Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Экстрокорпоральды ұрықтандыру ғылымын зерттей келе оның оң және теріс жақтарын көрсету. Тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін ұлттық сипатта қарастыру; адам мақсатына сай тақырыпты жан жақты ашып көрсету. Салауатты өмір салтын сүруге шақыру;

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................4
І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы
1.1 Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)...................................................................... 7
1.2 Экстрокорпоральды ұрықтандыру қазақ елінде қонақта..................................................................................................................................8
1.3 Құрсақ ананың құқығы жан-жақты қорғалады...........................................................9
ІІ .Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі
2.1. Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?........................................................................................................................................11
2.2 Дініміздің үкімі қандай?...............................................................................................13
III Аман ердің аты шығады.
3.1 Жасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығы..................17
3.2 Бедеулік пен белсіздік: кесел ме, кесір ме?................................................................19
3.3 Белсіздікке апаратын бес себеп....................................................................................22
IV Шетелге қарап ұлыған қазақ болып шықпайық
4.1 Қолдан ұрықтандырудың шетелдегі жағдайы.........................................................24
4.2 Бала сүю бақытына қанша жаста жетуге болады....................................................25
4.3 Шетел жұлдыздарына қуаныш силады...................................................................26
Қорытынды .......................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

эко ұрықтану жолы.docx 123 (восстановлен).docx

— 85.58 Кб (Скачать документ)

Дұрыс тамақтану, қимылдау. Бала туу жасында әйел дұрыс тамақтану кестесін сақтап, үнемі қимыл-қозғалыста жүрсе, бедеулік қатер 80 пайызға дейін төмендейді. Психотерапевтер әйелдерге тым жұмысбасты болмауға, ұрыс-керіске араласпауға, стреске ұрынбауға ақыл-кеңес береді. Мұны сақтамау – бедеулікке жол ашады.  
Жыныстық құштарлыққа демеу тағамдар  
Балық тағамдары. «Ежелгі Грекияда дәрігерлер әскери адамдарда нашарлай бастаған жыныстық қабілетті қалпына келтіру үшін балықтан жасалған тағамды көбірек жеуге кеңес берген. Соның нәтижесінде олардың жыныстық құштарлықтары жақсара бастаған. Содан бері балық та, сонымен қатар теңіз өнімдері де жыныстық құштарлықты жақсартатын тағамдардың бірегейі саналады.  
Алкоголь. Ол жыныстық қатынасты жақсартады деп адасатындар көп. Алкогольді ішудің бас кезінде осындай құштарлық оянады. Бірақ ол қысқа уақытқа ғана созылады, ал әрі қарай жыныстық құштарлық басылып, жыныс мүшесінің қуаты нашарлап, ол ауыр жыныстық бұзылуларға әкеп соқтырады. Сондықтан оның да мөлшерін білген жөн.  
Е дәрумені. Ол және құрамында осы дәрумені көп тағамдар жыныстық өмірге жағымды әсер етеді дегенді жиі естуге болады. Бірақ мұны ғалымдар егеуқұйрықтарға жасалған тәжірибе негізінде айтқан. Өйткені оларға құрамында Е дәрумені жоқ тағамдарды бергенде, көпке дейін балалауын тоқтатқан. Алайда бұл тәжірибе қате пікір қалыптастырған. Оның адамда да жыныстық белсенділікке әсері күшті деу негізсіз.  
Ащы тағамдар. Бұл тағамдар жыныстық белсенділікке ықпал етеді деген пікірлер де жоқ емес. Бірақ бұл ғылыми түрде дәлелденбеген. Бұл заттар кейбіреулерге жағымды әсерін тигізген, сондықтан оны қолданып көргендер ғана пайдалы деп есептейді.  
Жұмыртқа. Біреулер шикі жұмыртқаның бұл шаруаны тікелей қуаттандыратындығын айтады. Бірақ жұмыртқаның құрамында осыған қатысты заттар жоқ. Негізінде, жұмыртқаның құрамында түрлі дәрумен жиынтығы бар, ал олар ағзаның күш-қуатын арттырады. Сондықтан оның пайдалы жақтары мол екені белгілі».

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3.3 Белсіздікке  апаратын бес себеп

Бұл туралы айту керек! Ер адамдардың дәрігерге аса бара бермейтіні бесенеден белгілі. Бірақ сақтанып жүргеннің зияны жоқ. Белсіздік – адамдар арасында белең алған аса қауіпті дерт. Соның ішінде кейбір себептерді көпшілігінің өз қолымен жасап алатыны өкінішті. Оның бәрі білместіктен туындайды. Ал сіз біліп жүріңіз.

Ноутбук. Ер адамдарға ноутбукті ешқашан тізеге қойып отырып жұмыс істеуге болмайды. Американың Стони Брук университетінің ғалымдары анықтағандай, ер адамдардың ағзасына компьютерден бөлінетін жылудың қатері мол екен. Олар әдетте ер адамның ең төменгі температураны ұстап тұратын дене мүшесін қыздырады. Осыдан келіп олардың бір ай бойы бала жасау қабілеті нашарлайтыны анықталған. Ноутбук үнемі тізеде тұратын болса, белсіздік болу қаупі жоғарылайды.

Сыра. Қандай да алкоголь ішімдіктерінің адам ағзасына зиян екені анық. Ал сыраның нағыз белсіздікті тудыратын ішімдік екені дәлелденген. Әсіресе ерлер жағының «сүйікті» сусынына айналған сыра қан тамырларының өткізгіштік қасиетін жоғарылатып, жұмыртқа жасушаларының қоғаныс қабілетін бұзады да, бауырдан бөлінетін улы заттардың мөлшерін арттырады. Сөйтіп ол бауырдың қызметін бұзып қана қоймай, ер адамдардың әлеуетін төмендетуге себеп болады. Одан бөлек сыраның құрамындағы алкаголь эстрогеннің қызмет жүйесін бұзып, ер адамдардың күш-қуатын әлсіретеді. Екіншіден, сыраның құрамындағы фитоэстрогендер әйелдердің бойындағы табиғи гармондардың бір түрі ретінде белгілі. Содан еркектердің ағзасына әйел адамдардың гармоны көбейеді де, олардың әйелдер сияқты қарны шығып, төсі үлкейіп кетеді.

Ұялы телефон немесе виброқұрылғылар. Ер адамдарға ұялы телефон пайдаланба дей алмаймыз. Тек айтарымыз, шалбарыңыздың қалтасына салушы болмаңыз! Тағы да америкалық ғалымдарды алға салуға мәжбүрміз. Олардың зерттеулерінің нәтижесі көрсеткендей, ұялы телефонмен сөйлескен уақыттар ғана емес, қоңырау келгендегі вибрацияның өзі ер адамдардың ағзасына кері әсер етіп, сперматозоидтардың құрамын бұзады. Ғалымдар ұялы телефонның ер адам ағзасына кері әсер етуінің себебі одан бөлінетін жылу мен электромагниттік радиация деп тапты.

 

Инфекция. Кез келген ауру инфекциядан пайда болады. Инфекция суықтан немесе таза жүрмегеннен туындайтын адам ағзасындағы зиянды заттар. Суықтан болатын тұмау, грипп сияқты аурулармен қоса, ұшық, тері аурулары сияқты жұқпалы ауруларды ер адамдар аса көп елей қоймайды. Олар бір жағынан айтуға ұялса, екінші жағынан үйде емделгенді жаны сүйеді. Батырлық пен тәкәппарлықтың керегі жоқ. Себебі ауру асқынса, сіздің «ең қымбат жеріңізді» зақымдайды. Айта кетейік, инфекцияны жұқтырудың ең қауіпті жолын ішіңіз біліп отырған шығар. Жыныстық жолмен жұғатын аурулар – белсіздіктің бірден-бір себебі.

