Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері

Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 12:59, курсовая работа

Краткое описание

Экстрокорпоральды ұрықтандыру ғылымын зерттей келе оның оң және теріс жақтарын көрсету. Тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін ұлттық сипатта қарастыру; адам мақсатына сай тақырыпты жан жақты ашып көрсету. Салауатты өмір салтын сүруге шақыру;

Содержание

Кіріспе...................................................................................................................................4
І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы
1.1 Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)...................................................................... 7
1.2 Экстрокорпоральды ұрықтандыру қазақ елінде қонақта..................................................................................................................................8
1.3 Құрсақ ананың құқығы жан-жақты қорғалады...........................................................9
ІІ .Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі
2.1. Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?........................................................................................................................................11
2.2 Дініміздің үкімі қандай?...............................................................................................13
III Аман ердің аты шығады.
3.1 Жасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығы..................17
3.2 Бедеулік пен белсіздік: кесел ме, кесір ме?................................................................19
3.3 Белсіздікке апаратын бес себеп....................................................................................22
IV Шетелге қарап ұлыған қазақ болып шықпайық
4.1 Қолдан ұрықтандырудың шетелдегі жағдайы.........................................................24
4.2 Бала сүю бақытына қанша жаста жетуге болады....................................................25
4.3 Шетел жұлдыздарына қуаныш силады...................................................................26
Қорытынды .......................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................

Прикрепленные файлы: 1 файл

эко ұрықтану жолы.docx 123 (восстановлен).docx

— 85.58 Кб (Скачать документ)

Елімізде қолданыстағы заң бойынша «құрсақ ана» болуға, оның көмегіне жүгінуге рұқсат етілген, алайда жатырды «жалға алудың» өте қымбат тұратындығы және оған жүгінетіндердің аздығынан болар, нақты статистика таба алмадық.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.3  «ҚҰРСАҚ АНАНЫҢ» ҚҰҚЫҒЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚОРҒАЛАДЫ

 

Қосымша репродукциялық технологиялар (ҚРТ) - Ұрықтану мен эмбриондардың ертеден дамуының жеке немесе барлық сатылары ағзадан тыс жүзеге асырылатын белсіздікті емдеу әдісі. 

 Суррогат ана - баланы ұрықтандыру мен тууында үш адам қатысатын қосымша репродуктциялық технология. 1) генетикалық әке - өзінің шәуетін ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін әкелік міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 2) генетикалық ана - өзінің аналық жасушасын ұрықтандыру үшін берген және бала туғаннан кейін аналық міндетті өзіне алуға келіскен тұлға; 3) суррогат ана - бала туатын жастағы, ақылы немесе ақысыз негізде генетикалық ата-аналардан бала көтеруге және тууға келіскен және осы баланың анасы рөліне таласпайтын әйел. 

Қазақстанда суррогат ана өзінің бастауын 1998 жылдан бастайды, ол кезде «Неке және отбасы туралы» заң қабылданды, ол қосымша репродукциялық технологиялардың әдісін пайдалану құқығын берді. 1999 жылы Адам репродукциясы орталығында суррогат ананың бірінші бағдарламасын жүргізді. 2004 жылы «Азаматтардың ұрпақты болу құқықтары және оларды жүзеге асыру кепілдіктері туралы» Заң шықты. 2009 жылы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекс шықты. Бұл құжаттарда суррогат ананың құқықтық негізі баяндалды. 

2012-жылғы 7-ақпанда «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» Қазақстан  Республикасының Кодексі қолданысқа  енгізілді. 1998-жылғы 17-желтоқсандағы  бұрын қолданыста болған «Неке  және отбасы туралы» Қазақстан  Республикасының Заңы күшін жойған  болып танылды. Сонымен, «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексінде 9-бөлім «Суррогат ана және  қосымша репродукциялық әдістер  мен технологияларды қолдану»  бөлімі бар. 

Кодекстің 54-бабы суррогат ана шартын қарастырады, ол Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының талаптарын сақтау арқылы жазбаша түрде жасалады және міндетті нотариалдық куәландыруға жатады. Суррогат ана шартымен бірге ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) сәйкес қызмет көрсететін, қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйыммен шарт жасайды. 

Кодекстің 56-бабы суррогат анаға қойылатын талаптарды бекітеді. 

Біріншіден, суррогат ана болуды қалайтын әйел жиырмадан отыз бес жас аралығында болуы, медициналық ұйымның қорытындысымен расталған қанағаттанарлық дене, психикалық және репродукциялық денсаулыққа ие болуы тиіс, сонымен қатар өзінің дені сау баласы болуы тиіс. 

Екіншіден, егер суррогат ана тіркелген некеде (ерлі-зайыптылық) тұрған жағдайда, суррогат ана шартын жасағанда ерінің жазбаша келісімін беруі тиіс, ол нотариалдық тәртіпте расталуы тиіс. 

Үшіншіден, қосымша репродуктивтік әдістер мен технологияларды қолданатын медициналық ұйым олардың қолданылуы туралы балалы болуды қалайтын тұлғалар немесе донорлық банк үшін қолданылған биоматериалдар туралы толық және жан-жақты ақпарат бар қорытынды шығаруға міндетті. 

Қорытындының бір данасы суррогат ананын нотариалдық расталған шартына тіркеледі және келісім жасалған орында сақталады. 

   Кодекстің 59-бабына сәйкес, суррогат ана шарты негізінде қосымша репродукциялық әдістер мен технологияларды қолдану нәтижесінде туылған баланың ата-анасы болып ерлі-зайыптылар (тапсырыс берушілер) танылады. Басқа сөзбен айтқанда, баланың генетикалық анасы туылғаннан кейін бірден сәбидің анасы болып ресми жазылады және сол сәттен бастап суррогат ананың бұл балаға ешқандай қатысы болмайды. 

Генетикалық ата-аналар суррогат ананың медициналық бақылау, қосымша репродукциялық әдістер мен технологиялардан өтуімен байланысты материалдық шығындарды өтеуге; жүктілік кезеңінде, босану және босанған кейін елу күн ішінде, ал жүктілік және босанумен байланысты асқынулар болған жағдайда - босанғаннан кейін жетпіс күн бойы медициналық қызметтерді төлеуге міндетті. Суррогат ана үнемі дәрігерге қаралып, оның нұсқаулықтары мен тағайындауларын қатаң орындауы тиіс; «тапсырыс берушілерге» жүктілік ағымы туралы үнемі ақпараттандыруы тиіс, ал ең бастысы - суррогат ана бағдарламасы бойынша оның туған баласын «тапсырыс берушілерге» беруі тиіс. 

Суррогат ана мен сәйкес медициналық процедураларды іріктеу бойынша қызметтерді Қазақстанда ЭКО орталықтар мен мамандандырылған суррогат ана орталықтары жүргізеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ .Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі

2.1. Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?

 

Жетпіс жылда «жеті ата» дегенді жадымыздан өшіре бастадық. Жеті атаға жіктеу, қан тазалығын сақтау сияқты төл салт-дәстүрімізге әлем ғалымдары тәнті болып, өздерінше тексеріп, нәтижесінде адам дамуының тарихындағы биологиялық және әлеуметтік мәні өте зор деген жоғары баға бергенін барша біледі. Қазақ жеті атаға дейін қыз алыспаған. Ата-бабаларымыз «Қызды жеті өзеннен өткізіп ал» деп бекер айтпаған. Әр қазақ баласының өз ата-тегін білуі – нағыз тектілік.

Ұлттық дәстүр мен ұлттық құндылықты сақтау жолында ел болып жұмыла күресіп жатырмыз. Ұлттық асты атасынан қалғандай көріп жүрген «Беш»-тердің де месі басылды әйтеу. Бірін басып бірін түзеп жатқанда бірі қылтиып шыға келді. 
Елімізде экстрокорпоральды ұрықтандыру (ЭКҰ) орталықатры жұмыс істейді. Жан санын көбейту ел үшін пайдалы іс болған күннің өзінде, ұрықтандыру арқылы ұрпақтың санын көбейткенмен сапасын жасай аламыз ба?

Қазір ЭКҰ орталықтары жұмыстарының тасы өрге домалап тұрған кезең. Әрине, олар «мазар үйді» «базар үйге» айналдырып жатса, оған қуанамыз. Алайда «донорлық көмекке жүгінетіндер үшін орталықтар қан тазалығына кепілдік беретін жеті атаны тексере ме екен?» деген сауал көтергенде күтпеген жауап алынды.

Сөйтсек, жасанды ұрықтандыру орталықтары донор еркектердің жеті атасын тексермейтін болып шықты. -Жеті ата – жер әлемде теңдесі жоқ қазына. Мұны ұлттық бренд ретінде де ұсынуымызға әбден болады. Озық медицинаның дәлелдеуінен өткен жеті аталық ұстаным. Былайша айтқанда, бұл табиғи сұрыптау. Әлемді 2005 ұлт мекендесе, мұндай табиғи сұрыптау бізде, қазақта ғана бар. Жалпы түркі тілдес халықтардың ешбірінде жоқ. Жеті атаға дейін қыз алыспау салт-дәстүрі, біле білсек, ұрық тазалығы. Өкініштісі, жеті атаны ұстанғанымыз былай тұрсын, қазір оның қадір, қасиеті жоғалып барады.

Елімізде сирек кездесетін, медициналық тілмен айтқанда, орфандық аурулар саны жылдан-жылға артып келеді. Тіпті әлемдік деңгейде дабыл қағып отырған елдердікінен кем емес. Орфандық ауруларға қарсы шаралардың Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйек тегі 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексінен ойып орын алуы бұл проблемаға бейжай қарауға болмайтындығын ескертсе керек. Еліміздегі орфандық дәрі-дәрмектердің тізбесі де әлдеқашан бекітіліп қойған-ды.. 
Сирек кездесетін аурулар жайында білетініміз бұрындары там-тұм ғана еді, бүгінгі күні мұндай ауруға шалдыққан балалар саны 20-дан астам деп жатыр. Қазақ үшін көп дер едім. Егер жоғалып бара жатқан құндылықтарымызды қайта жаңғыртпасақ, сирек кездесетін аурулар жеті ата ұғымынан мақрұм елдердегідей кең тарап кетуі ғажап емес. Мутацияға ұшыраған ұрпақтарымыздың санын көбейтіп алмайық. Шынымен де, жетінші ұрпаққа дейін қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді тыйым салудың арқасында қазақ тұқымның бұзылуынан, тектік-генетикалық қасиеттердің жойылуынан, ұрпақтың азғындануынан сақтандырылған.

Қазақ ұрық тазалығын сақтау арқылы балалар арасындағы ауруды тізгіндеп отырды. Нақтырақ айтсақ, бұрындары жаңа туылған балалардың тек 0,02 пайызы ғана ауру болып туылса, қазір бұл көрсеткіш 45 пайызға артып кетті. Демек, 100 баланың 45-і науқас деген сөз. Тағы бір айта кетерлігі, ертеректе қазақта аурудың 25 қана түрі болған, қазір сол 1700-ге артты. Осының барлығы ұрық тазалығын сақтамауымыздан. Әрине бұл жерде, ішімдік, темекі, экология сияқты факторлар әсер етпей қоймайды. Дегенмен де, жеті ата салт-дәстүрін сақтамауымыздың салдарынан болып жатқан зардаптың жүгі өте ауыр. Бұл аса күрделі мәселе. Егер, әр қазақ осының тереңіне үңіліп жатпаса, жеті атаны қолдан ұрықтандыру орталықтары қайдан сақтасын?! Мен мұны ұлтымызға төніп тұрған қасірет.  Одан да туғаннан бала асырап алған әлдеқайда қауіпсіз.

Ұрпақ тәрбиесіне деген сабақтастықты жоғалтпау үшін бүгіннен бастап тәрбие беру керек. Дені саудың жаны сау. Атадан алынбаған дерт жоқ. Емін тауып, ебін келтіру ендігі парыз болып қалмақ. Әйтпесе, ертең бармақ тістеп қаламыз…

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.2 Дініміздің үкімі қандай?

 

Қасиетті Құран Кәрімде: «Сендер үшін Аллаһ өз нәпсілеріңнен әйел затын жаратты. Әйелден бала, баладан немере көріңдер» («Нахл» сүресі, 72 аят); «Сендерге өз табиғаттарыңа үйлестіріп (өз қастарыңнан) әйел жынысын жаратқаны да, оларға тіршілік ләззаты етіп, сүйіспеншілік, мейірім бергені де ұлылықтың белгісі. Ой жүгіртіп, ғибрат алыңдар» («Рум» сүресі, 21 аят), – деп айтылған. Мұны мансұқ етіп, бала сүюді қаламайтындар да, себепсіз, харам жолмен түсік тастайтындар да баршылық. Оларға қарама-қайшы, өмір бойы бір нәресте сүюді армандап, сурогаттық құрсақ ана арқылы сәбилі болуға талаптанатындар да қаншама.

Ислам ғұламалары  «Рабитатул-аламил-ислам» (Әлем мұсылмандарының өзара байланысы) ұйымы ұйымдастырған фиқһ (ислам құқығы) мәжілісінің VIII кезекті отырысында жоғарыда айтылған  қолдан ұрықтандырудың  барлық түрлері мен жолдарын зерттеп мынандай пәтуалар шығарған:

1. Ерлі-зайыптылардың спермасы  мен жұмыртқа клеткалары табиғи  түрде ұрықтана алмаған жағдайда,  оларды қолдан ұрықтандыруға шариғат рұқсат етеді. Яғни, жүкті болуға қажетті  «сперма, әйелдің жұмыртқа клеткасы және жатыр» бәрі бірдей бір ерлі- зайыптылардікі болған жағдайда ғана қолдан ұрықтандыруға рұқсат. Ал бұған жоғарыда айтылған сырттай және іштей ұрықтандырудың бірінші жолдары ғана сай келеді.

Рұқсат етілген бұл жолдың өзінде де мынандай шарттар орындалуы тиіс:

• Әурет жерін көрсетуге тыйым салынғандықтан, әйелдің жұмыртқасын алу немесе ұрықтанған зиготаны жатырына қайта салу істерін мүмкіндігінше сенімді мұсылман әйел дәрігер яки басқа әйел адам, әйтпесе, мұсылман ер дәрігер, ол да мүмкін болмаған жағдайда басқа кез-келген сенімді ер дәрігер атқарады. Бірақ, жанында басқа туысқандары бірге болуы керек.

• Ұрықтардың ауысып, шатастырылмайтындығына нақты  көз жеткізілуі керек.

• Қолдан ұрықтандыру күйеуінің көзі тірісінде жасалуы керек. Өлгеннен кейін рұқсат жоқ.

• Ерлі-зайыптылардың бұл іске бірдей рұқсаты  болуы керек.

2. Қолдан ұрықтандырудың қалған  барлық түрі шариғат бойынша  – харам. Бұл жолдардың кез-келгені зинаның бір түріне жатады . Өйткені, бұл тәсілдерде сперма мен жұмыртқа бірдей ерлі-зайыптыға тиесілі емес яки тиесілі болған күннің өзінде жатыр оларға еш қатысы жоқ бөтен біреудікі. Мұндай жолдар ата-тектің шатасуына, көптеген келеңсіз жайттардың етек алуына әкеп соғары сөзсіз. Аталмыш тәсілдердің ішіндегі кең тараған суррогаттық (құрсақ ана) тәсілмен балалы болуға оң көзбен қарайтын адамдар да кездесіп жатады.  Алайда, оның да өзіндік қауіп-қатері мен кері нәтижелері болатындығын ескермей болмайды. Айталық, олардың кейбірі:

• Батыста туылған сәбиді  құрсақ ананың зигота иелеріне қайтармау оқиғасы жиі кездеседі. Расында да, ұрық басқа біреудікі болғанмен өз қанымен қоректендіріп, тоғыз ай бойы қиналып көтерген, жан алып - жан берісіп барып толғатып дүниеге әкелген бауыр еті баласын кім басқа біреуге көзі қиып бере салсын? Қайтарған күннің өзінде бұл жағдайдың ананың ішкі жан дүниесіне,  психологиясына қалай әсер ететінін дүниеге сәби әкелген аналар жақсы түсінер. Ана баласын табыстағаннан кейін өмір бойы оны санасынан өшіре алмасы анық. Ғұмыр бойы рухани күйзеліске түседі. Бала мен ана арасында өзара рухани тығыз байланыс болатындығын ешкім де жоққа шығара алмайды. Себебі, жаратылысының негізгі кезеңдерін бала ананың жатырында тәмамдайды. Рухы ананың жатырында беріледі. Құранда былай делінеді:

«Расында, біз адамды нағыз (сүзілген) балшықтан  жараттық. Сосын оны шәуеттің бір тамшысы күйінде мықты жерге орналастырдық. Сосын ол тамшыны алақаға (жабысқақ ұрықтанған клеткаға) сосын оны мудғаға (бір тістем ет бейнесіндегі жаратылысқа) сосын мудғаны сүйектерге айналдырдық, сосын сүйектерді етпен қаптадық, сосын оны басқа бір жаратылыс жасадық. Алла – ең керемет Жаратушы» [4].

Құранда баланың анасы ұрығын берген әйел емес, оны дүниеге әкелген жан екені айтылады: «Oлардың аналары – оларды дүниеге әкелгендер ғана» [5].  «Біз адамдарға әке-шешесіне жақсылық жасауды өсиет еттік. Анасы оны қиындықпен құрсағында көтеріп, сондай ауыртпашылықпен дүниеге әкелді...» [6]. «Әлсіреген үстіне әлсіреген күйде анасы оны көтерді» [7].

• Сәби өскеннен кейін әке-шешесіне қарсы шығып, өзін тапқан құрсақ анасына қайтамын  деп қиғылық салған жағдайда не болмақ?

• Бұған қоса, баланың пікірімен санаспастан оны туған анасына емес, жұмыртқа иесі әйелге тапсырылуына кім рұқсат берді. Яғни, әр сәби өзін туған анасының құшағында өсуге, ақ сүтін емуге құқылы емес пе?

• Құрсақ ана алдын ала берілген қаржыны қанағат тұтып, өзгесін керек етпей ішіндегі баласын әдейі түсік қып тастаса ше?

• Ал баланың түр-әлпеті ұнамаса немесе дене бітімінде бір ақау кездесе қаласа, тіпті, ешбір себепсіз балаға тапсырыс берген ұрық иелері баладан бас тартқан жағдайда баланың және құрсақ ананың жағдайы қалай болмақ?

• Құрсақ ана өз өмірінде бірнеше жанұяның ұрпағын туып берсе [8], кейіннен ол балалары ер жете келе бір-бірімен үйленіп жатса қалай болады? Яғни, шешелері  бір аға-қарындастар бір-бірімен тұрмыс құрып жатса қалай болғаны? Олай дейтініміз, құрсақ ана бәрінің бірдей анасы емес пе?

• Құрсақ ана үйленбеген қыз болған жағдайда оның тұрмысқа шықпастан жүкті болғанын көрген ел не ойлайды? Бұл бәлкім діні бұзылған батыста ерсі болмағанмен, біз секілді зинаны үлкен күнә санайтын мұсылман елдерінде өте жиіркенішті қылық.

Информация о работе Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері