Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:38, курсовая работа
Жұмыстын міндеті
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау
Жан-жануарлары
Қостанай облысының ауа-райы жағдайын анықтау
Кіріспе...................................................................................................................
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы....................
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері........................................
Қостанай облысының өсімдік жамылғысы..............................................
Жан-жануарлары.........................................................................................
Қостанай облысының ауа-райы жағдайы..............................
2.Тәжірибелік бөлім
2.1.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау
Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................
Күздің жауынды жақтарында өсімдіктер қайта тіріліп, салқын түскенге дейін биомасса жинайды.
Шөлейттің қоңыр топырақты жерлерде жусан, көкпек өсімдіктері жақсы шығады. Бұл аймақта жайылымды жерлер аз.
Өсімдік жамылғысына адамдардың шаруашылық әрекеті әсер етеді. Орманды дала және дала аймақтарында табиғи өсімдіктердің бағалы қара топырақты жерлері тек шамалы көлемді жерде ғана қалды. Мысалы, облыстың солтүстігінде түрлі шөпке бай қызыл селеу орындарында ауыл шаруашылық жерлері мен қайыңды, көктерек – қайынды ормандар орналасқан.
Тың жерлерді игеруге дейін қара топырақ дала аймақтарында түрлі шөпті және қызыл селеулі дала болған еді, қазіргі кезде бұл аймақтар облыстың жыртуға арналған жерлері болып табылады.
Қостанай облысында көптеген емдік өсімдіктер кездеседі, атап айтсақ: жалаң мия, дала қырық буыны, қара мендуана, долана, жұмыршақ, тегеурінгүл, биік андыз, ащы жусан, шілтер жапырақты шайқурай, дәрілік жалбызтікен, адыраспан, қалақай, шәлпи.
Илік өсімдіктер: гмелин кермегі, татар рауғашы.
Техникалық өсімдіктер: кәдімгі қамыс, сабын тамыр.
Талшықты өсімдіктер: арам кенешөп, кендір, кенешөп қалақай, жылтыр ши.
Азық өсімдіктері: қожақат, құлмақ, қарақат, қойбүлдірген, бүлдірген, таңқурай, қымыздық.
Витаминді өсімдіктер: тікенді итмұрын, қоңыр итмұрын;
1.6 Жан-жануарлары
Кең байтақ Қостанай облысының территориясын әртүрлі табиғи жағдайлардың әсерінен пайда болған қызықты да өзіндік ерекшелігі бар жануарлар дүниесі мекендеген. Бұл өлкені мұз басу дәуірінен кейін жерсінген ақ қоян, кекілік сияқты орманды өлкенің жануарлары сонымен қатар фаунаның басқа да элементтері мекендейді.
Торғай қақпасы арқылы құстардың оңтүстіказиялық, алдыңғыазиялық, африкалық, оңтүстікеуропалық қыстау аймақтарынан тундра, тайга, арктикалық шөлге бағытталған миграциялық жол өтеді. Осы оқиғалардың барлығы облыс жануарлар әлемін байытып маусымдық өзгерістер енгізеді. Облыстағы фаунаның ерекшелігіне түрлердің және топтардың зоналық, географиялық бөлінуі бұл аймақтардағы топрақ пен өсімдіктер дүниесіне байланысты. Бірақ адамдардың табиғи ортаны атап айтқанда қара топырақты, далалы аймақты пайдалануы фаунаға әсерін тигізуде. Адам шаруашылығының әсерінен суырлардың саны кеміп, кейбір көлдерде ондатралар жойылып, ал қырықауылдар мүлдем жойылып кетті. Тың жерлерді игергенге дейін суырлардың саны әр гектарына 10-15 аңнан келетін, әсіресе киік, қабан, бұлан, елік сияқты жануарлардың саны кеміді.
Облыстың солтүстік шеткі аймағында, орманды далада жануарлар әлемінің ерекшелігі анық байқалады. Оған жалпақ жапырақты ормандар мен көлдердің, батпақтар мен далалардың кезектесіп орналасуы әсер етеді. Батпақы ойпан жерлерде адам көзіне түсе бермейтін су егеуқұйрығы мен нағыз дала жануары үлкен қосаяқ қатар мекендейді.
Дала жануарлары суыр мен аламан қайыңды тоғайларда ін қазса, ақ қояндар далада жайылады. Орманда да, далада да кәдімгі кірпіні кездестіруге болады. Көктем уақытында бұл жерлерде кекілік пен құрдың дыбыстарын, қаздар мен үйректердің үнін, безгелдектің әні естіліп тұрады. Әртүрлі шөп өскен далалы аймақтарда суыр, дала тышқаны, сұртышқан сияқты кемірушілермен қатар әртүрлі жәндіктер, негізінен өсімдік қоректі жануарлар дүниесі мекендейді. Құстар әлемінің негізін құрлар, бозторғайлар, безгелдектер т.б. дала өлкесінің құстары құрайды. Олар негізінен аралас тағаммен қоректенеді. Жәндіктер мен кемірушілердің көп болуы далалы аймақтарда түлкі, қасқыр, ителгі, лашым, үкі, қарсақ сияқты ет қоректі жануарлардың мекендеуіне жағдай жасалған. Төбелі негізінен құрғақ болып келетін дала аймақтарында саны аз болса да аламан, сұртышқан, қосаяқ т.б. дала жануарлары мекендеген. Жорғалаушылар далада аз кездеседі, тек ашық жерлерде дала кесірткесін кездестіруге болады. Далалы аймақтарда кездесетін қайың шоқтары үлкен көлемді алып жатса да біртұтас орман фаунасын құрайды. Нағыз дала аңдары болып есептелетін қасқыр, қоян, тұяқты жануарлар қыста орманды паналайды. Қазіргі уақытта орманды ақ қоян, сұрқоян кейде елік пен бұланды кездестіруге болады.
Шағын сүтқоректілерден орманды шағын көртышқан, сұртышқан, саршұнақ және т.б. кемірушілер мекендеген. Құстар дүниесін негізінен ағаштарда ұя салатын қырыққұтан, лашын, дубровник сияқты құстардан тұрады. Тоғайларды негізінен нағыз орман құстары: тоқылдақ, ақторғай, ителгі мекендейді. Бірақ бұл құстардың саны аз. Оңтүстік аймақтарда жануарлар дүниесі біртекті болып келеді. Олар ашық жерде өмір сүруге бейімделген. Солтүстік аймақтағы дала зонасына жануарлар дүниесі орманды дала жануарлар дүниесінен көп айырмашылық жоқ. Оңтүстікке қарай бетегелі, селеулі далада өмір сүруге бейімделген нағыз дала жануарларының иеліктері басталады. Бұл жерлерде аламан, суыр, зорман, қосаяқ, сұртышқан, қырықауыл, безгелдек сияқты жануарлары көп кездеседі.
Даланың солтүстік бөлігінде батпақ үкісінің, бозторғайдыңсонымен қатар бірқатар жыртқыш құстардың саны көп. Оңтүстікке қарай бұлардың саны азая түседі. Керісінше құрғақшылыққа бейімделген кемірушілердің саны артады. Бұл аймақтарда суырлар мен сұртышқандардың мекендейтін алқаптары кең. Сонымен қатар тышқанмен қоректенетін құстар - қырғи, қарақұс, бүркіт сандары арта түседі. Бұл жерлерде дала түлкілері, қарсақтар да көп кездеседі. Даланың оңтүстік жағында Қазақстанда сирек кездесетін кемірушілердің бірі - дала қояны тарбаған мекендейді. Бұл жерлердің шөбі аласа болғанмен кемірушілер саны арта түседі. Сонымен қатар жаз мезгілінде пайда болып, қыста Орта Азия жерлеріне ауып кететін киік табындары кездеседі.
Облыс территориясының оңтүтік бөлігінде дала зонасының шөлейтке ауысатын жерінде өсімдіктер дүниесінің өзгеруіне байланысты жануарлар дүниесі де өзгереді. Бұл шөп қоректілермен қатар өсімдік тамырларымен қоректенетін жануарлар мекендейді. Жусанды шөлейт аймақтарын суыр, қосаяқ, тарбаған, аламан, саршұнақ сияқты кемірушілермен қатар қарсақ, күзен сияқты жыртқыштар да мекендейді. Сұртышқандар мекендеген төбелер бұл даланың негізгі көрінісі.
Қостанай облысының ауа-райы жағдайы
Қостанай облысының аумағында жылу мен ылғалдың бөлінуінде аймақтық айқын байқалды. Ол солтүстіктен оңтүстікке қарай түсетін жылудың артуы мен атмосфералық жауын-шашынның азаюында көрінеді. Облыстың Еуразияның орталық бөлігінде орналасуы (қоңыржай ендік белдігінде) климаттық негізгі сипатының маусымдық өзгешеліктерін сипаттайды.
Облыстың климаты тез аралық континенттілігімен ерекшеленеді. Мұндай құбылыс аумақтық мұхиттар мен теңіздердің жұмсарту әсерінен алшақтау екендігімен түсіндіріледі. Климаттың континенттілігі температураның тез құбылуынан, ауа құрғақтығынан және аз мөлшердегі атмосфералық жауын-шашындардан байқалады.
Климат мына факторлар әсерінен қалыптасады: күн радиациясы, атмосфералық циркуляция, жер бедері - шекаралық қабат сипаты, топырағы, өсімдігі, қар жамылғысы т.б.
Қостанай облысындағы ең негізгі климат түзуші фактор күн радиациясы болып табылады. Ол - Жер бетіндегі дамып жатқан барлық табиғи процесттердің энергетикалық базасы. Қостанай облыс аумағында күн радиациясы саласының жоғарғы маңызы тән. Себебі облысымыз қоңыржай белдікте орналасқан, бұлттылық көлемі шамалы. Облыс аумағы ұласып жатуына байланысты күн жарықтығы мен күн радиациясы көлемінің ұзақтығы солтүстіктен оңтүстікке қарай біртіндеп ұлғаяды. Егерде күн жарығының ұзақтығы солтүстікте 2100 болса, оңтүстікте - жылына 2650 сағат. Сонымен қатар жиынтық радиациясы да өзгереді - жылына 100 ден 120 ккал/см2. Күн жарықтығы мен күн радиациясы көлемін ұзақтылығының солтүстікке қарай азаюы бұлттылықтың ұлғаюымен және бұлтсыз (ашық) күндердің азаюымен байланысты.
Жер ендігі ұлғайғанда күн сәулелерінің түсу бұрышы азаяды да, жер бетінің қызуы да шамалы болады.
Қыс кезінде күн радиациясының көлемі жазға қарағанда аз. Тұрақты қар жамылғысы күн сәулесінің шағылысын ұлғайтады.
Мамыр айынан тамыз айына дейін жиынтық күн радиациясы қыс айларындағы күн радиациясы шамасынан 6-7 есе асып түседі.
Климаттың қалыптасу процестерінде ауа массалары мен олардың циркуляциясы үлкен рөл атқарады. Облыс климаты батыс, арктикалық және тропикалық ауа массалар циркуляциясының ықпалымен қалыптасады. Батыс атлантикалық ауа массалары облыс аумағына сирек түседі, себебі Атлантика өте алшақ орналасқан, сондықтан батыстан шығысқа қарай жылжығанда ауа массалары көп ылғалдан айырылады. Екіншіден, Орал таулары негізгі кедергі болып табылады. Бұлар циклон сипатын ауыстырып отырады. Алайда олар облыс аумағында келіп жататын жауын-шашынның негізгі бөлігін әкеледі.
Арктикалық ауа массасы облыс аумағында жылдың суық мезгілінде болады да, ауа температурасының төмендеуіне әсер етеді. Арктикалық ауа массасы фронтальды сызық жиегіне жеткен кезде жауындар болып, дауылды желдер тұрады.
Қыс мезгілінде облыс климатына азиаттық антициклонның солтүстік-батыс массасы қатты әсер етеді. Азиаттық антициклонның оңтүстік-батыс жерлері өте суық болады. Сондықтан да Қостанай облысында қыс қатты антициклон кезінде ауа-райы ашық және аязды болады.
Жаз мезгілінде облыс климатына Орта Азия мен Оңтүстік Қазақстан аумағында қалыптасатын континентті тропикалық ауа массалары әсер етеді. Бұл мерзімде ауа райы ыстық әрі құрғақ болады.
Облыс белсенді жел әрекет аймағында орналасқан. Желдің орташа жылдамдылығы жылына 5 м/сек құрайды. Орташа есеппен, тұрғындар жылына 30 күндей жел әсерін сезінеді. Мәселен, Қостанайда қаңтар айында 12 күн бойы қатты жел тұруы мүмкін. Ашық далада орманды дала аймақтарына қарағанда жел қатты болады.
Географиялық орын, атмосфералық циркуляция мен шекаралық қабат ерекшеліктері ауа температурасына әсерін тигізеді. Облысқа температураның жылдық және тәуліктік құбылуы тән. Орташа жылдық және орташа тәулік температуралар солтүстіктен оңтүстікке өзгереді.
Ауаның орташа айлық температурасының көпжылдық көрсеткіші
Айлары
Ауаның орташа жылдық температурасы 1°С-тан 6,9 °С-қа дейін өзгере алады. Ең суық ай - қаңтар. Оның орташа температурасы үнемі - 18°С құрайды. Жаз кезінде облыс аумағында мына температуралар тән: маусым айында орташа температура солтүстікте +19°С, ал оңтүстікте +24°С құрайды.
Жылдың ең жылы және ең суық айларының орташа температурасы аса маңызды көрсеткіш болып табылады. Жылдың амплитуда көлемі климаттың континенттілік дәрежесін сипаттайды. Қостанай облысының аумағында температурасының ауытқуы 36-39°С құрайды. Бұл облыс аумағында қыс қатты, ал жаз жылы екендігін көрсетеді. Жітіқара қаласында абсолюттік ең аз мөлшер байқалды – минус - 52°С, абсолюттік көп мөлшер Торғай ауылында -43°С. Температураның тәуліктік құбылуы -9 дан 13°С - қа дейін.
Атмосфералық жауын-шашындар облыс аумағында аз болады. Олардың саны солтүстіктен оңтүстікке 400 мм-ден солтүстік-батыста, оңтүстікте 160 мм-ге дейін азаяды. Қостанай қаласы ауданында 310-370 мм-ге жуық жауын-шашын болады.
Көпжылдың ішіндегі жауын-шашынның айлық көрсеткіші (мм)
Айлары
Жыл маусымы бойынша жауын-шашынның жылдық таралуы біркелкі емес: жылдың жылы мезгілінде (сәуірден қазанға дейін) 70-80% жауын-шашын болады. Шілде айында жауын көбірек жауады, мысалы, Қостанай қаласының ауданында шілдеде 55 мм-ге дейін жауын түседі. Ақпан айында жауын-шашын неғұрлым аз. Жылдың суық мезгілінде жауын аз болады. Сол себептен де қар жамылғысының қалыңдығы - 20-30 см. Тұрақты қар жамылғысы солтүстікте қарашаның бірінші жартысында қалыптасады, облыстың оңтүстігінде - қарашаның аяғында не желтоқсан басында. Қар түскенде көбінесе қатты жел тұрады. Ондай жел борандарды туғызады. Боранды күндер жылына 20-дан 30,50 күнге дейін созылады.
Сәуірде қардың қатты еруі басталады. Алайда қыста да күн жылынып кетуі мүмкін. Мұндай жылы күндердің арты суыққа әкеліп соғады. Қардың беті қатты мұзды қабыққа айналады. Ол болса мал шаруашылығына зиянын келтіреді.
Жауын-шашын саны ылғал дәрежесін анықтата алмайды. Өйткені ылғал булануға да байланысты. Егер булану көп болса жауын-шашынға қарағанда, онда ылғал аз болады, ал егер булану жауын-шашынға қарағанда аз болса, ылғал көп болады. Ылғал коэфиценті бірден төмен болса, ылғал кем, 0,3-тен төмен болса - нашар.
Ылғал бойынша облыстың солтүстік бөлігі тұрақсыз ылғал аймағына, оңтүстік бөлігі – кем (жетіспейтін) ылғал аймағына жатады. Тұрақсыз ылғал облыстың солтүстік бөлігінде кей жылдары жауын-шашын нормасынан төмен болатындығын көрсетеді. Мысалы, жаз құрғақшыл, ал күзде ылғалдың мол болуы мүмкін. Мұндай жағдай ауыл шараушылығына зиян келтіруі мүмкін. (Ауыл шаруашылық дақылдар өнімділігін төмендетеді, шөп, жайылым жерлер де көп өнім бере қоймайды).
Қыс. Облыстың әр жерлерінде қыс мезгілінің ұзақтығы әр түрлі. Ол радиациялық режимге және циркуляциялық үрдістерге байланысты. Қыстың басталу белгісі - температураның 0°С төмендеуі және қар жамылғысының тұрақталуы. Тұрақты қар жамылғысы Қостанай аумағында 10-шы қарашаға қарай тұрақталады. Торғай ауыл аумағында 30 қараша. Ұзақ мерзім бойы азиаттық антициклон облыс аумағында болады да қыс уақытының негізгі ауа райын анықтайды: ашық күндері төмен температуралар. Облыс аумағында қыс суық, әрі ұзақ болады. Ұзақтығы 160-105 күн, ашық күндері температура 30-40 °С-қа дейін төмендейді. Қар күйінде жауын қыста аз түседі - 50-100 мм (жылдық норма 20-30%), қатты қар жауу құбылысы сирек болады. Қар жамылғысының қалыңдығы орташа шамамен 18-30 см. Қыс мерзімінде қарқынды жел жер бедерлеріндегі қарларды үрлеп, бұрқасын туғызады.
Сондықтан ылғал жинау үшін дала жерлерінде қар ұстайтын іс-шаралар жүргізу керек (егіс қорғайтын орман алқаптарын отырғызу).
Қар жамылғысының шамалы қалыңдығына байланысты қыста топырақ 150-200 см-ге дейін тереңдікте қатады. Бұл қысқы дақылдардың өсуін шектейді. Осы аталған климаттық жағдайлар малдың қысқы қорына да әсер етеді. Үй жануарларын қыстан алып шығу үшін қысқа мал азығы даярлану керек.
Көктем. Қыстан көктемге ауысу ауа райы режимінің күрт өзгеруімен ерекшеленеді. Орта Азия құмды жерінен келіп соғатын жылы жел және ашық күндер қар жамылғысының тез еруіне ықпал етеді. Сонымен қатар жер бедерінің тегістігі арктикалық суық ауаның келуіне кедергі етпейді. Бұндай суық ауа температураны төмендетеді, әрі мамыр айында қар жаууы да мүмкін. Алайда, сәуірдің ортасында облыс аумағының көп жерлерінде қар тез кетіп, мамырдың ортасында орташа тәулік температура 10 °С-қа көтеріледі.
Информация о работе Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы