• Батыста суррогаттық ананың өз күйеуінен
жүкті болып қалу жағдайы да кездесуде.
Германияда бір әйел суррогаттық ана болуға
келісім берген. Сөйтіп, жатырына келісілген
шарт бойынша ерлі-зайыптылардың зиготасы
қойылғаннан кейін аяғы ауырлайды. Алайда,
уақыт өте келе оның сол зиготадан емес,
өз күйеуінен жүкті боп қалғаны анықталады.
Бірақ, ол алдын ала 8000 АҚШ долларын алып
қойғандықтан, әлгі ерлі-зайыптыларға
күйеуінен жүкті болған өз баласын табыс
етуге мәжбүр болған. Кейбір адамдар өз
балаларын ақшаға осылай сатуда. Міне,
бұл – дінсіз, рухсыз ғылымның жетістіктері.
Қазір батыста табиғи жолмен
өзі босануға денсаулығы жете
тұрып, әйелдің баланы кестіртіп
алдыруы сәнге айналды. Себебі, толғатып,
қиналып туғанша кестіріп алдыра
салу әлдеқайда оңайырақ. Бірақ
қиналмай әкелген баланың анасына
деген құрмет-ықыласының қаншалықты
болары тағы белгісіз.Себебі, ана мен баланың
арасында рухани байланыстың бар екені
сөзсіз. Ол ғылыми зертханада білінетін
нәрсе емес. Ананың аналығы да, қаһармандығы
да оны тоғыз ай бойы қабырғасы қайыса
көтеріп, қиналып босануында емес пе? Ал
енді суррогаттық тәсілдің де бара-бара
еріккендердің ермегіне айналмасына кім
кепіл? Бала көтеріп қиналғысы келмейтін
кей әйелдер баласын тауып беретін басқа
біреуді жалдауды әдетке айналдыруы мүмкін
ғой. Бұл – батыста кең етек алған ауру.
Қазіргі күннің өзінде елімізде «Мен бала
туып дене-бітімімді бұзғым келмейді»,
«жасым қырықта, баламды басқа біреу туып
берсе... Өйткені, мен үшін жұмысым маңыздырақ»
деп, орталыққа келетіндердің бар екендігін
Қазақстандағы «Экомед» клиникасының
бастығы Салтанат Берденқызы да айтуда
. Сонда әйел ана болудан қашса, күйеу бөгде
еркектің ұрығын өзінің әйелінің жатырына
қойылуына намыстанбаса, оны ұят деп қабылдамаса,
ағасының баласын қарындасы немесе анасы
тағысын тағы жақын туысқандары туып беріп
жатса бұл адам баласының азғындауы емес
пе?
Жоғарыдағыларға қоса, сперма мен жұмыртқаны
түтікшеде ұрықтандырғаннан кейін оны
үшінші бір әйелдің жатырына қою жолымен
дүниеге келген баланың жаратылыс, болмыс,
мінез-құлық, психология, ақыл-есінің ақаусыз
болатындығына ешкімнің кепілдік бере
алмасы және хақ . Мұны алдағы уақыт көрсетеді.
Бұл өз алдына зерттеуді қажет ететін
тақырып.
Қысқасы, суррогаттық тәсілмен дүниеге
бала әкелу мейлі діни тұрғысынан болсын,
мейлі адамгершілік жағынан болсын құптарлық
іс емес екені айқын. Ислам ғұламалары
бірауыздан қолдан ұрықтандырудың бұл
тәсіліне «харам» деп анық пәтуа берген.
Иә, өмірде бала сүюдің қандай бақыт екені
баршаға аян. Алайда, міндетті түрде бала
сүю керек екен деп шариғат тыйымдарын
аттап, адамгершілікке жат қылықтарға
бару дұрыс емес. Бұл тұрғыда батыстық
экспериментер мен адасулар бізге үлгі
бола алмайды. Батыста үйленбей-ақ балалы
болуды қалайтын әйелдер арнайы құрылған
сперма банкаларынан белгілі бір мөлшердегі
қаражатқа қалаған адамының ұрығын сатып
алып балалы бола береді. Белсіз азаматтар
өз әйеліне осы сперма банкаларынан танитын
яки танымайтын еркектердің ұрығын пайдалануына
рұқсат етуде. Бедеу әйелдер күйеулеріне
өзі мүлдем танымайтын бөтен әйелдің жұмыртқа
клеткаларын қолдануына разы болуда. Керек
десеңіз, шешесі қызының баласын, қызы
шешесінікін, қарындасы ағасының баласын
босанып беретін жайттар да кездеседі.
Сұрақтың жауабын Шәкәрімнің:
«Ғылым деген бұл болса – адыра қалсын,
Демеске бара
жатыр ішім толып»
- деген даналық сөзімен тамамдайын.
Қолдан ұрықтандырудың
5 харам түрі
1. Ерінің спермасын (ұрығын)
өзімен некелес болмаған бөгде бір әйелдің
жұмыртқасына қосып жетілдіруге, сонан
соң оны өз әйелінің құрсағына әкеліп
орналастыруға болмайды.
2. Бөгде еркектің спермасын
пайдалану жолымен жетілдіруге, оны әйелінің
құрсағына орналастыруға болмайды.
3.Ерлі-зайыптылардан алынған
жұмыртқа клеткасы мен сперманы сыртта
жетілдіру, оны басқа бір әйелдің құрсағына
апарып салуға болмайды.
4. Бөгде еркектің ұрығымен
бөгде әйелдің жұмыртқа клеткасын сыртта
жетілдіріп, сосын сол эмбрионды өз әйелінің
құрсағына салдыруға, содан бала сүюге
болмайды.
5. Ерінің спермасы мен
әйелінің жұмыртқа клеткасын сыртта жетілдіріп,
осы эмбрионды күйеуінің екінші әйелінің
құрсағына орналастыруына болмайды.Ислам
дінінде ауыр күнәлардың бірі зина болса,оның
бір негізі – ұрпақтың заңсыз жолмен келуі,ұрпақтың
кімнен тарағанының беймәлім болуы ғой.Сондықтанда
бедеу, белсіз еркектің бөгде адамның
ұрығын әйелінің жатырына салғызуы зипа
жасаукүнәсімен пара-пар. Және де белді,
бедеу емес еркектің өзінің ұрығы мен
әйелінің жұмыртқа клеткасын басқа әйелдің
жатырына салдыртуы, сол еркектің осы
әйелмен бірге жатып, бірге болуымен тең
саналады. Зинаның үлкен бір мәні осылайша
ұрықтың некесіз әйелдің құрсағына түсуі.
III Аман ердің
аты шығады.
3.1 Жасанды
жолмен ЭКО арқылы ұрықтандырған баланың
денсаулығыЖасанды жолмен ЭКО арқылы
ұрықтандырған баланың денсаулығы
Бұрын бүлдіршін
өзінің қайдан пайда болғанын сұраса,
әдетте қысылған ата-ана «аһ дегенде аузымнан
түстің» немесе «құс әкеліп тастады» деп
жататын. Енді «шыны түтіктен пайда болдың»
деген жауапты да айтуы мүмкін. 2010 жылы
алматылық дәрігерлердің шеберліктерінің
арқасында пайда болған 60-тан аса атыраулық
сәби дүниеге келген.
Жүргізілген зерттеулер
олардағы патологиялық ауытқулар кәдімгі
табиғи жолмен ұрықтанған балалардан
аспайды. Бұдан басқа, ЭКО бағдарламасы
бойынша имплантация алдындағы генетикалық
диагностика көмегімен туған балаларда
Дауна синдромы, муковисцидоз, гемофилия,
талассемия сияқты және басқа да генетикалық
ауытқушылықтарды болдырмауға әбден болады.
Ата-аналардың айтуынша, осындай балалар
басқаларға қарағанда зерек болып келеді
деп сендіреді,
Митохондриальды
аурулардың алдын алатын экстракорпоральды
ұрықтандыру әдісі үш адамның ДНҚ-сын қажет
етеді.
Таяуда Ұлыбритания әлемдегі ең бірінші
үш ата-аналы (бала үшеуінен туылады) ел
атануға алғашқы қадамын жасады. Жаңа
әдіс митохондриальды ауруларды мүлде
болдырмауға септескенмен, екінші жағынан
этикалық қиын сұрақтарды тудырып отыр.
Бүгінгі таңда британдық балалардың әр
алты мыңыншысы митохондриальдық бұзылу
белгісімен туылатын көрінеді. Оның салдарынан
жүрек, бауыр ауруы, тыныс алу жолдары
мен бұлшық ет дистрофиясы туындауы мүмкін.
Митохондриальды ауру балаға анадан
беріледі. Болашақ нәрестені қатердің
осы бір түрінен құтқару үшін аналық жасушадан митохондриальды
ДНҚ алынып, оның орнына донорлық материалмен
толықтыралады екен.
Сонымен,
болашақ нәрестенің ДНҚ-сы әкенің, ананың,
донордың генетикалық материалынан түзіледі. Бұл
дегеніміз, бір баланың үш ата-анасы болады
деген сөз. Әрине, бұл тұста баланың мінез-құлқы
өз ата-анасынан келеді десек те, бәрібір
де жаңа әдіске байланысты этикалық сұрақтарға
тосқауыл бола алмайды.
Қауіпшіл жандардың күдігінше, аталған
әдістің жүзеге асуы - «гибридті» балаларға
жол салудың артыкелешек ұрпаққа адам
айтқысыз зардап тигізбек.
Елімізде сирек кездесетін,
медициналық тілмен айтқанда, орфандық
аурулар саны жылдан-жылға артып келеді.
Тіпті әлемдік деңгейде дабыл қағып отырған
елдердікінен кем емес. Орфандық ауруларға
қарсы шаралардың Қазақстан Республикасының
2009 жылғы 18 қыркүйек тегі 193-IV «Халық денсаулығы
және денсаулық сақтау жүйесі туралы»
кодексінен ойып орын алуы бұл проблемаға
бейжай қарауға болмайтындығын ескертсе
керек. Еліміздегі орфандық дәрі-дәрмектердің
тізбесі де әлдеқашан бекітіліп қойған-ды..
Сирек кездесетін аурулар жайында
білетініміз бұрындары там-тұм ғана еді,
бүгінгі күні мұндай ауруға шалдыққан
балалар саны 20-дан астам деп жатыр. Мен
мұны қазақ үшін көп дер едім. Егер жоғалып
бара жатқан құндылықтарымызды қайта
жаңғыртпасақ, сирек кездесетін аурулар
жеті ата ұғымынан мақрұм елдердегідей
кең тарап кетуі ғажап емес. Мутацияға
ұшыраған ұрпақтарымыздың санын көбейтіп
алмайық. Шынымен де, жетінші ұрпаққа дейін
қыз берісіп, қыз алысуға үзілді-кесілді
тыйым салудың арқасында қазақ тұқымның
бұзылуынан, тектік-генетикалық қасиеттердің
жойылуынан, ұрпақтың азғындануынан сақтандырылған.
Қазақ ұрық тазалығын сақтау арқылы балалар
арасындағы ауруды тізгіндеп отырды. Нақтырақ
айтсам, бұрындары жаңа туылған балалардың
тек 0,02 пайызы ғана ауру болып туылса,
қазір бұл көрсеткіш 45 пайызға артып кетті.
Демек, 100 баланың 45-і науқас деген сөз.
Тағы бір айта кетерлігі, ертеректе қазақта
аурудың 25 қана түрі болған, қазір сол
1700-ге артты. Осының барлығы ұрық тазалығын
сақтамауымыздан.
Бұл дәлелденбеген
нәрсе, ол физил. тұрғыдан дұрыс бала болып
өмірге келгенмен оның мінез-құлқы қалай
қалыптасады, рухы қалай болады, ол әлі
белгісіз. Рухани тұрғыдан ауру балалар
пайда болып жатқан шығар, ертең еліне,
жеріне қиянат жасайтын адамдар пайда
болып жатқан шыгар бұл әлі зерттелмеген
нәрсе. Ең қасиетті ұғым ата-тек шежіре
болса, бұл ата-тек қолдан ұрықтандыру
арқылы көп жағдайда зиянға ұшырайды,
еліміздің ертеңі жоғалады, әкесі белгісіз,
шешесі белгісіз ұрпақтар Отанға дұрыс
қызмет атқарады деп айту әрине қиын
Ойраттың ойраны, жоңғардың
жорығы кезінде көз жасы алқасына сұлап,
ақтабандана тозған халқымыз дәл қазіргідей
қасірет шекпеп еді. Экоға әу баста айына
бір екі адам ғана жүгінетін болса қазірде
күн құрғамайтын болыпты. Ұрпақ зарын
тартқандардың дені уыздай жас отбасылар.
Балалық шағы әлеуметтік жағдай ауыр болған,
ел шамасы қытайлық ойыншықтар мен тағамдардан
өзгеге жетпеген кезеңде өткен 25- 30 жас
аралығындағы ұрпақ. Дәл осы шамадағы
азаматтарымыздың шауһаты әлсіз. Оған
жоғарыда айтылған әлеуметтік жағдай
мен шетелдік тауардың қайсысы кінәлі.
Мамандар соңғысында гәп бар ау, өйткені
қытайлық тауарлардан ұрпақ үшін қауіпті
қоспалар әлі күнге табылып жатыр. Тіпті
сынап та шығады дейді.
Жетпісбайлар мен Сексенбайларды
өмірге келтірген қауқарлы қазақ азаматтары
тәуелсіздік алғанда Отызбайға зар болып
қалады дегенді кім ойлаған. Түтікшеден
туған ұрпақ ат ұстар мен ту ұстарға жарар
ма?
3.2. Бедеулік
пен белсіздік: кесел ме, кесір
ме?
Қай адам үшін де бедеулік пен
белсіздік – үлкен қайғы-қасірет. Бұл
– ата-тегіңді жалғастыратын ұрпақ сүйе
алмау, махаббат ләззатынан айрылу, ерлі-зайыптылық
өмірдің мән-маңызының жоғалтуы. Осындай
бедеулік пен белсіздіктен жылына қаншама
отбасының шаңырағы ортасына түсіп, әйелдер
күйеуден қайтып, ерлер «әйелі тастап
кеткен» атанып жатады десеңізші.
Ал енді осы бедеулік пен белсіздік дегеніміз
не? Біз сол туралы жазылған медициналық
басылым материалдары, өзіміз кездесіп,
әңгімелескен мамандардың ақыл-кеңесі
бойынша ой толғап, бедеулік пен белсіздік,
оның себептері, одан жазылу жолдары жөнінде
сіздерді таныстырсақ.
Белсіздік дертінің
көбеюіне ең басты себеп – экология. Қазір
– ғылыми-техникалық үдерістердің дамып
жатқан кезі ғой. Ал одан бөлініп жатқан
химиялық заттарды ауамен бірге жұтамыз.
Екінші себеп – тамақ сапасының төмендеуі,
өйткені күнделікті тағамдарымыз химиялық
заттарға толы. Осының салдарынан адам
ағзасындағы гендер өзгеріске ұшырайды.
Үшіншіден, жыныстық қарым-қатынас төңірегіндегі
сауатсыздық себеп болады. Ерте жыныстық
қатынас, кездейсоқ адаммен жыныстық қатынастар
да аталмыш дерттің көбеюіне әкеп соқтырады.
Солардың себебінен болатын қабыну үдерістері
әйелде де, еркекте де кездесіп жатыр.
Осының салдарынан екеуінде де ұрық азайып,
сапасы төмендейді. Қазақстанда бедеулік
әйелдер тарапынан 50 пайыз болса, еркектер
жағынан да – 50 пайыз, демек, осынау жағымсыз
дерт екі жаққа да бірдей тараған. Жастардың
салауатты өмір салтын ұстанбай, арақ,
сыра, темекіге әуестенуінің салдары да
– белсіздік пен бедеулікке бастар бірден-бір
жол. Онымен қоса адам жүйкесінің зақымдануы
да, дәрі-дәрмекті шектен тыс пайдалану
да ағзаға кері әсер етеді. Мәселен, дағдарыс
кезінде жұмыстан қысқарып қалу секілді
фактілердің көбейгендігі де ер-азаматтардың
көңіл күйіне ғана емес, денсаулығына
да аса зиян келтіруде. Әйел адам қанша
дегенмен жұмыстан босап қалса, үйдің
күнделікті тіршілігімен айналысып жүре
береді. Ал ер адамдарға бұл қатты тиюде.
Жүйкесіне салмақ түскен жігіттердің
гармондары төмендеп кетеді. Физиологиялық
жағдайда 45-55 жастан кейін еркектердің
гармондары азая бастайды. Ал күйзеліс
жағдайында бұл үдеріс тым жылдамдап кетеді.
Гармондар азайғаннан кейін ағзадағы
басқа мүшелердің қызметі де бұзыла бастайды.
Өкініштісі, қазір бұл дертпен ауыратындар
күн өткен сайын көбейіп барады.
Емделіп жатқан науқастар
өте көп. Бұрын бізге ядролық полигонның
зардабына байланысты Семей өңірінен
ғана адамдар жиі келуші еді. Ал қазір
Қазақстанның барлық аймақтарынан, соның
ішінде Ақтау, Атырау, Шымкент, Жамбыл,
Қызылорда, Маңғыстау облыстарынан келіп
ем-дом алып жатқандар баршылық. Бұрынырақта
50-60 жастан асқан кісілер ауруына ем іздеп
шағымданса, қазір 30 бен 40-тың аралығындағы
ер-азаматтарды да осы дерт құрығына түсіргені
анық.
Бедеулік (sterilitas)
– кәмелетке толған әйел немесе еркек
ағзасының ұрпақ бермеуі. Әйел бедеулігі
екі түрлі. Біріншісі – іштен туа біткен,
екіншісі жүре пайда болған бедеулік.
Іштен туа біткен бедеулікке жатыр түтігінің
бітеу болып, немесе жыныс мүшелерінің
жетілмей тууы басты себеп. Жүре пайда
болған бедеулік - әртүрлі аурулардың
зардабы, түсік жасатудың салдары, жатырдың
қисаюынан, жыныс мүшелерінің қабынуынан
(түсік тастау, эрозия, т.б.) және де жатырдан
тыс жүктілік те 70-80 пайыздық жағдайда
бедеулікке алып келеді.
Өмір тәжірибесі көрсеткеніндей, көп жағдайда,
нақтылап айтсақ, 45-50 пайыздық деңгейде
отбасында бала болмау еркек бедеулігінен.
Еркек бедеулігіне басты себептер: жүрек-қан
тамыр жүйесі сырқаты, қант диабеті, созылмалы
жұқпалы аурулар, аталық ұрық безіндегі
ісік және тағы да басқа жағдайлар. Сондай-ақ
еркек бедеулігі оның ағзасында түзілетін
шәуһеттің (сперманың) аздығы мен әлсіздігінен
де болады. Түрлі мерез, сал ауруларымен
сырқаттанған еркектер де бедеулікке
ұшырайды. Радиацияның да әсері мол.
Белсіздік, импотенция
(латынша: impotentia – әлсіздік, дәрменсіздік)
– еркектің жыныс қабілетінің нашарлауы
немесе оған мүлдем қабілетсіз болуы.
Мамандар белсіздікті дербес ауруға жатқызбайды,
оны орталық жүйке жүйесінің бұзылуынан,
эндокриндік бездердің сырқатынан, ұзаққа
созылған аурудың (мерез, соз, т.б.) салдарынан
пайда болатын жағдай санайды. Белсіздік
туғаннан және кәріліктен, маскүнемдіктен
де, ретсіз жыныстық азғындану жолына
түсушіліктен де орын алады. Егерде адам
миының қызметі бұзылса, оның жыныстық
шабытының күшеюі немесе тежелуі мүмкін.
Жыныстық шабытқа адамның көңіл күйі де
әсер етеді.
Жыныстық жетілу
Халқымыз: «Он үште отау иесі», - деген.
Бұл жасөспірімнің мүшел жасынан бастап
есейіп, ержету жолына түсетіндігін білдіреді.
Дәрігер мамандардың айтуынша, дәл осы
жаста жасөспірімдердің арасынла физиологиялық
өзгерістер басталатын көрінеді. Ал оларда
нағыз жыныстық жетілу жігіттерде – 25,
бойжеткендерде – 21 жаста толық аяқталады.
Яғни, ер адамдардың 25 жасқа дейін жыныстық
гормондары толық пісіп жетілмейді де,
оған дейін жұбайлық өмірді бастап кетсе,
ағзасына салмақ түсіп, ерте үйленген
жігіттерде белде орналасқан «С1» деп
аталатын жыныстық қабілет нүктесіне
зақым түсуі, содан ерте белсіздікке ұрынуы
мүмкін. Қыздар ерте тұрмыс құрса, оларда
түсік тастау қаупі өте жоғары болады.
21 жастан кеш күйеуге тиген қыздарда қатерлі
ісік ауруларына бейімділік молырақ.
Гинекологтардың, мамандардың пікірінше,
ерте басталған жұбайлық өмір, жыныстық
қатынас ерлі-зайыптылардың жүйке жүйесінің
ерте тозуының басты себептерінің бірі.
Психологиялық тұрғыдан алып қарастырсақ,
жасөспірім шақта адамның басқа жанды
түсініп, бағалауы жеткілікті дәрежеде
дамымайды да, ерте үйленгендердің некесі
берік болмайды. Ең бастысы, олар отбасы
атты шағын мемлекет жауапкершілігін
атқаруға дайын емес. Сол себепті психолог,
дәрігер мамандар көбінесе қыздардың
жиырмадан, жігіттердің жиырма төрттен
асқан соң үйленуіне ақыл-кеңес береді.