Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:38, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстын міндеті
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау
Жан-жануарлары
Қостанай облысының ауа-райы жағдайын анықтау

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы....................
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері........................................
Қостанай облысының өсімдік жамылғысы..............................................
Жан-жануарлары.........................................................................................
Қостанай облысының ауа-райы жағдайы..............................
2.Тәжірибелік бөлім
2.1.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

қостанай облысы курчавой.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)

Құрғақ дала аймағының  басты типі қара-қоңыр топырақ..Қара-қоңыр  топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста  ызғарлы климат жағдайында өтеді.

Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді, ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөске қалыптасады.

Қара-қоңыр кейіпті  топырақ далалық қуаң климат жағдайында, шөптесін өсімдіктер астында қалыптасқан. Қара-қоңыр тың топырақ кескінінде шамалы шымды А жиек белгіленген, жалпы гумустук жиек қара-қоңыр немесе ашық қара-қоңыр /қоңыр рең үстемдеу/ түсті, құрылымы түйіртпекті-шаңды келеді. А дан төмен өтпелі В1 жиекше жатыр, оның реңі сұр-қоңыр, құрылымы ірі түйіртпекті, кебірленген тегі кесекті бағаналы-жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді. Түйірлер қырларының кей жері жылтыр, түсі қоңыр-күрең тартқан. Келесі жиекше –В2-ің түсі біркелкі емес, жалпы сұр-қоңыр реңді, құрыламы-ірі түйіртпекті немесе кесекті, оның астында шайылымды-карбонатты Вк жиек жатады. Оның түсі қоңыр-сарғыш, түйіртпектері жаңғақ түрі, карбонаттылығы мен кебірлену қасиеттері салдарынан топырақ массасы аса тығыз жымдасқан. Бонитет баллы (35-40).

Кәдімгі қара-қоңыр  түпшеде қарашірінді диек жұқалау /А+В=30-40 см/, топырақ кескіні жоғарырақ тасиды /40-50 см/, тұздар жақын жатады: карбонаттар -50-55 см, ғаныш 150-170 см және жеңіл еритін тұздар -2 м.

Қалыптасқан қара-қоңыр  топырақтардың әдетте лайлы түйірлер тобы кескін бойы біркелкі тараған, ал кебірленген тегінде олар В жиегінде жиналған. Кебірлік қасиет артқан сайын мұндағы лай  лай түйірлер саны да артады. Н.Горбуновше/1964/ қара-қоңыр топырақтың лай құрамындағы балшықты /екіншілік/ минералдар монтмориллонит реті мен сулы слюдалардан құралғаны байқалады, аз мөлшерде гетит, гиббситтер кездеседі, ал каолинит мөлшері шамалы; топырақтың ірі түйірлері көбінесе кварц пен дала шпаттарынан, слюда мен мүйіз алдамышынан тұрады. Қара-қоңыр топырақтың кескін бойы жалпы кремний қышқылы мөлшері біркелкі келеді, тек А жиегінде оның азғана шоғырланғаны байқалады; сондай-ақ кебірленген тегінде де сол жиекте мол жиналған; керісінше 1,5 тотықты темір мен алюминидің таралуы әдетте топырақтың кебірлену қасиетіне бейімдеу: өте-мөте мөлшері кебірленген жиекте артқан. Бонитет баллы (30-40).

Ашық қара-қоңыр топырақ типшесінің қарашірінділік жиегі алдынғыдан сәл жұқалау /А+В=25-35 см/,  түйіртпектілігі мәнді емес, карбонаттар шайылмай, топырақ бетіне жақын жатады; кебірленген топырақ кескіні жеке жиектерімен ерекшеленген. Лайлы түйірлер А жиегінде тапшы, В да олар мен  1,5 тотықтар саны артқан. Кебір белгісі айқындалған жоғарғы жиектің түсі ашық қоңыр, бет жағы қабыршық-тақталы түрлі түйіртпекті, массасы қопсыған, ал кебірлі жиек құрылымы тығыздалған. Кебірленген В  жиегіндегі сіңірілген алмаспалы натрий мөлшері сіңіру сиымынан есептегенде, 3 проценттен аспайды, сәл кебірлі тегінде ол 3-5 процентке тең, орташа кебірленген топырақта 5-10 және аса кебірленген топырақта 10-15 процентке жетеді.

Ашық қарақоңыр топырақтың құмбалшықты түршесінде материалдық  заттар мөлшері мынандай : қарашірінді 2-3, азот 0,15-0,2, фосфор 0,08-0,2 процент; негіздер сіңіру сиымы 100 г топырақта 15-25 мг-экв-ке тең, олардың құрамында кальций мен магний 65-97, алмаспалы натрий 3-15 процентке жетеді. Топырақтың ортасы жоғарғы кескін бөлегінде сәл сілтілі болса /рН=7,2-7,5/, төменгі жағында сілтілі /рН-8/ қалыптасқан. Қоректік элементтер мөлшері мен  корбанаттылығына байланысты: 1кг топырақта жылжымалы фосфор 5-20, алмаспалы калий 100-400 мг-ге дейін ауытқиды. Жеңіл еритін тұздар құрамы мен мөлшері шайылмайтын құбылымда қалыптасқан және терең кескінді қамтиды; ғаныш пен жеңіл еритін тұздар көбінесе оның жоғарғы 1,5 м қабатында жиналған. Кебірленген топырақ кескінінде жеңіл еритін тұздар өте аз-су сүзіндісінде құрғақ қалдық 0,1 проценттен аспайды, олар тек жоғарғы 120-160 см тереңдікте байқалады; құрамдық мөлшері тұрғысынан сілтілі жерлік металдардың күкірт тұздары басым. Сондықтан қара-қоңыр топырақтар үштік кезең жыныстарында құралған, әдетте күкірт Дхлор типті келеді.

Ауыл шаруашылық дақылдары өніп-өсуін құрғақшылық тежейтін болғандықтан, өнімді егіншілікті дамыту үшін әдетте топырақта жеткілікті тиімді ылғал қорын жинауға арналған агрошараларды /қар тоқтату, егін қорғаушы ағаштар отырғызу, екпе пар, топырақты сүдігерлі терең қопсыта жырту, ықтырма егісін т.б./ қолданған жөн. Күңгірт және кәдімгі қара-қоңыр топырақтарда қатты  бидай, тары, күнбағар мен жүгері егіледі. Ашық қара-қоңыр топырақта суармай егін егу нәтижесіз және өнім тым тұрақсыз, оны 3-4 жылда бір алуға болады.

Қара-қоңыр  топырақтарды суармалы жағдайда азот, фосфор, ал суарылмайтын егістікте ылғалды жылы фосформен тыңайтқан, әсіресе фосфор тыңайтқышының аз мөлшерін тұқым мен қоса себу тиімді. Кебірленген қасиет топырақ өнімділігін төмендететін болғандықтан, оның құнарлылығын арттыру үшін фоспогипс қолданады. Аса кебірленген топырақты жайылымға пайдалану керек.

Торғай үстірті /плато/, ұсақ тас төсенішті, қоңыр түсті, көбінесе сортанды, шаңды ауыл құмбалшықтардан  және жеңіл механикалық құрамды  жыныстардан тұрады. Бонитет баллы (25-40).

Шөлейттік қоңыр топырақтың негізгі тектік ерекшелігі құралу жағдайлары өзгешелігінде, атап айтқанда, ауа райы құрғақшылығы мен өсімдік жамылғысының аз өнімділігінде.Қарашірінді аздығы және гумус жиегі жұқалығы шөлейттік қоңыр топыраққа тән қасиеттер. Органикалық заттардың бұзынуы артық болуына байланысты олар тез ыдырайды. Сондықтан өсімдік қалдықтары ыдырауынан біраз сілтілі металл-күлдік элементтер /200-кг/га/ жиналады. Олардың құрамындағы натрий тұздары терең шайылмайды да, бұл катион топырақ сіңіру кешеніне еніп, шөлейттік қоңыр топырақтың кебірленуіне себептеседі. Ал кебірлік жиек осы топырақтың аймақтық белгісі болғандықтан, В.Докучаев оны қоңыр кебірленген топырақ деп атаған.Бірақ жеңіл механикалық құрамы топырақтарда бұл қасиет онша дамымаған. Сондай-ақ шөлейттік қоңыр топырақтарға ғаныш пен жеңіл еритін тұздардың және корбанаттардан аз шайылғандық /сілтісіздену/ қасиет тән.

В.Докучаев /1900/ қара қоңыр  және қоңыр топырақтарды әуелі бөлек  көрсетсе, кейін оларды «қара-қоңыр  және қоңыр топырақтар» деп бір типке біріктірген. Н.Сибиоцев /1901/ те оларды бір типке жатқызып, тек қана қоңыр /құба-қоңыр/ топырақ типшесі ретінде көрсеткен. Соңыра шөлейттік қоңыр топырақтар өз алдына бөлек тип ретінде көрсетіліп, таратылу шекаралары мен тектік белгілері анықталады.

Топырақтағы қарашірінді  мөлшері мен аймақтық қасиеттердің /кебірлік, карбрнаттылық, сортаңдылық/ айқындалу және тұздардың сілтісіздену /шайылу/ дәрежесі тұрғысынан, тип ішіндегі айырмашылықтар жергілікті жағдайлар /топырақтың механикалық құрамы, жыныстар өзгешеліктері, т.б./ мен өңірлік ерекшеліктеріне байланысты.

Шөлейттік қоңыр топырақ  кескінінде әлсіз қабат-қабат түйіртпекті  және борпыл құрылымды, құбалау-қоңыр  немесе ашық құба түсті, қарашірінділі-элювилі /гумус шайылатын / А1 жиекше айқындалған. Көбінесе оның үстінде жұқа қабықша байқалады. Қарашірінділі жиек қалыңдығы 10-15 см, ол төмен қарай, түйіртпектері үлкен кесекті немесе тоң кесекті, тығыздалған немесе тығыз құрылымды, түсі күңгірттеу-сұр қоңыр иллювилі /шайынды заттар шоғырланған/ В1 жиекшеге ауысады. А12 жиекшелердің қалыңдығы -30-35 см.

Қарашірінділі-иллювилі жиектен төмен біркелі реңді  емес, ақшыл карбонат дақтары бар, сарғыш қоңыр иллювилі карбонатты Вк жиек жатыр, ол тығыз салындығы, тоңкесек немесе жаңғақ түрлі түйіртпекті келеді; 80-100 см тереңдіктен ол оқшау, ғаныш /Сғ/ шоғыры бар аналық жыныспен жалғасады; оның астында жеңіл еритін тұздар /Ст/ жиынтығы байқалады.

 

Шөлейттік қоңыр топырақтар арасында құмбалшықтылары мен бірге  құмайтты және құмды түршелерді де кеңінен тараған. Топырақтың механикалық құрамына тән ерекшелік тозаңды түйірлер тобы кескін бойы біркелкі таратылмайды және оның көп мөлшері, тұрақты кебір белгісі бар, В1 жиекшенің төменгі бөлігінде шоғырланады. Онда кебірлік қасиет ұлғайған сайын, тозаңды түйір мөлшері де артады.

Шөлейттік қоңыр топырақтың физикалық қасиеттері қолайсыз, қатты  бөлегі түйіртпексіз, иллювилі жиек тым  тығыз /құрғақ күйінді/, суөткізгіштігі төмен.

Шөлейттік қоңыр топырақтарды құнарлылығы мен ылғалдылығы  төмен болғандықтан, ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіруге тек қана суармалы жағдайда ғана мүмкін. Солай болғанда басты назарды бұл аймақта топырақтың қайта сортандануына, кебірленуіне және жел эрозиясына қарсы тұрақты, озат жүйелі агротехнология мен агроормандық мелиорация шараларын игеру керек. Суармалы егіншілікке біркелкі кебірленбеген, сортанданбаған массивтердің топырағы жарамды. Дегенмен ең қолайсыз-шабынды, далалық қоңыр топырақ. Тұщы ыза деңгейі құрылық бетіне жақын жатқан, механикалық құрамы жеңіл, шабынды далалық қоңыр топырақтар бақша, көкөніс және жеміс ағаштарын өсіруге қолайлы. Жылу қоры жеткілікті болғандықтан, шөлейттік қоңыр топыраққа суармалы жағдайда өте бағалы дақылдар өсіруге болад

8кест-Қостанай облысының топырағының балл банитетін есептеу

Топырақ-тар

Индекс

Қара-

шірінді

0-50см

Негіз-гі

балл

Түзету коэфициенттері

Негіз-гі балл

М/қ

тұз

тас

топ.

қаб.

қал.

Жер аст. Су дең.

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Кәдімгі қара топырақ

Ч2 тс

4,7

67

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

64

Ч2 тсСН1

4,5

64

0,95

0,92

-

-

1,0

1,0

57

Ч2 глСН3

4,4

62

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

28

Оңтүстік қара топырақ

Ч1 тсСН2

3,9

55

0,95

0,54

-

-

1,0

1,0

29

Ч1 глСН3

3,5

50

0,95

0,46

-

-

1,0

1,0

22

Қара қоңыр топырақ

К3 тс

3,0

42

0,95

1,0

-

-

1,0

1,0

40

К3 тсСН3

2,8

40

0,95

0,44

-

-

1,0

1,0

16


 

 

 

ҚР солтүстік облысындағы балл банитетті есептеудегі, көрсетілген түзету коэфициентінің талдауы мынадай тұжырымдама береді:

1. ҚР солтүстік облысындағы  топырақтың сапасын бағалау және  балл банитеті 1979 жылғы методика  бойынша (қарашіріндінің негізгі  балынан басқа) жүргізіледі.

2.Әр облыста өзінше  түзету коэфициенті сияқты сапаны  бағалау белгілері топырақтың  ерекше қасиеттеріне және белгілеріне  сәйкес критетилері қойылған.

3. 1979 жылғы методика  бойынша ұсақтасты және гидроморфты  топырақтарға түзету коэфициентін  анықтау әдістеріне ешбір облыстан қолданыс таппаған. Бұндай  жағдай натриді сіңіру және топырақ тұздылығында да орын алған.

Сондықтан, барлық солтүстік  облыстарда «өздерінің» түзету коэфициенттері ойластырылған, (1985ж СКО, Қостанай) осының негізінде Мемлекеттің қаржылық бюджетінен алынып суарылмайтын топырақтың балл бонитеті есептелінген.

4.Облыстық филиалдар  қосымша келесі қасиеттері мен  белгілеріне сәйкес түзету коэфициенттері  жүргізілген:

1)топырақтың механикалық  құрамына

2)кебірлігіне

3)корбанатына

4)солодтануына

5)ұсақтастылығына

6)қаңқалығына

7)топырақ ұлпасының  қабатының қалыңдығына

8)гидроморфтынығына

9)тау жынысының шығуына

10)комплекстілігіне

11)эрозияланғандығына (алғашқы  эрозия)

12)тұздылығына

13) тау жынысының тереңдікте  орналасуына

14) қиыршықтылығына

16) жауып кетуіне (су эрозиялық)

17)глейленгендігіне.

1979 ж  методикасын  қажет ететін түзету коэфициентінің  жалпы саны 3,4 есе.

5.Солтүстік облыстағы  суарылатын топырақтың қойылған  балл банитетін әртүрлі топырақтың  қасиеттері мен белгінеріне түзету  коэфициентімен есептелінетіндіктен оны дұрыс қойылмаған деп есептеу керек.

 

Осындай жағдайларда 1979 жылғы методика Солтүстік филиалындағы топырақзерттеушілерді қанағаттандырмағандықтан Методиканың өздігінен өзгеруіне  әкеп соқты.

Методиканың өзінше өзгеруі  Орталық органның келісімінсіз (Гос НПЦзем) жүргізілгендіктен бұны ақтамайды.

Сондықтан, өздерінің  облыстық түзету коэфициенттерінің  қойылуы мынаған әкелді, топырақ  бонитировкасындағы құжаттардың сәйкессіздігіне  және қала шетіндегі райондар мен  қосылған облыстарда даулы жағдайларға.

Бұл жағдай ұзамай шешілуі  керек. Біздің көзқарасымыз бойынша, Облыс  филиалдары қойған түзету коэфициенттерін  жақсылап қарап шығу, әрбір топырақ  сапасын бағалау критерилерін ғылыми негіздеу және олардың санын неғұрлым минимумға дейін азайту.

Онымен бірге қарашіріндінің этолонды көрсеткіштеріне түзету жұмыстарын жүргізу керек, егістік жерде  қарашіріндінің 14-18%-ке азаюын есепке ала  отырап (мәліметтер СКО-дан), нәтижесінде  ортагумусты қаратопырақ азгумустының қатарына қосылған, ал азгумусты әлсізгумусты топырақтың қатарына қосылған (мәлімет Қостанай облысы бойынша).

Ал түзету коэфициенттері бойынша мыналарды көрсетуге  болады:

1.Оқығаннан кейін мына  түзету коэфициенттерін анықтауға  және талдауға қолдану керек:механикалық  құрам, кебірлік, жер асты суы, тұздылық, эрозия (су, жел) , тау жынысының өту тереңдігі.

Информация о работе Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы