Патофизиология пәні және міндеттері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 16 Сентября 2013 в 17:19, реферат

Краткое описание

Патологиялық физиология бастапқы ғылым және оқу пәні ретінде.
Патологиялық физиология бастапқы ғылым ретінде медицина оқу жүйесінде ерекше орын алады. Теориялық және клиникалық пәндер қиылысында орналасып және интегративті медико-биологиялық ғылым бола отырып, ол дәрігерлік ойлау қабілетін дамытады. Патологиялық физиологияның негізгі мақсаты-студенттерді "науқас төсегінде дүниетануды қолдану" білуді үйрету (С.П.Боткин).

Прикрепленные файлы: 1 файл

1.doc

— 197.50 Кб (Скачать документ)

Макрофагтар рөлі туралы И.И.Мечниковтың ілімі гуморальді фактор мен клеткалық элементтер арасында тікелей байланыс көрсетілген  гемолизиндер туралы Л.А.Тарасевичтың зерттеуінде әрі қарай дамуын алды. В.В.Подвысоцкий мен Л.А.Тарасевичтің шәкірті А.А.Богомолец дәнекер ұлпа ағзаның қорғаныш реакциясы мен алмасу процесстеріне қатысатындығын көрсетті. Оның дәнекер туралы ілімі коллагеноз туралы ілімі жәнеадамдар конституциясының типін ажырату әрекеті үшін алға шарт болды. А.А.Богомолецтің зерттеулері ағза реактивтілігін анықтауда эндокринді-вегетативті реттеудің және дәнекер ұлпа белсенділігінің рөлін түсінуге әсерін тигізді. А.А.Богомолец қан құюдың, дәнекер ұлпа қызметінің цитотоксикалық стимуляциясының әсер ету механизмі, зат алмасу реттелуінде бауырдың рөлі туралы негіздерді қалыптастырған. 1925ж. ол қорғаныш заттарының өнімдерін күшейте отырып, ретикулоэндотелиальді жүйенің қызметін аз дозада стимулдейтін антиретикулалы цитотоксикалық сарысуды анықтады (АЦС). Ұлы Отан соғысы жылдары АЦС трофикалық ойық жаралар мен жаралардың жазылуына кең қолданды. А.А.Богомолец дәнекер ұлпаның трофикалық қызметінің әлсіреуімен, клеткааралық заттар мен ұлпалардың физика-химиялық қасиеттерінің өзгерістерімен ағзаның қартаю процессін түсіндіретін концепцияны қозғады. А.А.Богомолец патофизиологтардың ғылыми мектебін ашты, одан Н.Н.Сиротинин (Саратов-Қазан-Киев), Н.А.Федоров (Мәскеу), Н.Н.Зайко (Киев) және басқалары оқып шықты.

Н.Н.Сиротининнің негізгі  еңбектері экстремальді факторлар  әсеріне (гипоксия, анафилаксия, аллергия) ағзаның резистенттілігі мен реактивтілігінің салыстырмалы патологиясының мәселелеріне арналған. Салыстырмалы патология әдісін қолдана отырып, Н.Н.Сиротинин филогенетика тұрғысынан инфекцияның ең ежелгі формасы-микробтардың ағзада гуморальді және клеткалық типте салыстырмалы әлсіз реакциялар кезінде қарапайым көбею екенін көрсетті. Инфекционды процесстің ең жаңа филогенетикалық формасы фагоцитарлы процесстің спецификациясы мен антидене өндіру бағытында лимфа-гистоцитарлы аппараттың жетілдіруі болып табылады. Тағы бір жаңа инфекционды процесстің жануар әлемінде тарихи дамуында аллергиялық реакциялардың инфекция көрінісіне қосылуы болып табылады.

Тау ауруының патогенезін  зерттеуі бойынша Н.Н.Сиротининнің орындаған жұмыстары, тау ауруы  кезінде басты өзгерістер гипоксия, газды алкалоз және ағзаның шаршауы болып табылатынын көрсетті. Биік тау жағдайында гипоксияға адаптация процесстері мен оттектік ашығудың әртүрлілері эволюционды жоспарда зерттеле отырып, Н.Н.Сиротинин тауларда  баспалдақты акклиматизация принципін өңдеді және емдеу үшін гипоксиямен өтетін ауруларды, сонымен қатар биік және космостық ұшуларда экстремальді әсерлерге ағзаның тұрақтылығының жоғарлауы үшін жоғары таудағы климатқа адаптацияны қолдануға болатынын көрсетті. Оның басқаруымен 1958ж. авиациялы және космостық физиология мен медицина үшін маңызы зор гипокинезияның сау адам ағзасына әсерін анықтауы бойынша зерттеулер ашылды.

Нервизм

Нервизм элементтері XVIIIғ. ортасында пайда болы және А.Галлердің, У.Кулленнің, Е.О.Мухиннің, И.Е.Дьядковскийдің, К.В.Лебедевтің және т.б. еңбектерінде дамуын алды. И.П.Павлов С.П.Боткин клиникасында осы идеяны қолданып, нервизм ағзаның үлкен әрекетіне  жүйке жүйесінің әсерін таратуға тырысатын физиологиялық бағыт деп түсінді. И.П.Павлов мектебінің бұл бағытының дамуы кортиковисцеральді патологиясы мен жоғарғы жүйке әрекетінің патофизиологиясын ашуға әкелді.

Түрлі ауруларға сай  жалпы заңдылықтарды бекіту әрекетімен, нервизм позициясымен И.П.Павловтың  шәкірті А.Д.Сперанский 30 жылдардың  басында шықты. Ол 1927ж. басталған зерттеулер сериясында, патологиялық, оның ішінде инфекционды-токсикалық патогенезде процесстер сәйкес мүшелердің стереотипті зақымдануларын тудыратын және бейспецификалық сипат алатын рефлекторлы механизмге қатысатындығын көрсетті. Бұл бірдей өзгерістерді А.Д.Сперанский жүйке дистрофиясының стандартты формасы деп атады.

А.Д.Сперанскийдің ғылыми мектебінің түлегі Г.Н.Крыжановский жүйке  бұзылыстарының генераторлы , детерминантты  және жүйелі механизмнің теориясын  өңдеді. Г.Н.Крыжановский зерттеулер қорытындысын "Жүйке жүйесінің патологиясындағы детерминантты құрылымдар" (М., 1980) атты кітапта жалпылады. Автор патологиялық жүйенің негізгі механизмі патологиялық детерминант-ОЖЖ құрылымы, гипербелсендірілген, оның патологиялық күшейтілген қозу генераторында орналасқан, ал ол өзі гипербелсенді нейрондардың агрегаты болып табылатындығын көрсетті. Г.Н.Крыжановский функциональді құрылымдардың тежелуі мен жүйелік қатынастың дезинтеграциясы әмбебап биологиялық заңдылықтар болып табылатындығын көрсетті. Оның дезинтеграциясының сол немесе басқа баспалдақты білдіретін жүйенің зақымдануы, тікелей ішкі жүйелік бақылаудың бұзылыстарына, белгілі автономизация мен жүйенің жеке бөліктерінің тежелуіне әкеледі. Бұл процесстерде ерекше мән жүйені ұйымдастыратын және оның әрекетін детерминирлейтін басты түйіннің зақымдалуы болып табылады.

Медициналық ғылымның дамуының қазіргі кезеңінде сырқат мәселесі жүйкелік, эндокриндік және басқа  физиологиялық жүйелердің тіпті  молекулалық қатынастарға дейін  алатын түрлі деңгейлерін алатын қызметтер реттелуінің жанжақты бұзылыстарының мәселесі ретінде шешіледі.

Клиника-тәжірибелі интеграционды  бағыт

Жалпы патология дамуының бағытының интеграциясына ұмтылыс  науқас адамды жанжақты зерттеу және толықтырылған клиникалық медицинаның  теориялық фундаментін құру мақсатыменпроф. А.Б.Фохтпен негізделген Мәскеу мектебінің жалпы патолог-патофизиологтар еңбектерінде жазылған. 1890ж. ол Мәскеу университетінде жалпы және тәжірибелі патология институтын ұйымдастырған, 1912ж. сондай институт Мәскеу жоғарғы қыздар курстары 2-ші Град ауруханасы кезінде (қазір Мәскеу медициналық университетінің патологиялық физиология кафедрасы деп аталады).

А.Б.Фохт өзінің жүзінде  клиницист пен патолого-экспериментаторды  үлестірді, патологияда клиникалық тәжірибелі бағыттың тиімді дамуына үлесін қосқан. Оның негізгі еңбектері ауру туғызатын факторлар әсеріне ағзаның компенсаторлық, бейімдеушілік реакцияларды зерттеуге, жүрек тамырлық, эндокриндік, лимфа бөлу және зәр шығару жүйелердің патологиясы кезінде қызметтерінің реттелуінде нервтік және механизмдердің рөлін зерттеуге арналған. А.Б.Фохт (1899-1903) атақты ашылуларды пайда болуы мен Ресейде тәжірибелі кардиологияның құрылуы үшін негіз болған жүрек ауруларының тәжірибелі модельдерін (тәжірибелі жүрек қақпақшасының ақаулары, коронарлы тамырлардың эмболиясы, гидроперикардиттер, жүректің томпанадасы және т.б.) алу үшін оригинальді әдістемені өңдеді. А.Б.Фохт пен оның шәкірттері патология жағдайында функциональді тепе-теңдіктің сақталуының компенсаторлы механизмнің ашылуы мен жүректің "жабық қордағы энергиясының" ауытқуларын анықтады. А.Б.Фохт бірінші болып қан айналымның жалпы патологиялық бұзылыстарының түзілуінде интероцептивті импульстердің рөлін бағалады. 1902ж. А.Б.Фохт және В.К.Линдеман қалыпты қан айналымды ұстауда өкпелік артерияның эмболиясы кезінде өкпелік тамырлардың кеңеюі мен оң жақ қарыншаның жұмысының күшеюінің компенсаторлық мәнін көрсетті. Авторлар зерттелетін патологиялық процесстің динамикасында өкпелік тамырлардың афферентті жүйкелердің маңызды рөлін дұрыс бағалады. Олар өкпелік артерияның ұсақ бұтақтарының эмболиясы кезінде үлкен қан айналым шеңберінің гемодинамикасының бұзылыстары "өкпе ұлпасында кезбе нервтің оның сезімтал аяқтамаларының орталыққа рефлексіне байланысты" деп өз ойларын айтты. Бұл атақты ашылу әрі қарай дамуын біздің заманымызда кіші қан айналым шеңберінің тамырларының үлкен шеңбердің тамырлық жүйесіне рефлекторлы әсері бар екенін дәлелдеген В.Н.Черниговский мен В.В.Лариннің еңбектерінде алды. "жүректің айналасындағы қалтаның қабынуы туралы зерттеулер" (1899), "Тәждік артерияның жабылуы кезінде жүректің анатомиялық және функциональді бұзылыстары туралы" (1901), "Өкпелік артерияның эмболиясы кезінде жүрек әрекетінің және қан айналымның бұзылыстары туралы" (В.К.Линдеманмен бірге, 1903), "Жүрек патологиясы" (1910) атты А.Б.Фохттың еңбектері отандық тәжірибелі кардиология үшін негізін қалаушылар болып табылады.

А.Б.Фохт А.И.Тальянцев, В.К.Линдеман, Д.Д.Плетнев, Ф.А.Андреев, Ф.Ф.Венулет, Г.П.Сахаров  сияқты ең көрнекті ұсынушылармен бірге  ғылыми мектеп ашты.

А.Б.Фохт мектебіне тән  ерекшелік морфологиялық, тәжірибелі-физиологиялық  және клиникалық әдістері бар зерттеулердің  көмегімен ауруды кешенді зерттеуге  бағытталған клиника-тәжірибелі бағыт  болды. Бұл бағыттың ұсыныстары тек  лабораториялық ғалымдар ғана емес, онымен бірге атақты практикалық дәрігер де болды. Жануарларға жасалған тәжірибелер қорытындысын олар критикалық түрде клиникалық мәліметтермен үлестіріп отырды, адамның жалпы клиникалық патологияны биология, патологиялық физиология, клиника және өмірдің арасына қойылған өзіндік көпір ретінде қарастыра отырып. Олар тәжірибе физиологиялық әдіс сияқты клиникалық зерттеуге белгілі сырқатты процесстерінің көрінісінде аурудың жеке симптомдарына сипаттамаға және олардың арасындағы ішкі байланысты түсіндіруге нақты анықтама енгізді, қатал ғылыми негізде ауруды зерттеуді қойды.                             

  А.Б.Фохт мектебінің көптеген ұсынушылары үлкен ғалымдар болып, Мәскеудегі, Ленинградта, Киевте, Варшавада, Лондонда және т.б. лабораториялар мен кафедраларды басқарды. А.И.Тальянцев Мәскеу университетінің жалпы патология кафедрасында А.б.Фохттың қабылдаушысы болды. Онымен жазылған басқарма жалпы патологияға арналған бес баспа болды. 1903 жылдан бастап жүрек патологиясын тәжірибелі өңдеу А.Б.Фохттың басқармасымен шұғылданған Д.Д.Плетнев жалпы патология институтымен тұрақты шығармашылық байланыста болды. 1907ж. "Жүректің аритмиясы туралы мәселе бойынша тәжірбелік зерттеу" диссертациясын қорғады және кейін ірі отандық кардиологтардың бірі болды. 1906ж. кафедрада штатүсті лаборант қызметінде жұмыс істеуді бастаған Ф.А.Андреев, ақырында жүрек-тамыр патологиясының облысында мамандардың бастысының бірі болды. 1913ж. ол жануарлардың тірілуіне ғажайып әдіс ұсынды.

А.Д.Адоның түсінігі бойынша  дерттің дамуы күрделі процесс болып табылатын сандық бұзылыстардың сапалық бұзылыстарға өтуі немесе өмірдің қалыпты физиологиялық көріністерінің процесстерінің патологиялыққа өтуі. Бұл процесстің заңдылықтарын ашу А.Д.Адоның еңбектерінің және оның оқу басқармаларының анализі көрсетеді; мүмкін тек клиника мен тәжірибе жағдайында оның зерттеуінің жанжақты жағдайында ғана, медико-биологиялық және медико-әлеуметтік ғылымдардың барлық деңгейде; молекула-генетикалықтан бастап, әлеуметтікпен аяқтай отырып дамудың барлық маңызды бағыттарын есепке ала отырып.

Мұндай кешенді келісім  А.Д.Адо басқармасымен инициатив  бойынша 1961жылы 18 қыркүйекте ұжымдастырылған  АМН СССР аллергиялық лабораторияның ғылыми-зерттеулерімен пайда болатын. Аллергиялық науқастарға мамандандырылған көмек көрсету үшін алғаш рет лабораториялық басқаруымен СССР-да аллергологиялық кабинет жұмыс істейді. Жұқпалы емес табиғаты бар аллергиялық дерттердің профилактикасы мен емінің ғылыми негіздері өңделді. Одан әрі СССР-да аллергологиялық қызмет ұжымдастырылды.

А.Д.Адоның негізгі еңбектері аллергияның, қабынудың, иммунитеттің патофизиологиясына, аллергиялық реакциялар механизміне жүйке жүйесінің қатысуына арналған. Ол жүйке жүйесіне вирустардың, токсиндердің, микробтық агенттердің әсер ету механизмін зерттеді, олардың әсерлерінің ерекшелігін анықтады және олар жүйке клеткалары мен талшықтарының макромолекулалы тітіркендіргіштері болып табылатынын көрсетті. 1944ж. А.Д.Адо аллергиялық реакциялардың механизмінің полиэргиялық гипотезасын қозғады және ацетилхолин-холинэстераза жүйесі холинергиялық құрылымның аллергиялық реакциялардың дамуында ең маңызды түйіні болып табылатынын дәлелдеді. А.Х.Канчуринмен бірге ол "аралық"-вирус индуцирлейтін антигендер деп аталатын антигендердің жаңа классын жазды; П.К.Булатовпен бірге бронхиальді астма формасының клиника-патогенетикалық классификациясын ұсынды (1968). А.Д.Адоның лабораториясында алғаш рет СССР-да аутоаллергия бойынша зерттеулер жүргізілді. А.Д.Адо-5 монографияның, патофизиология оқулығының (1953, 1973, 1980, 1994), практикалық аллергология басқармасының және 200-ден астам ғылыми баспалардың авторы. Фундаментальді еңбектері-"Жалпы аллергология" (1970, 1978), "Жеке аллергология", "Антигендер жүйке жүйесінің үнемі тітіркендіргіштер ретінде" және т.б. және оның шәкірттері мен әріптестерінің көпжылдық зерттеулерінің қорытындысын құрайды.    

Қазақстанда патофизиологияның  бірінші кафедрасы 1933ж. Алматыда мединститутында, қазіргі қазақ мемлекеттік медицина университетінде ашылды. 1933 жылдан 1946 жылға дейін кафедраны меңгергендер: проф. Глеклер Н.Э., доц. Четвертак Д.С., проф. Лейнс С.М., проф. Огкур П.П. 1946 жылдан 1969 жылға дейін кафедраны басқарған проф. Глозман О.С. Проф. Глозман О.С. шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағытта жұмыс жасады. Біріншіден зақымданған мүшеде донорлық қанмен алмастыру бойынша операциялар. Екіншіден, жедел қан кету мен шок мәселелері. Бұл мәселе соғыс кездерде де және тыныштық уақытта да үлкен практикалық мән берді.

Проф. О.С.Глозман үлкен  патофизиологтарды дайындап шығарды. Олардың ішінде: Насыбуллина Х.С., Сәулебекова М.С., Каримов М.А., Манашев К.М., Маманова Х.Е. және т.б. 1969-1991жж. патологиялық физиология кафедрасын Х.С.Насыбуллина меңгерді. Проф. Насыбуллина Х.С. шәкірттерімен бірге ағзаға түрлі патогенді факторлардың әсерлерін зерттеді. Үлкен практикалық мәнді гиперкинезия мен гипокинезия; жедел қан кетумен бірге жүретін қант диабеті және т.б. мәселелер бойынша зерттеулерге арналған жұмыстар берді.

Проф. Каримова М.А. шәкірттерімен  Қазақстан институтындағы онкология  мен радиология базасында зерттеулермен шұғылданды, ісіктердің дамуына ағзаға түрлі химиялық заттарының әсерін зерттеді. Проф. Сәулебекова М.С. еңбектерінің қорытындысы қазақ халқының тамақтану ерекшеліктеріне арналған.

1951ж. ҚММИ базасында  патологиялық физиология кафедрасы  ашылды. Кафедраны ұжымдастырушы проф. Лазарис Я.А. болды, ол шәкірттерімен бірге екі ғылыми бағыт бойынша жұмыс жасады: 1) өкпе ісінуі мен оның коррекциясының патогенезі; 2) қант диабетінің патогенезі.

1955ж. Семей Мединститутында,  қазіргі проф. Т.А.Назарованың академиясында патологиялық физиология кафедрасын ұжымдастырды. Негізгі ғылыми бағыт шоктың түрлі модельдерінде (жарақаттық, гемотрансфузионды және т.б.) жүйке рефлекторлы жолдардың терең зерттеулері болды.

Проф. Назарова Т.А. патофизиология мектебінің қалаушысы болып табылды. Көп жылдар бойы кафедраны проф. Т.А.Назарованың шәкірті доц. Шаймарданов К. Басқарды. 1997 жылдан бастап және қазіргі уақытта да кафедраны проф. Кравцов меңгереді.

1959ж. проф. Маманова  Х.Е. Ақмола медицина институтында  кафедраны ұжымдастырды. Ғылыми жұмыстары иммунология мәселелерін зерттеуге арналған.

1967ж. Ақмола мединститут  базасында, қазіргі медакадемия  патофизиология кафедрасы ашылды. Көп жылдар бойы кафедраны  проф. Корпачев В.Г. басқарды. Ғылыми  еңбектері реанимациядан кейінгі  патология мәселелеріне арналған.

Информация о работе Патофизиология пәні және міндеттері