Стресс. Адам үнемі шаршаңқы жүреді. Одан келіп ашуланады. Біреумен сөзге келіп қалады. Мұның бәрі денсаулыққа зиян екені белгілі. Ал оның белсіздікке тікелей қауіпті екенін білеміз бе? Италия ғалымдары ер адамдардың белсіздігін зерттей келе белсіздік басты себептерінің бірі – стрессекенін анықтаған. Ұзақ уақыт бойы стресте жүретін адамдар да, тез ашуланып, тез шаршайтын адамдар да белсіздікке душар болуы мүмкін. Сондықтан күнделікті тірлікте кездесетін кейбір келеңсіздіктерді жүрекке жақын алмай, айналып өтуге тырысқан дұрыс.

Белсіздіктен сақтанудың жолдарында электромагниттік радиацияны тудыратын троллейбус, трамвай сияқты электр қуатымен жүретін тасымал көліктерін жүргізбеу туралы айтылады. Сонымен бірге темекі тарту, аз ұйықтау, дұрыс тамақтанбау сияқты жағымсыз факторлардан абай болған дұрыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

IV Шетелге қарап ұлыған қазақ болып шықпайық

4.1Қолдан ұрықтандырудың шетелдегі жағдайы

 

Әлемде ғылыми тәжірибелер әуелі жан-жануарларға жасалынса, кейін адамдардың ағзасына да ауыстырылмайды ма? 1978жылы Англияда Эдварде және Стептоу дейтін дәрігерлер табиғи жолмен ұрықтана алмаған ерлі-зайыпты Джон Браун,Луиз Браунның ұрықтарын түтікшеде ұрықтандырып,бұл зиготаны қайтадан Луиз Браунның жатырына алып, бақылауға алады. Тәжірибе сәтті аяқталады. Қазір шетелдерде «Ұрпақсыздыққа қарсы бөтен кісілердің нәрестесін көтеру» ұйымдары бар. Әйелдер осы мекемемен келісім шартқа отырып, белгілі бір қаржы үшін өзгелердің баласын көтеріп, туып береді.

Суррогат ана қызметтері заңмен тыйым салынған әлемнің Франция, Германия,Австрия, Норвегия, Швеция тәріздес елдерімен салыстырғанда, суррогат ана Қазақстанда заңнамалық деңгейде рұқсат етілген. 

Бүкіл дүние жүзінде жыл сайын шамамен 500 мың жасанды ұрықтандырылу жасалады.Түркия - эсктракорпоральды ұрықтандыру емі сәтті жүргізіліп келе жатқан елдердің бірі. Тіпті, осы саладағы ең табысты 5-6 елдің бірі. Жылына шамамен 42 мың жасанды ұрықтандыру әдісі жүргізілетін Түркия осы көрсеткішпен әлемдік тізімде 9, Еуропа тізімде алтыншы орында. Соңғы технологиямен жабдықталған 100 шақты жасанды ұрықтандыру орталығында әрі түрік, әрі шетелдік науқастар балалы болу үшін емделеді. Осы орталықтарда табыс нәрестенің тірі туылуымен өлшенеді. Осы салада Түркияның ұпайы едәуір жоғары. Бұл да шетелден жыл сайын көптеген науқастың келуіне жол ашады. Әсіресе Түркияның оңтүстігіндегі Анталиядағы орталықтарға келген ерлі-зайыптылар бір жағынан емделеді, бір жағынан демалып кетеді. 

Сурогатты ана мен ол туып беретін баланың биологиялық ата-анасының құқықтары мен міндеттерінің заңмен реттелуі әр елде әрқалай. Франция, Германия, Австриия, Норвегиия, Швециия, АҚШ-тың кейбір штаттарында Аризона, Мичиган, Нью- Джерси сурогатты ана болу заң жүзінде тыйым салынған. 
Кейбір жерлерде тек комерциялық емес сурогатты аналыққа рұқсат берілген. Мысалы, Австралияның Виктория Великобритания штатында сурогатты ананың жүктілік кезіндегі қажеттілігіне ғана ақша төленсе, Данияда өте үлкен шектеулермен, Канада, Израиль, Нидерланды да сурогатты аналықты жарнамалау, сурогатты ана қызметін ұсынуға тыйым салынған, ал АҚШ-тың Нью- Гемпшир, Вирджиния штаттарында да солай. 
Бельгия, Греция, Испания, Финляндияда сурогатты ана мәселесі заңмен қадағалынады, бірақ фактілі кездеседі. 
Ал сурогатты ана қызметі қай жағынан болса да, комерциялық жағынан да заң жүзінде рұқсат етілген және шек қойылмайтын елдер қатарына: АҚШ штаттарының басым бөлігі, Оңтүстік Африка Республикасы, Россия, Украина және Қазақстан кіреді. Ал Белорусияда сурогатты ана қызметіне жүгінуге тек әйелдің жүкті болуы оның денсаулығына немесе болашақ сәбиіне зиян тигізетін, өлім қауіпі болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. 
«Құрсақ ана» қызметіне жүгінетіндер ішінен өзі табиғи жолмен дүниеге бала әкелу мүмкіндігінен айырған әйелдер пайдаланса түсінуге болады, өз қанынан жаралған бала сүюдің жалғыз жолы. Ал енді бір келіншектер дене бітімін, тән сұлулығын бұзбас үшін өзі босанғысы келмей «құрсақ ананы» жалдайтын болды. Бұл құбылыс сәнге айналып, аяғы келіншектер өздері босанудан мүлдем бас тартпаса болғаны.

 

 

4.2 Бала сүю бақытына қанша жаста жетуге болады.

 

Әрине анасының жасы үлкен болған сайын, әкесіде қартайады. Әлемдік денсаулық сақтау орталығының мамандары бұл жағдай жалғаса береді - деп болжам жасауда. Салыстырып көріңіз:1970 жылы Нью-Йоркта 15%туылған балалардың әкелері 35 жастан жоғары болған. Бүгінде ондайлардың саны 25% !

Бірақ шын мәнінде ер адамның репродуктивті қабілеттілігі уақытымен аса өзгермейді. Баланы 70 жаста, тіпті оданда кеш тууға болады. Жасы келген әкелердің тізіміне тоқталар болсақ: Майкл Дуглас, Род Стюарт, Доналд Трамп, Олег Табаков, Андрей Кончаловский т.с.с. Мұнда қосар болсақ жасы үлкен еркек, әдемі еркек! Өйткені ол аяққа тұрған, материалдық жағын жасаған адам. Сондықтан ол баланы өмірдің берген ғажайып бір сыйы ретінде қабылдауға дайын. Әрине еркектің климаксы әйелдікі сияқты тез келмейді. Ондай жағдай болса да бөріктілер баланы ұрықтандыра алады. Дегенмен 40 жастан кейін балалы болу мүмкіндігі жігіттерде азаяды. Журналының мәліметі бойынша 2004 жылы шамамен 7% жыл сайын 41-ден 45 жасқа дейін, тіпті 45 жастан кейін жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілеті 11 пайызға дейін төмендейді. Егер еркек темекі шекпесе, ішімдікті аз ішсе, жиі спортпен шұғылданып, жыныстық қатынасқа түссе оның жасы жыныс мүшелерінің ұрықтану қабілетіне аса әсер етпейді. Бірақ басқа да қауіп-қатерлер бар. Ірі масштабты зерттеулердің нәтижесі бойынша (2млн.жуық бала) жасы келген еркектердің ұрықтары неғұрлым көбірек мутацияға ұшыраса, 45-49 жастағы әкелерде шизофренияға шалдыққан балалар тууы мүмкіндігі жоғары. Ал 25 жасқа дейінгі жастау еркектерде ол қауіп шамалы. Бұл қауіп 50 жастан асқан азаматтарда 3 есеге артады. 45 жаста немесе одан жасы асқан бөріктілерден туылған балалар 30-дан жастау әкелермен салыстырғандаолардың психологиялық ауруларға шалдығуы 4 есеге асады. Ал суицидтты әрекетерге баруы екі есеге артады. Жасы үлкен ер адамдардан туылған балалардың көбісі интелектуалдық жағынан дамымай қалады.

Міне, сондықтан Еуропа мен АҚШ-та еркектен сперманы жас кезінде алып, оны мұздатып қояды. Осылайша әкенің жасы келгенда ол балалы болғысы келсе ұрпағы қауіп – қатерсіз туылады көп жағдайларда кеш жүктілік жәйлі әңгіме қозғалған кезде онда репродуктивты технологияның араласқаны белгілі болады.

 

4.3 Шетел жұлдыздарына қуаныш силады....

Дженнифер Лопес және Марк Энтони

Америкалық танымал әнші және киноактриса Дженнифер Лопес пен композитор және әнші Марк Энистон 2004 жылдың 5 маусымында некелескен.Үйлену тойынан кейін Дженнифер Лопес: «Мен бүкіл өмірімді жұмысыма арнадым. Енді жеке өмірім және отбасын құру туралы ойланатын уақыт келген сияқты. Сәбилі болу мен үшін үлкен бақыт болар еді»-деп ағынан жарылды. Бірақ, табиғи жолмен жүктілік болмаған соң, Дженнифер мен Марк денеден тыс ұрықтандыру әдісіне жүгінуді шешті. Бірнеше талпыныс сәтсіздікпен аяқталғаннан кейін, дәрігерлер Дженниферге жүктілікті көтере алмайтынын және бала көтеру денсаулығына қауіпті екенін айтты. Дегенмен, Дженнифер суррогат ананың көмегіне жүгінгісі келмей, ары қарай талпынысын жалғастыруға бел буды. Дәрігерлердің айтуына қарамастан Дженнифер жүкті болып, жүктілікті өте жеңіл көтеріп шықты. Нәтижесінде, 2008 жылдың 22 ақпанында Лопес егізді болды. Қызы - Эммелина 2470 грамм болып, 12:12-де туылса, ұлы - Максимилиано 2721 грамм салмақпен 12:23-те дүние есігін ашты.

 

Анджелина Джоли және Брэд Питт

Бұл атақты жұп уақыттарын жоғалтпау үшін денеден тыс ұрықтандыру әдісімен балалы болуды жөн көрді. Көп балалы ата-ана болуды армандаған Анджелина Джоли мен Брэд Пит егізді боламыз деген үмітпен бұл әдіске 12 мың доллар төледі. Олардың осынша асыққандарының да мәні болатын, оның себебі сол кезде отағасының жасы 43-те еді. Лос-Анджелестік адам ұрпағын өрбітуорталығының дәрігері Артур Уитсонның айтуы бойынша, сол уақытта 33 жаста болған Анджелинаның табиғи жолмен егізді болу мүмкіндігі бір пайыздан да төмен болды. Ал денеден тыс ұрықтандыру әдісінде бұл көрсеткіш 25пайызға дейін көтеріледі. Уитсонның «Біз адам ұрпағын өрбіту саласының дамыған ғасырында өмір сүріп жатырмыз, және әр адам ойындағысына қол жеткізе алады, әрине, егер ол ісі Заңға қарама-қайшы келмесе» деген сөздері бар. Нокс және Вивьен атты егіздер 2008 жылдың 12 шілдесінде Ниццада дүниеге келді.

Сара Джессика Паркер мен Мэттью Бродерик

Сара Джессика мен жары Мэттью отбасыларын үлкейтуді алты жасар ұлдары Джеймс дүниеге келгеннен бастап жоспарлаған. Нәтижесінде 44 жасар Паркер мен 47 жасар Мэттьюдың суррогат ананың көмегіне жүгінулеріне тура келді. Егіздер 2009 жылдың 22 маусымында дүниеге келді.Қыздардың атын - Мэрион Лорета Элвелл және Табита Ходж Бродерик қойды. Аналарының айтуынша, ол қыздарын туыстарының есімімен атаған.

