үшбас және Герес кен орындарын игеру аммофос өндіру үшін тиімді болып табылады. Кеннің негізгі бөлігін ашық әдіспен алу мүмкіндігі жобаның таулы бөлігіне кететін шығындарды азайтып, осы кен орнының негізгі артықшылығын көрсетеді. Жоба қуаттылығы 1 млн. тоннаға дейін.

       «Минералды-Химиялық Компания «Еврохим» ААҚ (бұдан әрі - «Еврохим» МХК» ААҚ) 2016 жылға дейін Жамбыл облысындағы Гиммельфарбск және Көк-Жон (Аралтөбе және Кесіктөбе учаскелері) фосфор кен орындарын игеру үшін 300 млрд теңге жұмсау жоспарлауда. Атап айтқанда, жылына 5-6 миллион тонн фосфоритті кен алатын бір жер асты және екі ашық кенорнын салу және және жалпы көлемі жылына 1,4 млрд тонна МАФ/ДАФ, азотты және кешенді минералды тыңайтқыштар шығаратын өңдеуші химиялық кешен салу.

       Гиммельфарбск  және Көк-Жон фосфорит кенорындарын игеру кезінде жобаланған өндіріс орындарының жанында мамандарды орналастыруға қажетті бос үйлер мен әлеуметтік бағыттағы нысандардың болуы да оң әсер етеді. (кен орындары Жамбыл облысындағы Жаңатас кеншілер қаласының жанында орналасқан).

 Күкірт қышқылы

 

       Әлемдік күкірт өнеркәсібі әлі күнге дейін екі сектордан тұрады: дискрециялық (табиғи күкірт пен кольчедандарды өндіру) және дискрециялық емес (күкіртті қалпына келтіру және қосалқы күкірт қышқылын алу). Күкірттің жалпы өнідірісінің көлеміндегі дискрециялық бөліктің үлесі кемінде 10% құрайды. Оттекті ортада әдетте күйдіріліп босатылатын күкірттен металдарды алу кезінде күкірт диоксиді құралады. Сульфидті кендерден басқа сульфат түрінде де көптеген күкірт кездеседі, мысалы, кальций сульфаты (гипс), барий сульфаты) (барит). Қазақстанда күкірт қышқылын өндіру үшін шикізат Жезқазған және Балқаш мыс балқыту зауыттарының («Қазақмыс» АҚ), Өскемен және Шымкент қорғасын-мырыш комбинаттарының («Қазмырыш» АҚ) қалдық газдары болып табылады. Күкірт қышқылын бағасына оның тұтынушыға дейін жеткізетін тасымал шығындары барынша әсер етеді.

       Қазіргі кезде Қазақстандағы күкірт қышқылының өндірісі жылына шамамен 1 млн. тоннаны құрайды және уран кендерін жерасты сілтілеу үшін тыңайтқыштар мен басқа да өнімдерді өндіру үшін жылына 1 млн. тоннадан астам тұтынылады.

       Қазіргі таңда, мұнайды өңдеу және алу кезінде өндіріс қалдығы болып пайда болатын күкіртті, өндіріс технологиясында пайдалану арқылы күкірт қышқылын өндірудің бірқатар жобалары талқылануда.

       Мемлекеттік  теңгерімі тарапынан Батыс Қазақстанда орналасқан Батыс Қазақстан облысы, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау облыстарынның аумағындағы 28 мұнай-газ-конденсатты, газ конденсатты және газ-мұнай кен орындары күкірт қоры есепке алынған.

       «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық компаниясы» АҚ (бұдан әрі - «Қазатөменөркәсіп» АҚ) Қазақстан Республикасында күкірт қышқылының бірден-бір негізгі тұтынушысы болып табылады, себебі олар қазіргі кезде уран көндерінде жерасты сілтілеу әдісін қолданады.

       «Қазатөменөркәсіп» АҚ уран алуды көбейту бағдарламасы бойынша, 2015 жылы 2006 жылмен салыстырғанда компания кәсіпорындарында күкірт қышқылын тұтыну 4 есеге дейін артады деп жоспарланады.

       Сондықтан, «Қазатөменөркәсіп» АҚ өзінің артып келе жатқан сұранысын қанағаттандыру үшін Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданында қуаттылығы жылына 500 мың тонна күкірт қышқылын шығаратын зауыт салуды жоспарлауда.

       Сондай-ақ, «Қазатомөнеркәсіп» АҚ «Біріккен химиялық компания» ЖШС-мен бірлесіп «Өндірістік қуаттылығы жылына 180 мың тонна күкірт қышқылы зауытын жандандыру» бағдарламасын пысықтауда («Қазатөмөнөркәсіп күкірт қышқылы зауыты біріккен кәсіпорны»). Күкірт қышқылын өндіретін жаңа қондырғыны жұмыс істеп тұрған күкірт қышқылын өндіретін алаңда орналастыру болжанады. «Степногорск тау-химиялық кешені» ЖШС-інде жобаны іске асыруға қажетті инфрақұрылымдар бар.

       Елімізде  күкірт қышқылын тұтынудың жалпы көлемінің 1/4 бөлігі фосфорлы тыңайтқыштар өндірісіне келеді. Болашақта Жамбыл, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы фосфорлы, азот-фосфорлы және кешенді тыңайтқыштар өндіру жобаларына кеннің қышқылға 1:3 қатынасында күкірт қышқылы қажет.

       Фосфорлы  концентрат алу көлемі ұлғаюына байланысты «Қазфосфат» ЖШС қуаттылығы 650-мың тонна күкірт қышқылы цехын салу жоспарлауда.

       Ақтөбе облысында «Қуаттылығы 880 мың тонна МАФ/ДАФ шығаратын зауыт салу» жобасы бойынша қуаттылығы 1 млн. тонна цех салу жоспарлануда.

       «Еврохим»  МХК» ААҚ жобасы бойынша Жамбыл облысында аммофос жяне кешенді минералды тыңайтқыштар шығару үшін 500 мың тонна күкірт қышқылы қажет.

 Хлор - сілтілі өнімдер: каустикалық сода, хлор, тұз қышқылы, натрий гипохлориті

 

       Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында хлор-сілтілі өнімдерінің өндірісі жоқ.

       Қазақстан Республикасы 2009 жылы 94,6 мың тонна көлемінде каустикалық сода, 12,4 мың тонна көлемінде хлор, 29 мың тонна көлемінде тұз қышқылын және 1,3 мың тонна көлемінде натрий гипохлоритін импорттады. Каустикалық сода жәфлот-реагент ретінде металлургия кешенінде қолданылады, хлор негізінен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығында суды тазарту үшін пайдаланылады. Натрий гипохлориті жалпы жеңіл өнеркәсібінде өңделген теріні тазарту үшін қолданылады.

 Хлор - сілтілі өнімдері импорты мен өндірісі болжамы, мың тонна

 

Өнім атауы 

Импорт 

Өндіріс

 

2008 ж. 

2009 ж. 

2004-2009 жж. 

2015 ж.

 

Каустикалық сода 

100,2 

94,6 

30

 

Сұйық хлор 

15,6 

12,4 

9,9

 

Тұз қышқылы 

26,5 

29,0 

45

 

Натрий гипохлориді 

1,3 

6,6

 

 

 

       Қазіргі таңда Павлодар қаласында «Каустик» АҚ зауытының негізінде жаңа қондырғы құрылысы аяқталуда, ол тек хлорды ғана құюмен айналысады. Жаңа зауыттың өнімділігі - жылына 30 мың тонна каустикалық сода, 9,6 мың тонна хлор газын және 45 мың тонна көлемінде хлор бөлшектерінің тұз қышқылына ауыстырылуы құрайды.

       Каустикалық соданы және сұйық хлорды ион алмастырғыш мембраналыры бар электролизерлерде сынапсыз технологиямен ас тұзын электролиздеу тәсілі арқылы өндіру жоспарланып отыр.

       Павлодар қаласындағы «Каустик» АҚ жобасының іске асырылуына мынадай факторлар ықпалдасады: бастапқы шикізатқа қолжетімділік; электр энергиясына қолжетімділік және оның құнының қабылданғаны; дамыған инфрақұрылымның болуы.

       Жоба  бойынша хлор-сілтілі өндірісте Қалқаман кен орнының ас тұзы пайдаланылады, оның қоры 7 млн. тоннаны құрайды, сонымен қатар басқа кен орындары пайдаланылады. Павлодар облысының тұзды көлдеріндегі бекітілген тұз көлемі 50 млн. тоннаны құрайды және тұз уақыт өте келе бастапқы қалпына келе береді. Ал «Каустик» АҚ жылдық ас түзына қажеттілігі бар болғаны жылына 50 мың тоннаны құрайды.

Информация о работе Қазақстан Республикасының химия өнеркәсібін дамыту жөніндегі 2010