Автор работы: Пользователь скрыл имя, 07 Декабря 2014 в 12:59, курсовая работа
Экстрокорпоральды ұрықтандыру ғылымын зерттей келе оның оң және теріс жақтарын көрсету. Тарихи-мәдени мұраны сақтап, одан әрі дамыту үшін ұлттық сипатта қарастыру; адам мақсатына сай тақырыпты жан жақты ашып көрсету. Салауатты өмір салтын сүруге шақыру;
Кіріспе...................................................................................................................................4
І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр жаңалығы
1.1 Арнайы медициналық түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)...................................................................... 7
1.2 Экстрокорпоральды ұрықтандыру қазақ елінде қонақта..................................................................................................................................8
1.3 Құрсақ ананың құқығы жан-жақты қорғалады...........................................................9
ІІ .Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі
2.1. Жасанды ұрықтандыру орталықтары жеті атаны біле ме?........................................................................................................................................11
2.2 Дініміздің үкімі қандай?...............................................................................................13
III Аман ердің аты шығады.
3.1 Жасанды жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың денсаулығы..................17
3.2 Бедеулік пен белсіздік: кесел ме, кесір ме?................................................................19
3.3 Белсіздікке апаратын бес себеп....................................................................................22
IV Шетелге қарап ұлыған қазақ болып шықпайық
4.1 Қолдан ұрықтандырудың шетелдегі жағдайы.........................................................24
4.2 Бала сүю бақытына қанша жаста жетуге болады....................................................25
4.3 Шетел жұлдыздарына қуаныш силады...................................................................26
Қорытынды .......................................................................................................................27
Пайдаланылған әдебиеттер............................................................................................
Глоссарий
Донор (лат. Dono — сыйлаймын) деген мағына береді
Генофонд (ген және французша fond — жиынтығы) — бір популяциядағы не бір түрге жататын организмдегі әр түрлігендердің саны мен құрамы.[
Ген(грек. genos — тұқым, тек) — тұқым қуалаудың қандай да бір элементар белгісін қалыптастыруға жауапты материалдық бірлік.
«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клеткалары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада арнайы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі.
Генетика — бүкіл тірі ағзаларға тән тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін биология ғылымының бір саласы
Митохондриялар (грекше митос — жіп және хондрион — түйіршік) — жіпше және түйіршік тәрізді органоид.
Бедеулік (sterilitas) – кәмелетке толған әйел немесе еркек ағзасының ұрпақ бермеуі.
Белсіздік, импотенция (латынша: impotentia – әлсіздік, дәрменсіздік) – еркектің жыныс қабілетінің нашарлауы немесе оған мүлдем қабілетсіз болуы.
Мутация (mutation) — жасушаның генетикалық материал
Инфекция (латынша infestio – ластану – микроорганизм мен потогендік микробтардың әрекеттесуіндегі эволюциялық қалыптасқан биологиялық процестер комплексінің даму барысындағы қағыну күйі.
Дезоксирибонуклеин
қышқылы (ДНҚ) - тірі организмдердегі генетикал
Тұқым қуалаушылық - ұрпақтар арасындағы материалдық және функционалдық сабақтастықты қамтамасыз ететін тірі организмдерге тән қасиет
Ұрықтың дамуы, эмбриогенез (грек. embryon — ұрық және gen
Эмбриология (ұрық және грек. logos – ілім) – жыныс клеткаларының қалыптасуын, дамуын, құрылысын, ұрықтануды, ұрықтың пайда болуын және оның эмбрионалдық дамуының негізгі кезеңдерін зерттейтін биологиялық ғы-лым
Кіріспе
Жасанды жүктілік, қолдан ұрықтандыру, ұлттың ұлттық шежіресін (генафон) жалғастыра ма? Нәтижесіне кім кепілдік береді? Хайуанға жасалған тәжірибенің қорытындысына қарап, көп нәрсеге көзіміз жетті. Адамға жасалған тәжірибе жақсылыққа жалғасса екен деп тілейміз. Себебі, адамның аты - адам.
Бала – болашақтың кілті, елдің ертеңі. Бұл ретте дана халқымыз «Бай болма, балалы бол» немесе «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деп тегін айтпаса керек. Сондай-ақ, «балам - өмірімнің жалғасы» деп білетін қазақ халқында «Тоқсанбайлар» мен «Сексенбайлар» дүниеге келіп, ел тізгінін ұстағандар да аз емес. Қартайғанда бала сүю ұлтымыз үшін таңсық емес-тін. Алайда, бүгінде жастайынан «құрсағы тарылып», бала сүю бақытынан айрылғандардың саны ғылым мен технология дамыған шақта артып келе жатқаны еліміздің демограф-ғалымдарын алаңдатып отыр. Олардың айтуынша, қоғамымызға дендеп енген «батыстық дерттің» әсерінен тәуелсіз еліміздің халық саны күрт азайып, дамыған әрі гүлденген Қазақстанда демографиялық дүмпудің орнына, әлеумет санының төмендеуі басымдық танытуда. Расында қазіргі таңда шаңырақ көтерген жас жұбайлар тұрмысын бір ыңғайға келтірмейінше, дүниеге сәби әкелмейді. Яғни бір ауыз сөзбен айтқанда, мансап қуып, уақытын өткізіп, соның салдарынан тұрмыс құру шағынан асып кетіп, соның кесірінен бала көтеру бақытынан айрылғандар да қаншама? Және де жастайынан махаббат машақатын сезініп, ақыл тоқтатпаған шақта «ана» болып қалудан қорқып, өз тұқымына балта шапқандар да аз емес. Ресми деректерге сүйенсек, 2009 жылы еліміз бойынша 300 мың түсік жасалынған екен. Түсік жасатушылардың денін 17 мен 25 жас аралығындағылар құрайды. Оның қатарында ең жас түсік жасатушы 12 жастағы бүлдіршін де бар. Түсік жасатушылардың саны жыл санап артпаса, азяр емес. Соның салдарынан жыл сайын адам саны 300 мыңға азаюда. Алайда түсік жасатушылардың «дүниеге әкелмеген» балаларының орнын «жасанды бала» толтырып келеді. Бедеуліктің зардабын тартқандар ғылым мен медицинаның күшімен бала көтеріп, «қолдан» бала жасауда. «Бірақ, бұл біз үшін керек пе? Жасанды бала арқылы таза қазақты жойып, жасанды қазақты дүниеге әкелмейміз бе?» деген сауалдар төңірегінде сөз қозғасақ.
Өзектілігі: Жалпы, бұл тәсіл ең алғаш 20 ғасырдың алғашқы жартысында жануарларға қолданылды.Бір ғана еркек малдың ұрығымен мыңдаған ұрғашы малдар шағылыстырылды. Ғылыми жаңалық мал шаруашылығын ілгерілетіп, экономиканың дамуына үлес қосты. Ғылым бір орында тұрмайды. Жасанды жолмен ұрықтандыру табиғи жолмен ұрпақ сүйе алмайтын адам баласын да құтқарды. Осылайша 1978-ші жылы АҚШ-та шыны құтыдан алғашқы сәби дүниеге келді. Қазір жасы отыз екіге келген Луиза Браун тұрмыс құрып, табиғи жолмен өмірге ұрпақ әкеліпті. Осыдан бері жасанды ұрықтандырудың жолдары да түрлене бастады. Репродуктология ғылымы әйел мен еркектің аналық және аталық клеткаларын зерттеп, алынған ұрық арнайы ыдысқа орналастырылып, будандастырылады. Осындай жолмен іңгәлап келген талай сәби бақытты өмір кешуде. Донорлық ұрық
бағдарламасы Қазақстандағы Тұлпардан бұзау тумайды, сиырдан тұлпар тумайды. Қазақтың генофоны өте таза екенін бәрі біледі. Алайда соңғы уақыттағы сұрықсыз жайттар санаға селкеу түсіреді. Тексіз ұрпақ көбейіп келе ме деген сауал мазалайды. Өйткені гендік ақпарат балаға айна қатесіз беріледі. |
І Жасанды ұрықтандыру-ғасыр
жаңалығы
1.1 Арнайы медициналық
түтікшелерде қолдан ұрықтандыру арқылы
сәбиді дүниеге әкелу (экстрокорпоральды ұрықтандыру)
«Қолдан ұрықтандыру» – табиғи жолмен өздігінен ұрықтана алмаған жағдайда, әйел жұмыртқа клеткалары мен еркек ұрық клеткасын сыртқы ортада арнайы медициналық түтікшелер көмегімен біріктіріп ұрықтандыру тәсілі. Ұрықтандырылған бұл зигота артынша әйел жатырына салынады.
Бұл тәсіл XX ғасырдың алғашқы
жартысында ең әуелі жан-
Кейін келе-келе бұл тәсіл табиғи жолмен ұрықтана алмайтын адамдарға да қолданыла бастады. 1978 жылы Эдвардс және Стептоу атты дәрігерлер, Джон Браун, Луиз Браун атты ерлі-зайыптылардың ұрықтарын түтікшеде ұрықтандырып, оны қайтадан Луиз Браунның жатырына салады. Сөйтіп, 1978 жылы 25 тамызда Лесли Браун атты алғашқы сәби дүниеге келген.
Қолдан ұрықтандыру екі тәсіл арқылы жүзеге асады:
1. Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсілде ер кісінің спермасы алынып, әйел жатырының қолайлы жеріне қойылады.
2. Қолдан сырттай ұрықтандыру тәсілі. Бұл тәсіл ер кісінің спермасы мен әйелдің жұмыртқа клеткасы алынғаннан кейін оларды зертханада арнайы түтікшелерде ұрықтандырып, артынша оны әйелдің жатырына орналастыру арқылы жүзеге асады.
Қазіргі таңда әлемде барлық тәсілдер кеңінен қолданылуда. Қолдан ұрықтандыруды біреулер тек ақша табу мақсатында пайдаланса, енді біреулері үйленбей-ақ балалы болу үшін немесе ерлі-зайыптылардың біреуіндегі яки екеуіндегі жүкті болуға бөгет келтіретін кей ақауларға байланысты кеңінен қолдануда.
Информация о работе Экстрокорпоральды ұрықтандырудың оң және теріс әсері