Рики Мартин

Танымал әнші - Рики Мартин 2008 жылы екі сүйкімді ұлдың әкесі атанды. Бақытты әке балалары дүниеге келгенде өзі де балаша жылағанын және алғашында кішкентайларын қолға алуға да қорққанын айтып ағынан жарылды. Заңды түрде бала асырап алуға күші де, жүйкесі де жетпейтінін түсінген Рики, балалы болу үшін суррогат ананың көмегіне жүгінуге шешім қабылдап, жалғыз басты әйелмен (әйелдің аты аталмайды)келісім шарт құрды. Әнші: «Жүктіліктің ең бірінші күнінен бастап мені бұл процесс еліктіріпалып кетті. Біз балаларымның анасымен әрдайым кездесіп, әңгімелесетінбіз. Және ұлдарым дүниеге келгенде де жанында болдым. Бұл сөзбен жеткізуге келмейтін, ең керемет сәттер болды, мен кішкентай балаша жылап, денем дірілдеп кетті. Дәрігер жаңа туған сәбилерді қолыма бергенде қорқыныштан терлеп кеттім»-деп әңгімелейді. Рики кішкентайлары Валентино және Маттеомен мүлдем айырылыспайды десе болады, әнші балаларын өзі тәрбиелеуді жөн көріп, бала күтушісінен де бас тартқан көрінеді.

 

 

 

 

Қорытынды.

  Алла-тағала кез-келген ер мен әйелге бала сүю сезімін сыйлаған. Бұл – адам баласының бойындағы ең керемет сезім. Десек те, бүгінде елімізде бала сүйе алмай, сәбидің иісін аңсап жүрген ерлі-зайыптылар да баршылық. Осыған байланысты ғылымның жетістігі болып есептелетін жасанды жолмен ұрықтандыру мәселесі біздің елімізде де кеңінен қолданысқа еніп келеді.  Бірақ бұл табиғат баласына тең келеме? Тең келмесі анық. Алла тағаланың қолдауымен дүниеге табиғи жолмен әкелген балаға не жетсін шіркін. Ол үшін кез келген қазақ қызы бой түзеудің тізгінін ұстау керек секілді. Өйткені «сәби сүю бақытынан айыратын сырқат неден туындайды, одан айығудың жолы қандай» деген сауалдар әркімнің де көкейінде жүрері сөзсіз. Көптеген дәрігерлер бедеулік пен белсіздіктің себептерін жастайынан денсаулықты күтпеуден көреді. Бұл дерттің дәл қазіргі таңда кең етек жаюының бір себебі – бүгінгі бойжеткендеріміздің бабымен бой түзей алмауы. Расында да, мықыны мен кіндігін ашып, кеудесін тар киіммен құрсаулай киінетін сәнқой қыздардан көшеде көз сүрінеді. Ал темекі мен сыраға әуес қаракөздеріміз өз келешегін өзі улап, тұншықтырып жатқанын, сірә, байқай бермейді-ау, шамасы. Сонымен қатар дәрігерлер ер-азаматтардың да денсаулығы сын көтермейтінін айтады. Кейбіреулерге жаратылысынан, енді біреулерге күтінбеуден берілетін бедеулік пен белсіздікті екінші қырынан, яғни діни наным тұрғысынан қарастырып көрсек, сәби сүю бақытын тәрк еткен көкек-аналардың кесапаты да секілді. Халық сенімі бойынша ананың бойына бітетін бала – Жаратқанның жіберген сыйы. Сол сыйды біле тұра өз қолымен өлтіріп, түсік жасату немесе баланы тастанды ету кесірлі іс емей, немене? Кеселге шипа іздеген әдіске «Жаратушы ғана беретін баланы қолдан қалай жасайды, бұл – күпірлік» деп қарайтын теріс түсінік те бар. Негізінде, «Алла тағала әрбір ауруды жібере отырып, оның емін де қоса береді» дейді. «Алла адамға ақыл, сана, денсаулық берді, соны пайдаланып, ары қарай ізгі іс жасау – адамның қолында деп өз сөзімді аяқтаймын.

Информация о работе Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері