Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:38, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстын міндеті
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау
Жан-жануарлары
Қостанай облысының ауа-райы жағдайын анықтау

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы....................
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері........................................
Қостанай облысының өсімдік жамылғысы..............................................
Жан-жануарлары.........................................................................................
Қостанай облысының ауа-райы жағдайы..............................
2.Тәжірибелік бөлім
2.1.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

қостанай облысы курчавой.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)

Көктемде бұлтсыз күндердің  көбейюіне байланысты ауа температурасының ауытқулары көп болады: күндізгі жоғары температура түнгі төмен температураға, тіпті судың қатуына дейін  әкеп соғады. Мұндай ауытқулар маусымның  басында да байқалады. Алайда, қатып қалған топырақтың біртіндеп жібуі ауыл шаруашылық жұмысын мамырдың екінші жартысына қалдырады. Жауын-шашын, жиі қатты құрғақ желдің соғуы көктемге тән құбылыс. Жылдың бұл маусымында шаңды бұрқасын, дауылдар да болады. Тұрақты егін алуға қажетті ылғал көктем кезінде солтүстікте және солтүстік-шығыста, облыстың орталық бөлігінде ғана болады. Мұндай жағдай екі жылда бір рет, ал оңтүстікті жерлерде үш жылда бір рет болады.

Жаз. Облыс аумағында жаз маусымның басында басталады. Жаз кезінде ауа райы көбіне ашық болады. Ашық күндер орташа есеппен 70-75 %-ды құрайды, оған сәйкес күннің жарықтығы 900-1000 сағатқа жетеді.

Облыс солтүстігінде  жаз жылы, оңтүстігінде ыстық. Күндізгі температура маусым мен тамызда +21-27°С, шілдеде +23-27°С. Кейбір жылдары маусым-шілде айларында ауа райы температурасы +40-42 °С-қа дейін көтеріледі.

Жазда жауын-шашын басқа  жыл маусымдарына қарағанда көбірек  болады. Мысалы облыс бойынша жазда  жауын оңтүстікте 100 мм-ге дейін, солтүстікте 200 мм-ге дейін. Шілдеде жауын-шашын барынша көп болуы мүмкін, алайда ұзақ уақыт жауынсыз күндер де болады. Жаз кезінде аңызақ көп болады. Ол ылғалдың булануын ұлғайта түседі де, құрғақшылыққа әкеледі. Құрғақшылық үш-төрт жылда бір болады, кейде ол ауданның бөліктерінде (кей жерлерінде) ғана болады.

Жалпы алғанда, жаз мезгілінде көптеген ауыл шаруашылық дақылдары өсіріледі, әсіресе, бидай мол өнім алуға  мүмкіндік туғызады.

Климаттың ерекшеліктері: күн радиациясы, жоғарғы жазғы температура, топырақтың негізгі қасиеттеріне сәйкес белгілі ылғал. Осының барлығы өсімдіктерді қажетті азотпен қамтамасыз етеді, жақсы ұн өнімдеріне керекті желімтік сапасының қалыптасуына әсерін тигізеді.

Күз. Күз маусымының орташа тәулік температурасы 10°С. Солтүстікте күз қыркүйектің басында не ортасында басталады. Оңтүстікте 10 күнге кейін. Алғашқы күзгі суықтар ауада қыркүйек ортасында байқалады. Ерте күзгі суықтар қияр, қызанақ, жүгері бақша дақылдары секілді өсімдіктер үшін зиян. Кей жылдары тіпті тамыздың аяғында суық күндер басталады. Күзде жауын-шашын жиілейді. Ол егін жинауға кедергісін тигізеді. Бірақ осы маусымда жайылым өсімдіктері қайта өсе бастайды. Бұл, әрине, малдың қысқы және күзгі қоры үшін жайлы.

Күздің екінші жартысында температураның 0°С-тан төмендуі күзге тән құбылыс. Жауын-шашын қар күйінде жауады. Қарашада температуралық режим қысқы мерзімге ауысады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.Тәжірибелік  бөлім

Қостанай  облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

 

Қостанай облысы –  Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық бөлігі. Орталық-Қостанай қаласының Жер аумағы 196,0 мың км2.Облыстың географиялық орны өте қолайлы. Ол солтүстік-батысы мен солтүстігінде Ресейдің Орынбор, Челябинск, Қорған облыстарымен, шығысында және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі. Облыс аумағы негізінен жазық дала.

Қостанай облысының  топырақтары-облыс жерінде алты өсімдік-топырақтық аймақшалар бөлінеді,олар даланың кәдімгі және оңтүстік қара топырақтары мен күнгірт қара-қоңыр, қара-қоңыр /құрғақ дала/, ашық қара-қоңыр /шөл дала/ топырақтар мен қоңыр топырақ /шөлді аймақ/.Соңғы екі типшелерден басқалары егіншілікте /астық егісі/ пайдаланады. Қазақстандағы ең ірі астық өңірі /егістік көлемі 5,6 млн.га/. Қара және қоңыр-қызғылт топырақтар облыстың солтүстік және орталық аудандарында егін шаруашылығы мен мал шаруашылығын өркендетуге қолайлы. Оңтүстіктегі сұр топырақты  бөлігі құнарлығының төмен болуына байланысты негізінен, мал шаруашылығына қолайлы.

Облыс жеріндегі топырақ  жамылғысының бойлық бағытта белдемдік  байланыстағы өсімдік жамылғысы  таралған. Оның солтүстігінің жіңішке  бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлер негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек  аралас қайынды шоқтардан тұрады.

Ауыл шаруашылығын жақсы  жүргізуге және жоспарлауға топырақ  құнарлығының сандық есебі өте қажет. Бұған топырақ бонитеті мен экономикалық бағалау жатады.Топырақ бонитеті жер қорының сандық және сапалық  жағын көрсететін жер кадастрының  ең негізгі бөлігі.

Қостанай облысында  бонитет шкаласы қойылғанда негізгі  көрсеткішке(0-50см) орта метрдегі қарашірінді  қабаты жатады.Облыста жақсы қасиеті  мен өнімділігінің белгілігімен этолон ретінде – кәдімгі орта қабатты қаратопырақ орта гумусты  орта құмбалшық көрсетілген.Оған 100 балл қойылған. Қарашірінді қоры қабатта 0-50см.

Топырақ құрамындағы  бонитет шкаласының дұрыстығы топырақ  өнімділігі мен бағасының шкаласымен тексеріледі. Міне осы арқылы бағалауға  жататын ауылшаруашылығы топырақтың өнімділігі анықталады.

Ауа-райы

Қостанай облысы Евразия  материгінің орталығында орналасқан, өзінің жылдам континенталды ауа-райымен  ерекшеленеді.

Аймақ климаты негізінен  жазы жылы және қысы суық /шығысында  ызғарлы/ болып келеді. Батыс –  шығыс бағытта жылу мен жауын-шашын  мөлшері азайып, климат ызғарлығы артады. Орманды дала климаты, дала аймағына қарағанда, жұмсақтау және ызғарлылығы шамалы. Мұнда шілде мен ақпан айларының орташа температурасы батыстан шығысқа қарай сәйкес ішінде 240С-дан 200С-ға және -40С-дан 270С-ға дейін төмендейді.Температурасы 100С-дан жоғарғы күндер саны орманды-даланың батысында 150-180, шығысында 90-120-ға дейін азаятын болса, дала аймағында сәйкес 140-180 және 97-140 күнге тең. 100С-дан жоғары жылдық тиімді температура қосындысы сол бағытта орманды далада 2400-30000-тан 1400-16000-қа, ал далада 2300-35000-тан 1500-23000-қа дейін төмендейді.

Атмосфералық түсім  мөлшері 500-600 мм-ден 300-350 мм-ге дейін  және солтүстіктен оңтүстікке қарай  кемиді. Жауын-шашынның едәуір мөлшері /30-40-еуропалық. 50 проц. Азиялық бөлігінде/ жаз айларында түседі. Орманды-дала аймағының солтүстік жағында жауын-шашын мен булану мөлшерінің арасалмағы бірге жақындайды, оңтүстігінде ол=0,77, дала аймағында одан да төмен /0,50-0,66/.

Топырақтарына шолу

Қара топырақтың негізгі  топыраққұраушы жыныстарына лөс пен лөс тұрпатты құм-балшықтар жатады.

Қара топырақ тегі-жаралуы (генезис) туралы үш болжамды көзқарас (гипотеза) айтылған олар: теңіздік, батпақтық  және құрылық-өсімдік.

Қара топырақты дала аймағында табиғи шөптесін өсімдіктер астында жылына едәуір (100-200 ц.га) органикалық қалдықтар түзеді. Ол жалпы биомассаның 40-60 процентіне тең және қалдықтардың сондай мөлшері өсімдік тамырларына келеді.Сондықтан қара топырақ құралуындағы биологиялық заттар айналымының негізгі ерекшелігі-өсімдік қалдықтарымен жыл сайын топыраққа азот пен күлдік элементтердің мол түсуі. Далалық өсімдіктер қалдықтары ақуыз азоты мен негіздерге бай болғандықтан, олар даланың қолайлы ылғалы-жылу, оттегі жеткілікті жағдайында және жыныстың сілтілі ортасында ыдырап, гумустену үрдісімен тартынады.

Қара топырақтың гумустілігінен кейінгі белгісі-қарашірінділі жиектің  дән-уақ кесекті, суға төзімді, түйіртпектілігі. Сондай-ақ қара топырақ өсімдікке  қажет қоректік элементтердің едәуір қорымен, қолайлы су-ауа және физикалық-химиялық қасиеттерімен, яғни жоғары табиғи құнарлылығымен сипатталады.

Қара топырақ жаралуындағы тағы бір ерекшелік-кескін бойында  карбонат тұздарының маусымды қозғалысы (динамикасы). Жоғарыда сиатталған қара топырақ құралуындағы жалпы ерекшеліктер аймақаралық өсімдік-климаттық жағдайларға сай өзіндік айырмашылығымен айқындалған.

Дала аймағында кәдімгі  және оңтүстік қара топырақ типшелерін айырады. Олардың алабы кебірлік ала кешенмен 99 млн га жерді алып жатыр.

Кәдімгі қара топырақ А жиегі қалың /30-40см/, күңгірт-сұр немесе қара түсті, айқын дәнді немесе кесек дәнді түйіртпектерден тұрады. Ол біртіндеп келесі күрең реңді күңгірт-сұр кесекті немесе кесек-призма түрлі В1 жиекшеге ауысады. Жалпы гумус жиегінің /АВ1/ қалыңдығы=65-80 см.

В1 астында гумус ағыны бар В2 жиекше орналасқан, ол көбінесе карбонатты иллювилік жиекпен ұштасқан немесе оған дереу ауысады. Карбонаттар «ақкөз» түрінде айқындалған. Бұл белгі-кәдімгі қара топырақтың жоғарыда сыпатталған типшелерінен айырмашылығы. Банитет баллы (60-70).

Оңтүстік қара топырақ дала аймағының оңтүстік бөлегін қамтып, күңгірт-қара қоңыр топырақтармен шектеседі. Гумустық жиек қалыңдығы =25-40 см, оның түсі күңгірт-сұр немесе қоңыр-күрең, кесекті келеді. Одан төмен айқын қоңыр-күрең түсті, кесек-призма түрлі, түйіртпектілі В1 жиекше жатады.Жалпы гумустық жиек /А+В1/ қалыңдығы 45-60 см жетеді.Иллювилік жиекте /Вк/ карбонат «ақкөздері» айқын көрінеді. Тұз қышқылының тасу тереңдігі В1-дің төменгі бөлегінде немесе гумустық жиектің шекарасында жатады. Төменгі 1,5-2м, кейде одан терең жынысты, ұсақ кристаллды ғаныш, кейде көтеріңкі мөлшерде жеңіл еритін тұздар кездеседі. Қара топыраққұралу үрдісі нәтижесінде топырақтың механикалық құрамында кескін бойы айтарлықтай өзгеріс болмайды. Тек  күлгінденген, кейде сілтісізденген, тектер кескіні төменгі жалынды тозаңды түйірлер мөлшерінің аздап көбейгені байқалады. Керісінше кебірленген және кермектелген тектес кескінінің жоғарғы бөлегінде тозаң мөлшері артқаны байқалады. Минералогиялық құрамында біріншілік минералдар басым, екіншілік /жоғары дисперсті/ минералдар монтморилонит пен сулыслюда тобынан тұрады. Тозаң тобына солармен қатар кристаллданған бір жарым тотықты минералдар /гетит,гибсит/, аморфты заттар мен аз мөлшерде жоғары дисперсті / тым майда/ кварц кіреді.

Қара топырақтың химиялық құрамына мына негізгі ерекшеліктер тән: кескінінің жоғарғы жағында гумус пен қоректік заттардың /N,Р,К, микроэлементтер/ биотекті жиналғаны, кескін бойы минералды бөлшектің жалпы құрамы салыстырмалы тұрақты болуы және одан қарбонаттардың иллювилі /шайылымды/ типті таралуы және одан жеңіл еритін тұздардың шайылғандығы. Топырақ кескініндегі қарашірінді таралуын алсақ, оның мөлшері жоғарғы жиекті көтеріңкі де, кескін тереңдеген сайын біртіндеп кеми береді. Гумус түзілудегі бұл ерекшелік шөптесін өсімдік тамырларының тарауымен тығыз байланысты екенін көрсетеді. Қара топырақ қарашіріндісі құрамында гумин қышқылдары /гқ/ басым / Сгкфк=1,5-2/. Олардың өзегінде /ядро/ жоғары дәрежелі конденсацияланған /күрделенген/ және кальциймен байланған топ басым; күлгін топыраққа қарағанда, фульвоқышқылдар тобы күрделі келеді де оның еркін «белсенді» фракциясы мүлдем болмайды. Сондықтан қарашірінді суда шамалы ериді /1/200-1/250 бөлегі/.

Гумустің мөлшері топыраққұралу  жағдайлары мен аналық жыныстар құрамына байланысты өзгереді: ең көп қор орташа балшықты және ауыр құмбалшықты, қалыпты, сілтісізденген және кәдімгі қара топырақ типшелеріне келеді. Топырақтағы азот үлесі /0,2-0,5 проц/ гумус мөлшеріне сәйкес өзгереді.

Кремний қышқылы мен  бір жарым тотықты қосындылардың  таралу жалпы мөлшері кескін бойы біркелкі, яғни топырақта минералдар бұзылуының жоқ екенін көрсетеді. Тек күлгінденген және сәл сілтісізденген қара топырақтар кескіні жоғарғы бөлегінде біржарым тотықтылар азайғанымен кремний қышқылының өскені байқалады;бұл құбылыстар топыраққұралу үрдісінің ерекшеліктеріне /күлгіндену, кебірлену немесе кермектенуге/байланысты. Карбонаттардың иллювилі /шайынды түрлі/ таралуы топырақ кескінінде су-жылулық құбылымдар ерекшеліктеріне, топырақ ауасы мен ерітіндісі арасында жүретін көмір қышқыл газы динамикасына /жылжуына/ байланысты.

Қара топырақтың гумуске  байлығы, кальцийдің қарқынды биотекті жылжуы, оның қолайлы физикалық-химиялық қасиеттерін қалыптастырады. Қара топырақ  жоғары негіздер сіңіру сиымы /30-70 мг-экв 100 г т/, сіңіру кешені негіздермен қанығуы, жоғарғы жиектер реакциясының бейтараптылығы және жоғары буферлігі мен /қайсарлылығы/ ерекшеленеді. Сіңірілетін алмаспалы катиондар арасында кальцийдің маңызы зор, ал сіңірілген магний үлесі катиондар жиынтығының 15-20 процентіне тең. Күлгінденген және сілтісізденген типшелер сіңіру кешеніне сутегі ионы кіретіндіктен оларда біраз /5-7 мг-экв/ гидролитикалық қышқылдылық байқалады. Кәдімгі және оңтүстік типшелер сіңіретін катиондар құрамына шамалы натрий кіреді де басқа типшелерге қарағанда, магний үлесі жоғарылайды. Кебірленген қара топырақ кешеніне енген натрий катионы саны өскен. Еркін карбонатты топырақ жиегінің ортасы сәл сілті /рН=7,5-8,5/ тартқан.

Қара топырақтың жақсы  физикалық және суфизикалық қасиеттері оның жоғары гумустілігі, қарашірінді жиегінің қалыңдығы және суға төзімді түйіртпектілігіне байланысты. Қолайлы физикалық және жоғарғы су сіңіру, су ұстау қабілетін анықтайды.

Құрғақ дала аймағының  басты типі қара-қоңыр топырақ.

Қара-қоңыр топырақтар қалыптасуы ұзақ, құрғақ жылы жазда және суық, жұқа қарлы қыста ызғарлы климат жағдайында өтеді. Аймақтың ортажылдық температурасы ұ дан  2-30 С-ға төмендейді. Аймақтың басым бөлігі жазық және ойлы-қырлы құрылық, оның бедері көлемді.ал тұрпаты ойлы-қырлы келеді. Топырақ негізінен лөс түрлі карбонатты құмбалшықтар мен аздап лөсте қалыптасады.

Типшелер мынандай тектерге бөлінеді: кәдімгі, кебірлі, сортанданған, қалдық сортанданған, кебірлі-кермекті, карбонатты, терең сортанданған, тұтасқан және шала дамыған. Бонитет баллы (40-60).

Күңгірт қара-қоңыр тың топырақтарда қарашірінділі жиек қоңыр түсті, кесек дәнді түйіртпекті келеді, ал егістікке игерілгенде түйіртпектер ыдырап, топырақ массасы шаңды-кесекті құрылым алады. А+В жиегінің қалыңдығы 35-45 /50/ см, тасу тереңдігі 45-50 см, ғаныш пен жеңіл еритін тұздар 2 м тереңдікте жатады. Кебірленген тереңде қарашірінділі В1 жиекшенің төменгі жағы шайылып келген коллоидтармен байыған, ол кепкенде қатаяды да, құрылымы кесек бағаналы немесе тоң кесекті, қырлары қоңыр-күрең түсті 1,5 тотықты темір мен қабыршықты агрегаттардан тұрады.

Әдетте кебірлігі күшейген сайын соңғы белгі де үдей береді.

Күңгірт қара-қоңыр кебірлі  кермектенген топырақ белгісін қарашірінділі  жиектің жоғарғы және төменгі  бөлігіндегі түйіртпек қырларына  қонған кремний тотығы ұны мен тақталы (плиталы) немесе қабатшалы- саңылаулы түйіртпектілік құрылым көрсетеді.

Корбанатқа қанық жыныстарда құралған топырақтар карбонатты келеді де, топырақ тұз қышқылынан кескін бойы күшті тасиды. Ал карбонатты кебірленген  топырақтар карбонатты ауыр механикалық құрамды жыныстарда қалыптасады да, кескіні құрғақ күйінде қатты нығыздалған және жарылған күйінде сақталып, ылғалданса тым ісініп сазданып кетеді. Топырақтың сіңіру кешенінде /В да/ алмаспалы натрий мен магний басым. Қалдық кебірленген күңгірт қара-қоңыр топырақтың сырт белгісі анық сақталған, бірақ В мұндай кебірлік қасиет «қалдық» саналады. Шамалы таситын түрше жеңіл механикалық құрамды жыныстарда құралған, олардың суды жақсы өткізуіне байланысты, карбонаттары 1-1,5 м тереңдікте шайылған және ғаныш қабаты болмайды. Тұтасқан топырақ тегі балшықты жыныстарда құралған, онда сіңірілген натрий мөлшері аз болса да, В-жиегі айқын болады. Шала дамыған тегі қатты тасты жыныстар үгіндісі Дэлювиде құралады, оның кескіні сәл ғана қалаптасқан және қарашірінділі жиек жұқа А+В1 20 см аспайды.

Информация о работе Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы