Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 10 Июня 2013 в 09:38, курсовая работа

Краткое описание

Жұмыстын міндеті
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау
Жан-жануарлары
Қостанай облысының ауа-райы жағдайын анықтау

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................
Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы....................
Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері........................................
Қостанай облысының өсімдік жамылғысы..............................................
Жан-жануарлары.........................................................................................
Қостанай облысының ауа-райы жағдайы..............................
2.Тәжірибелік бөлім
2.1.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

Қорытынды......................................................................................................
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

қостанай облысы курчавой.doc

— 275.50 Кб (Скачать документ)


Мазмұны

 

Кіріспе...................................................................................................................

  1. Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы....................
    1. Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері........................................
    2. Қостанай облысының өсімдік жамылғысы..............................................
    3. Жан-жануарлары.........................................................................................
    4. Қостанай облысының  ауа-райы жағдайы..............................

2.Тәжірибелік бөлім

2.1.Қостанай облысының топырағының сапасын (бонитетін) бағалау

 

Қорытынды......................................................................................................

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................

 

 

 

   

                         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

Қостанай облысының  топырақ жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Облыс территориясында  топырақтың ендік аймақтығы жақсы  байқалады. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан: қара топырақтар,  қара қоңыр топырақтар және шөл қоңыр топырағы. Осы не басқа топырақты аймақтардың таралуы табиғи аймақтардың таралуына сәйкес келеді. Топырақты ресурстар Қостанай облысы ең негізгі байлықтарының бірі. Сонын негізінде біздің облыс Қазақстан бойынша негізгі топырақты ресурстар көзі болып табылады. Сондықтан облыстын топырақ жамылғасына көп көңіл бөлген жөн.

Облыстың қара топырақты  аймағы бірнеше зона бөлшегінен тұрады: солтүстітің орманды дала аймағында кәдімгі қара топырақтар молынан кездеседі. Олар шамамен 9 мың км2 көлемін алып жатыр. Қара топырақтарда гумустік қабаттың қалындығы 60-80 см құрайды, гумус құрамы 8%- ға дейін.

Кәдімгі қара топырақтар қолайсыз климат жағдайларында қалыптасады; қасқы төмен температуралар мен қалың емес қар жамылғалары топырақтың терең таңдануын және көктемгі баяу қызуын туғызады. Бұндай құбылыстар шөп өсімдіктерінің тамыр жүйелерінің теренденуін шектейді. Сонымен қатар жазғы уақытта жауынның болуы топырақ горизонттардың қалындығын азайта түседі. Сол себептен де жай қара топырақтар аз гумустік қабат қалындығымен ерекшеленеді, алайда гумус құрамы көп болады.

Қара топырақтың болып  түрлері облыс бойынша жыртуға  қолайлы топырақтардың ең жақсысы  болып табылады.  Механикалық құрам жағынан бұлар орташа және ауыр құмбалшықты топырақтар. Сондықтан лғалданған шақта олар жабысқақ және ауыр болады. Ауыл шаруашылық алаңы жауын кезінде ауыш шаруашылық техникаларының дүрудің қиындата түседі. Алайда бұл топырақтар өзінің механикалық құрамының қиындығына қарамастан эрозияға қарсы іс-шараларды талап етеді.

Қара топырақтың келесі түрі оңтүстік дала аймағынның кәдімгі  карбонатты қара топырақтары. Олар 2,5 мың  км2 көлемін алып жатыр. Қара топырақ ішінен кенінен тарағаны кәдімгі кебірлі қара топырақтар. Олар 10 мың км2 көлемін алып жатыр. Бұл топырақ аласа тегістік және беткейлі жерлерде кеңінен тараған. Бұлар облыстың орманды және дала алқаптарыда кездесетін  аз гумусты не орта гумусты топырақтар.

Жұмыстын мақсаты: Қостанай облысынын топырағын ,бонитирповкасын  зерттеу.

Жұмыстын міндеті

  • Қостанай облысының топырақ ерекшеліктерін анықтау.
  • Қостанай облысының өсімдік жамылғысын анықтау
  • Жан-жануарлары
  • Қостанай облысының  ауа-райы жағдайын анықтау

 

 

 

 

1 Қостанай  облысының физикалық-географиялық жағдайы

Қостанай облысы Республиканың  солтүстік бөлігінде Тобыл, Торғай өзендерінің аңғарларында орналасқан. Ол солтүстігінде және солтүстік  батысында Ресей Федерациясының Қорған, Челябі, Орынбор облыстарымен және оңтүстік-шығысында Қазақстанның Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарымен, оңтүстік-батысында Ақтөбе облысымен шектеседі.

Қазіргі уақытта Қостанай облысының жер көлемі 196 мың км2 – бұл Солтүстік Қазақстандағы ең ірі облыс. Облыс 41˚16' - 55˚12', солтүстік ендікпен және 60˚ - 67˚20' шығыс бойлық арасында орналасқан. Оның территориясы солтүстіктен оңтүстікке қарай 700 км-ге, батыстан шығысқа қарай 250-400 км-ге созылып жатыр. Облыс территориясының негізгі ерекшелігі орташа теңіз деңгейінен биіктігі 200 м болып келетін тегіс жер бедерімен ерекшеленеді. Оның солтүстік бөлігін Батыс-Сібір жазығының оңтүстік-батыс шеті, ал оңтүстігін Торғай үстірті, оңтүстік-шығысын Сарыарқа жоталары, батысын Орал үстірті алып жатыр, облыс территориясын солтүстіктен оңтүстікке қарай Торғай ойысы кесіп өтеді. Облыс территориясының жазық болып келуі халықтың қоныстануы мен шаруашылықты дамытуға қолайлы фактор.

Қостанай облысының  орналасқан жері қоңыржай климаттық  белдеу, бірақ, оның теңіздермен мұхиттардан  шалғай – континенттің ішінде орналасуы, оның климатының қатаң континентті климат қалыптасуына ықпал етеді. Қыс ұзақ әрі қатты, жаз ыстық әрі құрғақ, бұл әсіресе облыстың оңтүстік бөлігінде жақсы байқалады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-350 мм. Қостанай облысы территориясы мен Тобыл және Торғай өзендері, олардың салалары ағып өтеді, көптеген көлдердің орналасуы дала ландшафтын ерекшелендіре түседі.

Облыс территориясының солтүстіктен оңтүстікке қарай бірнеше км-ге созылып жатуына байланысты, облыс алуан түрлі табиғат жағдайлармен ерекшеленеді. Солтүстік шекарадан бастап оңтүстікке Батыс-Сібір орманды далалары, қоңыржай, шөлді далалар, құрғақ  далалар, шөлейт бірін-бірі ауыстырып отырады.

Облыстың негізгі территориясы құнарлы қара және қызғылт топырақты  болып келетін дала зонасында  орналасқан. Даланың солтүстік бөлігінде жусанды-көкпекті өсімдік жамылғысы шоқ ормандармен кезектесіп келеді. Негізінен облыс ауыл шаруашылығын дамытуға қолайлы агроклиматтық жағдаймен қамтамасыз етілген.

 

 

       

 

 

 

 

 

1.1 Қостанай облысының топырақ ерекшеліктері

Қостанай облысының топырақ жамылғысы әр түрлілігімен ерекшеленеді. Облыс территориясында топырақтың ендік аймақтығы жақсы байқалады. Облыс аумағы үш ірі топырақ белдемінде орналасқан: қара топырақтар,  қара қоңыр топырақтар және шөл қоңыр топырағы. Осы не басқа топырақты аймақтардың таралуы табиғи аймақтардың таралуына сәйкес келеді. Топырақты ресурстар Қостанай облысы ең негізгі байлықтарының бірі. Сонын негізінде біздің облыс Қазақстан бойынша негізгі топырақты ресурстар көзі болып табылады. Сондықтан облыстын топырақ жамылғасына көп көңіл бөлген жөн.

Облыстың қара топырақты  аймағы бірнеше зона бөлшегінен тұрады: солтүстітің орманды дала аймағында  кәдімгі қара топырақтар молынан  кездеседі. Олар шамамен 9 мың км2 көлемін алып жатыр. Қара топырақтарда гумустік қабаттың қалындығы 60-80 см құрайды, гумус құрамы 8%- ға дейін.

Кәдімгі қара топырақтар қолайсыз климат жағдайларында қалыптасады; қасқы төмен температуралар мен  қалың емес қар жамылғалары топырақтың терең таңдануын және көктемгі баяу қызуын туғызады. Бұндай құбылыстар шөп өсімдіктерінің тамыр жүйелерінің теренденуін шектейді. Сонымен қатар жазғы уақытта жауынның болуы топырақ горизонттардың қалындығын азайта түседі. Сол себептен де жай қара топырақтар аз гумустік қабат қалындығымен ерекшеленеді, алайда гумус құрамы көп болады.

Қара топырақтың болып  түрлері облыс бойынша жыртуға  қолайлы топырақтардың ең жақсысы  болып табылады.  Механикалық  құрам жағынан бұлар орташа және ауыр құмбалшықты топырақтар. Сондықтан  лғалданған шақта олар жабысқақ және ауыр болады. Ауыл шаруашылық алаңы жауын кезінде ауыш шаруашылық техникаларының дүрудің қиындата түседі. Алайда бұл топырақтар өзінің механикалық құрамының қиындығына қарамастан эрозияға қарсы іс-шараларды талап етеді.

Қара топырақтың келесі түрі оңтүстік дала аймағынның кәдімгі карбонатты қара топырақтары. Олар 2,5 мың км2 көлемін алып жатыр. Қара топырақ ішінен кенінен тарағаны кәдімгі кебірлі қара топырақтар. Олар 10 мың км2 көлемін алып жатыр. Бұл топырақ аласа тегістік және беткейлі жерлерде кеңінен тараған. Бұлар облыстың орманды және дала алқаптарыда кездесетін  аз гумусты не орта гумусты топырақтар.

Дала аймақтарында оңтүстік аз гумусты қара топырақтар да бар. Олар 11 мың км2 көлемін алып жатқан жыртуға қолайлы жақсы топырақтар. Ылғал бойынша қолайлы жылдарда бұндай топырақтан жақсы бидай не басқа да дақыл өнімдерін алуға болады. Қара топырақ басқа түрлерінен оңтүстік карбонатты (шығыс және батыс дала аймақтарында) қара топырақ. Ол  шамамен 7,5 мың км2 көлемін алады және оңтүстік кебірлі қара топырақ, олар 7,6 мың км2 көлемін алады. Оңтүстік кебірлі қара топырақ сапасы төмен.

Жалпы қара топырақ аймағы облыста 45 мың км2 көлемін алып жатыр. Бұл – территорияның жарты бөлігінің бірі.

Облыстың көп бөлігінде  қара қоңыр топырақтардың түрлі  кешендері таралған. Оңтүстік қара топырақтан қара қоңыр топыраққа көшу климаттық жағдайларға байланысты. Өсімдік жамылғысы молая түскенімен, олардың тамырлары шырмалып бекиді. Қара қоңыр топырақтың қара топырақтан ерекшелігі - гумустік қабат қалыңдығының және гумус құрамының аздығы.

Қостанай облысының  орталық бөлігінің территориясы қара қоңыр топырақ зона бөлшегін толық қосады. Қара қоңыр топырақтың түрлі типтері өз құрылысы және түрлігіне  байланысты кілемшелі бір-біріне ұқсай  қоймайтын түрде таралған.

Қара қоңыр топырақтарда гумус құрамы 4-тен 1,5% -ға дейін өзгереді. Олардың негізгі көлемі - 30 мың шаршы шақырым.

Ашық қара қоңыр топырақтар ауаның тым құрғақ жағдайларында  қалыптасады. Мәселен, буланудың күшее  түсуі не жауын-шашынның азая түсуі (180-200 мм жылына). Олар (арагідік) өскен өсімдік астында дамиды, сондықтан қоңыр қара топырақтың гумустік қабат қалындығы аз (20-30) және гумус құрамы да аз (2,5%). Ылғал жетіспеушілігіне байланысты бұндай топырақты жерлерге жасанды суарусыз егіншілік егу мүмкін емес.

Егіншілік үшін кәдімгі қара қоңыр топырақтар өте жарамды бірақ олардың көлемі аз.

Облыстың оңтүстігінде шөл қоңыр топырағы ерекшеленеді. Олар Торғай мен Жыланшық өзен жерінде  кебірлер және сортаң топырақтар көлемімен  араласып жатыр.

Құрамды жерлерде топырақтың ылғалдануы көктем мен күз мезгілімен соңында жүзеге асады. Жазда топырақ құрғап қалады. Сондықтан өсімдік атауы топыраққа гумустың жиналуына аз материал енгізеді. Сол себептен қоңыр топырақтарда шым болмайды, тек жоғарғы бетінде гумыстық жанды қабаты пайда болады. Бұндай топырақтарда гумус өте аз болады.

Топырақ сапасы жағынан  Қостанай облысының басым бөлігі егіншілік шаруашылығына жарамды.

Қостанай облыс аймағында  өсімдік атаулының таралуы топырақтың таралуына сәйкес келеді. Топырақ  жамылғысының бойлық бағытта белдемдік байланыстағы өсімдік жамылғысы таралған. Оның солтүстігінде жіңішке бөлігін орманды-дала белдемі алып жатыр. Орманды жерлері негізінен, әр түрлі бұталар өскен терек аралас Қайынды шоқтардан тұрады. Кей жерлерде олар едәуір алқапты қамтитын қайынды орман өңірлерін құрайды. Дала белдемі әр түрлі шөбі басым селеу мен боздан тұрады, ал құрғақ дала белдемінде, негізінен, әр түрлі шөптер араласқан бетегелі - селеулі шөптер өседі. Даланың солтүстік бөлігінде қайыңды ормандар бейім. Сондықтан да даланың бұл бөлігін «орманды» дала деп те атайды. Орманды дала аймағының  тегістік – қырат кеңістіктерінде ормандар үлкен орын алады, ал дала аймағында қайыңды және көктерек талы, мойыл, итмұрын, бидайық, тасбүлдірген сияқты өсімдіктер бұл жерлерде кездеседі. Орман ішінде емдік қиасеттері бар дала бүлдіргені, қарақат, таңқұрай, итмұрын, дәрі өсімдіктерден - шілтер жапырақты шайқұрай, мыңжапырақ, үш тармақты итошаған, дәрілік түймедақ секілді көптеген өсімдіктер де өседі. Орманда жеуге жарамды саңырауқұлақтардың  отызға жуық түрлері де бар. 

Орман өсімдіктерінің негізгі  қызметі – қорғау, санитарлы-гигиеналық функцияларын орындайды және олар ағаш өнімдерін алу көзі болып табылады. Жайылым, шөп өнімдерінің және ауыл шаруашылық дақылдарының жақсы шығуына  орманның әсері мол.

Орман аралықтарында жайылым жерлер көп. Қазіргі кезде бұндай жерлер жыртылған. Олардың шығымдылығы 10-20 ц/га   дейін жетеді.

Облыста көп кездесетін көл ойпаттарында қамыс, қоға, көктабан өсімдіктері жақсы дамыған. Тұщы және тұзы шамалы су қоймаларында су астында және су бетінде еркін жүзетін өсімдіктер кездеседі.

Даланың керемет өсімдігі - бірнеше түрі кездесетін ақселеу. Бұл - дала жағдайларына жақсы бейімделген  өсімдік. Жұқа жапырақтары қатты  жел тұрғанда жерге қарай төмен  түседі, алайда сынайды. Оның қалың бұтасы басқа өсімдіктің өсуіне кедергі жасайды, көп тамырлары жерден алғал тарта алады, ал жапырақтары жылдың ыстық кезінде ол ылғалды сақтай біледі.

Дала аймағының сілтісізденген құмды топырақ жерлерінде қарағайлы  ормандар бар. Олар - Әулиекөл ауданының Арарқарағай және Аманқарағай, Науырзым ауданының наурызқарағай жерлерінде өседі. Даладағы қарағай ормандар сирек кездесетін құбылыс. Арақарағай мен Аманқарағай ормандарының ағаш астында құрғақ шөп жамылғысы бар: дұғаш, қылқан селеу, салаубас т.б., ал Науырзым орманында мұндай шөп жамылғысы жоқ.

Науырзым қорығының  құрамына енетін Бітағаш Жапырақты  орман бар. Ол қайын, тал, итмұрын  т.б. ағаштарымен  бай. Оңтүстік кебірлі  қаратопырақты жерлерде жусан, ақселеу  өсімдіктері кең тараған.

Даланың құрғақ қара қоңыр топырақты жерлерінде ксерофитті сабалақ төскейшөп, түймедақ мыңжапырағы, дүңгейшөп тәрізді өсімдіктер кездеседі. Көктем мезгілінде эфемерлер мен эфемероидтер – жуашықты қоңырбас, қызғалдақтар өседі. Дала шөптерінің осы аймақтағы шығымдылығы 3-4 ц/га болады.

Көктем кезінде дала түрлі шөптерге бай болады. Алғашқы  болып қар кеткен жақта ирис, сонан  соң сары қызғалдақтар, жасыл шөп  арасынан алқызыл қызғалдақтар шығады. Бірақ бір айдан соң ақселеу  шыға бастайды да басқа өсімдіктерді жауып тастайды. Сондықтан олар көзге  көрінбейді.

Облыстың шөлейт аймақтары  жусанды, шымды, астық тұқымдыс далаға айналған. Дала аймағының өсімдіктерімен салыстырғанда, шөлейт аймағы да    өсімдік атаулысы сирек кездеседі. Тек құрғақшылыққа бейімделген  өсімдіктер ғана өседі.

Торғай өзенінің шөлейт учаскелерінде жусанды өсімдік  комплекстері бар. Облыстың бұл аудандары  жайылымға жақсы жерлер болып  табылады. Шөлейт аймақта өсімдіктің маусымдық шығуы байқалды. Көктем мен жаздың бас кезінде топырақта  ылғал жеткіліті болған жақта  өсімдіктер тез жетіледі, ал жаздың екінші жартысында олар кеуіп қалады.

Информация о работе Қостанай облысының физикалық-географиялық жағдайы